Материалдар / Сабақ жоспары "Абай жолы - ғасырлық туынды"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Абай жолы - ғасырлық туынды"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары "Абай жолы - ғасырлық туынды" Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абай жолы" эпопеясының ғасырлық туынды екендігі туралы ашық сабақтың жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
1325
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы - ғасырдың ұлы туындысы Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұх

1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы - ғасырдың ұлы туындысы Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана. Қалайша бас имессің оған, сірә.

 Мұхтар Әуезов (1897-1961)

2 слайд
 Мұхтар Әуезов (1897-1961)



3 слайд

 «Абай жолы» роман - эпопеясы бүкіл бір дәуірді кеңінен қамтып бейнелейтін кең тынысты, сан- саналы шығарма. Мұхтар Әуезовті

4 слайд
 «Абай жолы» роман - эпопеясы бүкіл бір дәуірді кеңінен қамтып бейнелейтін кең тынысты, сан- саналы шығарма.  Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясы  қазақ  әдебиетінде ойып орын алған көркем шығармалардың бірі.

 «Эпопея» — грек тілінен аударғанда — жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді. Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі – көне та

5 слайд
 «Эпопея» — грек тілінен аударғанда — жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді. Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі – көне тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде баяндайтын поэзиялық немесе прозалық шығармалар, оларға «Шаһнама», «Манас» т.б. жатса, екіншісі — кейінгі дәуірдің еншісіндегі тарихи кезеңді жан- жақты суреттейтін роман жанрында кездесетін еңбектер. Оған қазақ әдебиеті тарихында М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын атауға болады. Жазушы өзінің осы еңбегінде қазақ халқының тілі мен ділін, өнері мен мәдениетін, тарихи болмысы мен дүние танымы, әдеп-ғұрпы мен ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен.Эпопея дегеніміз не?

 Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омархан

6 слайд
 Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы әрі қоғам  қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің  алатын орны ерекше.  М. Әуезов — ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, батыс пен шығыс көркем сөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ересен еңбек сіңірген ұлы жазушы.1- сұрақ: Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиетінде алатын орны қандай?

 М. Әуезов 1929-1939 жылдары қуғын-сүргіннің тауқыметін тарта жүріп, өз өмірінің басты кітабы – «Абай жолы» эпопеясына аса

7 слайд
 М. Әуезов 1929-1939 жылдары  қуғын-сүргіннің тауқыметін тарта жүріп, өз өмірінің басты кітабы – «Абай жолы» эпопеясына аса ыждаһаттылықпен  дайындалды. Абай шығармаларының екі  томдық толық жинағын шығарды, ақын туралы деректерді жинастырды, оның өмірбаяндық, шығармашылык жолын ғылыми тұрғыдан ізге түсірді. Әлем әдебиетінің түрлі жанрдағы үздік шығармаларын аударып, ғылыми жұмыспен шүғылданды. Болашақ эпопеяның алғашқы тарауы «Татьянаның қырдағы әні» деген атпен жарияланды. Осыдан бастап М. Әуезовтің қалған өмірі тек Абай бейнесін көркем бейнелеуге арналды. Бұл оның табиғи талантының барынша ашылып, дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне жол салды.2- сұрақ: Мұхтар Әуезов «Абай жолы» атты эпопеяны жазуға қандай дайындықпен келді?

 М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 2- кітабын, 1952 жылы 3 - кітабын, 1956 жылы 4 - кітаб

8 слайд
 М. Әуезов  «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 2- кітабын, 1952 жылы 3 - кітабын, 1956 жылы 4 - кітабын жарыққа шығарды. Алғашқы екі кітабы үшін авторға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төрт томдық роман-эпопеясы үшін 1959 жылы кеңес кезіндегі ең жоғарғы сыйлық - Лениндік сыйлықпен марапатталады3- сұрақ «Абай жолы» роман-эпопеясы қай жылдары жарыққа шықты және ол еңбегі үшін автор қандай марапатқа ие болды?

«Абай жолы» халық жолы, халық жолы — Абай жолы. Осындай тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және көркемдік шеберлікпен көрсету

9 слайд
«Абай жолы» халық жолы, халық жолы — Абай жолы. Осындай тамаша бірлікті тарихи шындыққа сай және көркемдік шеберлікпен көрсету М. Әуезовтің ұлы творчестволық жеңісі болып табылады.

 Алаш қайраткерлері ішінде ұлт даңқын көтергендердің бірі һәм бірегейі - Мұхтар Әуезов. Ол халықтың рухани аманатын ұрпағына

10 слайд
 Алаш қайраткерлері ішінде ұлт даңқын көтергендердің бірі һәм бірегейі - Мұхтар Әуезов. Ол халықтың рухани аманатын ұрпағына бүкпесіз қалдырған қаламгер - Абайдың шынайы бейнесін аша білді. Әуезов - Абайдың өмірінен тұтас бір тарих жасап шыққан ұлы ойшыл, бір шығармаға ғасырлық тарихты сыйдыра білген жазушы. Оның суреткерлігі бір төбе болса, адамгершілігі де бір төбе. Шыңғыс Айтматовтың «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - «Манас», бірі - «Мұхтар Әуезов», - деуі осыны айғақтайды. Мұхтар Әуезовт і ң қандай шығармасын алсақ та, «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Жетім» сияқты қысқа бірақ ұлы дүниесінен жазушылардың бәріне бірдей бұйыра бермейтін суреткерлік шеберлікті көреміз«Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай жолы» романында қандай тамаша суреттелген!» Камерун жазушысы Бенджамин Матип

 Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

11 слайд
 Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

 «Абай жолы» - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық

12 слайд
 «Абай жолы» - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Бұл шығармадағы оқиғалар күн демей, түн демей толассыз өтіп жатады, бірін-бірі қуалай аққан дария толқындарындай сабақтас қалпында көрініс табады. Біз шығармадан мәңгілік толас таппайтын жақсылық һәм жамандықтың, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын көреміз, рухани қорымызды байыта түсеміз. Абайдың өмірінен үлгі аламыз. М . Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын неге ғасырлық туынды деп атайды?

Мұхтар Әуезов Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың

13 слайд
Мұхтар Әуезов Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көтере білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінен алар маңызы зор. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлаушы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталған.  «Абай жолы» - жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайында терең толғаныс.

 Жастайынан көңілді баурап алатын көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадына тоқып өскен бала Абай өте зерек алғырлығымен ере

14 слайд
 Жастайынан көңілді баурап алатын көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадына тоқып өскен бала Абай өте зерек алғырлығымен ерекшеленеді. Ол үш жасында-ақ үлкен адамша сөз сөйлеуі оның қоғамнан ерек, заманынан озық туғанына дәлел. Мұхтар Әуезов Абайды әрі ақын, әрі қайраткер, әрі ойшыл ретінде, қай қырынан болсын ұрпаққа үлгі бейнесін оқырманға жақын бейнеледі.Абай – тұтас бір тарихтың дүниеге келуіне себепкер болған тұлға .

 1. Романдағы бас кейіпкер кім?  2. Роман басталғанда Абай неше жаста еді?  3. Романның тарауларының атаулары нені білдіред

15 слайд
 1. Романдағы бас кейіпкер кім?  2. Роман басталғанда Абай неше жаста еді?  3. Романның тарауларының атаулары нені білдіреді?  4. « Қайтқанда » тарауының қысқаша мазмұныСабағымыздың келесі бөлігінде эпопеяны талдауға кірісейік «Абай жолы» романы төрт кітаптан тұрады. 1 – кітапта қандай тараулар бар?

 1. Қайтқанда  2. Жолда  3. Шытырманда  4. Бел – белесте  5. Өрде  6. Қияда І – кітаптың тараулары

16 слайд
 1. Қайтқанда  2. Жолда  3. Шытырманда  4. Бел – белесте  5. Өрде  6. Қияда І – кітаптың тараулары

 ІІ том  Тайғақта  Жайлауда  Еңісте  Оқапта  Асуда  Тарауда  Биікте  Эпилог  Түсініктер« Абай жолы » романының 2- кіт

17 слайд
 ІІ том  Тайғақта  Жайлауда  Еңісте  Оқапта  Асуда  Тарауда  Биікте  Эпилог  Түсініктер« Абай жолы » романының 2- кітабының тарауларын атаңыздар

 1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді? А ) 1900-1973 Ә) 1897-1961 Б) 1895-1960 В) 1894-1959 2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәр

18 слайд
 1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді? А ) 1900-1973 Ә) 1897-1961 Б) 1895-1960 В) 1894-1959 2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды? А) Немере ағасы Қасымбектің Ә) Әкесі Омарханның Б) Нағашыларының В) Атасы ӘуездіңЭпопеяны талдауды бекіту мақсатында тестке жауап берейік

3. Абай Семейдегі оқуын аяқтап ауылға қайтқан кезде неше жаста еді? А) жиырмадан енді асқан Ә) жиырмада Б) он үште В) он сегі

19 слайд
3. Абай Семейдегі оқуын аяқтап ауылға қайтқан кезде неше жаста еді? А) жиырмадан енді асқан Ә) жиырмада Б) он үште В) он сегізде 4. Әкесі Құнанбай Абайға айттырып алып берген қыздың есімі А) Сарқыт Ә) Ділдә Б) Айман В) Кәмшат

 5. Абай Тоғжанмен қайда танысады ?  А) Сүйіндіктің үйінде  Ә) Досы Ерболдың үйінде  Б) Семейде оқып жүрген кезде  В) Әк

20 слайд
 5. Абай Тоғжанмен қайда танысады ?  А) Сүйіндіктің үйінде  Ә) Досы Ерболдың үйінде  Б) Семейде оқып жүрген кезде  В) Әкесі Құнанбайдың үйінде  6. Ділдәның әкесі кімнің ұрпағы?  А) Әйтеке бидің ұрпағы  Ә) Төле бидің ұрпағы  Б) Қаз дауысты Қазыбек бидің  В) Қарасай батырдың тест

 7 . М.Әуезов Абайды неше жасында көрді? А) 10 Ә) 5 Б) 15 В) 20 8. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере ал

21 слайд
 7 . М.Әуезов Абайды неше жасында көрді? А) 10 Ә) 5 Б) 15 В) 20 8. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз. А) Кәмшат Ә) Айгүл Б) Мағыш В) Салиха тест

 9. « Абай жолы» романындағы асы берілген адамның аты А) Бөжей Ә) Байдалы Б) Қодар В) Қаратай  10. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпо

22 слайд
 9. « Абай жолы» романындағы асы берілген адамның аты А) Бөжей Ә) Байдалы Б) Қодар В) Қаратай  10. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының І кітабында Абайдың кім ретінде қалыптасқанын белгілеңіз. А) Азамат Ә) ақын Б) Ел қамқоры В) Азамат-ақын тест

 Сабақты қорытындылау

23 слайд
 Сабақты қорытындылау