Табиғат құбылыстары - Абай поэзиясында

#1 слайд
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: «Табиғат құбылыстары - Абай
поэзиясында »
“ Үлкенбөкен мектеп балабақша
кешені ” КММ
Орындаған: 7 “А” сынып оқушысы
Серікбеков Темірлан
Жетекшісі: физика пәні мұғалімі
Калиева К.Т.
Үлкенбөкен ауылы
2018-2019 оқу жылы
1 слайд
Ғылыми жұмыс Тақырыбы: «Табиғат құбылыстары - Абай поэзиясында » “ Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені ” КММ Орындаған: 7 “А” сынып оқушысы Серікбеков Темірлан Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Калиева К.Т. Үлкенбөкен ауылы 2018-2019 оқу жылы
#2 слайд
Жұмыстың мақсаты: Абайдай ұлы ақынның
поэзиясынан табиғат құбылыстарын іздеу.
Міндеттері: Абайдың жыл мезгілдеріне арнап
жазған өлеңдерінен табиғат
құбылыстарын,тылсым құпиясын және тіршілік
сырларын сипаттап жазу.
Зерттеу бағыты- физика пәні арқылы табиғат
құбылыстарының түрлеріне тоқталамын.Өлең
жолдарынан табиғаттағы жыл мезгілдерінің
қалай өзгеретінін ғылыми тұрғыдан дәлелдеймін.
Пәнаралық байланыс: көркем
әдебиет,жаратылыстану,физика,география.
Зерттелетін нысан: Ұлы ақынның жыл
мезгілдеріне арнап жазған өлеңдері.
2 слайд
Жұмыстың мақсаты: Абайдай ұлы ақынның поэзиясынан табиғат құбылыстарын іздеу. Міндеттері: Абайдың жыл мезгілдеріне арнап жазған өлеңдерінен табиғат құбылыстарын,тылсым құпиясын және тіршілік сырларын сипаттап жазу. Зерттеу бағыты- физика пәні арқылы табиғат құбылыстарының түрлеріне тоқталамын.Өлең жолдарынан табиғаттағы жыл мезгілдерінің қалай өзгеретінін ғылыми тұрғыдан дәлелдеймін. Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет,жаратылыстану,физика,география. Зерттелетін нысан: Ұлы ақынның жыл мезгілдеріне арнап жазған өлеңдері.
#3 слайд
Өзектілігі: Адам-табиғаттың ажырамас
бөлігі.Мұны терең түсінген сыршыл ақын өз
өлеңдерінен осы тақырыпқа орын берді және
табиғатқа деген қамқорлық,туған жерге деген
махаббаты арқылы қоршаған ортаны аялау,қорғау
туралы ой айтады.
Мен де осы тақырыпты негізге ала отырып,Абай
поэзиясынан табиғат құбылыстарын
зерттемекпін.
Зерттеу әдістері: іздену, оқу, талдау, зерттеу,
салыстыру, жүйелеу, ғылыми дәйектемелерді
келтіру
3 слайд
Өзектілігі: Адам-табиғаттың ажырамас бөлігі.Мұны терең түсінген сыршыл ақын өз өлеңдерінен осы тақырыпқа орын берді және табиғатқа деген қамқорлық,туған жерге деген махаббаты арқылы қоршаған ортаны аялау,қорғау туралы ой айтады. Мен де осы тақырыпты негізге ала отырып,Абай поэзиясынан табиғат құбылыстарын зерттемекпін. Зерттеу әдістері: іздену, оқу, талдау, зерттеу, салыстыру, жүйелеу, ғылыми дәйектемелерді келтіру
#4 слайд
1. Абай Құнанбаев « Қансонарда бүркітші шығады
аңға» деген өлеңіне талдаулар.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір
ғанибет
Ыңғайлы ықшам киім аңшы
адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында,қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
4 слайд
1. Абай Құнанбаев « Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңіне талдаулар. Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда. Бүркітші тау басында,қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
#5 слайд
Зерттеулік талдаулар:
1.Мұнда күз мезгілі қыс мезгілімен ауысқалы жатқан кездегі өліара уақыт.Жердің Күнді бір жыл
бойы айналуға таяған уақытты сипаттайды.
2.Ауа райы суынғанда жер бетіне жаңбыр емес,ақ ұлпа жеңіл қар қиыршықтары түседі.Бұл
жерде температураның біртіндеп төмендеуінен осы қансонарға әкеледі.
3.Түні бойы жортқан аңдардың іздері қар бетіне түсіп,траектория сызады.Осы іздердің құпиясын
білетін әккі аңшылар ізге қарап қай аң,қалай қарай кеткенін,бағытын,тіпті жаралы ма,күшті ме
анықтап,қай жерге барып жасырынғанына дейін біліп отырады.
4.Бүркітші тау басында күтеді.Қағушы ойда дегені – аңшы бүркіттің басындағы томағасын
сыпырғанда бүркіт шаңқылдап,көздері жайнап қиырда қашып бара жатқан қыр түлкісін немесе
қоян,қасқырларды бірден көреді де,аспанға тік көтеріліп,аңына биік аспаннан құлдырап жерге
шүйлігеді.Оның көзі өте өткір болады.Бұл жерде механикалық қозғалыстардың бірнеше
мысалдарын келтіруге болады.Олар: аңшының шоқырақтап атпен тауға көтерілуі,бүркіттің
аспанға көтеріліп,биіктен шүйлігіп төменге құлауы,қашқан аңның бүркітке алдырмай салаң етіп
жортуы,тіршілік үшін жанталасқан түз тағысы мен аспан тағысының айқасы ақын тілімен шебер
суреттелген.Қанның ақ қарға тамып қызыл түске боялуын қансонар деп бекерге
айтпаған.Халқымыздың ұмыт бола бастаған осы саятшылық пен құсбегілік тәуелсіздік алғаннан
кейін кең қанат жая бастады.Қазір жойылуға шақ қалған ұлтымыздың мақтанышы құмай тазылар
мен сырттан,төбет иттерін асырап,аңшылыққа баулып жүрген азаматтар,бүркіт пен сұңқарларды
баулып жүрген құсбегілер арамызда көбейіп келеді.
5 слайд
Зерттеулік талдаулар: 1.Мұнда күз мезгілі қыс мезгілімен ауысқалы жатқан кездегі өліара уақыт.Жердің Күнді бір жыл бойы айналуға таяған уақытты сипаттайды. 2.Ауа райы суынғанда жер бетіне жаңбыр емес,ақ ұлпа жеңіл қар қиыршықтары түседі.Бұл жерде температураның біртіндеп төмендеуінен осы қансонарға әкеледі. 3.Түні бойы жортқан аңдардың іздері қар бетіне түсіп,траектория сызады.Осы іздердің құпиясын білетін әккі аңшылар ізге қарап қай аң,қалай қарай кеткенін,бағытын,тіпті жаралы ма,күшті ме анықтап,қай жерге барып жасырынғанына дейін біліп отырады. 4.Бүркітші тау басында күтеді.Қағушы ойда дегені – аңшы бүркіттің басындағы томағасын сыпырғанда бүркіт шаңқылдап,көздері жайнап қиырда қашып бара жатқан қыр түлкісін немесе қоян,қасқырларды бірден көреді де,аспанға тік көтеріліп,аңына биік аспаннан құлдырап жерге шүйлігеді.Оның көзі өте өткір болады.Бұл жерде механикалық қозғалыстардың бірнеше мысалдарын келтіруге болады.Олар: аңшының шоқырақтап атпен тауға көтерілуі,бүркіттің аспанға көтеріліп,биіктен шүйлігіп төменге құлауы,қашқан аңның бүркітке алдырмай салаң етіп жортуы,тіршілік үшін жанталасқан түз тағысы мен аспан тағысының айқасы ақын тілімен шебер суреттелген.Қанның ақ қарға тамып қызыл түске боялуын қансонар деп бекерге айтпаған.Халқымыздың ұмыт бола бастаған осы саятшылық пен құсбегілік тәуелсіздік алғаннан кейін кең қанат жая бастады.Қазір жойылуға шақ қалған ұлтымыздың мақтанышы құмай тазылар мен сырттан,төбет иттерін асырап,аңшылыққа баулып жүрген азаматтар,бүркіт пен сұңқарларды баулып жүрген құсбегілер арамызда көбейіп келеді.
#6 слайд
2. Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңіне зерттеулік талдаулар.
Ақ киімді,денелі,ақ сақалды,
Соқыр,мылқау,танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау,түсі суық,
Басқан жері сықырлап,келіп қалды.
Дем алысы-үскірік,аяз бен қар
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе,қар жауып,мазаңды
алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
6 слайд
2. Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңіне зерттеулік талдаулар. Ақ киімді,денелі,ақ сақалды, Соқыр,мылқау,танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау,түсі суық, Басқан жері сықырлап,келіп қалды. Дем алысы-үскірік,аяз бен қар Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе,қар жауып,мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
#7 слайд
Зерттеулік талдаулар:
1.Бұл өлеңде қыс мезгілі керемет өлең жолдарымен,әдемі теңеулермен,бейнелі көркем
сөздермен әсерлі жазылған.Ақын қысты ақ киімді,денелі,ақ сақалды кәрі шалға құдаға
теңейді.Себебі қыста өте төмен суық температура болғанда жаңбыр емес қар жауады.Жер ақ
көрпеге оранады.
2.Жаз кетіп,қыс келуі Жердің Күнді айналуынан болады.Жылы ауа кетеді,суық ауа жылжып
келгенде ақын осы қозғалысты түсі суық,ақ қырау деп басқан жері сықырлап келіп қалды деп
сипаттайды.Негізінде сықырлап келіп тұрған үскірік аязды айтып тұр.Суық желмен бірге қайта-
қайта қар жауып,адамдардың мазасын алатын уақыт.
3. Өлеңдегі ұшпадай бөрік кигені-ақын аспандағы шоқ-шоқ болып жөңкіген ақша бұлттарды
айтып тұр.Олар бастарын сілкігенде,қар жауып,адамдардың берекесін алып тұр.Ақын бұл
жерде қысқы тіршіліктің қиындығын да көрсетіп тұр.Қатал қыстың өз тіршілік заңы бар.Ол
мылқау,соқыр деп жан-жануарлар мен адамдарды аямайтынын ескертеді.Сондықтан
адамдарға қыстың қамын ерте ойлауға шақырады.
4.Ал боран қатты соққанда ашуланып алты қанат ақ орданы орнынан қозғап шайқалды деуден
желдің екпіні кереметтей күшті екенін көреміз. Осыған менің тағы бір дәлелді келтіргім
келеді.Ол атақты жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді келтірейін.
«Шыңғыс тауының басында үнемі жел соғып тұрады.Көктемде ол тауды қардан тазалайды.Ал
қыста жайылымдағы қарды үрлеп,малшыларға көмектеседі.Кейде оның күші орасан
болады.Қыраттардан тасты домалатып,биік шөптерді тамырымен жұлып кетеді»Бұл үзінді
ақынның туған жері атақты Шыңғыстаудағы күшті желді айтып тұр.Ақын бала кезінен бұл
желді көріп өсті.Сондықтан оны өлеңде «Дем алысы- үскірік,аяз бен қар.Кәрі құдаң – қыс келіп
әлек салды» - деп жанды адамға теңейді. «Бұлттай қасы жауып екі көзін,Басын сіліксе,қар
жауып.мазаңды алды» - деп ерекше қатал етіп көрсетеді.Келіспеске амалың жоқ.Ақын
табиғаттағы тосын мінезді кәрі құдаға ашуланшақ,ешкімді аямайтын ақ сақалды қарияға теңеп
тұр.Не деген шеберлік десеңшіІ
7 слайд
Зерттеулік талдаулар: 1.Бұл өлеңде қыс мезгілі керемет өлең жолдарымен,әдемі теңеулермен,бейнелі көркем сөздермен әсерлі жазылған.Ақын қысты ақ киімді,денелі,ақ сақалды кәрі шалға құдаға теңейді.Себебі қыста өте төмен суық температура болғанда жаңбыр емес қар жауады.Жер ақ көрпеге оранады. 2.Жаз кетіп,қыс келуі Жердің Күнді айналуынан болады.Жылы ауа кетеді,суық ауа жылжып келгенде ақын осы қозғалысты түсі суық,ақ қырау деп басқан жері сықырлап келіп қалды деп сипаттайды.Негізінде сықырлап келіп тұрған үскірік аязды айтып тұр.Суық желмен бірге қайта- қайта қар жауып,адамдардың мазасын алатын уақыт. 3. Өлеңдегі ұшпадай бөрік кигені-ақын аспандағы шоқ-шоқ болып жөңкіген ақша бұлттарды айтып тұр.Олар бастарын сілкігенде,қар жауып,адамдардың берекесін алып тұр.Ақын бұл жерде қысқы тіршіліктің қиындығын да көрсетіп тұр.Қатал қыстың өз тіршілік заңы бар.Ол мылқау,соқыр деп жан-жануарлар мен адамдарды аямайтынын ескертеді.Сондықтан адамдарға қыстың қамын ерте ойлауға шақырады. 4.Ал боран қатты соққанда ашуланып алты қанат ақ орданы орнынан қозғап шайқалды деуден желдің екпіні кереметтей күшті екенін көреміз. Осыған менің тағы бір дәлелді келтіргім келеді.Ол атақты жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан үзінді келтірейін. «Шыңғыс тауының басында үнемі жел соғып тұрады.Көктемде ол тауды қардан тазалайды.Ал қыста жайылымдағы қарды үрлеп,малшыларға көмектеседі.Кейде оның күші орасан болады.Қыраттардан тасты домалатып,биік шөптерді тамырымен жұлып кетеді»Бұл үзінді ақынның туған жері атақты Шыңғыстаудағы күшті желді айтып тұр.Ақын бала кезінен бұл желді көріп өсті.Сондықтан оны өлеңде «Дем алысы- үскірік,аяз бен қар.Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды» - деп жанды адамға теңейді. «Бұлттай қасы жауып екі көзін,Басын сіліксе,қар жауып.мазаңды алды» - деп ерекше қатал етіп көрсетеді.Келіспеске амалың жоқ.Ақын табиғаттағы тосын мінезді кәрі құдаға ашуланшақ,ешкімді аямайтын ақ сақалды қарияға теңеп тұр.Не деген шеберлік десеңшіІ
#8 слайд
3. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі.
Желсіз түнде жарық
ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны терең
сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
8 слайд
3. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі. Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.
#9 слайд
Зерттеулік талдаулар:
1.Бұл өлең көктемдегі түнгі уақытты әнге қосып
тұр.Ұлы ақын сыршыл лирик ақын болған.Көп
өлеңдеріне ән шығарған.Жасыл жер жүзі түнде
көрінбейді.Түнде аспанда айды көреміз.
2.Ақын жарық құбылысын шебер суреттейді.Ауылдың
жанындағы тасыған өзенге түскен айдың сәулесі
шағылып,судың қозғалысымен дірілдеп тұрғанына
дейін жүрегімен сезеді.
3.Ақын дыбыстардың түнде жақсы естілетінін де
керемет сипаттайды.Тасыған өзеннің күрілдеген
даусын,алыстағы жапырақтардың өз-өздері болып
сыбырласуына дейін назардан қалдырмайды.Оның
себебі –жел тымық кезде түнде дауыс қатты
естіледі.Кедергі аз болып,ауа бөлшектері
жылдамырақ қозғалады.
9 слайд
Зерттеулік талдаулар: 1.Бұл өлең көктемдегі түнгі уақытты әнге қосып тұр.Ұлы ақын сыршыл лирик ақын болған.Көп өлеңдеріне ән шығарған.Жасыл жер жүзі түнде көрінбейді.Түнде аспанда айды көреміз. 2.Ақын жарық құбылысын шебер суреттейді.Ауылдың жанындағы тасыған өзенге түскен айдың сәулесі шағылып,судың қозғалысымен дірілдеп тұрғанына дейін жүрегімен сезеді. 3.Ақын дыбыстардың түнде жақсы естілетінін де керемет сипаттайды.Тасыған өзеннің күрілдеген даусын,алыстағы жапырақтардың өз-өздері болып сыбырласуына дейін назардан қалдырмайды.Оның себебі –жел тымық кезде түнде дауыс қатты естіледі.Кедергі аз болып,ауа бөлшектері жылдамырақ қозғалады.
#10 слайд
4. «Жазғытұры» өлеңіне талдау.
Жазғытұры қалмайды қыстың
сызы,
Масатыдай құлпырар жердің
жүзі.
Жан-жануар,адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Түйе боздап,қой қоздап- қора да шу,
Көбелекпен,құспенен сай да ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда
Сыбдыр қағып,бұраңдап,ағады су.
10 слайд
4. «Жазғытұры» өлеңіне талдау. Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар,адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі. Түйе боздап,қой қоздап- қора да шу, Көбелекпен,құспенен сай да ду-ду. Гүл мен ағаш майысып қарағанда Сыбдыр қағып,бұраңдап,ағады су.
#11 слайд
Зерттеулік талдаулар:
1.Жазғытұрым –бұл қыс кетіп,қар еритін мезгіл.Күннің суығы
кетіп,күн сәулесін молдау төгетін кез.Қыстан сүйретіліп шыққан
жан-жануарлар,адам баласы күнге жылынып,арқасын тосып
табиғат –анадан бір мейірім,жылулық күтеді.Ал күннің көзін ақын
ата-анадай елжіреп шуақ шашқан деп сипаттайды.Себебі-
көктемде күн ұзарады,түн қысқара бастайды.Күн Жерге
жақындаған сайын жылуы мол бола бастайды.
2.Табиғат жанданады.Қар кетісімен жер күннен жылу,ылғал алып
көк шөп масатыдай құлпырып кетеді.Ақын Күнді –тіршілік көзі деп
санайды.Осы уақыттағы тіршілікті керемет суреттейді.
3.Көктемде мал төлдейді.Қорадағы сансыз ауадағы дыбыстарды
у-шу немесе ду-ду дейді.Көбелектің ұшуын оны қуалаған
балалардың ойынын,құстардың ұя салуын,жұмыртқа іздеген
балалардың әрекетін,қыз-келіншектердің әдемі көйлектерін киіп
мәз болған түріне дейін қаз-қалпында жеткізеді.
11 слайд
Зерттеулік талдаулар: 1.Жазғытұрым –бұл қыс кетіп,қар еритін мезгіл.Күннің суығы кетіп,күн сәулесін молдау төгетін кез.Қыстан сүйретіліп шыққан жан-жануарлар,адам баласы күнге жылынып,арқасын тосып табиғат –анадан бір мейірім,жылулық күтеді.Ал күннің көзін ақын ата-анадай елжіреп шуақ шашқан деп сипаттайды.Себебі- көктемде күн ұзарады,түн қысқара бастайды.Күн Жерге жақындаған сайын жылуы мол бола бастайды. 2.Табиғат жанданады.Қар кетісімен жер күннен жылу,ылғал алып көк шөп масатыдай құлпырып кетеді.Ақын Күнді –тіршілік көзі деп санайды.Осы уақыттағы тіршілікті керемет суреттейді. 3.Көктемде мал төлдейді.Қорадағы сансыз ауадағы дыбыстарды у-шу немесе ду-ду дейді.Көбелектің ұшуын оны қуалаған балалардың ойынын,құстардың ұя салуын,жұмыртқа іздеген балалардың әрекетін,қыз-келіншектердің әдемі көйлектерін киіп мәз болған түріне дейін қаз-қалпында жеткізеді.
#12 слайд
5. Абай Құнанбаев «Күз» өлеңіне талдау.
Сұр бұлт,түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып,дымқыл тұман жерді
басқан.
Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,
Жылқы ойнап,бие қашқан,тай
жарысқан.
Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш,қурай.
12 слайд
5. Абай Құнанбаев «Күз» өлеңіне талдау. Сұр бұлт,түсі суық қаптайды аспан, Күз болып,дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма, Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан. Жасыл шөп,бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес,жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш,қурай.
#13 слайд
Зерттеулік талдаулар:
1.Күзде күн суытады.Температура төмен болғандықтан ауада сыз
болады.Аспанда үнемі сұр,қара қошқыл бұлттар жиналып,жаңбыр
жиі жауады.Себебі –түн суық болады да,суық ауа аспанға
барады.Таңертең ауа дымқыл болып,тұман жиілейді.Яғни
конденсация құбылысын ақын сұр бұлт,түсі суық қаптайды
аспан...деп асқан шеберлікпен дәл суреттеген.
2. Күзде жасыл шөп,бәйшешек қурап,ағаштар жапырағынан
айрылады.Яғни жасыл түс ақын тілімен айтсақ жер беті сұрқай
тартады.Жер тозып,оты жоқ,жел соқса,шаң-тозаң көтеріледі дейді.
3. Қаз-тырналар жылы жаққа ұшады.Тіршілік те сұрқай
тартады.Ақын адамдардың қыстың келуіне дайындалып,киіз үйлерін
шуда жіппен жамайды.Бұл жерде қойдың,түйенің жүні асқан жылу
өткізгіш екендігін ескеруіміз керек.Ата-бабаларымыз мұны ертеден
білген.Сондықтан қойдың жүнінен киіз үйді жабуға
жабу,сырмақ,текемет секілді бұйымдар дайындаған.Жүн арасында
ауа бөлшектері жылуды сыртқа шығармайды.Сондықтан суықтан
қорғану үшін жүннен тоқылған киім-кешектерді әлі күнге дейін
пайдаланамыз.
13 слайд
Зерттеулік талдаулар: 1.Күзде күн суытады.Температура төмен болғандықтан ауада сыз болады.Аспанда үнемі сұр,қара қошқыл бұлттар жиналып,жаңбыр жиі жауады.Себебі –түн суық болады да,суық ауа аспанға барады.Таңертең ауа дымқыл болып,тұман жиілейді.Яғни конденсация құбылысын ақын сұр бұлт,түсі суық қаптайды аспан...деп асқан шеберлікпен дәл суреттеген. 2. Күзде жасыл шөп,бәйшешек қурап,ағаштар жапырағынан айрылады.Яғни жасыл түс ақын тілімен айтсақ жер беті сұрқай тартады.Жер тозып,оты жоқ,жел соқса,шаң-тозаң көтеріледі дейді. 3. Қаз-тырналар жылы жаққа ұшады.Тіршілік те сұрқай тартады.Ақын адамдардың қыстың келуіне дайындалып,киіз үйлерін шуда жіппен жамайды.Бұл жерде қойдың,түйенің жүні асқан жылу өткізгіш екендігін ескеруіміз керек.Ата-бабаларымыз мұны ертеден білген.Сондықтан қойдың жүнінен киіз үйді жабуға жабу,сырмақ,текемет секілді бұйымдар дайындаған.Жүн арасында ауа бөлшектері жылуды сыртқа шығармайды.Сондықтан суықтан қорғану үшін жүннен тоқылған киім-кешектерді әлі күнге дейін пайдаланамыз.
#14 слайд
Зерттеу жұмысымды қорытындылау үшін ақынның
«Қараша,желтоқсан сол бір-екі ай» деген өлеңіне талдау
жасап түйіндемекпін.
1. Бұл өлеңінде ақын өз заманындағы біраз мәселелерді қозғайды.
«Кедейлер өзі жүрер малды бағып,отыруға отын жоқ үзбей жағып»
- дейді.Бұдан шығатын қорытынды сол дәуірде отын тапшы
болған.Адамдар көбіне табиғи отын-биоотын тезек,малдың
қиын,ағаш,қурай,қурап жатқан бұтаны жинап пайдаланған.Көмір
жағуды білмеген секілді.
2. Ақын өз заманында әлеуметтік мәселелерді көтерген.Байлардың
сараңдығын сынаған.Кедей-кепшіктерге көп қарайласқан.Олардың
тұрмысын жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап,халықтың
арасында әкім,хәкім деген атқа ие болған.
«Жас балаға от та жоқ тұрған маздап»- дейді.Ол уақытта балалар
мектепке бармайтын.Суық үйде бүрсең қағып аз ойнайды.Далаға
көп шықпайды.Байлардың балалары ғана ауыл молдасынан хат
танып,сауат ашатын.Сол кезде сауаттылар саусақпен санайтындай
өте аз болды.Сондықтан ақын өлеңдерінде балаларыңды
оқытыңдар,мектепке беріңдер,орыс оқуын оқытыңдар деп
ағартушылық жұмыстармен айналысты.
14 слайд
Зерттеу жұмысымды қорытындылау үшін ақынның «Қараша,желтоқсан сол бір-екі ай» деген өлеңіне талдау жасап түйіндемекпін. 1. Бұл өлеңінде ақын өз заманындағы біраз мәселелерді қозғайды. «Кедейлер өзі жүрер малды бағып,отыруға отын жоқ үзбей жағып» - дейді.Бұдан шығатын қорытынды сол дәуірде отын тапшы болған.Адамдар көбіне табиғи отын-биоотын тезек,малдың қиын,ағаш,қурай,қурап жатқан бұтаны жинап пайдаланған.Көмір жағуды білмеген секілді. 2. Ақын өз заманында әлеуметтік мәселелерді көтерген.Байлардың сараңдығын сынаған.Кедей-кепшіктерге көп қарайласқан.Олардың тұрмысын жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап,халықтың арасында әкім,хәкім деген атқа ие болған. «Жас балаға от та жоқ тұрған маздап»- дейді.Ол уақытта балалар мектепке бармайтын.Суық үйде бүрсең қағып аз ойнайды.Далаға көп шықпайды.Байлардың балалары ғана ауыл молдасынан хат танып,сауат ашатын.Сол кезде сауаттылар саусақпен санайтындай өте аз болды.Сондықтан ақын өлеңдерінде балаларыңды оқытыңдар,мектепке беріңдер,орыс оқуын оқытыңдар деп ағартушылық жұмыстармен айналысты.
#15 слайд
3. Бұл өлеңде ақын бай мен кедейдің тұрмыс тіршілігін
салыстырады.Байлардың кедейлерге қамқор болуын
сұрайды.Қыстан тоңдырмай отын-суын түсіруді,малшының
еңбегін жемей ақысын дұрыс беруді талап етеді.
«Жалшы үйіне жаны ашып,ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір,жалшыда пейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!» - деп тар заманға лағнет
айтады.Қашан адамдардың тұрмысы бірдей болады деп
армандайды.
Ақынның ұшқыр қиялынан туған ойлары қазіргі заманда да
өз құнын жоғалтқан жоқ.Себебі біздің қоғамда да әлжуаз
топтар,көп балалы отбсылар,күн көрісі төмен
адамдар,мүгедек,кембағалдар көптеп кездеседі.Тұрмысы
ауқатты азаматтар үнемі көмек қолын созса заманымыз
да,ақын айтқандай сөзіміз де түзелер еді.Туған жеріміздің
табиғатын аялап,қорғар еді.Табиғат құбылыстарының
сырына үңіліп,экологиялық тепе-теңдікті сақтар еді.
15 слайд
3. Бұл өлеңде ақын бай мен кедейдің тұрмыс тіршілігін салыстырады.Байлардың кедейлерге қамқор болуын сұрайды.Қыстан тоңдырмай отын-суын түсіруді,малшының еңбегін жемей ақысын дұрыс беруді талап етеді. «Жалшы үйіне жаны ашып,ас бермес бай, Артық қайыр артықша қызметке орай. Байда мейір,жалшыда пейіл де жоқ, Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!» - деп тар заманға лағнет айтады.Қашан адамдардың тұрмысы бірдей болады деп армандайды. Ақынның ұшқыр қиялынан туған ойлары қазіргі заманда да өз құнын жоғалтқан жоқ.Себебі біздің қоғамда да әлжуаз топтар,көп балалы отбсылар,күн көрісі төмен адамдар,мүгедек,кембағалдар көптеп кездеседі.Тұрмысы ауқатты азаматтар үнемі көмек қолын созса заманымыз да,ақын айтқандай сөзіміз де түзелер еді.Туған жеріміздің табиғатын аялап,қорғар еді.Табиғат құбылыстарының сырына үңіліп,экологиялық тепе-теңдікті сақтар еді.
#16 слайд
16 слайд
шағым қалдыра аласыз


