Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу

#1 слайд
Сабақ тақырыбы:
Рационал сандарды координаттық түзудің
көмегімен қосу
1 слайд
Сабақ тақырыбы: Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу
#2 слайд
Сабақ мақсаты:
• координаттық түзудің көмегімен рационал
сандарды қосу мен азайтуды үйренеді.
2 слайд
Сабақ мақсаты: • координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды үйренеді.
#3 слайд
Бағалау критерийі:
- Координаталық түзуді пайдаланып
сандарды қосу және азайту ережесін біледі
және пайдаланады.
3 слайд
Бағалау критерийі: - Координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.
#4 слайд
№ 1. Координаталық түзудің көмегімен
сандарды қосып, азайтыңыз :
5+2 -6+4 -3+(-3) 5+(-6) -2+0
Жауабы:
5+2=7 -6+4=-2 -3+(-3)=-6 5+(-6)=-1 -2+0=-2
4 слайд
№ 1. Координаталық түзудің көмегімен сандарды қосып, азайтыңыз : 5+2 -6+4 -3+(-3) 5+(-6) -2+0 Жауабы: 5+2=7 -6+4=-2 -3+(-3)=-6 5+(-6)=-1 -2+0=-2
#5 слайд
№ 2. Қандай сандар
а) 6 санынан 3 бірлікке;
ә) -3 санынан 5 бірлікке;
б) -1 санынан 4 бірлікке қашық
орналасқан?
Жауабы:
а) 3 және 9; ә) -8 және 2; б) -5 және 3.
5 слайд
№ 2. Қандай сандар а) 6 санынан 3 бірлікке; ә) -3 санынан 5 бірлікке; б) -1 санынан 4 бірлікке қашық орналасқан? Жауабы: а) 3 және 9; ә) -8 және 2; б) -5 және 3.
#6 слайд
№ 3. Бос орындарды толтырыңыз:
-4+ ?=5 5+ ? = -1
-7+?=-5 -3+?=-8
Жауабы:
-4+ 9 =5 5+ ( -6 ) = -1
-7+ 2 =-5 -3+ ( -5 ) =-8
6 слайд
№ 3. Бос орындарды толтырыңыз: -4+ ?=5 5+ ? = -1 -7+?=-5 -3+?=-8 Жауабы: -4+ 9 =5 5+ ( -6 ) = -1 -7+ 2 =-5 -3+ ( -5 ) =-8
#7 слайд
1. Координаталық түзуді пайдаланып бүтін
сандарды қалай қосамыз?
2. Екі санның айырмасын қосынды түрінде қалай
жазуға болады?
7 слайд
1. Координаталық түзуді пайдаланып бүтін сандарды қалай қосамыз? 2. Екі санның айырмасын қосынды түрінде қалай жазуға болады?
#8 слайд
Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін
в санын қосу ережесі:
1 . А ( а ) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені
- в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік
кесіндіге;
- в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік
кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және
қосынды осы нүктенің координатына тең.
8 слайд
Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін в санын қосу ережесі: 1 . А ( а ) нүктесін белгілейміз; 2. Осы нүктені - в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге; - в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз; 3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.
#9 слайд
Шешу жолы:
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен
кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А
нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге
жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің
координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5. Тапсырма 2 . Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте -3°-қа
өзгерді (3°-қа төмендеді). Түсте ауаның температурасы неше градус
болды?
9 слайд
Шешу жолы: Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5. Тапсырма 2 . Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте -3°-қа өзгерді (3°-қа төмендеді). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
#10 слайд
№ 1. Қосу амалы арқылы жаз:
1.А(5) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.
5-4
2.В(-6) нүктесі оңға қарай 2 бірлік кесіндіге жылжыды.
-6+2
3.С(-9) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.
-9-4
4. D(7) нүктесі оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжыды.
7+3
10 слайд
№ 1. Қосу амалы арқылы жаз: 1.А(5) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды. 5-4 2.В(-6) нүктесі оңға қарай 2 бірлік кесіндіге жылжыды. -6+2 3.С(-9) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды. -9-4 4. D(7) нүктесі оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжыды. 7+3
#11 слайд
Қандай қорытындыға келдіңіздер?
1) Кез келген санға оң санды қоссақ , бастапқыдағы
сан артады
2) Кез келген санға теріс санды қоссақ , бастапқыдағы
сан кемиді
3) Кез келген санға нөлді қосқаннан немесе азайтқаннан
бастапқыдағы сан өзгермейді
4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ, қосынды 0-ге тең
болады
11 слайд
Қандай қорытындыға келдіңіздер? 1) Кез келген санға оң санды қоссақ , бастапқыдағы сан артады 2) Кез келген санға теріс санды қоссақ , бастапқыдағы сан кемиді 3) Кез келген санға нөлді қосқаннан немесе азайтқаннан бастапқыдағы сан өзгермейді 4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ, қосынды 0-ге тең болады
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген