Сөзжасам

#1 слайд
Сөзжасам-тіл білімінің
жеке саласы.
1 слайд
Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы.
#2 слайд
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені
2. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
3. Сөз жасамның негізгі ұғымдары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
2 слайд
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені 2. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі 3. Сөз жасамның негізгі ұғымдары ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер
#3 слайд
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып
танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты.
Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық
бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-
тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы
жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық
үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б
болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді
зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам
жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер
жасау арқылы толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс
болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық
заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып,
дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өзкізіп, қазіргі
қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз
кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейді. Ол тілде
қалыптасқан заңдар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні
студенттерді осы заңдылықтармен таныстырады, ол туралы
нақтылы ғылыми деректер береді.
3 слайд
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал- тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б болып жатқан толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер жасау арқылы толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өзкізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы заңдылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.
#4 слайд
Сөзжасамды
тіл білімінің жеке,дербес саласы
деп тану мәселесі басталғанына
бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды
жеке сала деп тануды орыс
тіл білімінде алғаш ұсынған акам.
В.В. Виноградов болды. В.В.
Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары
ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар
бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970
жылы шыққан “Русская грамматика”
кітабында оны жеке сала ретінде беріп,
сөзжасам тіл білімінің жеке саласы
деген пікірін жария етті.1980жылы
шыққан “Русская грамматикада”
сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл
мәселенің түпкілікті шешілгенін
дәлелдейді.
4 слайд
Сөзжасамды тіл білімінің жеке,дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.
#5 слайд
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып
танылуы – ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-
таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол
туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы
барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан,
басқа салалрымен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды.
Г.О. Винокур
Е. С. Кубряков
Е.А. Земская
Н.Д. Арутюнова
А.Н. Тихонов
5 слайд
Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы – ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір- таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалрымен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Г.О. Винокур Е. С. Кубряков Е.А. Земская Н.Д. Арутюнова А.Н. Тихонов
#6 слайд
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар,
ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам
жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып,
толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі
дәрежеге жеткен.
Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде
қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс
емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де
қатысты.
Тілде жаңа сөз жасаудың
тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан
өзіндік жолы,заңдылығы бар. Тілде
жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан
заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша
жасалады.
6 слайд
Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де қатысты. Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы,заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады.
#7 слайд
Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан
өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан
бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер
бойынша жасалады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері
қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі
тәсілдері мыналар:
синтетикалық тәсіл
аналитикалық тәсіл
лексика-семантикалык тәсіл
7 слайд
Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар: синтетикалық тәсіл аналитикалық тәсіл лексика-семантикалык тәсіл
#8 слайд
Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда
негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі
қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі
тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл
арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады:
1) лексикалық мағыналы сөз;
2) сөзжасамдық жұрнақ.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.
Сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды
түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.
Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау
болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп,
қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан
олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды тұбір атаулының
бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны
"мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды
түбірмен байланысты айтылады.
8 слайд
Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз; 2) сөзжасамдық жұрнақ. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі. Сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады. Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды тұбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.
#9 слайд
Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы,
әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір
негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы,
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы
монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137
туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің
бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы
сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда
қанша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан
байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің
бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ол ұядағы
түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады.
9 слайд
Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы, «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ол ұядағы түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады.
#10 слайд
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе
жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді
тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір
тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай
тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.
Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір
лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады .
Екібастұз
ойтолғау
Нүрдәулет
Қызылорда
баспасөз
он сегіз
келіп кет
10 слайд
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады. Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады . Екібастұз ойтолғау Нүрдәулет Қызылорда баспасөз он сегіз келіп кет
#11 слайд
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер
күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы
сөздерден жасалады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің
бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сезде олардың
әрьдайсысы өзінің жеке түрғандағы мәнін саісгамай, бір тұтас мәнге
көшеді.
Қазақ тілінде аналитикалықтөсіл жиі
қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге,
оның іштей бірнеше түрі бар:
сөзқосым
қосарлау
тіркестіру
қысқарту
11 слайд
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сезде олардың әрьдайсысы өзінің жеке түрғандағы мәнін саісгамай, бір тұтас мәнге көшеді. Қазақ тілінде аналитикалықтөсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: сөзқосым қосарлау тіркестіру қысқарту
#12 слайд
Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның
әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім,
шылау, Үстеу (тіл білімі), қүн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу,
өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бүрыш,
көбейту, қосу, алу (математика) т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға
көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына
ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды.
Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған төсіл,
оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз
мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан
екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-
семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз
табына көшуі,
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз
сөз табының құрамында қалуы
12 слайд
Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі. Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, Үстеу (тіл білімі), қүн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бүрыш, көбейту, қосу, алу (математика) т.б. Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика- семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар: 1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі, 2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы
#13 слайд
СӨЗЖАСАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ
Сөзжасамды
қ үлгі
Сөзжасамды
қ ұя
Сөзжасамды
қ мағына
Сөзжасамды
қ шеп
Сөзжасамды
қ бірлік
Сөзжасамды
қ жұп
Тілдегі
туынды
сөздердің
жиынтығы
Сөздердің
жасалу
жолын
анықтау
Сөзжасам-
дық
бірліктер-
мен тығыз
байланыс-
та
қарастыры
-лады
Тізбектің
соңы
Туынды сөз
жасайтын
тілдік
тұлғалар-
дың
жиынтығы
Сөзжасам--
дық
тұлғадағы
негізделуші
сөзбен
негізделе-
тін сөздің
синтагма-
лық
қатысы
13 слайд
СӨЗЖАСАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ Сөзжасамды қ үлгі Сөзжасамды қ ұя Сөзжасамды қ мағына Сөзжасамды қ шеп Сөзжасамды қ бірлік Сөзжасамды қ жұп Тілдегі туынды сөздердің жиынтығы Сөздердің жасалу жолын анықтау Сөзжасам- дық бірліктер- мен тығыз байланыс- та қарастыры -лады Тізбектің соңы Туынды сөз жасайтын тілдік тұлғалар- дың жиынтығы Сөзжасам-- дық тұлғадағы негізделуші сөзбен негізделе- тін сөздің синтагма- лық қатысы
#14 слайд
Әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. -
Алматы, 1988.
3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
5. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.
6. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.
7. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.
14 слайд
Әдебиеттер: 1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002. 2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. - Алматы, 1988. 3. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999. 4. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003. 5. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982. 6. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002. 7. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.
шағым қалдыра аласыз


