Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дебат технологиясын қолдану тиімділігі
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында дебат технологиясын қолдану тиімділігі

#1 слайд
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
САБАҚТАРЫНДА ДЕБАТ
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
ТИІМДІЛІГІ
Павлодар облысы білім беру басқармасының
Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің
Байет жалпы орта білім беру мектебі
Спикер: Қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Айтуган Марал
2022 жыл
1 слайд
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ДЕБАТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ Павлодар облысы білім беру басқармасының Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің Байет жалпы орта білім беру мектебі Спикер: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтуган Марал 2022 жыл
#2 слайд
Қазақ тілін саналы және
сапалы меңгерту – жаңа
технологияларды ұтымды
қолданумен тығыз байланысты.
Коммуникативті
құзырлылық білім алушының
білімін, іскерлігін, дағдысын іс
жүзінде қоғаммен, ұжыммен,
отбасымен әлеуметтік қарым-
қатынасқа түскенде бағыт беріп,
әр жағдайдан, әр қайшылықтан
шыға білуіне, қалыптасқан
көзқарасты талдай білуге
бағыттайды.
Ал, дебат технологиясы –
осы мақсатқа жетудегі ең
маңызды да қажетті жолдардың
бірі.
2 слайд
Қазақ тілін саналы және сапалы меңгерту – жаңа технологияларды ұтымды қолданумен тығыз байланысты. Коммуникативті құзырлылық білім алушының білімін, іскерлігін, дағдысын іс жүзінде қоғаммен, ұжыммен, отбасымен әлеуметтік қарым- қатынасқа түскенде бағыт беріп, әр жағдайдан, әр қайшылықтан шыға білуіне, қалыптасқан көзқарасты талдай білуге бағыттайды. Ал, дебат технологиясы – осы мақсатқа жетудегі ең маңызды да қажетті жолдардың бірі.
#3 слайд
Карл Поппердің дебат
форматы - парламенттік
дебаттардың бір түрі. Жаңадан
ойнап бастаған ойыншыларға
ыңғайлы болып саналады. Формат
Карл Поппердің есімімен аталған.
Ойында екі, ақтаушы және
жақтаушы, команда ойнайды.
Форматтың басқа форматтардан
негізгі айырмашылығы - бастапқы екі
спикерге сөздерінен соң қарама қарсы
командадан сұрақ қойылады.
Аналитиктер сұрақтардан бос. Әр
командада қарсыластың сөздерінен
соң дайындалуға 8 минут уақыт
болады. Олар сол 8 минутты
раундтардын арасына рационалды
бөлуі тиіс. Осы артықшылығы үшін
бұл формат жаңа дебатерларға өте
ыңғайлы болып саналады.
3 слайд
Карл Поппердің дебат форматы - парламенттік дебаттардың бір түрі. Жаңадан ойнап бастаған ойыншыларға ыңғайлы болып саналады. Формат Карл Поппердің есімімен аталған. Ойында екі, ақтаушы және жақтаушы, команда ойнайды. Форматтың басқа форматтардан негізгі айырмашылығы - бастапқы екі спикерге сөздерінен соң қарама қарсы командадан сұрақ қойылады. Аналитиктер сұрақтардан бос. Әр командада қарсыластың сөздерінен соң дайындалуға 8 минут уақыт болады. Олар сол 8 минутты раундтардын арасына рационалды бөлуі тиіс. Осы артықшылығы үшін бұл формат жаңа дебатерларға өте ыңғайлы болып саналады.
#4 слайд
Дебат технологиясының білім сапасына әсері:
Дебат сайысына даярлық үлкен көлемді ақпаратты игеруді талап
етеді, әрі ол оқу бағдарламасынан әлдеқайда көлемді.
Дебатқа қатысушының білімі көлемді ақпарат арқылы ұлғаяды,
зерделейтін материалдың күрделілігі мен тереңдігін түсінеді.
Дебатқа дайындық кезеңінде оқушылар өз бетінше ізденіп қана
қоймай, табылған қосымша ақпаратпен топта бөлісіп, өзара
оқыту әдісі жүзеге асырылады.
Оқытудың дамытушылық мақсаты оқушылардың танымдық
белсенділігінің артуында, қызығушылықтың дамуында, ойлаудың
зерттеулік әдістерін игеруінде көрініс табады.
4 слайд
Дебат технологиясының білім сапасына әсері: Дебат сайысына даярлық үлкен көлемді ақпаратты игеруді талап етеді, әрі ол оқу бағдарламасынан әлдеқайда көлемді. Дебатқа қатысушының білімі көлемді ақпарат арқылы ұлғаяды, зерделейтін материалдың күрделілігі мен тереңдігін түсінеді. Дебатқа дайындық кезеңінде оқушылар өз бетінше ізденіп қана қоймай, табылған қосымша ақпаратпен топта бөлісіп, өзара оқыту әдісі жүзеге асырылады. Оқытудың дамытушылық мақсаты оқушылардың танымдық белсенділігінің артуында, қызығушылықтың дамуында, ойлаудың зерттеулік әдістерін игеруінде көрініс табады.
#5 слайд
Тақырыпты түсініп қана қоймай, оны жан - жақты талдау
арқылы анализ жасауға үйренеді.
Өз ойын білдіру мақсатында жасалған қорытынды пікірлер
оқушының жеке саналы тұлға болуында маңызды.
Шаршы топта сөйлеу мәдениетін игеріп, әр сөзді орнымен және
шеберлікпен, ұтымды қолдануға баулиды.
Топтық жұмыстарда ауызбіршілік сақтауға, қарсыластарының
пікірін сыйлау арқылы адамгершілікке тәрбиеленеді.
Қарсы пікірді тыңдап, сол бойда нақты ақпаратпен оны теріске
шығару арқылы оқушының жылдам ойлау, есте сақтау қабілеттері
дамиды.
Пікірталас ережесін сақтай отырып, эмоцияға берілмеу –
оқушының өзін ұстауы және игеруіне ықпал етеді.
Өмір құбылыстарына сын көзбен қарап, әр түрлі проблемалардан
шығудың жолын табуды мақсат етеді.
5 слайд
Тақырыпты түсініп қана қоймай, оны жан - жақты талдау арқылы анализ жасауға үйренеді. Өз ойын білдіру мақсатында жасалған қорытынды пікірлер оқушының жеке саналы тұлға болуында маңызды. Шаршы топта сөйлеу мәдениетін игеріп, әр сөзді орнымен және шеберлікпен, ұтымды қолдануға баулиды. Топтық жұмыстарда ауызбіршілік сақтауға, қарсыластарының пікірін сыйлау арқылы адамгершілікке тәрбиеленеді. Қарсы пікірді тыңдап, сол бойда нақты ақпаратпен оны теріске шығару арқылы оқушының жылдам ойлау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Пікірталас ережесін сақтай отырып, эмоцияға берілмеу – оқушының өзін ұстауы және игеруіне ықпал етеді. Өмір құбылыстарына сын көзбен қарап, әр түрлі проблемалардан шығудың жолын табуды мақсат етеді.
#6 слайд
Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады.
Керекті кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың
ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды
зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың
жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:
Ой жүгірту
арқылы алғашқы
дәйектерді
анықтау
Негізгі
пікірлерді
қолдайтын дәлел
іздеу
Дұрыс түсіну
үшін алғашқы
дәйектерді
жетілдіру
Кейс жазу Кейсті әсірелеу
6 слайд
Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керекті кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі: Ой жүгірту арқылы алғашқы дәйектерді анықтау Негізгі пікірлерді қолдайтын дәлел іздеу Дұрыс түсіну үшін алғашқы дәйектерді жетілдіру Кейс жазу Кейсті әсірелеу
#7 слайд
Дебат технологиясының тәрбие ісіне әсері:
Өзінің және жолдастарының қызметін жүйелі түрде
талдауға қатысқан оқушының бойында турашылдық,
батылдық, сын тұрғысында және логикалық ойлау,
адамгершілік қасиеттер қалыптасады.
Дайындық кезінде оқушыларға
адамгершілік, этика нормалары
түсіндіріліп, өзге пікірді сыйлау, сабыр
сақтап сөйлеу, қарсыласын сыйлау
сияқты қасиеттер бойларына сіңірілу
қажет.
Дебат қарама-қайшы
көзқарастардың қақтығысын
қамтамасыз ететін қатаң
ережелерге бағынып өткізіледі.
Дебат ұрыс-керіске, ерегіске,
түсінбеушілікке ұласпауы қажет.
Талдау жұмыстарына оқушыларды
да қатыстырып, олардың сыни-
талдау ойларын қалыптастыру
арқылы дебаттың дамытушылық
мақсатына қол жеткізу.
7 слайд
Дебат технологиясының тәрбие ісіне әсері: Өзінің және жолдастарының қызметін жүйелі түрде талдауға қатысқан оқушының бойында турашылдық, батылдық, сын тұрғысында және логикалық ойлау, адамгершілік қасиеттер қалыптасады. Дайындық кезінде оқушыларға адамгершілік, этика нормалары түсіндіріліп, өзге пікірді сыйлау, сабыр сақтап сөйлеу, қарсыласын сыйлау сияқты қасиеттер бойларына сіңірілу қажет. Дебат қарама-қайшы көзқарастардың қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелерге бағынып өткізіледі. Дебат ұрыс-керіске, ерегіске, түсінбеушілікке ұласпауы қажет. Талдау жұмыстарына оқушыларды да қатыстырып, олардың сыни- талдау ойларын қалыптастыру арқылы дебаттың дамытушылық мақсатына қол жеткізу.
#8 слайд
Көркем шығарманы екі жаққа
(бірінші – жақтаушы, екінші -
даттаушы) бөлініп талдау арқылы
мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол
жеткіземіз:
•Мәтінді оқушының толық оқып
шығуы және өз пікіріне нақты
мысалдармен дәлел іздеуі;
• Сол дәлел мен дәйектемелерге сүйене
отырып өз көзқарасын жақтап шығуы;
•Жүйелі сөйлеуі, сайып келгенде
мәдениетті сөйлеуі;
•Айтылған нәрселерден өз қажетін ала
білуі;
•Шығармаға сын айта білуі;
•Оқушыны ой еркіндігіне жетелеу.
Дебат технологиясы менің іс-тәжірибемде
8 слайд
Көркем шығарманы екі жаққа (бірінші – жақтаушы, екінші - даттаушы) бөлініп талдау арқылы мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткіземіз: •Мәтінді оқушының толық оқып шығуы және өз пікіріне нақты мысалдармен дәлел іздеуі; • Сол дәлел мен дәйектемелерге сүйене отырып өз көзқарасын жақтап шығуы; •Жүйелі сөйлеуі, сайып келгенде мәдениетті сөйлеуі; •Айтылған нәрселерден өз қажетін ала білуі; •Шығармаға сын айта білуі; •Оқушыны ой еркіндігіне жетелеу. Дебат технологиясы менің іс-тәжірибемде
#9 слайд
Мектеп оқушыларына арналған саяси элементтері бар Карл Поппер
ойынының ережесіне келсек, оның ерекшелігі – кейстің құрылымында. Жақтау
тобы жоспарын таныстыруы және қорғауы керек, сол жобадан шыққан
пайдалы нәтижені анықтауы керек. Даттау тобы жақтау тобы ұсынған жобаға
даттау жасайды, яғни жоспарынан келетін шығын мен зиянның салдарын
көрсету керек.
Ал пікірсайыстағы даттау тобының өте жақсы терістеуі жақтау
тобының логикасы мен құрылымына сәйкес құрылады.
Жақтаушы Даттаушы
1-спикер (6-минут). Тобын таныстыру. Өз кейсін ұсыну. Д-2 сұрақ қою.
2-спикер (5-минут). Д-1 ойынына қарсы пікір білдіру. Ж-1 ойын өрбіту. Өзінің
позициясын жақтап шығу.
1-спикер (6-минут). Тобын таныстыру. Қарсы пікір білдіру. Өз жобасын ұсыну.
Ж-2 сұрақ қою
2-спикер (5-минут). Ж-2 тойтарыс беру. Ж-2 ойын жоққа шығару. Даттау жасау
3-спикер (5-минут). Өз тобының жетістігіне, даттау тобының қателігіне
сараптама-анализ жасау. 4 спикерге өзіндік баға беру. Ойынның негізгі сәтін
атап өту. Д-1 сұрақ қою.
3-спикер (5-минут). Барлық ойыншыларды салыстыра отырып талдау.
Ойынның қызықты сәтттерін атап өту. Сараптама-анализ. Ж-1 сұрақ қою.
9 слайд
Мектеп оқушыларына арналған саяси элементтері бар Карл Поппер ойынының ережесіне келсек, оның ерекшелігі – кейстің құрылымында. Жақтау тобы жоспарын таныстыруы және қорғауы керек, сол жобадан шыққан пайдалы нәтижені анықтауы керек. Даттау тобы жақтау тобы ұсынған жобаға даттау жасайды, яғни жоспарынан келетін шығын мен зиянның салдарын көрсету керек. Ал пікірсайыстағы даттау тобының өте жақсы терістеуі жақтау тобының логикасы мен құрылымына сәйкес құрылады. Жақтаушы Даттаушы 1-спикер (6-минут). Тобын таныстыру. Өз кейсін ұсыну. Д-2 сұрақ қою. 2-спикер (5-минут). Д-1 ойынына қарсы пікір білдіру. Ж-1 ойын өрбіту. Өзінің позициясын жақтап шығу. 1-спикер (6-минут). Тобын таныстыру. Қарсы пікір білдіру. Өз жобасын ұсыну. Ж-2 сұрақ қою 2-спикер (5-минут). Ж-2 тойтарыс беру. Ж-2 ойын жоққа шығару. Даттау жасау 3-спикер (5-минут). Өз тобының жетістігіне, даттау тобының қателігіне сараптама-анализ жасау. 4 спикерге өзіндік баға беру. Ойынның негізгі сәтін атап өту. Д-1 сұрақ қою. 3-спикер (5-минут). Барлық ойыншыларды салыстыра отырып талдау. Ойынның қызықты сәтттерін атап өту. Сараптама-анализ. Ж-1 сұрақ қою.
#10 слайд
- Дебат технологиясы
менің іс-тәжірибемде
10 слайд
- Дебат технологиясы менің іс-тәжірибемде
#11 слайд
Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша
ұсынылатын дебат тақырыптары
1. БП Қазақ тілін насихаттаудың ең тиімді жолын ұсынады.
Инфо-слайд: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақ мерзімді
басымдықтарды іске асыруды қарастырады.
2.Бұл Палата дамыған елдер дамушы елдерден мигранттарды
қабылдамау керек деп есептейді
3. БП Қазақстан жастарының мемлекет алдындағы моральдық
міндеттемелері бар деп санайды
4. БП Қазақстанның демографиялық ахуалы жоғары деп санайды
5. БП бүгінгі қоғамда Еріктер көп деп ойлайды
6. БП әлемдік қақтығыстар Қазақстанға кері әсерін тигізбейді деп
санайды
7. БП жол ережелерін сақтау қажеттілік туындатпайды деп есептейді
11 слайд
Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша ұсынылатын дебат тақырыптары 1. БП Қазақ тілін насихаттаудың ең тиімді жолын ұсынады. Инфо-слайд: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады. 2.Бұл Палата дамыған елдер дамушы елдерден мигранттарды қабылдамау керек деп есептейді 3. БП Қазақстан жастарының мемлекет алдындағы моральдық міндеттемелері бар деп санайды 4. БП Қазақстанның демографиялық ахуалы жоғары деп санайды 5. БП бүгінгі қоғамда Еріктер көп деп ойлайды 6. БП әлемдік қақтығыстар Қазақстанға кері әсерін тигізбейді деп санайды 7. БП жол ережелерін сақтау қажеттілік туындатпайды деп есептейді
#12 слайд
Назарларыңызға
рақмет!!!
12 слайд
Назарларыңызға рақмет!!!
шағым қалдыра аласыз













