Шылау және оның түрлері

#1 слайд
Шылау және оның
түрлері
Орындаған: Азамат Аида
431 топ
1 слайд
Шылау және оның түрлері Орындаған: Азамат Аида 431 топ
#2 слайд
Жоспар:
•
1 ) Бастауыш сыныпта шылауларды
оқыту.
•
2 ) Шылау және оның түрлерін
меңгерту .
2 слайд
Жоспар: • 1 ) Бастауыш сыныпта шылауларды оқыту. • 2 ) Шылау және оның түрлерін меңгерту .
#3 слайд
Шылауды о қытқанда, олар сөз таптарына
жатқанымен басқа сөз таптарындай жеке
тұрғанда олардың толық мағынасы
болмайтынын, арнайы сұраққа жауап
бермейтінін, өздігінен жеке тұрып сөйлем
мүшесі бола алмайтынын байқататын жұмыс
түрлерін жүргізу керек. Сонымен қатар
шылауларды оқытуда оның емлесін меңгерту
маңызды, өйткені шылауларды дұрыс жазбау
сөйлемнің мағынасына нұқсан келтіреді. Бұл
ретте мына үлгідегі тапсырмаларды орындатып,
шылаулармен тұлғалас келетін жалғауларды
ажырата білуге жаттықтыру керек .
3 слайд
Шылауды о қытқанда, олар сөз таптарына жатқанымен басқа сөз таптарындай жеке тұрғанда олардың толық мағынасы болмайтынын, арнайы сұраққа жауап бермейтінін, өздігінен жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтынын байқататын жұмыс түрлерін жүргізу керек. Сонымен қатар шылауларды оқытуда оның емлесін меңгерту маңызды, өйткені шылауларды дұрыс жазбау сөйлемнің мағынасына нұқсан келтіреді. Бұл ретте мына үлгідегі тапсырмаларды орындатып, шылаулармен тұлғалас келетін жалғауларды ажырата білуге жаттықтыру керек .
#4 слайд
Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді
салыстыр
Менде кітап бар.
Суыр тауда, далада
мекендейді.
Динада жақсы кітап
бар.
Сәуле Сарамен бірге
келді.
Мен де оқимын.
Суыр тауда да, далада
да мекендейді.
Дина да жақсы оқиды.
Сәуле мен Сара бір
сыныпта оқиды.
4 слайд
Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыр Менде кітап бар. Суыр тауда, далада мекендейді. Динада жақсы кітап бар. Сәуле Сарамен бірге келді. Мен де оқимын. Суыр тауда да, далада да мекендейді. Дина да жақсы оқиды. Сәуле мен Сара бір сыныпта оқиды.
#5 слайд
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің
араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын,
өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер
үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған,
лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде
толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем
мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән
үстеп тұратын көмекші сөздер.
Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды,
ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін
салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана
ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана
деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі
қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет
атқарып тұр.
5 слайд
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр.
#6 слайд
•
Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек
және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп,
ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра
байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде
мен шылауы қазіргісі деген сөз бен
келешегі деген сөздерді ыңғайластық
мәнде бір бірімен салыстыра
байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай
мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші
сөйлемде ғана шылауы ылғи деген
мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік,
күшейткіш мән үстеп тұр.
6 слайд
• Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
#7 слайд
Септеулік
Жалғаулық ДемеулікШылау
Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі
тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы.
7 слайд
Септеулік Жалғаулық ДемеулікШылау Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы.
#8 слайд
Септеуліктер деп объекті мен объектінің
не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды
білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп
тұратын көмекші сөздерді айтамыз.
Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де
атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік,
қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық
мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.
Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып
жүрген кім? ( Ә. Әбішев ); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп
бара жатыр екен ( Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин ) деген
сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға,
үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлемдердегі ой едәуір өзгеріп
кеткен болар еді.
8 слайд
Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз. Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады. Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? ( Ә. Әбішев ); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен ( Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин ) деген сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлемдердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді.
#9 слайд
•
Атау септікті меңгеретін септеуліктер
Үшін
Сайын
Сияқты
Туралы
Арқылы
Бойы, бойымен
Шамалы, шақты, қаралы
Ғұрлы (ғұрлым)
Барыс септікті меңгеретін септеуліктер
Шейін (дейін)
Қарай, таман
Салым, тарта, жуық, таяу
Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер
Гөрі
Бері
Кейін
Соң
Бұрын
Бетер
Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер
қатар, бірге, қоса
9 слайд
• Атау септікті меңгеретін септеуліктер Үшін Сайын Сияқты Туралы Арқылы Бойы, бойымен Шамалы, шақты, қаралы Ғұрлы (ғұрлым) Барыс септікті меңгеретін септеуліктер Шейін (дейін) Қарай, таман Салым, тарта, жуық, таяу Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер Гөрі Бері Кейін Соң Бұрын Бетер Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер қатар, бірге, қоса
#10 слайд
Демеулік шылау- сөздерді
байланыстырмайды. Тек өзі тіркескен сөзге
қосымша мағына үстейді.
Сұраулық Күшейткіш Белгісіздік Болымсыздық Шектік Нақтылау
ма, ме,
ба, бе, па,
пе, ше - ақ, -ау, -
ай, да, де,
та, те - ау, -мыс,
-міс,
кейде түгіл,
тұрсын,
тұрмақ ғана,т
ек
кейде,
-ақ - ды, -ді,
-ты, -ті,
ғой
Қазір жаңбыр жауып кетсе ше ? Осы сен - ақ бізді
шаршатып бітірдің. Үйге кірген сол- ау деймін. Сен
түгіл мен де бес алған емеспін. Аман есенсің бе ?
Бұл менің ағам ғой . Олар кешке ғана келіп кетті. Бұл
есепті сен тұрмақ мен де шығара алмаймын.
10 слайд
Демеулік шылау- сөздерді байланыстырмайды. Тек өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді. Сұраулық Күшейткіш Белгісіздік Болымсыздық Шектік Нақтылау ма, ме, ба, бе, па, пе, ше - ақ, -ау, - ай, да, де, та, те - ау, -мыс, -міс, кейде түгіл, тұрсын, тұрмақ ғана,т ек кейде, -ақ - ды, -ді, -ты, -ті, ғой Қазір жаңбыр жауып кетсе ше ? Осы сен - ақ бізді шаршатып бітірдің. Үйге кірген сол- ау деймін. Сен түгіл мен де бес алған емеспін. Аман есенсің бе ? Бұл менің ағам ғой . Олар кешке ғана келіп кетті. Бұл есепті сен тұрмақ мен де шығара алмаймын.
#11 слайд
Жалғаулықтар
•
Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең
дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең
бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және
бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы
қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара
тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты
болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп
аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те),
не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ,
алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде,
өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б.
Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас
құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық
қатынаста байланыстырады .
11 слайд
Жалғаулықтар • Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады .
#12 слайд
Жалғаулық шылау - сөздер мен сөйлемдерді
салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады.
Ыңғайласты қ:
және, әрі, да, де,
ма, ме т.б. Қарсылықты:
бірақ, дегенмен,
алайда, сонда, да
т.б. Себеп - салдар:
өйткені, себебі,
сондықтан, сол
үшін т.б. Талғаулықты:
не, немесе, я, я
(не ) , болмаса,
яки т.б.
Кезектес:
кейде, бірде,
біресе Шартты:
егер, де
Қыста және көктемде күн суық болады. Оның ойлағаны болды,
бірақ мәселенің басы шешіле қоймады. Біз ауылға бара алмаймыз,
өйткені демалыс бітіп қалды. Бұл істі я мен бітіремін, я сен
бітіресің. Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.
12 слайд
Жалғаулық шылау - сөздер мен сөйлемдерді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Ыңғайласты қ: және, әрі, да, де, ма, ме т.б. Қарсылықты: бірақ, дегенмен, алайда, сонда, да т.б. Себеп - салдар: өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін т.б. Талғаулықты: не, немесе, я, я (не ) , болмаса, яки т.б. Кезектес: кейде, бірде, біресе Шартты: егер, де Қыста және көктемде күн суық болады. Оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады. Біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды. Бұл істі я мен бітіремін, я сен бітіресің. Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.
#13 слайд
Шылаудың басқа сөз таптарынан
айырмашылығы :
1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы
болмайды.
2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола
алмайды.
3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен
сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы
сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.
4) Шылаулар түрленбейді.
13 слайд
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы : 1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды. 2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. 3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді. 4) Шылаулар түрленбейді.
#14 слайд
•
Шылау сөздер дегеніміз - ішкі
мазмұндары жағынан да, сыртқы
формалары жағынан да, сондай-ақ,
қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы
шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп,
әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де
дербестіктерінен айырылып, өз алдына
категория болып қалыптасқан және
жалпы көмекші сөздер тобына негізгі
ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.
14 слайд
• Шылау сөздер дегеніміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.
#15 слайд
Тапсырма бойынша дескриптор құрастырыңдар :
15 слайд
Тапсырма бойынша дескриптор құрастырыңдар :
#16 слайд
16 слайд
#17 слайд
•
Тапсырма:
•
1) Үстеу және шылауларды оқыту
әдістемесі бойынша көрнекіліктер әзірлеу
(Бастауыш сынып оқулықтарындағы
материалдар бойынша).
•
2) Үстеу тақырыбына ҚМЖ, Шылау
тақырыбына ҚМЖ (3,4- сынып қазақ тілі).
•
3)Үстеу оның түрлерінің зерттелу тарихы.
•
4) Шылау,оның түрлерінің зерттелу.
17 слайд
• Тапсырма: • 1) Үстеу және шылауларды оқыту әдістемесі бойынша көрнекіліктер әзірлеу (Бастауыш сынып оқулықтарындағы материалдар бойынша). • 2) Үстеу тақырыбына ҚМЖ, Шылау тақырыбына ҚМЖ (3,4- сынып қазақ тілі). • 3)Үстеу оның түрлерінің зерттелу тарихы. • 4) Шылау,оның түрлерінің зерттелу.
шағым қалдыра аласыз













