Қазақ тілінен жоба "Фразеологизмдердің сөздік қорға әсері"
Қазақ тілінен жоба "Фразеологизмдердің сөздік қорға әсері"

#1 слайд
1 слайд
#2 слайд
Қазақ тілінің бай табиғатын танытатын бірден
бір белгі осы тұрақты тіркестер,
фразеологизмдер болғандықтан, қазіргі
ақпараттық жаһандану дәуірінде тіліміздің
асыл қазынасы тарих қойнауына кетпес үшін
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқыту,
қолдану аясын кеңейту
2 слайд
Қазақ тілінің бай табиғатын танытатын бірден бір белгі осы тұрақты тіркестер, фразеологизмдер болғандықтан, қазіргі ақпараттық жаһандану дәуірінде тіліміздің асыл қазынасы тарих қойнауына кетпес үшін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқыту, қолдану аясын кеңейту
#3 слайд
Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі
айрықша көрінетін тұрақты сөз тіркестерін оқыту
арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеті дамып,сөздік
қорлары молаяды,танымдық қабілеті артады,
мәнерлі сөйлеуге үйренеді, әдеби шағармаларды
оқып, талдау арқылы шығармашылық қабілеттері
артып, саналы азамат болып қалыптасады.
3 слайд
Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі айрықша көрінетін тұрақты сөз тіркестерін оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеті дамып,сөздік қорлары молаяды,танымдық қабілеті артады, мәнерлі сөйлеуге үйренеді, әдеби шағармаларды оқып, талдау арқылы шығармашылық қабілеттері артып, саналы азамат болып қалыптасады.
#4 слайд
Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі
арқылы жасалатын, құрамындағы
сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін,
бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын,
бір сөйлем мүшесінің қызметін
атқаратын тіркестер тұрақты тіркестер,
фразеологизмдер деп аталады
ФРАЗЕОЛОГИЗМ
ДЕР
4 слайд
Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер тұрақты тіркестер, фразеологизмдер деп аталады ФРАЗЕОЛОГИЗМ ДЕР
#5 слайд
Эмоциялық бояуы күшті болады, тілге
керекті түр, ажар беріп тұрады;
Айтайын деген ойға айрықша әр,
мәнерлілік береді;
Белгілі бір нәрсені баяндауға, не
сөйленген сөзге стильдік нәр береді, т.б.
5 слайд
Эмоциялық бояуы күшті болады, тілге керекті түр, ажар беріп тұрады; Айтайын деген ойға айрықша әр, мәнерлілік береді; Белгілі бір нәрсені баяндауға, не сөйленген сөзге стильдік нәр береді, т.б.
#6 слайд
Ұ Я Л У: Бетінен оты шығу ≈
өлмегенге қара жер ≈ өлген жері
осы ≈ кір келтіру ≈ жүзі
шыдамау ≈ құлағының ұшына
дейін қызару т.б.
Р Е Н Ж У: Қабағында кірбең
болу ≈ көңілі құлазу ≈ тауы
шағылу т.б.
Мағыналас
фраз-р
Қарсы мәнді фраз-р
Ыстық қанды ↔ суық қанды,
Дүниеге келу ↔ дүниеден кету,
Қолы ұзару ↔ қолы қысқару,
Ауылы аралас, қойы қоралас болу ↔
ит пен мысықтай болу
Ит арқасы қиянда ↔таяқ тастам
жерде
Əмпей-жəмпей болу ↔жүз жыртысу
Аспан айналып жерге түскендей ↔
сақылдаған сары аяз, т.б.
6 слайд
Ұ Я Л У: Бетінен оты шығу ≈ өлмегенге қара жер ≈ өлген жері осы ≈ кір келтіру ≈ жүзі шыдамау ≈ құлағының ұшына дейін қызару т.б. Р Е Н Ж У: Қабағында кірбең болу ≈ көңілі құлазу ≈ тауы шағылу т.б. Мағыналас фраз-р Қарсы мәнді фраз-р Ыстық қанды ↔ суық қанды, Дүниеге келу ↔ дүниеден кету, Қолы ұзару ↔ қолы қысқару, Ауылы аралас, қойы қоралас болу ↔ ит пен мысықтай болу Ит арқасы қиянда ↔таяқ тастам жерде Əмпей-жəмпей болу ↔жүз жыртысу Аспан айналып жерге түскендей ↔ сақылдаған сары аяз, т.б.
#7 слайд
Етістік мәнді фразеологизмдер:
селт етіп, ала көзімен қарады,
жағасын ұстады, шаншу болып
қадалды, бетінен оты шықты
Зат есім
мәнді фразеологизмдер
Маңдай тер, құдайдың жазуы, бос
сөз
Сын есім мәнді фразеологизмдер:
Бармағынан бал тамған,
жұлдызы қарсы, еті тірі
Үстеу мәнді фразеологизмдер
Таяқ тастам жер, жоқ жерден,
кірпігін айқастырғанша, ит өлген
жер, т.б.
7 слайд
Етістік мәнді фразеологизмдер: селт етіп, ала көзімен қарады, жағасын ұстады, шаншу болып қадалды, бетінен оты шықты Зат есім мәнді фразеологизмдер Маңдай тер, құдайдың жазуы, бос сөз Сын есім мәнді фразеологизмдер: Бармағынан бал тамған, жұлдызы қарсы, еті тірі Үстеу мәнді фразеологизмдер Таяқ тастам жер, жоқ жерден, кірпігін айқастырғанша, ит өлген жер, т.б.
#8 слайд
ИТ – қазақтар мəдениетінде жеті қазынаның бірі. Адамдар өмірінде
ит серік, дос ретінде құрметтеледі. Аңыз бойынша Адам жұмақтан
қуылып жерге түскен соң, тіршілік ету үшін мал ұстайды. Мал мен үй
жайын күзетуге, əрі аңға барғанда сенімді серік етуге итті алғаш рет
қолға үйретеді. Жəне ғылымда иттің екі миллионға жуық иісті
ажырататындығы туралы дерек бар. Бұл хайуанаттың осыншалықты
пайдалы қасиеттеріне қарамастан қазақ тіліндегі ит сөзі ұйытқы болған
фразеологизмдердің бірен-саран болмаса (ит көйлек, ит басына іркіт
төгілу, ит жүгіртіп құс салу, т.б.) барлығы жағымсыз мəнде
қалыптасқан. Мысалы:
Ит байласа тұрғысыз
Итжанды
Ит кемірген асықтай
Иттей қылу
Ит терісін басына қаптау
Ит етінен жек көру
Ит қорлық көру /көрсету/
Итін шығару
Иттің құлы итақай
Ит тиген күшіктей т.б.
8 слайд
ИТ – қазақтар мəдениетінде жеті қазынаның бірі. Адамдар өмірінде ит серік, дос ретінде құрметтеледі. Аңыз бойынша Адам жұмақтан қуылып жерге түскен соң, тіршілік ету үшін мал ұстайды. Мал мен үй жайын күзетуге, əрі аңға барғанда сенімді серік етуге итті алғаш рет қолға үйретеді. Жəне ғылымда иттің екі миллионға жуық иісті ажырататындығы туралы дерек бар. Бұл хайуанаттың осыншалықты пайдалы қасиеттеріне қарамастан қазақ тіліндегі ит сөзі ұйытқы болған фразеологизмдердің бірен-саран болмаса (ит көйлек, ит басына іркіт төгілу, ит жүгіртіп құс салу, т.б.) барлығы жағымсыз мəнде қалыптасқан. Мысалы: Ит байласа тұрғысыз Итжанды Ит кемірген асықтай Иттей қылу Ит терісін басына қаптау Ит етінен жек көру Ит қорлық көру /көрсету/ Итін шығару Иттің құлы итақай Ит тиген күшіктей т.б.
#9 слайд
Кеңесбаев І.
Фразеологиялық сөздік. -
Алматы: "Арыс"
баспасы, 2007. - 800 б (10
мыңнан аса фраза бар)
9 слайд
Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800 б (10 мыңнан аса фраза бар)
#10 слайд
SaturnMercury
XL
10 слайд
SaturnMercury XL
#11 слайд
Тапсырмалар:
Қазақ тілі сабағын өткенде оқылым
мәтіндерінен тауып, мысал келтірту;
Қазақ әдебиеті сабағын өткенде де
шығармалардан тұрақты сөз тіркестерін
тапқызып, сөйлемдер құрату.
11 слайд
Тапсырмалар: Қазақ тілі сабағын өткенде оқылым мәтіндерінен тауып, мысал келтірту; Қазақ әдебиеті сабағын өткенде де шығармалардан тұрақты сөз тіркестерін тапқызып, сөйлемдер құрату.
#12 слайд
№ Бірінші сыңары № екінші сыңары
1 жақсы көру 6 іші жылу
2 жаны ашу 12 бетімен жіберу
3 қолы босау 1 жек көру
4 бетінен алу 4 көңілін табу
5 бетінен оты шығу 2 бүйрегі бүлк етпеу
6 жүрегі мұздау 9 көңілі басылу
7 құлақ аспау 14 қарамай қабу
8 серттен таю 10 ат ізін салмау
9 көңілі тасу 3 қолы тимеу
10ат ізін құрғатпау 5 беті шімірікпеу
11бойын алдыру 13 алдынан көлденең өтпеу
12қолға алу 7 құлақ қою
13көңілін қалдыру 8 сертте тұру
14екі алып биге шығу 11 бойын жию
Фразеологизмдердің антонимін 2-бағаннан
табыңдар
12 слайд
№ Бірінші сыңары № екінші сыңары 1 жақсы көру 6 іші жылу 2 жаны ашу 12 бетімен жіберу 3 қолы босау 1 жек көру 4 бетінен алу 4 көңілін табу 5 бетінен оты шығу 2 бүйрегі бүлк етпеу 6 жүрегі мұздау 9 көңілі басылу 7 құлақ аспау 14 қарамай қабу 8 серттен таю 10 ат ізін салмау 9 көңілі тасу 3 қолы тимеу 10ат ізін құрғатпау 5 беті шімірікпеу 11бойын алдыру 13 алдынан көлденең өтпеу 12қолға алу 7 құлақ қою 13көңілін қалдыру 8 сертте тұру 14екі алып биге шығу 11 бойын жию Фразеологизмдердің антонимін 2-бағаннан табыңдар
#13 слайд
Төмендегі мысалдарға тұрақты сөз тіркесімен жауап беріңдер
1.Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі, тік сөйлейді. Әдеппен
сөйлеуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай?
2. Сабақ сұрағанда кейбір балалар айтайын деген ойын толық айтып аяқтамай,
сөзінің басын айтып аяғын қайтеді?
3. Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжаң балалар да болады. Оны
қалай дейді?
4. Жолдастарының да, басқаның да айтқан ақыл, кеңестерін мақұлдамай, өзінше
жүретін болса, оны қалай дейді?
5. Еңбек етпей, ұрлық, бұзықтық жолымен мал тауып, күн көруді ойлайтын
оңбағандарды қалай дейді?
Керекті тұрақты сөз тіркестері:
1.
Шыбық тимес шыңқ етер.2. Сөзінің аяғын жеп қояды.6. Оңай олжа табу.1. Сөзі
түйеден түскендей. 4. Бос белбеу. 5. Адамға жаны ашымайды.
13 слайд
Төмендегі мысалдарға тұрақты сөз тіркесімен жауап беріңдер 1.Кейбір балалар үлкен адамдармен сөйлескенде дөрекі, тік сөйлейді. Әдеппен сөйлеуді білмейді. Ондай баланың сөзі қандай? 2. Сабақ сұрағанда кейбір балалар айтайын деген ойын толық айтып аяқтамай, сөзінің басын айтып аяғын қайтеді? 3. Бір сөзге келмей жылап қоя беретін ерке, шолжаң балалар да болады. Оны қалай дейді? 4. Жолдастарының да, басқаның да айтқан ақыл, кеңестерін мақұлдамай, өзінше жүретін болса, оны қалай дейді? 5. Еңбек етпей, ұрлық, бұзықтық жолымен мал тауып, күн көруді ойлайтын оңбағандарды қалай дейді? Керекті тұрақты сөз тіркестері: 1. Шыбық тимес шыңқ етер.2. Сөзінің аяғын жеп қояды.6. Оңай олжа табу.1. Сөзі түйеден түскендей. 4. Бос белбеу. 5. Адамға жаны ашымайды.
#14 слайд
Фразеологиялық тіркестерді
табыңдар
· Базаралының
әңгіме-әзіліне, қас-қабағына қарап
құрақ
ұшады.
(елпілдеу)
· Екі
жауынгердің
арасынан қыл өтпейді. (тату)
· Ол
түні бойы
көз шырымын алған жоқ. (демалмау,
ұйықтамау)
· Ішіме от салдың. (бүлдіру, шағыстыру)
· Жомарт жақ ашпады. (үндемеу).
14 слайд
Фразеологиялық тіркестерді табыңдар · Базаралының әңгіме-әзіліне, қас-қабағына қарап құрақ ұшады. (елпілдеу) · Екі жауынгердің арасынан қыл өтпейді. (тату) · Ол түні бойы көз шырымын алған жоқ. (демалмау, ұйықтамау) · Ішіме от салдың. (бүлдіру, шағыстыру) · Жомарт жақ ашпады. (үндемеу).
#15 слайд
6-сынып қазақ тілі оқулығында:
«Төрінен көрі жақын» тіркесін
«дәм-тұзы таусылар уақыты жетті», «сын
сағаты жақын қалды» сияқты тіркестерімен
ауыстыруды ұсынар едім. Себебі, оқулық 6-
сыныпқа арналған және бұл тіркестің
астарында мысқыл-кекесін мағынасы басым.
Сонымен қатар, тіркес құрамындағы «көр»
сөзінің өзі ауыр әрі негативті түсінік
қалыптастыратын ұғым. Сол себепті, сабақ
барысында оқушыға тұрақты, позитивті
психологиялық әл-ахуал қалыптастыру
мақсатында бұл тіркеске өзге нұсқаны ұсынар
едім.
15 слайд
6-сынып қазақ тілі оқулығында: «Төрінен көрі жақын» тіркесін «дәм-тұзы таусылар уақыты жетті», «сын сағаты жақын қалды» сияқты тіркестерімен ауыстыруды ұсынар едім. Себебі, оқулық 6- сыныпқа арналған және бұл тіркестің астарында мысқыл-кекесін мағынасы басым. Сонымен қатар, тіркес құрамындағы «көр» сөзінің өзі ауыр әрі негативті түсінік қалыптастыратын ұғым. Сол себепті, сабақ барысында оқушыға тұрақты, позитивті психологиялық әл-ахуал қалыптастыру мақсатында бұл тіркеске өзге нұсқаны ұсынар едім.
#16 слайд
Назарларыңы
зға рақмет!
16 слайд
Назарларыңы зға рақмет!
шағым қалдыра аласыз













