Шұғаның белгісі




1 слайд
Берілген пікір аясында әңгіменің өмірге келуі туралы біліміңізді ортаға
салыңыз, пікіріңізбен бөлісіңіз.
В.Г.Белинский: «Былайша айтқанда, драмаға арқау бола қоймайтын,
романға тапшылық ететін, бірақ ғасырлар бойы бастан кешіріп
болмастай жайттарды қас қағым сәттің өзіне шоғырластыратын
терең мәнді уақиғалар, жағдайлар болады. Әңгіме осындай
құбылыстарды алады да, өзінің тар шеңберіне сыйғызып жібереді», -
дейді. Айтылған пікір аясында сіздің ойыңыз қандай?
1 слайд
Берілген пікір аясында әңгіменің өмірге келуі туралы біліміңізді ортаға салыңыз, пікіріңізбен бөлісіңіз. В.Г.Белинский: «Былайша айтқанда, драмаға арқау бола қоймайтын, романға тапшылық ететін, бірақ ғасырлар бойы бастан кешіріп болмастай жайттарды қас қағым сәттің өзіне шоғырластыратын терең мәнді уақиғалар, жағдайлар болады. Әңгіме осындай құбылыстарды алады да, өзінің тар шеңберіне сыйғызып жібереді», - дейді. Айтылған пікір аясында сіздің ойыңыз қандай?

2 слайд
Оқу мақсаттары Анализ және интерпретация
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс
жазу.
Сабақтың смарт
мақсаты
Шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттеу отырып,
креативті әңгіме жазу.
Бөлім Адам жанының құпиясы
Сабақтың
тақырыбы
Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты
2 слайд
Оқу мақсаттары Анализ және интерпретация 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу. Сабақтың смарт мақсаты Шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттеу отырып, креативті әңгіме жазу. Бөлім Адам жанының құпиясы Сабақтың тақырыбы Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

3 слайд
1-тапсырма. Берілген сұрақтың аясында интерпретация жасаңыз.
Жазушы бұл шығарма арқылы оқырманға қандай ой айтқысы келді?
Интерпретациялауға арналған негізгі ақпараттар:
1.Шығарманың авторы және атауы. Жазылу тарихы, прототиптерді және кімге
арналғанын айтып өту қажет.
2.Шығарма қандай жанрда, қандай бағытта жазылған?
3.Тақырыбы мен идеясы.
4.Сюжеттің негізгі оқиғасы, дамуы.
5.Мәтіндегі көркем бейнелер.
6.Әдеби әдістер – көркемдегіш құралдарды пайдалану, т.б.
7.Прозалық шығарманың тақырыптық ерекшеліктері.
8.Жазушы шығармашылығындағы туындының рөлі.
9.Прозаға жеке пікір.
3 слайд
1-тапсырма. Берілген сұрақтың аясында интерпретация жасаңыз. Жазушы бұл шығарма арқылы оқырманға қандай ой айтқысы келді? Интерпретациялауға арналған негізгі ақпараттар: 1.Шығарманың авторы және атауы. Жазылу тарихы, прототиптерді және кімге арналғанын айтып өту қажет. 2.Шығарма қандай жанрда, қандай бағытта жазылған? 3.Тақырыбы мен идеясы. 4.Сюжеттің негізгі оқиғасы, дамуы. 5.Мәтіндегі көркем бейнелер. 6.Әдеби әдістер – көркемдегіш құралдарды пайдалану, т.б. 7.Прозалық шығарманың тақырыптық ерекшеліктері. 8.Жазушы шығармашылығындағы туындының рөлі. 9.Прозаға жеке пікір.

4 слайд
ТЖ
2-тапсырма. Берілген үлгіні назарға ала отырып, В.Г.Белинскийдің айтқан ойы
бойынша автордың жазу стиліне баға беріңіз.
Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы:
I. Кіріспе (экспозиция)
II. Негізгі бөлім:
а) оқиғаның байланысы;
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері;
б) шешілуі;
III. Қорытынды (эпилог)
4 слайд
ТЖ 2-тапсырма. Берілген үлгіні назарға ала отырып, В.Г.Белинскийдің айтқан ойы бойынша автордың жазу стиліне баға беріңіз. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы: I. Кіріспе (экспозиция) II. Негізгі бөлім: а) оқиғаның байланысы; ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері; б) шешілуі; III. Қорытынды (эпилог)

5 слайд
ТЖ
3-тапсырма. Шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттеп, жоғарыдағы үлгіні
мысалға алып, автор стиліне сүйене отырып, креативті әңгіме жазыңыз. Бүгінгі өзекті
тақырыпты арқау етіңіз. Топтағы ең үздік жұмысты «Автор орындығы» әдісі арқылы
көпшілікке ұсыныңыз.
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Дескриптор:
•автордың жазу стиліне баға береді;
•шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттейді;
•автор стилін сақтай отырып, креативті әңгіме жазды.
5 слайд
ТЖ 3-тапсырма. Шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттеп, жоғарыдағы үлгіні мысалға алып, автор стиліне сүйене отырып, креативті әңгіме жазыңыз. Бүгінгі өзекті тақырыпты арқау етіңіз. Топтағы ең үздік жұмысты «Автор орындығы» әдісі арқылы көпшілікке ұсыныңыз. Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» Дескриптор: •автордың жазу стиліне баға береді; •шығарма авторының стильдік ерекшелігін зерттейді; •автор стилін сақтай отырып, креативті әңгіме жазды.

6 слайд
Кері байланыс
«5 саусақ» әдісі
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық.
Балан үйрек – маған түсініксіз болды.
Ортан терек – маған жеткілікті болмады.
Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім.
Кішкене бөбек – менің ұсынысым.
6 слайд
Кері байланыс «5 саусақ» әдісі Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық. Балан үйрек – маған түсініксіз болды. Ортан терек – маған жеткілікті болмады. Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім. Кішкене бөбек – менің ұсынысым.