Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қaзaқ хaлқының мaтepиaлдық мәдeниeтi жәнe қoлдaнбaлы қoлөнepi

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген халықтың материалдық мәдениеті оның жүргізген шаруашылығына байланысты дамиды. Материалдық мәдениет дегеніміз - халықтың күнделікті қажеттілігін өңдейтін, өмір сүруін қамтамасыз ететін бұйымдар мен өмірге қажетті нәрселер және оны өндіруге керекті құрал-жабдықтар, яғни халықтың тіршілігінің негізгі көзі. Материалдық мәдениет жәдігерлерден (жасаған заттардан) және технологиялардан (жәдігерлерді жасау тәсілдерінен) тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Кез келген халықтың материалдық мәдениеті оның жүргізген шаруашылығына байланысты дамиды. Материалдық мәдение

#1 слайд
Кез келген халықтың материалдық мәдениеті оның жүргізген шаруашылығына байланысты дамиды. Материалдық мәдениет дегеніміз - халықтың күнделікті қажеттілігін өңдейтін, өмір сүруін қамтамасыз ететін бұйымдар мен өмірге қажетті нәрселер және оны өндіруге керекті құрал - жабдықтар, яғни халықтың тіршілігінің негізгі көзі. Материалдық мәдениет жәдігерлерден (жасаған заттардан) және технологиялардан (жәдігерлерді жасау тәсілдерінен) тұрады. Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Икрам Нұрасыл Сүлеймен Демирель атындағы лицей1 §53. Қaзaқ хaлқының мaтepиaлдық мәдeниeтi жәнe қoлдaнбaлы қoлөнepi .

1 слайд

Оқу мақсаттары: - қaзaқ хaлқының мәдeни жeтicтiктepiн cипaттay үшiн «мәдeниeт», «дaлa өpкeниeтi», «мaтepиaлдық мәдeниeт», «pyхa

#2 слайд
Оқу мақсаттары: - қaзaқ хaлқының мәдeни жeтicтiктepiн cипaттay үшiн «мәдeниeт», «дaлa өpкeниeтi», «мaтepиaлдық мәдeниeт», «pyхaни мәдeниeт», «қoлдaнбaлы өнep», «мәдeни мұpa» ұғымдapын пaйдaлaнy; - қaзaқ хaлқының мaтepиaлдық мәдeниeтiнiң мaтepиaлдық мaңызды жeтicтiктepiн aнықтay; 2

2 слайд

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Бі

#3 слайд
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің мақтаныш етуімізге тұрарлық мол материалдық және рухани мұрамыз бар. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен...»»

3 слайд

Бүгінгі сабақта: - Қaзaқ хaлқының мaтepиaлдық мәдeниeтi жәнe қoлдaнбaлы қoлөнepi туралы білеміз. - Мәдени ақпараттарды тар

#4 слайд
Бүгінгі сабақта: - Қaзaқ хaлқының мaтepиaлдық мәдeниeтi жәнe қoлдaнбaлы қoлөнepi туралы білеміз. - Мәдени ақпараттарды тарихи дереккөзі ретінде пайдаланып, құндылығын бағалаймыз. 4Сабақтың маңызды ақпараты :

4 слайд

Сіздің сабақ барысындағы зерттеулеріңіз: Қазақ халқының материалдық мәдениеті арқылы көшпелілер қоғамы мен мәдениеті туралы не

#5 слайд
Сіздің сабақ барысындағы зерттеулеріңіз: Қазақ халқының материалдық мәдениеті арқылы көшпелілер қоғамы мен мәдениеті туралы не біле аламыз? Біз қолөнер өндірісінен дәстүрлі қазақ қоғамы туралы не біле аламыз? Дәстүрлі қазақ мәдениетінде киіз үйдің маңызы қандай болды? Болашақта адамдар біздің материалдық мәдениетімізді туралы смартфон, планшеттер және т.б. арқылы қандай дәрежеде біле алады?

5 слайд

 Киіз үй негізгі үш бөліктен – шаңырақ, кереге ,уықтан тұрады. Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады: Тоғын –

#6 слайд
 Киіз үй негізгі үш бөліктен – шаңырақ, кереге ,уықтан тұрады. Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады: Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері. Күлдіреуіш – түнекті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек. Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш. Қаламдық – уықтың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.  Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш. Қаламы – уықтың шаңыраққа сұғылатын ұшы. Қары – уықтың иініне дейінгі бойы. Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы. Алақаны – уықтың керегебасына бекітілетін басы. Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.  Кереге – жиналмалы ағаш тор. Желі – керегені құрайтын ағаштар. Ерісі – ағаштардан кереге құрайтын ұзыны. Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы. Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр. Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз). Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері.  Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі. Маңдайша – екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш. Босаға – маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш. Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмалы ағаш тиек.  Туырлық – ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз. Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі. Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.  Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз. Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау.  Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік. Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.  Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр. Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.

6 слайд

Киіз үй атаулары Абылайша керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй Ақтағыр екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй А

#7 слайд
Киіз үй атаулары Абылайша керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй Ақтағыр екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй Ақ шаңқан үй сүттей ақ, аппақ киіз үй Жаппа керегесіз, киізбен жабылған баспана Жолым үй уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй Қара құрым үй киізінің тозығы жеткен, ескі үй Қара үй киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды Қараша үй қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй Орда еңселі, салтанатты киіз үй Отау ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй Ұраңқай уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй

7 слайд

Жоғарыдағы мәтінмен таныса отырып төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз. Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетіні

#8 слайд
Жоғарыдағы мәтінмен таныса отырып төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз. Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады? Не себепті қ азіргі таңда киіз үй құрылысы архитектуралық құрылыстың ең тиімді түрі болып табылады? 8Тапсырма 1

8 слайд

Тапсырма 2 : Оқушыларға арнап киіз үйдің құрылымын түсіндіретін жарнамалық хабарландыру жасаңыз. Жарнама талаптары: Киіз үй

#9 слайд
Тапсырма 2 : Оқушыларға арнап киіз үйдің құрылымын түсіндіретін жарнамалық хабарландыру жасаңыз. Жарнама талаптары: Киіз үйдің ішіндегі дәстүрлі тұрмыстық бұйымдар туралы баяндау; Киіз үйдің Қазақстанның дәстүрлі мәдениеті мен экономикасындағы маңызын түсіндіру. Қазіргі жаһандану заманында әлем елдерінің киіз үйдің әлемдік деңгейде мойындалып отырғанын жарнамаға еңгізу

9 слайд

Ағаш өңдеуші шеберлер киіз үйдің ағаш бөліктерінен басқа, ағаштан түрлі еңбек құралдарын, ыдыс –аяқ пен т

#10 слайд
Ағаш өңдеуші шеберлер киіз үйдің ағаш бөліктерінен басқа, ағаштан түрлі еңбек құралдарын, ыдыс –аяқ пен тұрмыстық бұйымдарды, музыкалық аспаптар жасады.Ағаш затты оюлау мен асыл тастармен безендіру ағаш өндірушіні қолданбалы өнерге жақындатты. Ағаш оюшылар ою мен әртүрлі өрнектерді пайдаланды.

10 слайд

Зергерлік өнердің кәсіптік сипаты болды.Шебер зергерлер зергерлік техниканың күрделі тәсілдерін меңгерді. Зергерлік

#11 слайд
Зергерлік өнердің кәсіптік сипаты болды.Шебер зергерлер зергерлік техниканың күрделі тәсілдерін меңгерді. Зергерлік бұйымдар ұлттың ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрін білдіреді. Ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараға сәндік және қосалқы өнердің бір түрі – зергерлік өнер қазақ халқының дүниетанымы мен материалдық мәдениетінің маңызды бір бөлшегі. Темірден түйін түйген шеберлер мен зер қадірін білген зергерлер қазақ даласында кем болмағаны әмбеге аян. Ал олардың қолынан шыққан әрбір туынды – халқымыздың ұлттық мәдениетінің алтын қазынасы, асыл мұрасы. Халқымыздың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Қазақтың ұлдары шебер, зергер, шешен болған. Зергерлер мен темір ұсталары көркем бұйымдарын металдан, күміс пен мыс, темірден жасады.11

11 слайд

Өңдеу тәсілі . Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды . Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір н

#12 слайд
Өңдеу тәсілі . Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды . Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады . Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді , тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс . Егер тұз дұрыс жағылса , онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады . Жүнін анда - санда қолмен тартып көру керек . Жақсы теріден жүн түспейді , көлеңкеде кептіру керек . Теріні кептіру үшін іліп қояды . Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс . Ағаш күбіге немесе басқа кең ағаш ыдысқа айраның сарсуына, ашыған іркітке ұн,кебек,тұз салып ашытады да теріні соған салады. Т еріге іркіт жағып,ұн немесе кебек,тұз сеуіп,терінің бетіндегі иді араластырып,шеттерін үстіне қаратып,жылы жерге бүктеп қояды Бұларды иі жағып илеу дейді.

12 слайд

 Ежелгі халықтардың қай-қайсысы болса да негізгі күн көріс кәсібін аңшылық пен мал өсіруден бастаған. Сондықтан хайуанатт

#13 слайд
 Ежелгі  халықтардың  қай-қайсысы болса да негізгі күн көріс кәсібін  аңшылық  пен  мал  өсіруден бастаған. Сондықтан хайуанаттың етін, майын, ішек-қарнын, терісін, жүнін, тарамысын пайдаға асыра білумен қатар олардың сүйегінен, мүйізінен көптеген мүліктер мен  қару-жабдықтар  жасайтын. Алғашқыда сойылған малдың қабырғаларын пышақ орнына, жіліктерін шоқпар орнына, бас сүйектің ми қаптарын ыдыс орнына, жауырындарды қалақ орнына пайдаланған. Келе-келе адам баласы сүйекті сүйекпен жону, таспен егеу, отқа күйдіру сияқты әдістерді тапты. Ақырында сүйектен, мүйізден түрлі қолөнер туындылары жасалды.  Тағы да көп жылдар өткен соң адамзат нәсілдері  қоланы ,  мысты ,  темірді  тапты. Бұл адамзат қауымының еңбегіне көп жаңалықтар ашып, жеңілдіктер берді. Осыған байланысты өте жабайы кездердегі сүйекті пайдалану әдісіне де көп жаңалықтар енгізілді. Сүйекті кесіп, тесіп, жонып өңдеу мүмкіндігі туды. Сүйек пен мүйіз енді өз алдына құрал жабдық болумен қатар, басқа құрал жабдықтарды да өңдейтін ою-өрнек, әшекей мүліктеріне айналды. Сүйекті жону, өрнектеу, шегелеу, сүйекке күміс қақтау сияқты жұмыстар өте нәзік болуымен қатар аса шеберлікті талап етеді. Көшпелі қазақ аулының шеберлері ағаштан көшіп-қонуға ыңғайлы кебеже, жүк аяқ, кереует, асадал, адал бақан, аяқ-табақ, шөміш, шомбал сияқты заттар жасаумен қатар, малдың бүкіл сүмесін де (тұлабойы және одан шығатын өнімдері) қажетке жаратып келді.  Малдың етін, сүтін, майын тамаққа, терісі мен жүнін киім-кешек, киіз- сырмаққа жаратса, тезегін отынға, сүйегі мен мүйізін зергерлік өнеріне негізгі материал ретінде пайдаланды. 

13 слайд

Ұсталар түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары

#14 слайд
Ұсталар түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары:  көрік , төс, ерітетін  ожау ,  балғалар ,  көсеу , бұрғы,  қашау , егеу, шеге, сым,  қалыптар . Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған.

14 слайд

Тапсырма 3 Интepнeт pecypcтapын, қocымшa aқпapaттap көзiн пaйдaлaну арқылы Кестені толтырыңыз!

#15 слайд
Тапсырма 3 Интepнeт pecypcтapын, қocымшa aқпapaттap көзiн пaйдaлaну арқылы Кестені толтырыңыз! Көшпелілер мәдени мұрасын зерттеген шетелд ік зерттеушілер мен ғалымдар Кім ? Қашан? Не туралы?

15 слайд

Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері Ки із үй қазақтарда дәстүрлі қолөнердің, үй кәсіпшіліктері мен қолданбалы өнер түрлерінің

#16 слайд
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнері Ки із үй қазақтарда дәстүрлі қолөнердің, үй кәсіпшіліктері мен қолданбалы өнер түрлерінің дамуына зор әсерін тигізді. Тапсырма 4. Қолөнер мен қолданбалы өнердің жасалу жолдарын кестеге толтырыңыздар Ағаш өңдеу Зергерлік бұйымдар Тері өңдеу Сүйек өңдеу Ұсталық кәсіп Ою -өрнек

16 слайд

Мәдени – генетикалық код - этностың, ұлт немесе өркениеттің негізі. Бұл рухани - материалдық құндылықтар, ұғымдар, тәжіриб

#17 слайд
Мәдени – генетикалық код - этностың, ұлт немесе өркениеттің негізі. Бұл рухани - материалдық құндылықтар, ұғымдар, тәжірибе мен дәстүрлер. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері. Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері  Андронов мәдениеті  мен байырғы  сақ ,  гұн ,  ұйсін  өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял- ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі. Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)

17 слайд

 Ою-өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Ою-өрнекті өз өмірлерінің сәні мен мәніне

#18 слайд
 Ою-өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Ою-өрнекті  өз өмірлерінің сәні мен мәніне айналдырғаны  сонша, ою-өонек туралы бірнеше аңыздар мен ертегілерде бар. Соның бірі «Ою хан мен Жою хан»  аңызына тоқталайық.  Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығы  бойынша қол астындағы халқы оюлау, өрнектеу, кестелеу, тоқу бедерлеу өнерлерін меңгерген. Олар ою-өрнекпен үйлерін, киім-кешектерін түгелдей безендірген. Тіпті олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесетін болған. Сондықтан оны - «Ою хан» деп атаған.Күндердің бір күнінде бөтен елдің  ханы соғыс ашып, Ою ханда тағынан түсіріп, зынданға қамап, билікті өзі  жүргізеді. Бұл хан қаншама жаңа ою ойлап тапса да, ол ою тез ұмыт бола беріпті, және өзіне дұрыс кеңес берген адамдардың пікірін тыңдамай, олардың көзін жойып отырған. Сондықтан оны «Жою хан» деп атапты.Жою ханның жалғыз ұлы бар екен. Сол бір күні аңға шығып жолындағы аң- құстың барын қырып, терісін  қайтарда алып қайтамын деп алға жылжи береді. Бұны көріп тұрған үкі баланың бетіне шапшып екі көзін ойып алады. Соқыр болып қалған бала қалай жүрерін білмей тентіреп келе жатып, жардан құлап өледі. Бұл кезде Жою ханда баласына іздеу салып жатқан. "Кімде- кім баламның өлімін естіртсе, оның басын аламын" - дейді.Мұны естіген Ою хан өзі сұранып баланы іздеуге барғысы келетінін айтып, жолға шығады. Жолда жараланған аң-құстарға Ою хан өз көмегін көрсетеді. Қанаты сынған үкіні де емдеп тұрып:- Орманнан Жою ханның баласын  көрдің бе? – деп сұрады.Сонда үкі оны көргенін және ол баланың көзін ойып алғанын, суға құлап су түбінде өліп жатқанын да айтты. Болған жағдайдың шындығын Ою хан естіген соң, еліне келіп, оны сырмақ бетіне ою арқылы бейнелеп, Жою ханға апарды. Сырмақ өте әдемі, көркем, бояулары адамды баурап алатындай сиқырлы болады.Жою хан сырмақтың оюына ұзақ қарап, баласының жүрген жолындағы ұшқан құспен, бұғымен, арқармен, қодаспен және жолбарыспен де айқасқанын көреді.Балықты кезіктіргенін, сұртышқанмен де қарсы келгенін көреді. Сонан соң «Баланың екіге бөлініп жаны рухқа, тәні аруаққа айналғанын» көріп ашуланған Жою хан, Ою ханды өлтірмекке қылышын алып тұра ұмтылады.Сонда Ою хан:- Дат, тақсыр! Сенің «Кімде–кім баламның өлімін естіртсе, соның басын аламын» - деген жарлығың бар емеспе еді?» — дейді.- Ия бар! – дейді қа h арлы хан.- Ендеше балаңның өлімін мен де,  мына тұрған халықта сіздің өз аузыңыздан естіп ...

18 слайд

Файл форматы:
pptx
05.05.2021
1122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12