Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шылау, олардың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге, студенттерге, оқушыларға арналаған
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркеске

#1 слайд
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Шылау

1 слайд

Шылау сөздер Септеулік Жалғаулық Демеулік Белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп,сөздерді сабақтастыра байланыст

#2 слайд
Шылау сөздер Септеулік Жалғаулық Демеулік Белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп,сөздерді сабақтастыра байланыстырады: арқылы, дейін, шейін, жайында, бері, қатар, қабат, т.б. Мыс: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды-ертегіні термек үшін. Сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырады : мен, бен, пен, да, де, та, те, және, әрі, немесе, кейде, себебі, сондықтан, т.б. Мыс: Жанат пен Жомарт әңгімелесіп тұр. Сөз бен сөзді сөйлемдерді байланыстырмайд ы. Өзі тіркескен сөзге мағына үстейді: ма, ме, ба, бе, ше, -ақ, -ау, -ай, ғана, кейде, тек, т.б. Мыс: Құс екеш құс та балапанын қияға ұшырып үйретеді.

2 слайд

Салаластың түрлері Жалғаулық шылаулары Тыныс белгісі Ыңғайлас Да, де, та, та, жіне,әрі , Себеп-салдар Сондықтан, себеб

#3 слайд
Салаластың түрлері Жалғаулық шылаулары Тыныс белгісі Ыңғайлас Да, де, та, та, жіне,әрі , Себеп-салдар Сондықтан, себебі, өйткені, неге десеңіз, т.б. , : Қарсылықты Бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, т.б. , - Түсіндірмелі Сонша, сондай, сншалықты : - Талғаулы Болмаса, әйтпесе, не , Кезектес Бірде, біресе, кейде ,

3 слайд

Ереже Демеулік шылауМысалы Сұраулық Ма, ме, ба, бе, па, пе, ше Жаңбыр жауса ше? Әсеттің бе? Күшейткіш -ақ, -ау, -ай, әсіресе

#4 слайд
Ереже Демеулік шылауМысалы Сұраулық Ма, ме, ба, бе, па, пе, ше Жаңбыр жауса ше? Әсеттің бе? Күшейткіш -ақ, -ау, -ай, әсіресе, да, де, та, те Осы сен-ақ бізді шаршатып бітірдің. Болжалдық -ау, -мыс, -міс, кейде Ертеде бір әулие кісі болыпты-мыс Болымсыздық Түгіл, тұрсын, тұрмақ Сен түгіл мен де бес алған емеспін Шектік Ғана, қана, тек, -ақСол ғана келді. Мен-ақ білем. Нақтылау Қой, ғой, -ды, -ді, - ты,, -ті Бұл оқиға бұрын болған-ды.

4 слайд

Септіктер Септеулік шылауМысалы Атау септігіне қатысты Туралы, арқылы, үшін, сияқты, сайын, шақты Отан үшін отқа түс – күй

#5 слайд
Септіктер Септеулік шылауМысалы Атау септігіне қатысты Туралы, арқылы, үшін, сияқты, сайын, шақты Отан үшін отқа түс – күймейсің. Барыс сертігіне қатысты Дейін, шейін, таман, тарта, қарай Түске дейін мектепте боламын. Шығыс септігіне қатысты Кейін, соң, әрі, гөрі, бері Сабақтан кейін үйірмеге барамын. Көмектес септігіне қатысты Бірге, қатар, қабат, қоса Досыммен бірге сабаққа келдім.

5 слайд

1. Және, мен, (бен, пен) шылауларының емлесі. •Және, мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай мүшелер мен ынгайлас мәнді

#6 слайд
1. Және, мен, (бен, пен) шылауларының емлесі. •Және, мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай мүшелер мен ынгайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, қайталанбай колданылды. Сондықтан бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды •Мен (бен, пен) жалғаулығы түбірге қосылып жазылатын көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас. Оларды бір-бірінен ажыратудың жолы мынадай. Көмектес септік жалғауын сөйлемде түсіріп айтуға болмайды. Ал мен (бен, пен) жалғаулығын түсіріп айтуға да (онда жалғаулықтың орнына үтір қойылады), басқа жалғаулықпен (мысалы, және, немесе да, де, та, те) ауыстырып айтуға да болады. •Мен (бен, пен) жалғаулыгы байланыстырған бірыңғай сөздердің алдыңғысындағы септік жалғауы түсіріліп айтыла береді. •Және, мен (бен, пен) жалғаулықтары бірнеше бірыңғай мүшелердің соңгы екеуінің арасын байланыстырады немесе бірыңғай мүшелерді екі- екіден топтап барып байланыстырады . Мысалы: Жомарттың бүгін жүре қоярлық ниеті жоқ еді және онын ниетіне қарай даяр көлік те болмайды. (Ғ. Мұст.) Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі құрау (А). Мысалы: Жақсымен жанас деген сөйлемді жақсы жанас деп,— мен тұлғасынсыз (көмектес септігінсіз) айтуга болмайды. Жақсылық пен жамандық кейін алдыңнан кайтады деген сөйлемді, жақсылық, жамандық кейін алдыңнан қайтады деп те, Жақсылық және жамандык, кейін алдыңнан қайтады немесе Жақсылық та, жамандық та кейін алдыңнан кайтады деп те айтуға бола береді. Мысалы: Алыс пен жақынды жортқан білер (макал). Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа деген сөйлемдерде алыс сөзі табыс септікте (алысты), әке сөзі ілік септікте (әкенің) тұрғаны белгілі. Мысалы: Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі құрау (А). Омар, Оспан және Ахмет — үшеуі сабақ оқып отыр. Күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық алыс пен жеңіс, жеңіліс пен жетістік болмаса, бұл шіркіннің өзі де тоңған мұз, ұйыған айран емес пе? (Ғ. М.).

6 слайд

2. Да, (де, та, те) шылауының емлесі. Бұл шылау өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойын

#7 слайд
2. Да, (де, та, те) шылауының емлесі. Бұл шылау өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде де, бірде та, бірде те болып өзгеріп отырады. Да (де, та, те) бірде жалғаулык, бірде демеулік ретінде қолданылып, өзі қатысты я байланыстырып тұрған сөзден бөлек жазылады. Егер өзі қатысты сөзге күшейткіш мән үстеп қана тұрса, онда ол — демеулік те, ыңғайластық мәңде сөздерді я сөйлемдерді байланыстырып тұрса, онда ол — жалғаулық. Демеулік мәнінде бұл шылау қайталанбай, бір ғана сөздің жетегіңде тұрады да, жалғаулық мәнінде ол көбіне кайталанып келіп, не кейде қайталанбаса да екі сөзге я сөйлемге ортақ болып отырады немесе оны басқа жалғаулыкпен ауыстыруга болады. Да (де, та, те) жалғаулығы да, демеулігі де сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен ұқсас келеді. Жатыс септік жалғауы (-да, - де, -та, -те) сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал да (де, та, те) шылауы бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан (А). Сөйлемдегі де демеулік, сен деген сөзге ғана қатысты болып, оған күшейткіш мағына үстеп тұр, ал та — жалғаулық, ол тап және бар қалан деген бірыңгай баяндауыштарды ыңғайластыра (бірінен кейін бірі болған қимыл) байланыстырып тұр. Бұны қайталап та (тап та, бар да қалан түрінде) қолдануға болады Мысалы, жоғарыдағы сөйлемді Сен бір кірпіш дуниеге, кетігін тап (және) бар қалан деп айтуға болса, Жасымда ғылым бар деп ескермедім (А). дегенді жасым ғылым бар деп ескермедім деп, жасымда сөзіндегі - да жатыс септігін түсіріп айтуға болмайды.

7 слайд

3. Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі. ●Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы

#8 слайд
3. Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі. ●Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасаудың бір жолы болып табылады да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады ●Ма, ме, ба, бе, па, пе демеулігі кейде әр бірыңғай мүшеден кейін қайталанып та жұмсала береді. ● Көбінесе бұл шылау сөйлемнің баяңдауыш ынан кейін келеді. ●Кейде бұл шылау жіктік жалғауынан бұрын да келеді. Ондайда оның тұлғасы -мы, -мі, -бы, -бі, - пы, -пі болып өзгеріп, сөзбен қосылып бірге жазылады да, одан кейін жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы: Бұрын мұндай самғарлық күйіміз мұндай болды ма? (Н. Б.) Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе деген болымсыз етістік жасайтын жұрнақпен ұқсас келеді. Бірақ шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып, бұйрықты мағынаны білдіріп, бірге жазылады. Мысалы: Ғылым таппай мақтанба! (А). Ақын аты ақын ба, Құрғақ сөзбен мақтаса? (Ж.) Мысалы: Ерте ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма сен де барыңды бересің (Ғ. М.). Мысалы: Аңсаған шелде су тапса, Бас қоймай ма бастауға? (А). Мысалы: Баласысың ба?— Баласымысың? Көресің бе? — Көремісің? Жақсысың ба?— Жақсымысың? Келгенсің бе?— Келгенбісің?

8 слайд

4. Дефис арқылы жазылатын шылаулар. ●Тілімізде -ақ, -ай, -ау, -мыс, (-міс), -ды, (-ді) демеуліктері өзі шылауы

#9 слайд
4. Дефис арқылы жазылатын шылаулар. ●Тілімізде -ақ, -ай, -ау, -мыс, (-міс), -ды, (-ді) демеуліктері өзі шылауында жұмсалған яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис (-) аркылы жазылады. Мысалы: Өзің-ақ бар! Күннің суығын-ай! Орнын жаңа тауыпты- ау! Кісілер келді-ау деймін. «Үйлесер едік» деп айтады-мыс (Б. М.) Олар елге пана-ды (Н. Б.) Осындай көп хабарға қанып келген-ді. (М. Ә.)

9 слайд

Файл форматы:
pptx
27.12.2018
5796
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі