Қазақтың ұлттық билері
Қазақтың ұлттық билері

#1 слайд
Ұлттық билер
1 слайд
Ұлттық билер
#2 слайд
•Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би
өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың
ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын
аңғарамыз. Және
Қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан
кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры
ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби
бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен
жалғасып отыр. Қазақ биі - ұлттық дәстүрді, салтты
танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз
емес. Сайып келгенде, қазақ биінің арқауы халықтың
жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы,
философиясы. Міне осының бәрі кез келген бидің
құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып
жататынына күмән жоқ.
2 слайд
•Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Және Қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен жалғасып отыр. Қазақ биі - ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Сайып келгенде, қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы, философиясы. Міне осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жататынына күмән жоқ.
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
•Қазақ биі
– бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды
бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан
қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен,
дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел
мұрасы болып
табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің
эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-
мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы
ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен
ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-
тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын,
дүниетанымын айшықтайтын өнер
ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-
балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге
соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің
бақсылық,
балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік
түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту
және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі
билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би
қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда
сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы
аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың
өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының
тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем
бейнеледі.
4 слайд
•Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман- мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік- тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы- балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі.
#5 слайд
•Бүгінгі жұрт әлі де білмей жатқаны болмаса,
ұлтымыздың байырғы билерінің түрі өте көп. Мысалға
«Қаражорға», «Ортеке», «Аю биі», «Келіншек»,
«Былқылдақ», «Насыбайшы», «Қамажай», «Тоты»,
«Сауыншы», «Қаз биі», «Бүркіт биі», «Шешеке», «Киіз
басу», «Соқыр теке»… сияқты билерді атауға болады.
Шара Жиенқұлова сынды өнер саңлағының арқасында
біздің биіміз әлемдік сахнаға азды-көпті шыққанын әсте
жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегінің
нәтижесінде қазақ биінің әр өрнегі халыққа жетті. Ол
өзінің түсінікті де тартымды, әсерлі де мәнерлі
билерімен сол өзі өмір сүрген заманның талабын
орындады, жүгін көтерді. Сөйтіп, Шара апамыз қазақ
би өнерінің қайталанбас жарық жұлдызына айналып,
халқымыздың тек өзіне ғана тән қазақ биін
классикалық деңгейге көтерді.
5 слайд
•Бүгінгі жұрт әлі де білмей жатқаны болмаса, ұлтымыздың байырғы билерінің түрі өте көп. Мысалға «Қаражорға», «Ортеке», «Аю биі», «Келіншек», «Былқылдақ», «Насыбайшы», «Қамажай», «Тоты», «Сауыншы», «Қаз биі», «Бүркіт биі», «Шешеке», «Киіз басу», «Соқыр теке»… сияқты билерді атауға болады. Шара Жиенқұлова сынды өнер саңлағының арқасында біздің биіміз әлемдік сахнаға азды-көпті шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегінің нәтижесінде қазақ биінің әр өрнегі халыққа жетті. Ол өзінің түсінікті де тартымды, әсерлі де мәнерлі билерімен сол өзі өмір сүрген заманның талабын орындады, жүгін көтерді. Сөйтіп, Шара апамыз қазақ би өнерінің қайталанбас жарық жұлдызына айналып, халқымыздың тек өзіне ғана тән қазақ биін классикалық деңгейге көтерді.
#6 слайд
Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі.
Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын,
берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы
тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ
бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған.
Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде
шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан
кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол
соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта
бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап,
алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан
соң жүген са
лу рәс
iмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын
сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұның бәрi би арқылы
орындалады. Iшпек, тоқым-ер салып, құйысқандауға келгенде ат
үркiп, теппек болып мiнез көрсетедi. Ат ерттелiп болғаннан кейiн,
бишi жiгiт атты айнала көпшiлiктiң алдында буын биiнiң небiр нәзiк
қимылдарын жасап, өнерiн көрсетуге барын салады. Осыдан кейiн
бидiң ең шарықтау шегiне, әсем де, қызғылықты сатысына куә
боласыз. Бишiмiз ерттеулi аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап,
неше түрлi қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара
жорғасына” қарғып мiнiп, атүстi қозғалысының ең күрделi де әсем
қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткiзiп
алып, шалқайып, еңкейiп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе
билеп, жұртты қыран-топан күлкi қызығына батырады. Егер
қонақтар арасында жас бишiлер болса, олар да биге қосылып, ойын
көрiгiн қыздыра түседi.
6 слайд
Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі. Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген са лу рәс iмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұның бәрi би арқылы орындалады. Iшпек, тоқым-ер салып, құйысқандауға келгенде ат үркiп, теппек болып мiнез көрсетедi. Ат ерттелiп болғаннан кейiн, бишi жiгiт атты айнала көпшiлiктiң алдында буын биiнiң небiр нәзiк қимылдарын жасап, өнерiн көрсетуге барын салады. Осыдан кейiн бидiң ең шарықтау шегiне, әсем де, қызғылықты сатысына куә боласыз. Бишiмiз ерттеулi аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап, неше түрлi қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара жорғасына” қарғып мiнiп, атүстi қозғалысының ең күрделi де әсем қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткiзiп алып, шалқайып, еңкейiп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе билеп, жұртты қыран-топан күлкi қызығына батырады. Егер қонақтар арасында жас бишiлер болса, олар да биге қосылып, ойын көрiгiн қыздыра түседi.
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
Ортеке– қазақтың халық биі.
Оның
қуыршақ теке, жеке биші және бишілер тобы орындайтын түрлері
бар. Біріншісінде үстел үстіне орнатылған
қуыршақ-текенің аяғы, мойны,
денесі қозғалмалы етіп
жасалады да, жіңішке жіптер арқылы
домбырашының саусақтарына
байланады. Күй тартылғанда
саусақтардың
жоғары-төмен қозғалуына орай қуыршақ-текенің дене
мүшелері де қимылдап, күй ырғағына сай билеп жүргендей әсер тудырады.
Бидің бұл түрін
Шашубай ақынның орындағаны туралы дерек бар. Екінші
түрінде (жеке орындалуы) “Ортеке” биін алуан қимыл-
қозғалыстар
мен мимикалар арқылы орға түскен текенің, одан шықпақ
болған нәтижесіз әрекетін бейнелейді. “Ортекенің” үшінші түрін (“Соқыр
теке”) бишілер тобы орындайды. Мұнда жастар дөңгелене қол ұстасып,
әндете жүріп билейді. Ортадағы
көзі байлаулы адам шеңбердегінің біреуін
ұстауға
тырысады. Ұсталған ойыншы “айыбын” өтеген соң көзін байлап,
ортаға шығады, сөйтіп ойын-би одан әрі жалғаса
береді. 1934 жылы Алматы
қаласында өткен
Бүкілқазақстандық халық таланттарының слетінде “Ортеке”
биін
Ж.Оразәлиев орындаған. Ал сахналық нұсқасын Қазақ мемлекеттік
академия опера және балет театрында
(балет артистерінің орындауында)
Д.Әбіров қойды. Музыкасы Н.Тілендиевтікі.
Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы
баяу, жылдам және екпінді. 1957 жылы Мәскеу қаласыннда өткен
Бүкілодақтық және VI дүниежүзілік жастар мен студенттер
фестивалінде
көрсетілді.
8 слайд
Ортеке– қазақтың халық биі. Оның қуыршақ теке, жеке биші және бишілер тобы орындайтын түрлері бар. Біріншісінде үстел үстіне орнатылған қуыршақ-текенің аяғы, мойны, денесі қозғалмалы етіп жасалады да, жіңішке жіптер арқылы домбырашының саусақтарына байланады. Күй тартылғанда саусақтардың жоғары-төмен қозғалуына орай қуыршақ-текенің дене мүшелері де қимылдап, күй ырғағына сай билеп жүргендей әсер тудырады. Бидің бұл түрін Шашубай ақынның орындағаны туралы дерек бар. Екінші түрінде (жеке орындалуы) “Ортеке” биін алуан қимыл- қозғалыстар мен мимикалар арқылы орға түскен текенің, одан шықпақ болған нәтижесіз әрекетін бейнелейді. “Ортекенің” үшінші түрін (“Соқыр теке”) бишілер тобы орындайды. Мұнда жастар дөңгелене қол ұстасып, әндете жүріп билейді. Ортадағы көзі байлаулы адам шеңбердегінің біреуін ұстауға тырысады. Ұсталған ойыншы “айыбын” өтеген соң көзін байлап, ортаға шығады, сөйтіп ойын-би одан әрі жалғаса береді. 1934 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілқазақстандық халық таланттарының слетінде “Ортеке” биін Ж.Оразәлиев орындаған. Ал сахналық нұсқасын Қазақ мемлекеттік академия опера және балет театрында (балет артистерінің орындауында) Д.Әбіров қойды. Музыкасы Н.Тілендиевтікі. Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы баяу, жылдам және екпінді. 1957 жылы Мәскеу қаласыннда өткен Бүкілодақтық және VI дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде көрсетілді.
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
«Мерген»
•Бұл биде
мергеннің аулап жүріп, сүйген қызына кездескендігі
бейнеленеді. Мергеннің қызу қарқынмен сахнаға шығудағы әрбір
қимылы садақпен аң аулаған аңшының қимылдарын айнытпай бере
аларлықтай дәл болуы керек. Қыздың сахнаға шығу кезеңі де, сондай-
ақ жігітпен билейтін кейінгі билері де қатты би қимылдарынан нәзік,
айлалы қимылдарға кенет ауысып отыруымен сипатталады. Дуэтте
(қыз бен жігіт билегенде) жігіт қыздан көз жазбай және қыздың әрбір
қимылынан әсерленіп билеп жүруі керек.
•Киімдері:
•Жігіт:
ақшыл көйлектің үстінен бешпент киіп, белін былғары белдікпен
немесе матамен буады. Тіке пішілген ұзын шалбардың балағы мен
жеңі оймышталған, балағы тілінген болуы керек. Аяғында мәсі немесе
жеңіл етік. Басында барқытпен тысталған бөрік (көбіне түлкі
бөрік). Оң
қолында садақ болады.
•Қыз:
Жеңі бірнеше жерден қатпарланып әсемделген ұзындау
көйлектің үстінен жеңсіз қамзол киеді, басында тақия, аяғында мәсі
болуы керек.
10 слайд
«Мерген» •Бұл биде мергеннің аулап жүріп, сүйген қызына кездескендігі бейнеленеді. Мергеннің қызу қарқынмен сахнаға шығудағы әрбір қимылы садақпен аң аулаған аңшының қимылдарын айнытпай бере аларлықтай дәл болуы керек. Қыздың сахнаға шығу кезеңі де, сондай- ақ жігітпен билейтін кейінгі билері де қатты би қимылдарынан нәзік, айлалы қимылдарға кенет ауысып отыруымен сипатталады. Дуэтте (қыз бен жігіт билегенде) жігіт қыздан көз жазбай және қыздың әрбір қимылынан әсерленіп билеп жүруі керек. •Киімдері: •Жігіт: ақшыл көйлектің үстінен бешпент киіп, белін былғары белдікпен немесе матамен буады. Тіке пішілген ұзын шалбардың балағы мен жеңі оймышталған, балағы тілінген болуы керек. Аяғында мәсі немесе жеңіл етік. Басында барқытпен тысталған бөрік (көбіне түлкі бөрік). Оң қолында садақ болады. •Қыз: Жеңі бірнеше жерден қатпарланып әсемделген ұзындау көйлектің үстінен жеңсіз қамзол киеді, басында тақия, аяғында мәсі болуы керек.
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
«Бес қыз»
•«... Кішкене өзенге бір топ жолдас қыздар жиналады. Олар
өзенге қарап отырып, бір-біріне су шашады және қап-қара
бұрымдарын тарқатып, қайтадан өріп, сонымен ойнайды.
Қыздар өзенді жағалап жүріп гүл тереді. Қолындағы
гүлдерін жерге қойып, тоқтайды да, тарқатылған
бұрымдарын қайта жөндейді. Азырақ ойнап алып, жердегі
гүлдерін алады да, үйге қайтады». Бидің қимылдары өте
қиын болып келеді. Биге бес қыз қатысады. Немесе аз
құрамда (үш қыз) билеуге рұқсат етіледі.
•Киімдері:
Қатысушы қыздардың бастарында үкі таққан
(әдеттегі қазақ қыздарының бас киімі) тақия болуы керек.
Жұқа матадан істелген, етегінің бүрмесі көп, жеңі кең
көйлектің үстінен белін қынаған қамзол киеді. Қамзолдың
(барқыттан, қамқадан) өңірінде, етегінде әшекейленген
оюлар болу керек. Шаштарын қос бұрым етіп өреді.
Білектерінде білезік, құлақтарында сырға.
12 слайд
«Бес қыз» •«... Кішкене өзенге бір топ жолдас қыздар жиналады. Олар өзенге қарап отырып, бір-біріне су шашады және қап-қара бұрымдарын тарқатып, қайтадан өріп, сонымен ойнайды. Қыздар өзенді жағалап жүріп гүл тереді. Қолындағы гүлдерін жерге қойып, тоқтайды да, тарқатылған бұрымдарын қайта жөндейді. Азырақ ойнап алып, жердегі гүлдерін алады да, үйге қайтады». Бидің қимылдары өте қиын болып келеді. Биге бес қыз қатысады. Немесе аз құрамда (үш қыз) билеуге рұқсат етіледі. •Киімдері: Қатысушы қыздардың бастарында үкі таққан (әдеттегі қазақ қыздарының бас киімі) тақия болуы керек. Жұқа матадан істелген, етегінің бүрмесі көп, жеңі кең көйлектің үстінен белін қынаған қамзол киеді. Қамзолдың (барқыттан, қамқадан) өңірінде, етегінде әшекейленген оюлар болу керек. Шаштарын қос бұрым етіп өреді. Білектерінде білезік, құлақтарында сырға.
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
«Келіншек»
Бұл биде жаңа орамал тартқан жас келіншектер
көрсетіледі. Олар орамалдарын бастарына тартып, өлшеп
көреді, сүйсініп қаранады және өздері де сәнденеді. Әдетте
он қыз билейді. Би солисткамен де, солисткасыз да ойнауға
келе беретін етіп құрылған.
Киімдері:
Биші жас әйелдер бүрмелі жиегі бар көйлектің
сыртынан ұзындау жеңді бешпент киеді. Мақпалдан
немесе жай тығыз матадан істелген бешпент өңірін, етегін
айналдыра ұстаған зері, яки оқасы болады. Белін асыл
матадан істелген белбеумен буады. Екі ұшы шашақты
болып, салбырап түсіп тұруы керек. Басында жеңіл матадан
(жібек) істелген орамал болуы тиіс. Киімдердің әртүрлі
болуына рұқсат етіледі. Немесе қыздардың жартысы басқа,
екінші жартысы басқа түсті таңдауларына қарсылық жоқ.
Бұл екіге жарылып билеуге де қолайлы.
14 слайд
«Келіншек» Бұл биде жаңа орамал тартқан жас келіншектер көрсетіледі. Олар орамалдарын бастарына тартып, өлшеп көреді, сүйсініп қаранады және өздері де сәнденеді. Әдетте он қыз билейді. Би солисткамен де, солисткасыз да ойнауға келе беретін етіп құрылған. Киімдері: Биші жас әйелдер бүрмелі жиегі бар көйлектің сыртынан ұзындау жеңді бешпент киеді. Мақпалдан немесе жай тығыз матадан істелген бешпент өңірін, етегін айналдыра ұстаған зері, яки оқасы болады. Белін асыл матадан істелген белбеумен буады. Екі ұшы шашақты болып, салбырап түсіп тұруы керек. Басында жеңіл матадан (жібек) істелген орамал болуы тиіс. Киімдердің әртүрлі болуына рұқсат етіледі. Немесе қыздардың жартысы басқа, екінші жартысы басқа түсті таңдауларына қарсылық жоқ. Бұл екіге жарылып билеуге де қолайлы.
#15 слайд
15 слайд
#16 слайд
16 слайд
#17 слайд
«Мүше»
Бұл көпке белгілі ат ойынының бір түрін елестететін
ойын биі («Мүше алып қашу»). Би негізінен атты
кісілердің
тартыс кезіндегі әрекеттерін бейнелеуге және
аттардың аяғының қимылдарын елестетуге лайықталып
құрылған. Фигураларында ең маңызды нәрсе – әлгі
айтылған қимылдардың анық бейнеленіп және барған
сайын күшейе түсуінде.
Киімдері:
Жігіттердің киімдері түсті матадан істелген сырт
көйлек, оның үстінде жеңіл бешпент болады. Көйлек пен
бешпент шалбарланады да, белін былғарыдан немесе
барқыттан істелген белдікпен буады. Шалбар балағы
етіктің ішіне жіберіледі (атқа мінгендей). Бастарында
байламын алдына келтірген орамал, оның сыртынан бөрік
киіледі. Оң қолдарына қамшы ұстайды.
17 слайд
«Мүше» Бұл көпке белгілі ат ойынының бір түрін елестететін ойын биі («Мүше алып қашу»). Би негізінен атты кісілердің тартыс кезіндегі әрекеттерін бейнелеуге және аттардың аяғының қимылдарын елестетуге лайықталып құрылған. Фигураларында ең маңызды нәрсе – әлгі айтылған қимылдардың анық бейнеленіп және барған сайын күшейе түсуінде. Киімдері: Жігіттердің киімдері түсті матадан істелген сырт көйлек, оның үстінде жеңіл бешпент болады. Көйлек пен бешпент шалбарланады да, белін былғарыдан немесе барқыттан істелген белдікпен буады. Шалбар балағы етіктің ішіне жіберіледі (атқа мінгендей). Бастарында байламын алдына келтірген орамал, оның сыртынан бөрік киіледі. Оң қолдарына қамшы ұстайды.
#18 слайд
18 слайд
шағым қалдыра аласыз













