Құлақ-есту мүшесі

#1 слайд
МКК « Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ
«Талғар медициналық колледжі» МКК
Сабақтың тақырыбы:
Құлақ-есту мүшесі
Пәні:Анатомия
Оқытушы:Мукаш Назым
1 слайд
МКК « Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар медициналық колледжі» МКК Сабақтың тақырыбы: Құлақ-есту мүшесі Пәні:Анатомия Оқытушы:Мукаш Назым
#2 слайд
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Есту мүшесінің маңызын,
құрылысы мен қызметін
меңгерту және алған білімдерін
клиникалық пәндерде қолдана
білу.
2 слайд
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Есту мүшесінің маңызын, құрылысы мен қызметін меңгерту және алған білімдерін клиникалық пәндерде қолдана білу.
#3 слайд
ЖЕТІСТІК КРИТЕРИІ
Есту мүшесінің маңызын біледі
Құлақтың құрылысын біледі
Сыртқы,ортаңғы және ішкі құлақтың
құрылысын ажырата алады
3 слайд
ЖЕТІСТІК КРИТЕРИІ Есту мүшесінің маңызын біледі Құлақтың құрылысын біледі Сыртқы,ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысын ажырата алады
#4 слайд
Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеру
4 слайд
Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын тексеру
#5 слайд
Сұрақ-жауап.
1.Көру мүшесі неден тұрады?
2 Көз алмасының құрылысы мен латынша аталуы?
3. Көз алмасының қабықтарын ата ?
4. Сыртқы тығыз ақ қабық неден тұрады ?
5. Тамырлы қабықтың құрылысы ?
6. Торлы қабықшаның латынша аталуы және онда қандай жасушалар бар ?
7. Көз алмасының ішкі ядросын ата ?
5 слайд
Сұрақ-жауап. 1.Көру мүшесі неден тұрады? 2 Көз алмасының құрылысы мен латынша аталуы? 3. Көз алмасының қабықтарын ата ? 4. Сыртқы тығыз ақ қабық неден тұрады ? 5. Тамырлы қабықтың құрылысы ? 6. Торлы қабықшаның латынша аталуы және онда қандай жасушалар бар ? 7. Көз алмасының ішкі ядросын ата ?
#6 слайд
СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАУ ТЕСТІ.
А.Су
В.Құтыша
С.Таяқшалар
Д.Көзбұршақ
Е.Аккомодация1.Қарашықтың артқы бөлігінде
екі жағы дөңес линза тәрізді
денешік-
2.Көзбұршақ қисықтығының
ұлғаюы-
3.Шыны тәрізді денеде болады-
4.Жарық пен түсті
қабылдайтын рецептор-
5.Қараңғыда жарықты
қабылдайтын рецептор-
6 слайд
СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАУ ТЕСТІ. А.Су В.Құтыша С.Таяқшалар Д.Көзбұршақ Е.Аккомодация1.Қарашықтың артқы бөлігінде екі жағы дөңес линза тәрізді денешік- 2.Көзбұршақ қисықтығының ұлғаюы- 3.Шыны тәрізді денеде болады- 4.Жарық пен түсті қабылдайтын рецептор- 5.Қараңғыда жарықты қабылдайтын рецептор-
#7 слайд
СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАУ ТЕСТІ.
1 Д
2 Е
3 А
4 В
5 С
7 слайд
СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАУ ТЕСТІ. 1 Д 2 Е 3 А 4 В 5 С
#8 слайд
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Көзге арналған жаттығу
Отырып жасалады.
Көзді 3-5 секундқа қатты жұмып,содан кейін 3-5
секундқа ашады,6-8 рет қайталайды.
Қабақ бұлшықеттері шынығып,
қанайналым жақсарады.
8 слайд
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ Көзге арналған жаттығу Отырып жасалады. Көзді 3-5 секундқа қатты жұмып,содан кейін 3-5 секундқа ашады,6-8 рет қайталайды. Қабақ бұлшықеттері шынығып, қанайналым жақсарады.
#9 слайд
Әйгілі Елена Келлер қалыпты көретін адамға
мынадай кеңес берген:
“ Көздеріңді пайдаланыңдар!Әрбір күнді
ертең соқыр болып қалатындай
өткізіп,өмір сүріңдер. Сонда сендер
ешқашан көрмеген ғажайып әлемді көре
бастайсыңдар ”.
9 слайд
Әйгілі Елена Келлер қалыпты көретін адамға мынадай кеңес берген: “ Көздеріңді пайдаланыңдар!Әрбір күнді ертең соқыр болып қалатындай өткізіп,өмір сүріңдер. Сонда сендер ешқашан көрмеген ғажайып әлемді көре бастайсыңдар ”.
#10 слайд
ЖАҢА САБАҚ
МИҒА ШАБУЫЛ
Адам үшін сыртқы дүниені тануда, естуде аса
маңызды рөл атқаратын сезім мүшесі қалай
аталады?
(есту мүшесі - құлақ).
Есту мүшесі туралы өздеріңіз не білесіздер?
10 слайд
ЖАҢА САБАҚ МИҒА ШАБУЫЛ Адам үшін сыртқы дүниені тануда, естуде аса маңызды рөл атқаратын сезім мүшесі қалай аталады? (есту мүшесі - құлақ). Есту мүшесі туралы өздеріңіз не білесіздер?
#11 слайд
Құлақ –есту мүшесі
11 слайд
Құлақ –есту мүшесі
#12 слайд
Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр
түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі
дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі.
Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды.
Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны
ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді
12 слайд
Адам есту мүшесі арқылы коршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдап талдайды. Есту мүшесі дыбыстарды анықтап ажыратуға көмектеседі. Адамдармен сөз арқылы қарым-қатынас жасайды. Еңбек майданында да есту мүшесінің алатын орны ерекше. Есту мүшесі дыбыс пен тепе-теңдікті сезеді
#13 слайд
АДАМ ҚҰЛАҒЫ ҮШ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ :
- сыртқы
- ортаңғы
- ішк і
13 слайд
АДАМ ҚҰЛАҒЫ ҮШ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ : - сыртқы - ортаңғы - ішк і
#14 слайд
СЫРТҚЫ ҚҰЛАҚ AURIS EXTERN A
Сыртқы құлаққа- құлақ
қалқаны мен сыртқы дыбыс
жолы жатады. Құлақ қалқаны
ауадағы дыбыс тербелістерін
құлақтың ішіне бағыттайды.
Сыртқы дыбыс жолдарының
ішкі шеті жұқа, тығыз,
керілген дабыл жарғағымен
бітеді. Сыртқы дыбыс
жолдары арқылы дыбыс
толқындары дабыл жарғағына,
содан соң ортаңғы құлаққа
өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы
құлақты ортаңғы құлақтан
бөліп тұрады.
14 слайд
СЫРТҚЫ ҚҰЛАҚ AURIS EXTERN A Сыртқы құлаққа- құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
#15 слайд
ЕСТУ АППАРАТЫНЫҢ ШЕТКІ БӨЛІГІ :
•
1 дабыл шегі
•
2 есту сүйектері
•
3 емізікше өсіндінің
ұялары
•
4 дабыл қуысы
•
5 сыртқы есту жолы
•
6 дабыл жарғағы
•
7 ішті мойындырық вена
•
8 жартылай имен
өзекшелері
•
9 бет жүйкесі
•
10 тепе-теңдік есту жүйеі
•
11 ұлу
•
12 ішкі ұйқыартериясы
15 слайд
ЕСТУ АППАРАТЫНЫҢ ШЕТКІ БӨЛІГІ : • 1 дабыл шегі • 2 есту сүйектері • 3 емізікше өсіндінің ұялары • 4 дабыл қуысы • 5 сыртқы есту жолы • 6 дабыл жарғағы • 7 ішті мойындырық вена • 8 жартылай имен өзекшелері • 9 бет жүйкесі • 10 тепе-теңдік есту жүйеі • 11 ұлу • 12 ішкі ұйқыартериясы
#16 слайд
. Ортаңғы құлақ
auris media
Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін
басталады, ол самай сүйегінің ішінде
орналасқан.
Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады.
Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі
арқылы жұтқыншақпен жалғасады.
Адам есінегенде, жұтынғанда есту
түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады,
жай уақытта жабық болады.
•
Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы
байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері ( балғашық, төс, үзеңгі)
орналасқан. Үшеуін қосқандағы салмағы шамамен 0,05 г.
Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық,
төс,үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан
қойылған .
16 слайд
. Ортаңғы құлақ auris media Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. • Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері ( балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін қосқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс,үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған .
#17 слайд
Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен.
Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі
сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер
ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл
жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі
құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера
қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап
кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады Мұндай жағдайда жиі-
жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы
қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.
17 слайд
Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады Мұндай жағдайда жиі- жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.
#18 слайд
ІШКІ ҚҰЛАҚ AURIS INTERNA ,
Ішкі құлақтағы куыстар
мен иірім өзекшелерден тұратын
күрделі жүйені шытырман
(лабиринт ) деп атайды.
Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті,
ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады.
Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік
мүшелері.
Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты
шытырман орналасады. Жарғақты
шытырманның қабырғалары
жалпақ эпителиймен қапталған
жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген.
Жарғақты шытырманның ішінде лимфа
сұйықтығы болады.
18 слайд
ІШКІ ҚҰЛАҚ AURIS INTERNA , Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт ) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады.
#19 слайд
Оралма тәрізді ширатылған ұлу дене cochlea -
есту мүшесі. Бұл ұлу дененің куысы сұйықтыққа
толы болады. Ұлу денедегі сезімтал
жасушалар дыбыс толқынын кабылдап, козуды
есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі
арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту
орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.
19 слайд
Оралма тәрізді ширатылған ұлу дене cochlea - есту мүшесі. Бұл ұлу дененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлу денедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынын кабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.
#20 слайд
ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ.
Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын қабылдап, есту жолына
бағыттайды. Есту жолының бойымен дыбыс толқындары дабыл
жарғағына жетіп, оны механикалық тербеліске келтіреді. Есту
сүйекшелерінің жүйесі (балғашық – төстік – үзеңгі) арқылы
тербеліс жарғақты шытырманның сопақша кіреберісі арқылы ішкі
құлаққа беріледі, себебі оған үзеңгі тіреледі. Бұл тербелістер есту
иірімдегі сұйықтықты қозғалтып, түкшелерді тербетеді. Осы кезде
рецепторлар жасушаларының түкшелері жамылғы мембранасына
жанасады.
Рецепторларда қозу пайда болып, есту жүйесі арқылы есту
анализаторларының орталық бөлігіне – самай бөлігіне, үлкен ми
сыңарларының есту аймағына беріледі. Осы жерде дыбыстың
әртүрлі сипаты: оның үні, ырғағы, күші, жіңішкелігі, мағынасы
танылады.
20 слайд
ЕСТУ МҮШЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын қабылдап, есту жолына бағыттайды. Есту жолының бойымен дыбыс толқындары дабыл жарғағына жетіп, оны механикалық тербеліске келтіреді. Есту сүйекшелерінің жүйесі (балғашық – төстік – үзеңгі) арқылы тербеліс жарғақты шытырманның сопақша кіреберісі арқылы ішкі құлаққа беріледі, себебі оған үзеңгі тіреледі. Бұл тербелістер есту иірімдегі сұйықтықты қозғалтып, түкшелерді тербетеді. Осы кезде рецепторлар жасушаларының түкшелері жамылғы мембранасына жанасады. Рецепторларда қозу пайда болып, есту жүйесі арқылы есту анализаторларының орталық бөлігіне – самай бөлігіне, үлкен ми сыңарларының есту аймағына беріледі. Осы жерде дыбыстың әртүрлі сипаты: оның үні, ырғағы, күші, жіңішкелігі, мағынасы танылады.
#21 слайд
Дыбыс жайлы таңғаларлық дерек
Кейбір адамдар көз алмасының айналғандағы дыбысын ести алады. Сонымен қатар тынысын
естиді. Бұл ішкі құлақтың ақауынан болады, оның сезімталдығы қалыптыдан аса жоғары
екенін білдіреді.
Теңіз қабыршағы арқылы біз тыңдап жүрген теңіз шуы, шын мәнінде біздің қан
тамырларымыз арқылы ағып жатқан қанның дыбысы. Құлағымызға қарапайым шынаяқты
қойып та осындай дыбысты ести алуға болады. Жасап көріңіз!
Керең адамдар да ести алады. Бұған бір мысал: атақты композитор Бетховен, білетініміздей,
керең болған, алайда ұлы туындыларды дүниеге алып келді. Қалайша? Ол... тісімен
тыңдайтын! Композитор таяқтың бір ұшын рояльға қойып, ал екінші ұшын тісімен қысып
отырған – осылайша дыбыс ішкі құлаққа жетіп отырған. Композитордың ішкі құлағы
сыртқысына қарағанда сау болатын.
21 слайд
Дыбыс жайлы таңғаларлық дерек Кейбір адамдар көз алмасының айналғандағы дыбысын ести алады. Сонымен қатар тынысын естиді. Бұл ішкі құлақтың ақауынан болады, оның сезімталдығы қалыптыдан аса жоғары екенін білдіреді. Теңіз қабыршағы арқылы біз тыңдап жүрген теңіз шуы, шын мәнінде біздің қан тамырларымыз арқылы ағып жатқан қанның дыбысы. Құлағымызға қарапайым шынаяқты қойып та осындай дыбысты ести алуға болады. Жасап көріңіз! Керең адамдар да ести алады. Бұған бір мысал: атақты композитор Бетховен, білетініміздей, керең болған, алайда ұлы туындыларды дүниеге алып келді. Қалайша? Ол... тісімен тыңдайтын! Композитор таяқтың бір ұшын рояльға қойып, ал екінші ұшын тісімен қысып отырған – осылайша дыбыс ішкі құлаққа жетіп отырған. Композитордың ішкі құлағы сыртқысына қарағанда сау болатын.
#22 слайд
САБАҚТЫ БЕКІТУ
«Дұрыс пікірді тап»
Егер берілген пікір дұрыс болса «ия» деп ,қате болса
«жоқ» деп жауап беру керек.
1.Есту мүшесі самай сүйегінде орналасқан.
2.Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ішкі құлақтың
арасында орналасқан.
3.Ішкі құлақ қуысы ауаға толы болады.
4.Ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелері бір-біріне бірігіп
кеткен.
5.Ортаңғы құлақ есту түтігі арқылы жұтқыншақпен
байланысады.
22 слайд
САБАҚТЫ БЕКІТУ «Дұрыс пікірді тап» Егер берілген пікір дұрыс болса «ия» деп ,қате болса «жоқ» деп жауап беру керек. 1.Есту мүшесі самай сүйегінде орналасқан. 2.Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ішкі құлақтың арасында орналасқан. 3.Ішкі құлақ қуысы ауаға толы болады. 4.Ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелері бір-біріне бірігіп кеткен. 5.Ортаңғы құлақ есту түтігі арқылы жұтқыншақпен байланысады.
#23 слайд
1.ия
2.жоқ
3.жоқ
4.жоқ
5.ия
23 слайд
1.ия 2.жоқ 3.жоқ 4.жоқ 5.ия
#24 слайд
Кері байланыс: рефлексия Инсерт әдісі бойынша түртіп алу жүйесі арқылы кестені
толтырады.
Білемін Меңгердім Нені түсінбедім? Таңқалдырды
24 слайд
Кері байланыс: рефлексия Инсерт әдісі бойынша түртіп алу жүйесі арқылы кестені толтырады. Білемін Меңгердім Нені түсінбедім? Таңқалдырды
#25 слайд
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:
1.ҚҰЛАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН (О ҚУ )
2.ҚҰЛАҚТЫҢ СУРЕТІН ДӘПТЕРГЕ САЛЫП,ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕРДІ ҚАЗАҚША,ЛАТЫНША
АТАУЛАРЫН ТАБУ.
25 слайд
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: 1.ҚҰЛАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН (О ҚУ ) 2.ҚҰЛАҚТЫҢ СУРЕТІН ДӘПТЕРГЕ САЛЫП,ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕРДІ ҚАЗАҚША,ЛАТЫНША АТАУЛАРЫН ТАБУ.
#26 слайд
Назарларыныз ға рахмет!
26 слайд
Назарларыныз ға рахмет!
шағым қалдыра аласыз


