1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдана отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

#1 слайд
Мақсаты:Ұлттық дәстүрімізге ойын арқылы тәрбиелеп, ойын
арқылы қарым-қатынастарын нығайту. Шыдамдылық,
икемділік пен түсініп қабылдау, топтық сана сезімін
қалыптастыру. Дене бітімдерін жетілдіру.
Тақырыбым: Сабақта ұлттық ойын элементтерін
қолдана отырып, оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері: ұлттық ойындардың түрлерімен таныстыру;
оқушылардың дене бітімі дайындығын анықтау;ұлттық
спорт түрлерінің рөлін анықтау;балалардың дене бітімін
сапасына ұлттық ойындардың ықпалы;
Асық ойыны несімен ұтымды?
Топқа
бөлемін
Асық ойыны арқылы оқушылар
асықтың қыр-сырын ғана біліп
қоймай ,оның көне атауларын біледі.
1 слайд
Мақсаты:Ұлттық дәстүрімізге ойын арқылы тәрбиелеп, ойын арқылы қарым-қатынастарын нығайту. Шыдамдылық, икемділік пен түсініп қабылдау, топтық сана сезімін қалыптастыру. Дене бітімдерін жетілдіру. Тақырыбым: Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдана отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Міндеттері: ұлттық ойындардың түрлерімен таныстыру; оқушылардың дене бітімі дайындығын анықтау;ұлттық спорт түрлерінің рөлін анықтау;балалардың дене бітімін сапасына ұлттық ойындардың ықпалы; Асық ойыны несімен ұтымды? Топқа бөлемін Асық ойыны арқылы оқушылар асықтың қыр-сырын ғана біліп қоймай ,оның көне атауларын біледі.
#2 слайд
Асық ойыны
Асық ойынында қолданылатын негізгі терминдер:
Асық – арқар, таутеке, қой, ешкі, елік, киіктің асық жілігімен жіліншегінің
(сирағының) ортасындағы шағын сүйек;
Алшы – асықтың қырынан
тұрғанда ойығы үстіне, ал
тегістеу, тәйке жақ беті астына
қарап түскен қалпы;
Тәйке – асықтың алшыға
қарама-қарсы түскен қалпы;
Бүк (бүге) – асықтың дөңес
жағының жоғары қарап түскен
түрі;
Шік (шіге) – асықтың қуыс
жағының жоғары қарап түскен
түрі;
Асық атаулары:
1. Сақа
– асықтың үлкен
әрі шымыр түрі
2. Топай –
сиырдың асығы.
3.Қидасап –
жылқының асығы.
4.Шүкімайт -
қозы мен лақтың
асығы
5.Бунасын- түйе
асығы.
2 слайд
Асық ойыны Асық ойынында қолданылатын негізгі терминдер: Асық – арқар, таутеке, қой, ешкі, елік, киіктің асық жілігімен жіліншегінің (сирағының) ортасындағы шағын сүйек; Алшы – асықтың қырынан тұрғанда ойығы үстіне, ал тегістеу, тәйке жақ беті астына қарап түскен қалпы; Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы түскен қалпы; Бүк (бүге) – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түскен түрі; Шік (шіге) – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түскен түрі; Асық атаулары: 1. Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі 2. Топай – сиырдың асығы. 3.Қидасап – жылқының асығы. 4.Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы 5.Бунасын- түйе асығы.
#3 слайд
“Бес тас” ойыны
Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға
қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп
жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп,
ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы
бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады. Ойынға
қатынасушылар дөңгелене отырады.Ойыншы бес тасты еденге шашырата
тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп
жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді.
Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші,
төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.
3 слайд
“Бес тас” ойыны Ойынды кімнің бірінші болып бастайтынын шешу үшін ойынға қатынасушылар кезектесіп бес тасты алақандарына салады да, жоғары серпіп жіберіп, алақандарының сыртымен тосып алады да, қайта серпіп жіберіп, ендігі кезекте қолды серпе қақшып алады. Ең көп қағып алған ойыншы бірінші кезек алады да, қалғандары да сол ретпен кезекке тұрады. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады.Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Менің сабағым осы мақсаттарға
жетеді
Барлық оқушылар орындай алады: Топ болып,қауіпсіз
жұмыс жасау.Ойынға арнайы құрал-жабдықтарды сабақта
қолдана алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ойын
шарттарын түсінеді. Ойының барлық әдіс-тәсілдерін біледі.
Кейбір
оқушылар орындай алады: Ойынды түсінеді. Үйренгенін
барынша көрсете біледі. Топпен жұмыс жасағанда
көшбасшы рөлін атқару
Дескриптор: 1.Бір-біріне көмектеседі. Ойынға еркін араласады.
2.Үйренгендерін орындайды.Топ мүшелеріне
көмектеседі.
3. Білгендерін көрсетеді. Тобына көмектеседі.
5 слайд
Менің сабағым осы мақсаттарға жетеді Барлық оқушылар орындай алады: Топ болып,қауіпсіз жұмыс жасау.Ойынға арнайы құрал-жабдықтарды сабақта қолдана алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ойын шарттарын түсінеді. Ойының барлық әдіс-тәсілдерін біледі. Кейбір оқушылар орындай алады: Ойынды түсінеді. Үйренгенін барынша көрсете біледі. Топпен жұмыс жасағанда көшбасшы рөлін атқару Дескриптор: 1.Бір-біріне көмектеседі. Ойынға еркін араласады. 2.Үйренгендерін орындайды.Топ мүшелеріне көмектеседі. 3. Білгендерін көрсетеді. Тобына көмектеседі.
#6 слайд
Кері байланыс
Бүгінгі
сабақтан
қандай әсер алдың?
Нені үйрендің?
Келесі
сабақтан
не күтесіз?
6 слайд
Кері байланыс Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? Нені үйрендің? Келесі сабақтан не күтесіз?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген