ҚАН ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ТОПТАРЫ, ҚАН ҚҰЮЫ

#1 слайд
№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық-педагогтік колледжі
0105000 – БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ мамандығы
0105013 – БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МҰҒАЛІМІ біліктілігі
АНАТОМИЯ, ФИЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕКТЕП
ГИГИЕНАСЫ пәні
ҚАН ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ТОПТАРЫ,
ҚАН ҚҰЮЫ тақырыбы
Кенжеева Гүлжан Құрбанқызы
1 слайд
№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі 0105000 – БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ мамандығы 0105013 – БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МҰҒАЛІМІ біліктілігі АНАТОМИЯ, ФИЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәні ҚАН ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ТОПТАРЫ, ҚАН ҚҰЮЫ тақырыбы Кенжеева Гүлжан Құрбанқызы
#2 слайд
Сабақтың тақырыбы:
ҚАН ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ТОПТАРЫ, ҚАН ҚҰЮ
Сабақтың мақсаты:
Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар
арқылы қозғалуы, қан құюы, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа
байланысты ерекшеліктері, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту ,
ғылыми көзқарастарын
қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Қанның топтары туралы және физиологиясының маңызын аша
отырып, бастауыш сынып оқушыларының дамуындағы
ерекшеліктерін анықтау. Сабақтан алған білімдерін қолдануды
өмір шындығымен байланыстыра отырып, пәнге деген қызы-
ғушылықтарын ояту.
Күтілетін нәтиже :
Адам қанының топтары, қан құюдағы адам қанының
үйлесімділігі, резус-фактор туралы білімді өз беттерімен меңгеруді
жалғастыру.
2 слайд
Сабақтың тақырыбы: ҚАН ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ТОПТАРЫ, ҚАН ҚҰЮ Сабақтың мақсаты: Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар арқылы қозғалуы, қан құюы, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту , ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Сабақтың міндеттері: Қанның топтары туралы және физиологиясының маңызын аша отырып, бастауыш сынып оқушыларының дамуындағы ерекшеліктерін анықтау. Сабақтан алған білімдерін қолдануды өмір шындығымен байланыстыра отырып, пәнге деген қызы- ғушылықтарын ояту. Күтілетін нәтиже : Адам қанының топтары, қан құюдағы адам қанының үйлесімділігі, резус-фактор туралы білімді өз беттерімен меңгеруді жалғастыру.
#3 слайд
Сабақтың жоспары
1. Қанның физиологиясы.
2. Қан құю тарихы.
3. Қан топтары. Резус-фактор.
4. Қан құюы.
3 слайд
Сабақтың жоспары 1. Қанның физиологиясы. 2. Қан құю тарихы. 3. Қан топтары. Резус-фактор. 4. Қан құюы.
#4 слайд
Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.
Биологиялык, диктант
1. Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, .......
мен ........түзеді.
2. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі - ......... тұрады.
3. Қан ...... ұлпасына жатады және аралық .... орта болып
саналады.
4. Қан сұйық бөліктен - ........ және онда қалқып жүретін формалы
элементтер : ......... , ....... және ........ тұрады.
5. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы, шамамен, .... күн , содан
кейін ........ мен ...... бұзылады.
6. Эритроцитте ерекше нәруыз – қанға ..... түс беретін ........
болады.
7. ......... организмді бактериялардан қорғауға қатысады; .......
плазмадғы су мөлшерін реттейді; ....... қан ұюына маңызды рөл
атқарады.
4 слайд
Қан айналады жүректің әмірімен, Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен. Ақ түсті мөлдір және қызылданып, Адамға күш береді пәрменімен. Биологиялык, диктант 1. Адам организмінің ішкі ортасын ұлпа сұйықтығы, ....... мен ........түзеді. 2. Ұлпа сұйықтығы қанның сұйық бөлігі - ......... тұрады. 3. Қан ...... ұлпасына жатады және аралық .... орта болып саналады. 4. Қан сұйық бөліктен - ........ және онда қалқып жүретін формалы элементтер : ......... , ....... және ........ тұрады. 5. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы, шамамен, .... күн , содан кейін ........ мен ...... бұзылады. 6. Эритроцитте ерекше нәруыз – қанға ..... түс беретін ........ болады. 7. ......... организмді бактериялардан қорғауға қатысады; ....... плазмадғы су мөлшерін реттейді; ....... қан ұюына маңызды рөл атқарады.
#5 слайд
Қанның физиологиясы
Қанның мөлшері мен құрамының жасқа
байланысты өзгерістері.
Жаңа туған сәбидің қанынның мөлшері
дене салмағымен үйлестіре алғанда, жасы үлкен
балалар мен ересек адамдардан анағұрлым көп.
Қанның мөлшері туралы айтылғанда денедегі қан
айналымындағы мөлшерін айтады.
Қанның жалпы тұтқырлығы алғашқы
күндері жоғары болып, 1-ші айдың соңыңда
төмендейді де, осы мөлшерде шамамен
тұрақталады, бірақ қан құрамындағы
клеткалардың санына байланысты өзгермелі
келеді. Ал қанның плазмасының тұтқырлығы 4
жасқа дейін төмеңдеп, содан кейін ғана
тұрақтанады. Қанның құрамында кейбір
заттардың мөлшерінің бала денесіне жеткіліксіз
екенін баланың тамақ талғауынан білінеді.
Мысалы, кальций жетіспеген жағдайда балалар
бор, көмір, үйдің қабырғасындағы әкті, балшықты
жейді, ал глюкоза жетіспесе, тәтті тағамдарға зауқы
тартады.
5 слайд
Қанның физиологиясы Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзгерістері. Жаңа туған сәбидің қанынның мөлшері дене салмағымен үйлестіре алғанда, жасы үлкен балалар мен ересек адамдардан анағұрлым көп. Қанның мөлшері туралы айтылғанда денедегі қан айналымындағы мөлшерін айтады. Қанның жалпы тұтқырлығы алғашқы күндері жоғары болып, 1-ші айдың соңыңда төмендейді де, осы мөлшерде шамамен тұрақталады, бірақ қан құрамындағы клеткалардың санына байланысты өзгермелі келеді. Ал қанның плазмасының тұтқырлығы 4 жасқа дейін төмеңдеп, содан кейін ғана тұрақтанады. Қанның құрамында кейбір заттардың мөлшерінің бала денесіне жеткіліксіз екенін баланың тамақ талғауынан білінеді. Мысалы, кальций жетіспеген жағдайда балалар бор, көмір, үйдің қабырғасындағы әкті, балшықты жейді, ал глюкоза жетіспесе, тәтті тағамдарға зауқы тартады.
#6 слайд
Қанның физиологиясы
Сүйектің қызыл кемігі ұрықтық мерзімнің 4-ші айында қызмет ете бастайды да
6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар кезде
барлық сүйектердің кемігі сүйек “майына” толы болады. Ол негізінен қан
клеткаларынан түрады. Тек 3-4 жастан бастап қан клеткаларының арасында
май клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік
сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жіліктер майға толады
деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес.
Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан
жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан
ендіру қызметі 3 жаста, 7, 10 жөне 13 жаста маңызды орын алады.
Алғашқы 1-2 жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа
райына сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мүндай
күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасыңца да байқалады. Жалпы
алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді.
Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы
да әсер етеді. Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні
оның қанындағы эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды.
6 слайд
Қанның физиологиясы Сүйектің қызыл кемігі ұрықтық мерзімнің 4-ші айында қызмет ете бастайды да 6-шы айдан бастап ол қан өндірудің орталығына айналады. Бала туар кезде барлық сүйектердің кемігі сүйек “майына” толы болады. Ол негізінен қан клеткаларынан түрады. Тек 3-4 жастан бастап қан клеткаларының арасында май клеткалары пайда бола бастайды да, 7 жаста майлы сүйек кемігі жілік сүйектерінің бастарында ғана қалады. 15 жаста барлық жіліктер майға толады деуге болады. Қызыл кеміктің маймен ығыстырылуы сүйектерде біркелкі емес. Алдымен кәрі жілік пен асықты жілікте, кейіннен тоқпан жілік пен ортан жіліктегі қызыл кемік маймен ығыстырылады. Сүйектің қызыл кемігіңдегі қан ендіру қызметі 3 жаста, 7, 10 жөне 13 жаста маңызды орын алады. Алғашқы 1-2 жаста эритроциттердің саны баланың тұрмыс жағдайына, ауа райына сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты өзгермелі келеді. Мүндай күшті өзгерістер 5 пен 7 жас, 12 мен 14 жас арасыңца да байқалады. Жалпы алғанда балалардың қанындағы эритроциттердің саны құбылмалы келеді. Оның мөлшеріне баланың ұйқысы, тамағының құрамы, күн кестесінің бұзылуы да әсер етеді. Мысалы, бала жасына лайық мөлшерден аз ұйықтаса, сол күні оның қанындағы эритроциттердің саны 0,7-1,2 млн-ға дейін азаяды.
#7 слайд
Сыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген балаларда "биіктік
ауруы" пайда болады: әлсіздік байқалады, басы жиі ауырады, ұйқы
"басады" (ұйқышыл болады). Жалпы алғанда қанның химиялық
құрамы тұрақты болады. Оның құрамыңдағы ақуыздың мөлшері жаңа
туған сәбиде шамамен 5,8%, ал мезгілінен ерте туған нәрестеде сәл аздау -
шамамен 4,44-4,48 %. Есейе келе ақуыздың мөлшері көбейеді.
Минерал тұздарының жалпы мелшері ересек адамда 0,90-0,95%.
Мүның ішінде калий, натрий, кальций, фосфор, мыс, кремний, титан,
марганец, темір көптеген элементтер бар. 3 жасқа дейін калий, кальций,
натрий түздарының мөлшері аздап жоғары болып, 6 жастан кейін
тұрақталады.
Қанның құрамында ферменттер көп болады. Амилаза, каталаза,
липаза сияқты қан ферменттерінің белсенділігі туғаннан кейін алғашқы
күндері аздап артады. Бұған баланы тамақтаңдыру түрі, өмірінің
жағдайы әсер етеді. Ферменттің мөлшерін 1 мл қандағы шартты санмен
(шс/мл) өлшейді. Сүйектің пайда болуына әсер ететін сілтілі фосфатаза
ферменті жаңа туған нәрестеде 44,6 шс/мл, 1 жаста 70,3 шс/мл, 3 жаста
62,7 шс/мл, 13 жаста 48 шс/мл, 16 жаста 41,7 шс/мл, 18 жаста қан
ферменттері ересек адамдағыдай 22 шс/мл болады, яғни оның мөлшері
баланың өсуі күшті кезінде жоғары болып, жас ұлғая келе, сүйектерінің
өсуі аяқталғанда тұрақталады. Қанның физиологиясы
7 слайд
Сыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген балаларда "биіктік ауруы" пайда болады: әлсіздік байқалады, басы жиі ауырады, ұйқы "басады" (ұйқышыл болады). Жалпы алғанда қанның химиялық құрамы тұрақты болады. Оның құрамыңдағы ақуыздың мөлшері жаңа туған сәбиде шамамен 5,8%, ал мезгілінен ерте туған нәрестеде сәл аздау - шамамен 4,44-4,48 %. Есейе келе ақуыздың мөлшері көбейеді. Минерал тұздарының жалпы мелшері ересек адамда 0,90-0,95%. Мүның ішінде калий, натрий, кальций, фосфор, мыс, кремний, титан, марганец, темір көптеген элементтер бар. 3 жасқа дейін калий, кальций, натрий түздарының мөлшері аздап жоғары болып, 6 жастан кейін тұрақталады. Қанның құрамында ферменттер көп болады. Амилаза, каталаза, липаза сияқты қан ферменттерінің белсенділігі туғаннан кейін алғашқы күндері аздап артады. Бұған баланы тамақтаңдыру түрі, өмірінің жағдайы әсер етеді. Ферменттің мөлшерін 1 мл қандағы шартты санмен (шс/мл) өлшейді. Сүйектің пайда болуына әсер ететін сілтілі фосфатаза ферменті жаңа туған нәрестеде 44,6 шс/мл, 1 жаста 70,3 шс/мл, 3 жаста 62,7 шс/мл, 13 жаста 48 шс/мл, 16 жаста 41,7 шс/мл, 18 жаста қан ферменттері ересек адамдағыдай 22 шс/мл болады, яғни оның мөлшері баланың өсуі күшті кезінде жоғары болып, жас ұлғая келе, сүйектерінің өсуі аяқталғанда тұрақталады. Қанның физиологиясы
#8 слайд
Қан құю тарихы
Адамға алғаш рет қан құю жұмысын 1667
жылдың 15-маусымында Жан Батист Дени
жүргізген. Ол әлсіреген ауру жас өспірімге қозы
қанының бірнеше грамын құйған .
Адамнан адамға қан құюды алғаш рет
ғылыми негізінде орыс дәрігері В.Н.Шамов
жүргізген. Кейінгі жылдары қан мен оның құрам
бөліктерін сүрлемелеу әдістері жасалуда. Мәселен,
қазіргі уақытта әр түрлі ауруларға сұйық ортадағы
сүрмеленген эритроциттік, лейкоциттік және
тромбоциттік массаны, сондай-ақ сұйық плазманы
қолданады. Сұйылтылмаған қан құюдан гөрі мұндай
компоненттерді әлде қайда тиімді. Орталық
гематология және қан құю институттарында қанды
ұзақ мерзімге сүрлемелеу әдістері жасалды. Төмен
температура оны 7-10 жылға дейін сақтайды.
8 слайд
Қан құю тарихы Адамға алғаш рет қан құю жұмысын 1667 жылдың 15-маусымында Жан Батист Дени жүргізген. Ол әлсіреген ауру жас өспірімге қозы қанының бірнеше грамын құйған . Адамнан адамға қан құюды алғаш рет ғылыми негізінде орыс дәрігері В.Н.Шамов жүргізген. Кейінгі жылдары қан мен оның құрам бөліктерін сүрлемелеу әдістері жасалуда. Мәселен, қазіргі уақытта әр түрлі ауруларға сұйық ортадағы сүрмеленген эритроциттік, лейкоциттік және тромбоциттік массаны, сондай-ақ сұйық плазманы қолданады. Сұйылтылмаған қан құюдан гөрі мұндай компоненттерді әлде қайда тиімді. Орталық гематология және қан құю институттарында қанды ұзақ мерзімге сүрлемелеу әдістері жасалды. Төмен температура оны 7-10 жылға дейін сақтайды.
#9 слайд
1901 жылы австриялык ғалым К. Ландштейнер қанның үйлеспеушілігін
зерттеу кезінде кейбір жағдайда бір адамның канының плазмасының эритроциттерін
баска адамның эритроциттерімен араластырған кезде, олардың бірігіп калатынын
байқады, төрт тобын ашты: I, II, III және IV топ. Осы еңбегіне байланысты 1930
жылы К. Ландштейнер Нобель сыйлығын алды. Эритроциттердін бірігіп қалуын
агглютинация деп атайды. Агглютинциядан қан ұйып, ұсақ тамырлар бітеліп қалады
да, адам өліп кетуі мүмкін.
Қан қүю кезінде енгізілетін қан эритроциттерінің донор қаны құйылатын
адам қанының эритропиттерімен бірігіп қалмауын ескеру өте маңызды. Құюға
арналған қанды донордан алады. Донор дегеніміз — өз еркімен кан беретін адам.
Реципиент деп донордан қан алатын адамды айтады. I топты қанды қаны кез келген
топтағы адамға кұюға болады. Сондыктан, кан тобы I адамды әмбебап донор деп
атайды. Қаны IV топ адамға барлық төрт топтағы қанды кұюға болады, оларды
әмбебап реципиент деп атайды. Шамамен, адамдардың 40%-ының қан тобы I, 40%- ы
— II топ, 14%-ы — III топ, 6%-ы — IV топ.
Қан тобы — тұқым қуалайтын белгі және адамның бүкіл өмірінде
өзгермейді. Қан топтары
9 слайд
1901 жылы австриялык ғалым К. Ландштейнер қанның үйлеспеушілігін зерттеу кезінде кейбір жағдайда бір адамның канының плазмасының эритроциттерін баска адамның эритроциттерімен араластырған кезде, олардың бірігіп калатынын байқады, төрт тобын ашты: I, II, III және IV топ. Осы еңбегіне байланысты 1930 жылы К. Ландштейнер Нобель сыйлығын алды. Эритроциттердін бірігіп қалуын агглютинация деп атайды. Агглютинциядан қан ұйып, ұсақ тамырлар бітеліп қалады да, адам өліп кетуі мүмкін. Қан қүю кезінде енгізілетін қан эритроциттерінің донор қаны құйылатын адам қанының эритропиттерімен бірігіп қалмауын ескеру өте маңызды. Құюға арналған қанды донордан алады. Донор дегеніміз — өз еркімен кан беретін адам. Реципиент деп донордан қан алатын адамды айтады. I топты қанды қаны кез келген топтағы адамға кұюға болады. Сондыктан, кан тобы I адамды әмбебап донор деп атайды. Қаны IV топ адамға барлық төрт топтағы қанды кұюға болады, оларды әмбебап реципиент деп атайды. Шамамен, адамдардың 40%-ының қан тобы I, 40%- ы — II топ, 14%-ы — III топ, 6%-ы — IV топ. Қан тобы — тұқым қуалайтын белгі және адамның бүкіл өмірінде өзгермейді. Қан топтары
#10 слайд
Қан топтары
1930 жылы австралиалық
ғалым Карл Ланштейнер қан
тобын анықтағаны үшін Нобель
сыйлығын алды
антигены
0 (1) жоқ
А (2) А
В (3) В
АВ (4) АВ
Қан тобы Мынадай топқа қан
беруге болады Мынадай топтағы қанды
құюға болады
I
II
III
IV I II III IV
II IV
III IV
IV I
I II
I III
I II III IV
1 топ – универсалды донор 4 топ – универсалды реципиент
Шамамен, адамдардың 40%-ының қан тобы I, 40%- ы — II топ, 14%-ы — III
топ, 6%-ы — IV топ. Қан тобы — тұқым қуалайтын белгі және адамның бүкіл
өмірінде өзгермейді.
10 слайд
Қан топтары 1930 жылы австралиалық ғалым Карл Ланштейнер қан тобын анықтағаны үшін Нобель сыйлығын алды антигены 0 (1) жоқ А (2) А В (3) В АВ (4) АВ Қан тобы Мынадай топқа қан беруге болады Мынадай топтағы қанды құюға болады I II III IV I II III IV II IV III IV IV I I II I III I II III IV 1 топ – универсалды донор 4 топ – универсалды реципиент Шамамен, адамдардың 40%-ының қан тобы I, 40%- ы — II топ, 14%-ы — III топ, 6%-ы — IV топ. Қан тобы — тұқым қуалайтын белгі және адамның бүкіл өмірінде өзгермейді.
#11 слайд
Донор
Қанның өзі бөлінеді әрбір топқа,
Ол топтар бір-бірімен жақын доста.
Қан кеткенде топтастар көмектесер,
Донор болу қасиетті іс нағыз досқа.
14 маусым Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл мереке әлем елдерінде
2005-ші жылдан бері тойланып келеді. Сол жылы Дүниежүзілік Денсаулық
сақтау ұйымы маусым айында донорлар күнін атап өту туралы шешім
қабылдаған болатын. Статистика бойынша, дені сау адамның 450 грамм қаны
үш адамның өміріне араша бола алады. Сонымен қатар, сіз өз денсаулығыңыз
жайында толық ақпарат біле аласыз. Қан орталығына келгенде ең алдымен қан
доноры сауалнама толтырады. Содан кейін терапевт дәрігер тексеру жүргізеді.
Егер қан мөлшері мен денсаулығыңыз талапқа сай болса, донор болуға рұқсат
беріледі.
Талапқа сай 18 жастан асқан азаматтар ғана донор бола алады.
Дегенмен, олардың өзіне шектеу бар. Жұқпалы аурумен ауырғандар,
онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырғандардан қан
алынбайды. Сондай-ақ денесіне сурет салғандар мен татулары бар адамдардан
қан алынбайды. Донор болу арқылы денсаулығыңызды қалыпқа келтіре
аласыз.
11 слайд
Донор Қанның өзі бөлінеді әрбір топқа, Ол топтар бір-бірімен жақын доста. Қан кеткенде топтастар көмектесер, Донор болу қасиетті іс нағыз досқа. 14 маусым Дүниежүзілік қан доноры күні. Бұл мереке әлем елдерінде 2005-ші жылдан бері тойланып келеді. Сол жылы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы маусым айында донорлар күнін атап өту туралы шешім қабылдаған болатын. Статистика бойынша, дені сау адамның 450 грамм қаны үш адамның өміріне араша бола алады. Сонымен қатар, сіз өз денсаулығыңыз жайында толық ақпарат біле аласыз. Қан орталығына келгенде ең алдымен қан доноры сауалнама толтырады. Содан кейін терапевт дәрігер тексеру жүргізеді. Егер қан мөлшері мен денсаулығыңыз талапқа сай болса, донор болуға рұқсат беріледі. Талапқа сай 18 жастан асқан азаматтар ғана донор бола алады. Дегенмен, олардың өзіне шектеу бар. Жұқпалы аурумен ауырғандар, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырғандардан қан алынбайды. Сондай-ақ денесіне сурет салғандар мен татулары бар адамдардан қан алынбайды. Донор болу арқылы денсаулығыңызды қалыпқа келтіре аласыз.
#12 слайд
Донор
Тұрақты түрде донор қан тапсырса, жүрек-қан тамыры ауруларының қауіпі
бірнеше есеге төмендейді, иммундық жүйенің жұмысы жақсарады, қан ұю
процесстеріне жақсы әсер береді және өмір сүру уақыты қан тапсырмаған адаммен
салыстырғанда 5-7 жылға ұлғаяды. Қан өткізудің пайдасының бірі: жілік майын
жақсартады. Сіз де донор болуға асығыңыз!
Елімізде 300-ден астам құрметті донор бар. Мысалы, солардың бірі –
Еркінбақыт Сыдықов. Ол 1980 жылдан бері үздіксіз қан өткізіп келеді. Өзінің
есептеуінше, 30 жылда 400 литр қанын беріпті.
Алматыдағы Республикалық қан орталығына күніне 50-60 адам тегін қан тапсыруға
келеді. Ал Донорлар күні мұнда келетіндердің саны 200-ге жетті. Олар өткізетін қан
науқастарға жеткілікті. Дегенмен ақ қан, гемофилия сияқты дерттерге қарсы қымбат
дәрі-дәрмек жасауға әзірше қанның қоры жеткіліксіз.
Республикамызда 1000 адамға шаққанда 18 донор. Ал дүниежүзілік
стандарттар бойынша 1000 адамның 50-і донор болуы тиіс. Сонда ғана қан және қан
препараттарына мұқтаждық болмайды.
12 слайд
Донор Тұрақты түрде донор қан тапсырса, жүрек-қан тамыры ауруларының қауіпі бірнеше есеге төмендейді, иммундық жүйенің жұмысы жақсарады, қан ұю процесстеріне жақсы әсер береді және өмір сүру уақыты қан тапсырмаған адаммен салыстырғанда 5-7 жылға ұлғаяды. Қан өткізудің пайдасының бірі: жілік майын жақсартады. Сіз де донор болуға асығыңыз! Елімізде 300-ден астам құрметті донор бар. Мысалы, солардың бірі – Еркінбақыт Сыдықов. Ол 1980 жылдан бері үздіксіз қан өткізіп келеді. Өзінің есептеуінше, 30 жылда 400 литр қанын беріпті. Алматыдағы Республикалық қан орталығына күніне 50-60 адам тегін қан тапсыруға келеді. Ал Донорлар күні мұнда келетіндердің саны 200-ге жетті. Олар өткізетін қан науқастарға жеткілікті. Дегенмен ақ қан, гемофилия сияқты дерттерге қарсы қымбат дәрі-дәрмек жасауға әзірше қанның қоры жеткіліксіз. Республикамызда 1000 адамға шаққанда 18 донор. Ал дүниежүзілік стандарттар бойынша 1000 адамның 50-і донор болуы тиіс. Сонда ғана қан және қан препараттарына мұқтаждық болмайды.
#13 слайд
Қан мен мінез ( Адам қанының тобына байланысты мінезін анықтауға болады екен)
1. Қанның тобы О.
Мұндай адамдардың күш-қуаты, ерік жігері өте мол болады. Елмен тез
тіл табысқыш, жұмысты жанын салып істейтін адамдар.
2. Қанның тобы А.
Бұл адамдар адал әрі тындырымды. Өз мамандығы бойынша өнімді
түрде жоғарылайды. Егер бір нәрсені қолға алса, тындырмай
қоймайды. Олар «иә» деп келіссе, оған толық сенуге болады.
3. Қанның тобы В.
Бұл адамдар сезімтал, кез-келген нәрсені тез үйреніп алуға бейім, өте
сабырлы болады.
4. Қанның тобы АВ.
Олардың бойындағы құштарлық барлық қиындықты ешкімге айтпай,
жалғыз жеңгенді қалайды.
13 слайд
Қан мен мінез ( Адам қанының тобына байланысты мінезін анықтауға болады екен) 1. Қанның тобы О. Мұндай адамдардың күш-қуаты, ерік жігері өте мол болады. Елмен тез тіл табысқыш, жұмысты жанын салып істейтін адамдар. 2. Қанның тобы А. Бұл адамдар адал әрі тындырымды. Өз мамандығы бойынша өнімді түрде жоғарылайды. Егер бір нәрсені қолға алса, тындырмай қоймайды. Олар «иә» деп келіссе, оған толық сенуге болады. 3. Қанның тобы В. Бұл адамдар сезімтал, кез-келген нәрсені тез үйреніп алуға бейім, өте сабырлы болады. 4. Қанның тобы АВ. Олардың бойындағы құштарлық барлық қиындықты ешкімге айтпай, жалғыз жеңгенді қалайды.
#14 слайд
1940 жылы Карл Ландштейнер
макака маймылының қанының
құрамынан ерекше нәруызды зат -
резус-факторды ашты.
Резус - конфликт Резус - фактор
Адамдардың 85%- ының канында резус-фактор бар, оларды оң-
резус ( Rh+) деп атайды. Ал адамдардың 15%- ында резус-фактор
жок, оларды теріс-резус ( Rh-) дейді. Егер құрамында резус-фактор
бар канды резус-факторы жоқ адамға кұйса, онда бегде нәруызға
ерекше антидене түзіледі. Резусы теріс адамға резусы оң канды
кайталап кұйғанда, эритроциттер бірігіп калуы мүмкін
(агглютинация). Осының салдарынан жүйке кызметі, қанайналым
бұзылып, адам өліп кетеді. Сондықтан кан кұю кезінде канда
резус-фактордың болу-болмауын ескеру керек. Әсіресе үйленетін
жастар резус-факторын аныктауға кан тапсыруы кажет.
Анасының резусы — теріс, әкесінікі — оң отбасында көп
киындыктар болуы мүмкін. Аяғы ауыр ананың баласы іште өліп
қалуы мүмкін.
14 слайд
1940 жылы Карл Ландштейнер макака маймылының қанының құрамынан ерекше нәруызды зат - резус-факторды ашты. Резус - конфликт Резус - фактор Адамдардың 85%- ының канында резус-фактор бар, оларды оң- резус ( Rh+) деп атайды. Ал адамдардың 15%- ында резус-фактор жок, оларды теріс-резус ( Rh-) дейді. Егер құрамында резус-фактор бар канды резус-факторы жоқ адамға кұйса, онда бегде нәруызға ерекше антидене түзіледі. Резусы теріс адамға резусы оң канды кайталап кұйғанда, эритроциттер бірігіп калуы мүмкін (агглютинация). Осының салдарынан жүйке кызметі, қанайналым бұзылып, адам өліп кетеді. Сондықтан кан кұю кезінде канда резус-фактордың болу-болмауын ескеру керек. Әсіресе үйленетін жастар резус-факторын аныктауға кан тапсыруы кажет. Анасының резусы — теріс, әкесінікі — оң отбасында көп киындыктар болуы мүмкін. Аяғы ауыр ананың баласы іште өліп қалуы мүмкін.
#15 слайд
Бекіту сұрақтары
1. Қан топтары қандай болады?
2. Қандай белгілеріне байланысты қанды топқа бөпеді?
3. Қандай жағдайда адамға қан құяды?
4. Резус-фактор дегеніміз не?
5. Өз қаныңның тобы мен резус-факторын біпу не үшін қажет?
6. Агглютинация дегеніміз не?
7. Донор дегеніміз кім? Реципиент дегеніміз кім?
Үйге тапсырма:
1. Тақырып бойынша лекция материалдарына тезис құрастыру. (Теория материалдар қосымша берілген).
2. «Қан құю, қан тотары, донор» туралы қосымша мәліметтер жинақтау.
3.Тақырып бойынша тірек-схема сызу.
15 слайд
Бекіту сұрақтары 1. Қан топтары қандай болады? 2. Қандай белгілеріне байланысты қанды топқа бөпеді? 3. Қандай жағдайда адамға қан құяды? 4. Резус-фактор дегеніміз не? 5. Өз қаныңның тобы мен резус-факторын біпу не үшін қажет? 6. Агглютинация дегеніміз не? 7. Донор дегеніміз кім? Реципиент дегеніміз кім? Үйге тапсырма: 1. Тақырып бойынша лекция материалдарына тезис құрастыру. (Теория материалдар қосымша берілген). 2. «Қан құю, қан тотары, донор» туралы қосымша мәліметтер жинақтау. 3.Тақырып бойынша тірек-схема сызу.
#16 слайд
Сабақта пайдаланылған әдебиеттер:
1 . З.М.Алиакпарова. "Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физио-
логиясы және гигиенасы негіздері". Алматы, "Мектеп", 1993ж.
2. О.А.Петришина, Е.П.Попова. "Бастауыш мектеп жасындағы балалар анато-
миясы, физиологиясы, гигиенасы". Алматы "Мектеп", 1984ж.
3. А.Н.Кабанов, А.П.Чабовская. "Мектеп жасына дейінгі балалар анатомиясы,
физиологиясы, гигиенасы". Алматы, 1982ж.
4. М.Т.Матюшонок. "Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиена-
сы". Алматы, 1986ж.
5. В.А.Анисимова, Н.В.Бруновт. "Адам анатомиясы, физиологиясы,
гигиенасы бойынша оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстар".
Алматы "Мектеп", 1980ж.
6.Кенжеева Г.К. БИОЛОГИЯ – Тірек – схемалар, Алматы. «Атлас
баспасы», 2006ж.84 бет.
1. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/60441/
2. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/47250
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%BD
4. https://bilim-all.kz/article/3808-Qan-toby
5. https://baribar.kz/student/8181/qannynh-zhas-erekshelikteri-qan-aynalu-organdary /
16 слайд
Сабақта пайдаланылған әдебиеттер: 1 . З.М.Алиакпарова. "Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физио- логиясы және гигиенасы негіздері". Алматы, "Мектеп", 1993ж. 2. О.А.Петришина, Е.П.Попова. "Бастауыш мектеп жасындағы балалар анато- миясы, физиологиясы, гигиенасы". Алматы "Мектеп", 1984ж. 3. А.Н.Кабанов, А.П.Чабовская. "Мектеп жасына дейінгі балалар анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы". Алматы, 1982ж. 4. М.Т.Матюшонок. "Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиена- сы". Алматы, 1986ж. 5. В.А.Анисимова, Н.В.Бруновт. "Адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы бойынша оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстар". Алматы "Мектеп", 1980ж. 6.Кенжеева Г.К. БИОЛОГИЯ – Тірек – схемалар, Алматы. «Атлас баспасы», 2006ж.84 бет. 1. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-bl-ne/60441/ 2. https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/47250 3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%BD 4. https://bilim-all.kz/article/3808-Qan-toby 5. https://baribar.kz/student/8181/qannynh-zhas-erekshelikteri-qan-aynalu-organdary /
шағым қалдыра аласыз


