Шерхан Мұртаза "Бесеудің хаты"




1 слайд
Н ұр-Сұлтан қаласы
«Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК
Төлегенқызы Вера
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
оқытушысы
1 слайд
Н ұр-Сұлтан қаласы «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК Төлегенқызы Вера Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

2 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» тарихи
драмасы
2 слайд
Сабақтың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» тарихи драмасы

3 слайд
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары:
Ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту,
шығармаларын оқыту, ақынның айтар
ойын ашу, талдау, эстетикалық көзқарасы
қалыптасқан оқырман дайындау.
3 слайд
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту, шығармаларын оқыту, ақынның айтар ойын ашу, талдау, эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау.

4 слайд
Күтілетін нәтиже :
Барлық білім алушылар орындай алады: негізгі
идеяны түсінеді және сұрақтарға жауап береді.
Білім алушылардың басым бөлігі: негізгі идеяны
түсініп, өз пікірін білдіреді.
Кейбір білім алушылар: негізгі идеяны түсініп,
дәлелдей алады.
4 слайд
Күтілетін нәтиже : Барлық білім алушылар орындай алады: негізгі идеяны түсінеді және сұрақтарға жауап береді. Білім алушылардың басым бөлігі: негізгі идеяны түсініп, өз пікірін білдіреді. Кейбір білім алушылар: негізгі идеяны түсініп, дәлелдей алады.

5 слайд
Тілдік мақсаттар:
Білім алушылар орындай алады: медиақұралдағы берілген
ақпаратты түсінеді.Мәтіндегі деректерге байланысты өз пікірлерін
анық айтады.
Білім алушылар өзін-өзі бағалауы арқылы сөйлеу мәдениетін
қалыптастырады.
5 слайд
Тілдік мақсаттар: Білім алушылар орындай алады: медиақұралдағы берілген ақпаратты түсінеді.Мәтіндегі деректерге байланысты өз пікірлерін анық айтады. Білім алушылар өзін-өзі бағалауы арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

6 слайд
Ой қозғау.
Шерхан Мұртаза кім?
Қандай шығармасымен таныссыздар?
Қай жерде, қай жылы дүниеге келді?
Жазушының шын есімі кім?
6 слайд
Ой қозғау. Шерхан Мұртаза кім? Қандай шығармасымен таныссыздар? Қай жерде, қай жылы дүниеге келді? Жазушының шын есімі кім?

7 слайд
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы
ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі –
Шері. Айбарлы, қайратты жыртқыш аң – барысқа байланысты қойылған.
Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық
көрді. Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер
Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Бір қызығы Шерхан Мұртаза
алдымен жазушылығы мен журналистігі емес, ақындығымен танылды.
7 слайд
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. Айбарлы, қайратты жыртқыш аң – барысқа байланысты қойылған. Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық көрді. Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Бір қызығы Шерхан Мұртаза алдымен жазушылығы мен журналистігі емес, ақындығымен танылды.

8 слайд
Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны
болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы
өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына
барған. Әкесінен ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте
араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен
тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі
балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан
өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен
өтпейді.
- Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген
еңбектері өте көп. Ал әдебиет саласындағы еңбектерін айтқанда
көркем туындыларын ғана айтып қойған жөн болмас. Әдебиетте
көлемді жұмыс ретінде аударма саласын таңдады. Шерхан
Мұртаза әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс
Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне тәржімалады. Қырғыз
жазушысының «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай
жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты
повесть, романдарын орысшадан аударды.
8 слайд
Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесінен ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпейді. - Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Ал әдебиет саласындағы еңбектерін айтқанда көркем туындыларын ғана айтып қойған жөн болмас. Әдебиетте көлемді жұмыс ретінде аударма саласын таңдады. Шерхан Мұртаза әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне тәржімалады. Қырғыз жазушысының «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды.

9 слайд
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына
түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион
халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның
қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер
өзінің сөзі арқылы танылып жатады.Қасіретті қолдан жасап отырған
Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің
көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.
Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда,
ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін
көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.
Қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің
бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастап кешіп отырған
трагедиясы туралы хатын жолдады. Бастапқыда бұл хат И.В. Сталинге
арналып жазылған. «Бесеудің хаты» деген атпен тарихта қалған бұл хат
республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат
ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі
болды.
9 слайд
Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады.Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді. Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді. Қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастап кешіп отырған трагедиясы туралы хатын жолдады. Бастапқыда бұл хат И.В. Сталинге арналып жазылған. «Бесеудің хаты» деген атпен тарихта қалған бұл хат республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды.

10 слайд
№ 1-тапсырма
Шығарманы сатылай кешенді талдау:
Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты»
Авторы: Ш.Мұртаза
Тақырыбы: Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс
саясаты, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын
жазушы Ғ.Мүсірепов бастаған халық қалаулылары ашына
жеткізуі,қуғын-сүргін.
Әдеби жанр: драмалық тарихи туынды.
Эпикалық жанр түрі: пьеса
Негізгі идеясы: ел басына түскен азапты күндер, қолдан
жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.
10 слайд
№ 1-тапсырма Шығарманы сатылай кешенді талдау: Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» Авторы: Ш.Мұртаза Тақырыбы: Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясаты, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов бастаған халық қалаулылары ашына жеткізуі,қуғын-сүргін. Әдеби жанр: драмалық тарихи туынды. Эпикалық жанр түрі: пьеса Негізгі идеясы: ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры.

11 слайд
№ 2-тапсырма
Шығарманың композициялық құрылысы:
1.Шығарманың басталуы: Елдегі қиын жағдайды, аштықты
өз көзімен көруі.
2.Шығарманың дамуы: Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің
Сталинге хат жазуы.
3.Шығарманың байланысуы: Хаттың жолда ұсталуы
4. Шығарманың шиеленісуі: Голощекиннің Сталин
алдындағы есебі коллективизацияны тездетуді тапсырды.
5.Шарықтау шегі: Хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін
Крайкомға,бюроға шақырылуы.
6.Шығарманың шешімі: Бюро шешімімен бесеуінің ату
жазасына кесілуі.
11 слайд
№ 2-тапсырма Шығарманың композициялық құрылысы: 1.Шығарманың басталуы: Елдегі қиын жағдайды, аштықты өз көзімен көруі. 2.Шығарманың дамуы: Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің Сталинге хат жазуы. 3.Шығарманың байланысуы: Хаттың жолда ұсталуы 4. Шығарманың шиеленісуі: Голощекиннің Сталин алдындағы есебі коллективизацияны тездетуді тапсырды. 5.Шарықтау шегі: Хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін Крайкомға,бюроға шақырылуы. 6.Шығарманың шешімі: Бюро шешімімен бесеуінің ату жазасына кесілуі.

12 слайд
№ 3-тапсырма
Шығармадағы кейіпкелер:
1.Жағымды: Тұрар Рысқұлов
Нұрхан ақын
Балым
Хұсни
Ғабит Мүсірепов,
Мансұр Ғатаулин,
Мұташ Дәулетқалиев
Қадыр Қуанышев
Емберген Алтынбеков
Жағымсыз: И.В. Сталин
Ф.И. Голощекин
Құрамысов
Иванов
Жантоқов
Елеусіз
Қарабаев
Исаев
Цербер
12 слайд
№ 3-тапсырма Шығармадағы кейіпкелер: 1.Жағымды: Тұрар Рысқұлов Нұрхан ақын Балым Хұсни Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Мұташ Дәулетқалиев Қадыр Қуанышев Емберген Алтынбеков Жағымсыз: И.В. Сталин Ф.И. Голощекин Құрамысов Иванов Жантоқов Елеусіз Қарабаев Исаев Цербер

13 слайд
№ 4-тапсырма
Әдеби теориялық ұғымдар:
Ирония-жазушысымақ
Теңеу: өрт сөндіретіндей,тұяғы күйген тауықтай
Құбылту: басбұзар ұлтшылдар,қорқаулар,екіжүзділер
Дисфемизм: оңбағандар,өтірікші,жалақор,бәлеқор,
Метафора: қайрат-қыран, қайғы-жылан
Мақал-мәтелдер:«Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау
жаман» /186-б/, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» /190-б/,
«Төременен тіреспе, күштіменен күреспе» /193-б/, «Үрерге иті, сығарға биті
жоқ» /197-б/, «Ат арыса-тулақ, адам арыса-аруақ» /199-б/, «Ораза-намаз
тоқтықта» /200 бет/, «Қайрат-қыран, қайғы -жылан»
13 слайд
№ 4-тапсырма Әдеби теориялық ұғымдар: Ирония-жазушысымақ Теңеу: өрт сөндіретіндей,тұяғы күйген тауықтай Құбылту: басбұзар ұлтшылдар,қорқаулар,екіжүзділер Дисфемизм: оңбағандар,өтірікші,жалақор,бәлеқор, Метафора: қайрат-қыран, қайғы-жылан Мақал-мәтелдер:«Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау жаман» /186-б/, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» /190-б/, «Төременен тіреспе, күштіменен күреспе» /193-б/, «Үрерге иті, сығарға биті жоқ» /197-б/, «Ат арыса-тулақ, адам арыса-аруақ» /199-б/, «Ораза-намаз тоқтықта» /200 бет/, «Қайрат-қыран, қайғы -жылан»

14 слайд
Оқулықпен жұмыс : «Бесеудің
хаты» драмасын рөлдерге бөліп
оқиды.
14 слайд
Оқулықпен жұмыс : «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды.

15 слайд
Драманың жанрлық табиғатын
көрсету. Кестені толтырыңыз.
Сұрақ Жауап Дәлел
Шығарманың идеясы қандай?
Шығарма қандай әдеби жанрда
жазылған?
Драмалық туынды құрылысындағы
ерекшелік неде?
Драматург адам мінезін, бейнелеп
отырған өмір шындығын қалай
көрсете білді?
15 слайд
Драманың жанрлық табиғатын көрсету. Кестені толтырыңыз. Сұрақ Жауап Дәлел Шығарманың идеясы қандай? Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған? Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік неде? Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір шындығын қалай көрсете білді?

16 слайд
Дескриптор
Сұраққа дұрыс жауап береді;
Өз жауабын мысалдармен
дәлелдейді .
16 слайд
Дескриптор Сұраққа дұрыс жауап береді; Өз жауабын мысалдармен дәлелдейді .

17 слайд
Ықтимал жауап
Сұрақ Жауап Дәлел
Шығарманың идеясы қандай? Ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған
аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Шығармада Қазақстанда ХХ ғасырдың басында болған
тәркілеудің зардабы, 1932 жылғы қазақ халқының басына
түскен ауыр қасірет суреттелген
Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған? Драма Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға
арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі,
құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге
жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар. Сюжет
кейіпкерлердің диалогымен ашылады.
Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік
неде? Драмалық туындының ерекшелігі кейіпкерлердің диалогі
мен монологіне құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы
тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-
мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы
керек Автор қазақ халқының бастан кешкен нәубетін, ұлттық
трагедиясын жеткізуде кейіпкерлердің сөздерін шебер
қолданған. Диалог кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ұтымды
ашады.
Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір
шындығын қалай көрсете білді? Драматург өмір шындығын пьеса кейіпкерлерінің сөзі
(диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы көркем аша
білді. Сол кездегі өкімет басшылары мен оның қасындағы
жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттеді. Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол
кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймай, оның
жандүниесін көрсете білді Пьеса тілінен кейіпкерлердің өзіне
лайық мінезін, психологиясын ,өзіндік ерекшеліктерін көреміз
17 слайд
Ықтимал жауап Сұрақ Жауап Дәлел Шығарманың идеясы қандай? Ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Шығармада Қазақстанда ХХ ғасырдың басында болған тәркілеудің зардабы, 1932 жылғы қазақ халқының басына түскен ауыр қасірет суреттелген Шығарма қандай әдеби жанрда жазылған? Драма Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар. Сюжет кейіпкерлердің диалогымен ашылады. Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік неде? Драмалық туындының ерекшелігі кейіпкерлердің диалогі мен монологіне құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас- мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы керек Автор қазақ халқының бастан кешкен нәубетін, ұлттық трагедиясын жеткізуде кейіпкерлердің сөздерін шебер қолданған. Диалог кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ұтымды ашады. Драматург адам мінезін, бейнелеп отырған өмір шындығын қалай көрсете білді? Драматург өмір шындығын пьеса кейіпкерлерінің сөзі (диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы көркем аша білді. Сол кездегі өкімет басшылары мен оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттеді. Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймай, оның жандүниесін көрсете білді Пьеса тілінен кейіпкерлердің өзіне лайық мінезін, психологиясын ,өзіндік ерекшеліктерін көреміз

18 слайд
Драманың тарихи және көркемдік
құндылығын анықтап, баға беріңіздер .
Драманың
тарихи
құндылығы Драманың
көркемдік
құндылығы Сіздің берер
бағаңыз
18 слайд
Драманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, баға беріңіздер . Драманың тарихи құндылығы Драманың көркемдік құндылығы Сіздің берер бағаңыз

19 слайд
Дескриптор:
драманың тарихи
құндылығын анықтайды;
драманың көркемдік
құндылығын анықтайды ;
құндылығына баға береді;
19 слайд
Дескриптор: драманың тарихи құндылығын анықтайды; драманың көркемдік құндылығын анықтайды ; құндылығына баға береді;

20 слайд
Ықтимал жауап
Драманың тарихи құндылығы Драманың көркемдік құндылығы Сіздің берер бағаңыз
Шығарманың құндылығы-
Қазақстандағы ұжымдастыру қасіретін,
1930-1933 жылдардағы ашаршылық
жайлы ашық көрсетуі.
Ұжымдастыру науқаны халқымызды
негізгі кәсібі мал шаруашылығынан
ажыратып, малынан айырған еді.
Малынан айрылған ел жаппай аштыққа
ұрынды. Қолдан ұйымдастырылып,
халқымызды қынадай қырған сол
зымиян саясатқа қарсы шыққан
наразылық хаты сұрапыл кезеңнің
шындығын көрсеткен құжат ретінде
тарихта қалды.
Шығарманың мазмұны нақты тарихи
фактілерге сай жазылған .
Бұл шығарма -тарихи оқиғаны, ел
білген шындықты көркем сөздің
қуатымен оқырманның жүрегіне
жеткізуімен құнды.
Қылышынан қан тамған Сталин
саясатын айыптап, өкімет билігін теріс
пайдаланушыларды ерекше
шеберлікпен әшкерелейді
Қазақтың басына нелер нәубет
келмеді?! Соның ішіндегі сорақысы
қолдан жасалған ашаршылық.
Аштықтан қаншама халық жапа
шекті.Шығармада халықтың тағдыры
мен тұрмысын нанымды көрсетеді.
Ел тағдырына қатысты әлеуметтік
мәселелерді халықтық мүдде
тұрғысынан тамаша толғай біледі. Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес.
Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс
саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің
көрсоқырлығын жазушы ашына жеткізеді.
Бұл қасірет қоғам белсенділерінің қабырғасын
қақыратқаны шындық. Сталинге хат жазған бесеудің
есімі тарихта қалары сөзсіз. Ұлт үшін жасаған азаматтық
қадамы, адамгершілік қасиеті арқылы ұлт зиялысына
айналды. Алаш үшін адамгершіліктен айныған жоқ.
Басын бүркеп, бұқпантайлап билеуші партиядан
жасқанбады
Мүсірепов: «біз,халық қырылып жатқандықтан атыламыз.
Ал,сендер халық қайта тірілгендіктен атыласыңдар!
Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеде де орын
таппай қаласыңдар! »-деп, айтқандай халық тірілді,өз
тәуелсіздігіміз бар, егемен елге айналдық.
Ендеше бұл шығарманың қазақ халқы барда, еңсесі қашан
да биік болмақ
20 слайд
Ықтимал жауап Драманың тарихи құндылығы Драманың көркемдік құндылығы Сіздің берер бағаңыз Шығарманың құндылығы- Қазақстандағы ұжымдастыру қасіретін, 1930-1933 жылдардағы ашаршылық жайлы ашық көрсетуі. Ұжымдастыру науқаны халқымызды негізгі кәсібі мал шаруашылығынан ажыратып, малынан айырған еді. Малынан айрылған ел жаппай аштыққа ұрынды. Қолдан ұйымдастырылып, халқымызды қынадай қырған сол зымиян саясатқа қарсы шыққан наразылық хаты сұрапыл кезеңнің шындығын көрсеткен құжат ретінде тарихта қалды. Шығарманың мазмұны нақты тарихи фактілерге сай жазылған . Бұл шығарма -тарихи оқиғаны, ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен оқырманның жүрегіне жеткізуімен құнды. Қылышынан қан тамған Сталин саясатын айыптап, өкімет билігін теріс пайдаланушыларды ерекше шеберлікпен әшкерелейді Қазақтың басына нелер нәубет келмеді?! Соның ішіндегі сорақысы қолдан жасалған ашаршылық. Аштықтан қаншама халық жапа шекті.Шығармада халықтың тағдыры мен тұрмысын нанымды көрсетеді. Ел тағдырына қатысты әлеуметтік мәселелерді халықтық мүдде тұрғысынан тамаша толғай біледі. Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы ашына жеткізеді. Бұл қасірет қоғам белсенділерінің қабырғасын қақыратқаны шындық. Сталинге хат жазған бесеудің есімі тарихта қалары сөзсіз. Ұлт үшін жасаған азаматтық қадамы, адамгершілік қасиеті арқылы ұлт зиялысына айналды. Алаш үшін адамгершіліктен айныған жоқ. Басын бүркеп, бұқпантайлап билеуші партиядан жасқанбады Мүсірепов: «біз,халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал,сендер халық қайта тірілгендіктен атыласыңдар! Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеде де орын таппай қаласыңдар! »-деп, айтқандай халық тірілді,өз тәуелсіздігіміз бар, егемен елге айналдық. Ендеше бұл шығарманың қазақ халқы барда, еңсесі қашан да биік болмақ

21 слайд
Рефлексия.
Бүгінгі сабақта қандай өмірлік ой түйдім?
C абақта маған тапсырманы орындауға не
көмектесті?
C абақта маған тапсырманы орындауға не
кедергі болды?
Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу
қажет?
21 слайд
Рефлексия. Бүгінгі сабақта қандай өмірлік ой түйдім? C абақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті? C абақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды? Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет?

22 слайд
Үй тапсырмасы
Драманың негізгі идеясын негізге
ала отырып, адамгершілік
құндылық тұрғысынан талдап,
«Алаш арыстарын ардақтау...»
тақырыбында әдеби эссе
жазыңыздар.
22 слайд
Үй тапсырмасы Драманың негізгі идеясын негізге ала отырып, адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, «Алаш арыстарын ардақтау...» тақырыбында әдеби эссе жазыңыздар.