Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы туралы барлық мәліметтер қамтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
§23–24 Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы Оқу мақсаты: - ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғал

#1 слайд
§23–24 Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы Оқу мақсаты: - ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық- саяси идеяларын анықтау; - Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау.

1 слайд

Тірек сөздер Ежелгі түркілер (прототүркі) (грек. protos) – алғашқы. Алғашқы түркі немесе түркілердің ата- бабалар

#2 слайд
Тірек сөздер Ежелгі түркілер (прототүркі) (грек. protos) – алғашқы. Алғашқы түркі немесе түркілердің ата- бабалары. Сопылық – ислам діні ағымдарының бірі. Сопы деп дін жолына түскен құдайшыл, тақуа адамды айтады. Күлтегін – Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, саяси қайраткер.

2 слайд

1. Ежелгі және орта ғасырларда әлеуметтік- саяси ойдың қалыптасуы мен дамуының алғышарттары Қазақстан аумағындағ

#3 слайд
1. Ежелгі және орта ғасырларда әлеуметтік- саяси ойдың қалыптасуы мен дамуының алғышарттары  Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымды б.з.б. VІІІ–ІІІ ғасырларда сақ тайпалық одақтары қалыптастырды. Табиғатты ерекше құрметтеген сақтар жануарларды «аң стилі» деп аталатын зергерлік бұйымдарда тамаша шеберлікпен бейнелеген. VІ ғасырынан Түркі кезеңі басталады. Түрік қағанаты ыдыраса да Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Оғыз, Қарахан мемлекеттері мен Қыпшақ хандығы дәуірледі. Моңғол шапқыншылығынан соң Қазақстан аумағында негізін Шыңғысханның ұрпақтары қалаған Алтын Орда, ол ыдырағаннан кейін Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандықтары өмір сүрді. Аталған мемлекеттік бірлестіктердің негізінде қазақ халқы қалыптасып, Қазақ хандығы құрылды.

3 слайд

Есiк қорғанынан табылған таңбалы күмiс тостаған. Тостағандағы 26 таңбадан тұратын жазу.

#4 слайд

4 слайд

Жошы хан кесенесі

#5 слайд
Жошы хан кесенесі

5 слайд

Жошы хан кесенесі

2. Анахарсис, Мөде, Күлтегін, Қорқыт Ата Тарихта «Скиф Анахарсис» деген атпен белгілі сақ ғұламасы қоғамдық құры

#6 слайд
 2. Анахарсис, Мөде, Күлтегін, Қорқыт Ата  Тарихта «Скиф Анахарсис» деген атпен белгілі сақ ғұламасы қоғамдық құрылыс мәселесімен айналысқан. Ол әділ өмір үшін жақсы заңдардың болуы жеткіліксіз, заңды әділ қорғаушылар керек деп есептеген. Әлеуметтік жағдайы мен қызметіне қарамастан, адамдардың заң алдында бірдей екендігін айтқан. Анахарсистен «қызғаныш пен қорқыныш – адамның ең жаман қасиеттері» деген сөз қалған. Ғұндардың атақты билеушісі Мөде б.з.б. 209 жылы билікке келді. Ол ел басқару жүйесінде бірқатар реформалар жүргізіп, ғұн мемлекетін бір орталыққа біріктірді. Қытай деректеріне қарағанда, Мөде 300 мыңдық тұрақты әскер құрды. Мөде мемлекет пен халықтың құнды байлығы ең алдымен оның жері екендігін жұртына терең ұқтырып: «…Жер – ол мемлекеттің негізі. Оны қалай береміз?» – деп атқа қонып, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, ұрпаққа аманат еткен. Асыл текті түркі жұртының ұрпағы, атақты мемлекет басшыларының бірі – Күлтегін. Күлтегін жазуы ежелгі түркі жазба ескерткішінің ғажайып үлгісі саналады. 1893 жылы даниялық ғалым В. Томсен Моңғолияда табылған руналық ескерткіштердің түркі тіліндегі мағынасын анықтап, жазулар осы билеушімен байланысты деген қорытынды жасады. Ортағасырлық ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт Ата ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін қалаған ғұлама ретінде белгілі. Қорқыт Ата халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Ол уақытты қадірлеуге шақырды, ұрпағына өлмес күйлерін қалдырды.

6 слайд

Күлтегін ескерткіші Күлтегін (684-731) – Екінші түрік қағанатына Қапаған қаған және Білге қағандар билік еткен

#7 слайд
Күлтегін ескерткіші Күлтегін (684-731) – Екінші түрік қағанатына Қапаған қаған және Білге қағандар  билік еткен дәуірде жасаған батыр қолбасшы, көрнекті мемлекет қайраткері. Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Арғы тегі көк түріктің Ашина әулеті. Күлтегін жазуы – ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Орхон өзені бойындағы орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м.

7 слайд

3. Әбу Насыр әл-Фараби және оның мұрасы Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл- Фараби – Шығысты

#8 слайд
3. Әбу Насыр әл-Фараби және оның мұрасы Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл- Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы. Оның еңбектері Шығыс пен Батыстың ғылыми ойының дамуына ықпал етті. Әл-Фараби грек ойшылдары Платон мен Аристотельдің саяси және этикалық көзқарастарына сүйенді және ежелгі Шығыстың әлеуметтік идеяларын одан әрі жетілдіріп, қоғам туралы құнды қағидасын ұсынды. Ойшылдың пікірінше, қайырымды қала билеушісінің даналық, азаматтық қасиеті мен ойлау қабілеті жоғары тұруы керек. Әл-Фарабидің пікірінше, «азаматтар өзара көмегі мен бірлігі арқылы бақытты, ізгі өмірге қол жеткізеді».   Зорлықсыз, бақытты қоғам орнату сол елдің мемлекет басшысының ақылы-білімі мен адамгершілігіне байланысты.   Әл-Фарабидің саясат туралы айтқан құнды ойлары Еуропа және араб Шығысы мен Орта Азия елдерінде саяси-құқықтық ілімнің дамуына ықпалын тигізді.

8 слайд

4. Жүсіп Баласағұни Баласағұни дәулетті отбасынан шыққан. Данышпанның ақыл-парасаты мен қабілеті, патша сарайынд

#9 слайд
4. Жүсіп Баласағұни Баласағұни дәулетті отбасынан шыққан. Данышпанның ақыл-парасаты мен қабілеті, патша сарайындағы хас-хажиб (бас уәзір) қызметі мен кейінгі жинақталған әдебиет саласындағы терең білімі оған адамның қоғамдағы орны, мінсіз қоғам, мемлекет туралы парасатты ой-тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. «Құтты білік» дастанында Ж. Баласағұни өмірдегі ең өзекті мәселелерді көтереді. Ойшыл мемлекет басшысы ақылды, мейірбан болу керек деп, адал билеуші Күнтуды (Қарахан мемлекетінің билеушісі) – әділдіктің символдық бейнесі ретінде ұсынады. Ізгілікті қоғамның мәңгілік арқауы – әділеттілік. Ж. Баласағұни «Құтты білік» еңбегінде мінсіз әділ заң-ережелерге сүйенген ізгі, кемел қоғам үлгісін ұсынады.  Алланы сүю, ізгілікке жету, білімге ұмтылу керек. Ол: «Кісі мәңгі болмас, мәңгі қалар оның жақсы аты», – деп жазады.  

9 слайд

5. Махмұт Қашғари Қарахан әулетінің билеушісі Сатұқ Боғра ханның ұрпағы Махмұт Қашғари «Диуани луғат-ат-түрік» (

#10 слайд
5. Махмұт Қашғари  Қарахан әулетінің билеушісі Сатұқ Боғра ханның ұрпағы Махмұт Қашғари «Диуани луғат-ат-түрік» («Түркі тілдерінің сөздігі») еңбегін жазды.  Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерген. Алғашқы болып сол дәуірдегі түркі тілдерінің ғылыми грамматикасын жасады. Бұл кітапта ХІ ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпаларының өмірі мен тұрмыс-тіршілігі жайында құнды мәліметтер қамтылған. Зерттеуші қазіргі қазақ тілінде айтылып жүрген сол замандағы мақал-мәтелдерді келтірген. Махмұт Қашғари түркі тілін әлемдегі ең таза тілдердің бірі деп есептейді: «Мен – түркі боламын», түркі тілі – «ең ашық-айқын әрі тура – түзу тіл». Ғұлама таза тіл деп өзге тілдің ықпалында кетпеген тілді атайды. М. Қашғаридың пікірінше, қоғамның дамуы адамгершілік қасиеттерге байланысты. Ол үшін елдің азаматтарын патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік, батырлық пен батылдық рухында тәрбиелеу қажет. Түркілер ұғымында Отан – туған жері, дәстүрі мен ұлттық мәдениеттен тұрады.  

10 слайд

6. Қожа Ахмет Ясауи Белгілі сопылық ақын Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін түркі әдеби тілінде жазды.  Ясауи ілімі тек

#11 слайд
6. Қожа Ахмет Ясауи Белгілі сопылық ақын Қожа Ахмет Ясауи еңбектерін түркі әдеби тілінде жазды.  Ясауи ілімі тек Түркістанда ғана емес, сонымен қатар Мауараннахр, Хорасан, Еділ бойы, Әзірбайжан, Анадолыға дейін жеткен.  Қожа Ахмет Ясауи басты еңбегі «Диуани хикметте» («Даналық кітабы») ислам қағидаларын түркілер дүниетанымымен байланыстырады. Кітап түркі тілінің қыпшақ диалектісінде жазылған. Ол өзінің даналық кітабында адамзатты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа, мейірімділікке үндейді. Ойшыл-ақын халықты мүсәпірлерге қайырымды болуға, қиыншылыққа төзіп, Жаратушыға деген сенімін кемітпей, шүкірлік етуге шақырады. Қожа Ахмет Ясауи түркі жұртының қасиетті әулиесі атанды. Тәуелсіздік алған жылы ашылған Түркістан қаласындағы университетке Қожа Ахмет Ясауи есімінің берілуі ұлы ойшыл бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі және ұрпақ парызы болып табылады. Түркістан қаласы бүгінде Түркістан облысының орталығы саналады. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари т.б. ортағасырлық ғұламалардың еңбегі арқасында қазақ қоғамының қоғамдық- саяси ой-санасы қалыптасып, мемлекеттік құрылымы нығая түсті.

11 слайд

Қожа Ахмет Ясауид iң «Даналық кiтабының» мұқабасы Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі /1397 ж салынған/

#12 слайд

12 слайд

1-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдаланып, антикалық және түркі ойшылдарының қоғамдық-саяси көзқарастарын салы

#13 слайд
1-тапсырма. Қосымша материалдарды пайдаланып, антикалық және түркі ойшылдарының қоғамдық-саяси көзқарастарын салыстырыңдар.

13 слайд

2-тапсырма. «Ортағасырлық Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуы мен дамуына ислам дінінің ықпалы» тақырыбына

#14 слайд
2-тапсырма. «Ортағасырлық Қазақстанда қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуы мен дамуына ислам дінінің ықпалы» тақырыбына ой-толғау жазыңдар.

14 слайд

Файл форматы:
pptx
09.01.2025
586
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12