Қазақстанда диаспоралардың қалыптасуы кезеңдері

#1 слайд
Қазақстанда диаспоралардың
қалыптасуы кезеңдері
1 слайд
Қазақстанда диаспоралардың қалыптасуы кезеңдері
#2 слайд
Диаспора дегеніміз - адамдардың едәуір бөлігі өз елінен
немесе этникалық аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару.
Диаспораның қалыптасуының негізгі себебі-экономикалық,
саяси, діни немесе басқа себептерге байланысты халықтың өз
отанынан тыс жерлерге қоныс аударуы.
2 слайд
Диаспора дегеніміз - адамдардың едәуір бөлігі өз елінен немесе этникалық аумағынан тыс жерлерге қоныс аудару. Диаспораның қалыптасуының негізгі себебі-экономикалық, саяси, діни немесе басқа себептерге байланысты халықтың өз отанынан тыс жерлерге қоныс аударуы.
#3 слайд
Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының
өзгеруі (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы)
Орыстар
Қазақстанға алғаш қоныс
аударғандар казактар мен
әскери шенді орыстар еді.
1897 жылы Алтайда 90 мыңға
жуық орыс шаруалары болды.
Орыс халқының өлкедегі негізгі
бөлігін қоныс
аударып келген шаруалар (40%),
казактар (33%), мещандар (19%),
дворяндар (5%) т.б.
Украиндар
Украиндықтар алғашқы тобы
Қазақстан аумағында Х VІІІ
ғасырдың екінші жартысында
пайда болды.
1897 жылғы халық санағының
деректері бойынша Қазақстанда
87 мыңдай украиндық тұрды.
Украиндықтардың
қазақөлкесіндегі бүкіл халықтың
арасында алған өзіндік үлесі 2%-
ға жуық еді.
Және де көптеген басқа да
ұлт өкілдері Қазақстанға
жер аударыла бастады.
3 слайд
Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы) Орыстар Қазақстанға алғаш қоныс аударғандар казактар мен әскери шенді орыстар еді. 1897 жылы Алтайда 90 мыңға жуық орыс шаруалары болды. Орыс халқының өлкедегі негізгі бөлігін қоныс аударып келген шаруалар (40%), казактар (33%), мещандар (19%), дворяндар (5%) т.б. Украиндар Украиндықтар алғашқы тобы Қазақстан аумағында Х VІІІ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстанда 87 мыңдай украиндық тұрды. Украиндықтардың қазақөлкесіндегі бүкіл халықтың арасында алған өзіндік үлесі 2%- ға жуық еді. Және де көптеген басқа да ұлт өкілдері Қазақстанға жер аударыла бастады.
#4 слайд
Қазақстанға басқа халықтардың жер аударылуы. Қазақстан аумағына ХІХ
ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да
халықтар ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі
диаспора мордвалықтар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға
жуықтады. Олар, негізінен, Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерінде,
Торғай облысының Қостанай уезінде тұрды. Уақыт өте келе бірқатар шағын ұлыстар
орыс халқымен араласып,
ассимиляцияланып
кетті.
4 слайд
Қазақстанға басқа халықтардың жер аударылуы. Қазақстан аумағына ХІХ ғасырдың аяқ кезіне қарай жоғарыда көрсетілген этностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келген неғұрлым елеулі диаспора мордвалықтар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықтады. Олар, негізінен, Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерінде, Торғай облысының Қостанай уезінде тұрды. Уақыт өте келе бірқатар шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кетті.
#5 слайд
ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан халқы. 1917 жылы халық
санағы жүргізілді. Санақ бойынша өлке халқының саны 6 млн адамнан
асты. 1897 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың саны біршама
өскендігі байқалды. Республикада жыл өткен сайын этностық топ
өкілдерінің құрамы да өсе түсті. Славян текті этнос өкілдері, негізінен,
солтүстік, солтүстік-шығыс облыстарда өмір сүрді. Осы жылдардағы
демографиялық ахуал көрсеткіші бойынша елімізде жергілікті қазақ
ұлтының құрамы басым еді.
Қазақ халқының аумақтық бірігуі мемлекеттілікті нығайтып, республиканың
экономикалық және мәденидамуы үшін маңызы зор болды. Қазақстанның
халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, күш-қуаты артты.
1925 жылы сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы құрамынан
шығарылды. Республика астанасын Орынбор қаласынан Ақмешіт қаласына
көшіру және Ақмешітке Қызылорда атауын беру туралы қаулы қабылданды.
Билікке большевиктер келгенімен, Ресейдің еуропалық бөлігінен орыс
шаруалардың қоныстануы жалғасып жатты.
5 слайд
ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан халқы. 1917 жылы халық санағы жүргізілді. Санақ бойынша өлке халқының саны 6 млн адамнан асты. 1897 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың саны біршама өскендігі байқалды. Республикада жыл өткен сайын этностық топ өкілдерінің құрамы да өсе түсті. Славян текті этнос өкілдері, негізінен, солтүстік, солтүстік-шығыс облыстарда өмір сүрді. Осы жылдардағы демографиялық ахуал көрсеткіші бойынша елімізде жергілікті қазақ ұлтының құрамы басым еді. Қазақ халқының аумақтық бірігуі мемлекеттілікті нығайтып, республиканың экономикалық және мәденидамуы үшін маңызы зор болды. Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, күш-қуаты артты. 1925 жылы сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы құрамынан шығарылды. Республика астанасын Орынбор қаласынан Ақмешіт қаласына көшіру және Ақмешітке Қызылорда атауын беру туралы қаулы қабылданды. Билікке большевиктер келгенімен, Ресейдің еуропалық бөлігінен орыс шаруалардың қоныстануы жалғасып жатты.
#6 слайд
1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы
өткізілді.
ҚазақтарОрыстарУкраиндер
1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Қазақстанның демографиялық
көрсеткіші халық санағының қорытынды мәліметі бойынша 6,2 млн адамды құрады.
Полиэтникалық республикамызда 86 ұлт пен ұлттық топтар өмір сүрді. Қазақтардың халық
құрамындағы үлесі – 58,5%, орыстар – 20,6%, украин – 13,9% құрады. Қазақтар негізінде
Сырдария, Орал, Ақтөбе және Жетісу губернияларында тұрды. Орыстар Ақмола және Семей
губернияларында шоғырланды. Қостанай округі мен Ақмола губернияларында
украиндардың үлкен топтары орналасты.
6 слайд
1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. ҚазақтарОрыстарУкраиндер 1926 жылы Бүкілодақтық халық санағы өткізілді. Қазақстанның демографиялық көрсеткіші халық санағының қорытынды мәліметі бойынша 6,2 млн адамды құрады. Полиэтникалық республикамызда 86 ұлт пен ұлттық топтар өмір сүрді. Қазақтардың халық құрамындағы үлесі – 58,5%, орыстар – 20,6%, украин – 13,9% құрады. Қазақтар негізінде Сырдария, Орал, Ақтөбе және Жетісу губернияларында тұрды. Орыстар Ақмола және Семей губернияларында шоғырланды. Қостанай округі мен Ақмола губернияларында украиндардың үлкен топтары орналасты.
#7 слайд
1937 және 1939 жылғы халық санақтары бойынша Қазақстан халқының саны
мен ұлттық құрамы. 1928 жылы байларды тәркілеу, саяси қуғын-сүргін, 30-
жылдардағы жаппай етек алған ашаршылық жалпы халық санының әсіресе
қазақтардың кемуіне жеткізді. Тек ашаршылық кезінде республика 2 миллионға
жуық жергілікті тұрғындарынан айырылды.
1937 жылғы халық санағы бойынша 5,1 млн адам тіркелді. Оның ішінде
қазақтар – 42,6%, орыстар – 37,4%, украиндар – 10,7% адамды құрады. 1937
жылы қаңтарда өткізілген бір күндік санақ қорытындысы дұрыс емес деп
танылып, мәліметтері құпия сақталып, жойылды. Халық санының азаюын көшіп
кеткен ұлт өкілдері санымен түсіндірген. Санақ жүргізгендердің біразы қуғын-
сүргінге ұшырап, көпшілігі атылды. Бұл санақ материалдары жарияланбай, ұзақ
уақыт бойы КСРО мұрағаттарында сақталып қалды.
1939 жылғы санақ бойынша республикадағы қазақтар саны 2,3 млн адам
болды. Қазақстанда этностардың жаңа көрсеткіші қалыптасты. Ұлттық
құрамындағы қазақтардың үлесі 37,8%-ға азайды. Ал, жалпы халықтың үлес
салмағының 40%-ын орыстар құрады.
7 слайд
1937 және 1939 жылғы халық санақтары бойынша Қазақстан халқының саны мен ұлттық құрамы. 1928 жылы байларды тәркілеу, саяси қуғын-сүргін, 30- жылдардағы жаппай етек алған ашаршылық жалпы халық санының әсіресе қазақтардың кемуіне жеткізді. Тек ашаршылық кезінде республика 2 миллионға жуық жергілікті тұрғындарынан айырылды. 1937 жылғы халық санағы бойынша 5,1 млн адам тіркелді. Оның ішінде қазақтар – 42,6%, орыстар – 37,4%, украиндар – 10,7% адамды құрады. 1937 жылы қаңтарда өткізілген бір күндік санақ қорытындысы дұрыс емес деп танылып, мәліметтері құпия сақталып, жойылды. Халық санының азаюын көшіп кеткен ұлт өкілдері санымен түсіндірген. Санақ жүргізгендердің біразы қуғын- сүргінге ұшырап, көпшілігі атылды. Бұл санақ материалдары жарияланбай, ұзақ уақыт бойы КСРО мұрағаттарында сақталып қалды. 1939 жылғы санақ бойынша республикадағы қазақтар саны 2,3 млн адам болды. Қазақстанда этностардың жаңа көрсеткіші қалыптасты. Ұлттық құрамындағы қазақтардың үлесі 37,8%-ға азайды. Ал, жалпы халықтың үлес салмағының 40%-ын орыстар құрады.
#8 слайд
КСРО-ға шабуыл жасаған «фашистік Германия әскеріне көмектесуі мүмкін»
деген сылтаумен 1941 жылы қыркүйек айында депортацияның алғашқы легі
кеңестік немістерді көшіру науқанынан басталды. 1939 жылғы санақ
бойынша Қазақстанда 92 мың неміс ұлтының өкілдері тіркелсе, соғыс
жылдары 462 мың неміс күштеп көшіруге жоспарланды.
1941 жылдың аяғына дейін Қазақстанға 420 мың неміс жер аударылды. Оның
ішінде 30 мың неміс ұлты – Алматы облысына, 60 мың – Ақмола облысына, 30 мың
– Қарағанды облысына, 40 мың – Қостанай облысына, 50 мың адам – Солтүстік
Қазақстанға қоныстандырылды.
1943 жылы қазанда Қарашай автономиялық облысы таратылып, қарашайлар
күштеп көшірілебастады. Облыстан 14 774 отбасы, жалпы 70 мыңдай адам
депортацияланды. Сол жылы Еділқалмақтары елдің шығыс, солтүстік аудандарына
және Оралға жер аударылды. Жалпы 100 мыңғажуық адам көшіріліп, оның 648 отбасы
немесе 2 268 адамы Қызылорда облысына қоныстандырылды. 1944 жылы қаңтарда
Мемлекеттік қорғаныс комитеті қаулысымен Қазақ КСР-і және Қырғыз КСР-і жеріне
шешен және ингуш халықтарын көшіру туралы шешім қабылданды. Аталған
халықтарды көшіру 1944 жылы ақпанда басталды. Шешен-Ингуш АКСР-і таратылды.
Архив құжаттары бойынша 1945 жылы қазан айында республикаға 400 мыңнан астам
адам, жалпы 90 мыңдай отбасы көшірілді.
8 слайд
КСРО-ға шабуыл жасаған «фашистік Германия әскеріне көмектесуі мүмкін» деген сылтаумен 1941 жылы қыркүйек айында депортацияның алғашқы легі кеңестік немістерді көшіру науқанынан басталды. 1939 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 92 мың неміс ұлтының өкілдері тіркелсе, соғыс жылдары 462 мың неміс күштеп көшіруге жоспарланды. 1941 жылдың аяғына дейін Қазақстанға 420 мың неміс жер аударылды. Оның ішінде 30 мың неміс ұлты – Алматы облысына, 60 мың – Ақмола облысына, 30 мың – Қарағанды облысына, 40 мың – Қостанай облысына, 50 мың адам – Солтүстік Қазақстанға қоныстандырылды. 1943 жылы қазанда Қарашай автономиялық облысы таратылып, қарашайлар күштеп көшірілебастады. Облыстан 14 774 отбасы, жалпы 70 мыңдай адам депортацияланды. Сол жылы Еділқалмақтары елдің шығыс, солтүстік аудандарына және Оралға жер аударылды. Жалпы 100 мыңғажуық адам көшіріліп, оның 648 отбасы немесе 2 268 адамы Қызылорда облысына қоныстандырылды. 1944 жылы қаңтарда Мемлекеттік қорғаныс комитеті қаулысымен Қазақ КСР-і және Қырғыз КСР-і жеріне шешен және ингуш халықтарын көшіру туралы шешім қабылданды. Аталған халықтарды көшіру 1944 жылы ақпанда басталды. Шешен-Ингуш АКСР-і таратылды. Архив құжаттары бойынша 1945 жылы қазан айында республикаға 400 мыңнан астам адам, жалпы 90 мыңдай отбасы көшірілді.
#9 слайд
Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес
салмағы төмен болды. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-
экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге
белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және
тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды.
1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері
реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды.
1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу
жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу
мүмкіндіктері нақтыланды. «Халықтың көші-қоны» заңында
репатриант деп танылған
адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған.
2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған миграциялық
саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи
отанына оралуына кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары айқындалды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге
кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
9 слайд
Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды. 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды. 1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды. «Халықтың көші-қоны» заңында репатриант деп танылған адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған. 2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған миграциялық саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
#10 слайд
Қорыта айтқанда, Ресей империясының отаршылдық саясатынан басталған өзге
халықтардың Қазақстан жеріне қоныс аудару үрдісі XX ғасырдың басында өлкенің
ұлттық құрамын үлкен өзгеріске жеткізді.
Диаспора
– өз
iнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi
(этникалық қауымдастық).
Ирредента
– өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел
құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ.
Иммиграция
– қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір
мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі.
Репатриант
– тарихи отанына қайтқан қандастар.
Эмиграция
– өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
10 слайд
Қорыта айтқанда, Ресей империясының отаршылдық саясатынан басталған өзге халықтардың Қазақстан жеріне қоныс аудару үрдісі XX ғасырдың басында өлкенің ұлттық құрамын үлкен өзгеріске жеткізді. Диаспора – өз iнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық). Ирредента – өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ. Иммиграция – қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп келуі. Репатриант – тарихи отанына қайтқан қандастар. Эмиграция – өз еліндегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген