Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сан есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сан есім туралы жалпы түсінік. Презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Сан есімнің морфологиялық құрылымы

#1 слайд
Сан есімнің морфологиялық құрылымы

1 слайд

Сан есімнің морфологиялық құрылымы

Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Сол тұлға-тұрпаттын. арқасында әрбір сөз бір бүтін тұлға (единица) ретінде қызм

#2 слайд
Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Сол тұлға-тұрпаттын. арқасында әрбір сөз бір бүтін тұлға (единица) ретінде қызмет етеді. Ал, сөздің тұлға-тұрпаты (құрылымы) оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болып келеді. Ал, сол әр қилылық, әрине, сөздердің құрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі- түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Лексика-грамматикалық ерекшеліктері, яғни құрамына енетін сөздердің лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық жəне синтаксистік бірыңғайластығы жағынан дербес лексикаграмматикалық категория ретінде қаралатын сөз табының бірі – сан есім. Мағыналық жəне қызмет сипатына қарай сан есімдер сын есімдерге ұқсас келеді. Ол ұқсастық: сын есімдер заттың түрлі сындық белгісін білдірсе, сан есімдер зат есімдермен тікелей байланысып, заттық ұғымның əртүрлі сандық сипатын білдіреді. Мысалы, қалың кітап – төрт кітап, əдемі қалам – он қалам, т.с.с.

2 слайд

Сан есімдердің сөз табы ретіндегі ерекшелігі олардың сөз таптары жүйесіндегі орны, мағыналық сипаты, қызметі жəне басқа сөз

#3 слайд
Сан есімдердің сөз табы ретіндегі ерекшелігі олардың сөз таптары жүйесіндегі орны, мағыналық сипаты, қызметі жəне басқа сөз таптарымен арақатынасы негізінде анықталады. А. Байтұрсынұлы сан есімді нəрселердің есебін һəм ретін көрсететін сөздер ретінде анықтаса, Қ. Жұбанов сан есімді «заттың не істің сан белгісін көрсететін, реттік үстеуін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын, анықтауыш күйінде өзі мен анықталушысының аралығына зат есім анықтауышты амалсыз салатын, сын есім анықтауышты еркін салатын түбір» деп сипаттайды. Ғалым сан есімнің зат есім анықтауышты амалсыз салуы мен сын есім анықтауышты еркін салуын мынадай мысалдармен түсіндіреді: биік тас үй, екі тас үй деген мысалдардағы бірінші жағдайда үй сөзін сын есім (биік) мен зат есім (тас) анықтауыштар анықтап тұрса, екінші жағдайда сан есім (екі) мен зат есім (тас) анықтауыштар анықтап тұр. Бұл жағдайда сан есім (екі) өзі мен үй сөзінің арасына зат есім (тас) анықтауышты амалсыз салып тұр. САН ЕСІМ

3 слайд

Сан есім – өзіне тəн арнайы грамматикалық категориясы жоқ, сондықтан түрленбейтін сөз таптарының бірі. Ғалым Н. Оралбай сан

#4 слайд
Сан есім – өзіне тəн арнайы грамматикалық категориясы жоқ, сондықтан түрленбейтін сөз таптарының бірі. Ғалым Н. Оралбай сан есімдердің осы ерекшелігін сөздерді таптастырудың екінші ұстанымына (морфологиялық) сəйкес келуі не келмеуі тұрғысынан саралап, сан есімдер таза сандық мағынада қолданылғанда зат есім парадигмалары бойынша түрленетіндігін атап көрсетеді. Мысалы: бесті беске қосса, он болады. Сан есімдер түрленбейтін сөз табы бола тұра, оның кейбір мағыналық топтарының септік, көптік жалғаулары арқылы жасалатыны туралы қалыптасқан тұжырымдар бар.

4 слайд

Морфологиялық құрамы жағынан сан есімдер дара жəне күрделі болып бөлінеді. Дара сан есімдерге негізгі жəне туынды сан есімде

#5 слайд
Морфологиялық құрамы жағынан сан есімдер дара жəне күрделі болып бөлінеді. Дара сан есімдерге негізгі жəне туынды сан есімдер жатады. Сан есімдердің басты ерекшелігі оның басқа сөз таптарынан жасалмауы болғандықтан, туынды сан есімдер негізгі сан есімдерге -ыншы/ -інші, -ншы/ -нші, -ау/ -еу, -даған/ -деген, -ер жұрнақтары мен ілік жəне шығыс септігі жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Ал күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі жəне қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы, он бес, он-он бір, бес-алтау, он тоғыз, қырық екі, т.б. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сандар бір-бірімен өзара қосылмалы жəне көбейтілмелі жолмен байланысады. Мысалы: он тоғыз, он бес, жиырма бір – қосылмалы жол, үш жүз, бір мың – көбейтілмелі жол. САН ЕСІМНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

5 слайд

Ғалым А. Ысқақов күрделі сан есімдердің жасалуындағы мұндай жолдар- ды оның негізгі тəсілдері ретінде түсіндіреді. Аталған т

#6 слайд
Ғалым А. Ысқақов күрделі сан есімдердің жасалуындағы мұндай жолдар- ды оның негізгі тəсілдері ретінде түсіндіреді. Аталған тəсілдердің ерекшеліктері күрделі қосылмалы сандар тек он бір мен тоқсан тоғыз, жүз бір мен тоғыз жүз тоқсан тоғыз, одан əрі осылай жалғаса береді. күрделі қосылмалы сандар үнемі жоғары дəрежелі саннан басталып, төменгі дəрежелі санмен аяқталады. Мысалы: жүз бір, тоқсан үш, т.б. Күрделі көбейтілмелі сан есімдер, керісінше, үнемі төмен дəрежелі сандармен басталып, жоғары дəрежелі сандармен аяқталады. Мысалы: бес жүз, он мың, тоғыз жүз, т.б.

6 слайд

Күрделі сан есімдердің екі түрлі жасалу жолы Н. Оралбайдың еңбегінде де қарастырылады. Ғалым күрделі сан есімнің мағынасы о

#7 слайд
Күрделі сан есімдердің екі түрлі жасалу жолы Н. Оралбайдың еңбегінде де қарастырылады. Ғалым күрделі сан есімнің мағынасы оның құрамындағы сандардың мағынасынан екі түрлі жолмен, атап айтқанда, күрделі санның құрамындағы сандарды бір-біріне қосу жəне көбейту арқылы үшінші санның аты жасалатындығын айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде дара туынды сан есімдер қатарында қарастырылып жүрген алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан есімдерінің де бастапқыда күрделі сан болғандығын, оған алпыс, жетпіс сандарының құрамындағы -пыс, -піс сөздері бастапқыда ондық мəнін бергенін, ал сексен, тоқсан сандары сегіз, тоғыз сандарына он санының кірігуі арқылы қалыптасқандығы туралы тілдік деректер келтіреді.

7 слайд

А. ЫСҚАҚОВ ЖӘНЕ Н. ОРАЛБАЙДЫҢ САН ЕСІМДЕРДІ ТОПТАСТЫРУЫ Сан есім 1 2 5 4 3 6 есептік реттік болжалдық жинақтық топтық бөлше

#8 слайд
А. ЫСҚАҚОВ ЖӘНЕ Н. ОРАЛБАЙДЫҢ САН ЕСІМДЕРДІ ТОПТАСТЫРУЫ Сан есім 1 2 5 4 3 6 есептік реттік болжалдық жинақтық топтық бөлшектік Қазақ тілі морфологиясына қатысты ғылыми еңбектерде сан есімдердің мағыналық топтарға бөлінуінде айтарлықтай өзгешелік болмағанымен, қазақ грамматикаларын да олардың аталуы мен саны жағынан бірқатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, «Қазіргі қазақ тілі» (1954) еңбегінде сан есімдер мағынасына қарай есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, бөлшектік сан жəне жинақтық сан болып бес түрге бөлінсе, «Қазақ тілінің грамматикасы» (1967) мен «Қазақ грамматикасында» (2002) есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік жəне топтық болып алты түрге бөлінеді.

8 слайд

Сан есім түрлері Жасалу жолы Мысалы Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық мөлшерін немесе абстрактілі сандық ұғымды

#9 слайд
Сан есім түрлері Жасалу жолы Мысалы Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық мөлшерін немесе абстрактілі сандық ұғымды білдіру үшін қолданылатын сан есімдердің мағыналық тобы есептік сан есімдер деп аталады. бес кітап, он студент, отыз бір күн Реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық реті мен жүйесін, орын тəртібін білдіреді. Морфологиялық құрамы жағынан реттік сан есімдер де дара жəне күрделі болып бөлінеді. Сан есімнің бұл түрі дара жəне күрделі есептік сан есімдерге -ыншы/ -інші, -ншы/ -нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. он бірінші Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап көрсететін сан есімдер жинақтық сан есімдер деп аталады. Жинақтық сан есімдер есептік сан есімге -ау/-еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. біреу, екеу Топтық сан есімдер заттар мен құбылыстардың өзара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Топтық сан есімдер дара жəне күрделі түрде болады. Топтық сан есімдер есептік жəне жинақтық сан есімдерге -дан/-ден, - тан/-тен, -нан/-нен қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. бестен, оннан немесе екі-екіден, бес- бестен, он-оннан Болжалдық сан есімдер зат пен құбылыстың санын дəл, нақтылы түрде емес, тұспалдап, болжап, шамамен білдіру үшін қолданылады. Синтетикалық тəсіл арқылы болжалдық сан есімдер есептік жəне жинақтық сан есімдерге -ер, -дай/- дей, -тай/-тей,-даған/-деген қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. бірер, жүздей, ондаған, жүздеген

9 слайд

Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін, үлесін білдіретін сан есімдер бөлшектік сан есімдер деп аталады. С

#10 слайд
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін, үлесін білдіретін сан есімдер бөлшектік сан есімдер деп аталады. Сан есімнің басқа топтарынан ерекшелігі, біріншіден, бөлшектік сан есімдер таза математикалық ұғымды білдіреді. Сондықтан оның жасалу жолы да математикалық амалдар арқылы жүзеге асады. Екіншіден, сан есімдердің бұл тобы морфологиялық құрамы жағынан тек күрделі түрде болады. Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдердің бірінші сыңарына ілік септігі немесе шығыс септігі жалғауларының, соңғы сыңарына тəуелдік жалғауының 3-жақ көрсеткішінің жалғануы арқылы, сондай-ақ жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: екіден бір, үштен екісі, онның екісі, бес жарым, онның жартысы, т.б.

10 слайд

Файл форматы:
pptx
21.01.2025
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12