Тахауи Ахтанов "Күй аңызы" презентация
Тахауи Ахтанов "Күй аңызы" презентация

#1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Т.Ахтанов «Күй аңызы»
әңгімесі
Оқу мақсаты:Т/Ж1.Әдеби шығарманың
жанрына байланысты сюжеттік
желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:Шығарманың жанрлық
ерекшелігі мен сюжеттік желісін
анықтайды.
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі Оқу мақсаты:Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау. Сабақ мақсаты: Оқушылар:Шығарманың жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісін анықтайды.
#2 слайд
Тахауи Ахтанов
Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы,
Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік
педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып
майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде
майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан
босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар
дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын
мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі
жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары -
проза мен драматургия
2 слайд
Тахауи Ахтанов Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия
#3 слайд
Шығармалары.
•
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы
"Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп,
толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле"
драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ
сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген
кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ,
орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты
сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
•
"Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда
сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының
редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас
басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты
жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл
Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған.
Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.
3 слайд
Шығармалары. • Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды. • "Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.
#4 слайд
Хронологиялық кесте
1923 жылы Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз
ауылында дүниеге келген
1941 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп,
екінші дүние жүзі соғысына аттанады
1948-51 ж Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім
меңгерушісі қызметін атқарған
1951-53 ж “ Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің
бастығы
1953-54 ж “ Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының
редакторы
1954-55 ж Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты
хатшысы
1955-57 ж Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық
бөлімшесінің жауапты хатшысы
1957-58 ж Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер
басқармасының бастығы
1966 ж Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді
4 слайд
Хронологиялық кесте 1923 жылы Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген 1941 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады 1948-51 ж Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған 1951-53 ж “ Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы 1953-54 ж “ Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы 1954-55 ж Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы 1955-57 ж Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы 1957-58 ж Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы 1966 ж Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді
#5 слайд
Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған,
шағын көркем шығарма
•
Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық
шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.
Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.
Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы.
Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі
тері.
Жоны – арқасы, ту сырты.
•
- Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
•
- Бота, мая, нар, аруана.
•
Бота – түйенің төлі.
•
Аруана – екі өркешті , таза тұқымды түйенің ұрғашысы.
•
Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.
•
Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.
•
Нар – бір өркешті түйе.
•
Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.
5 слайд
Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған, шағын көркем шығарма • Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс. Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп. Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз. Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы. Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері. Жоны – арқасы, ту сырты. • - Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз? • - Бота, мая, нар, аруана. • Бота – түйенің төлі. • Аруана – екі өркешті , таза тұқымды түйенің ұрғашысы. • Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы. • Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені. • Нар – бір өркешті түйе. • Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.
#6 слайд
Әңгіменің композициялық
құрылымы
1. Оқиғаның
басталуы Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер
әңгімесі.
2. Оқиғаның дамуы Жалғыз нардың кезігуі, аруананың
зары, домбыраға тіл бітуі,
жолаушылардың жалғыз қараша
үйге келуі.
3. Оқиғаның
шиеленісуі Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа
салуы.
4. Оқиғаның
шарықтау шегі Жаңа күйдің пайда болуы.
5. Оқиғаның
шешімі Күйшінің жолын жас жігітке беруі
немесе нардың июі. .
6 слайд
Әңгіменің композициялық құрылымы 1. Оқиғаның басталуы Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі. 2. Оқиғаның дамуы Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі. 3. Оқиғаның шиеленісуі Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы. 4. Оқиғаның шарықтау шегі Жаңа күйдің пайда болуы. 5. Оқиғаның шешімі Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі. .
#7 слайд
• Тақырып-Жазушының шындық болмыстан
таңдап алған өмір құбылыстарының тобы
• Идея-Жазушының өзі баяндап отырған
өмір құбылыстары туралы айтпақ ойы, сол
өмір құбылыстарына берген бағасы.
• Сюжет-Шығарманың нақты мазмұны,
оқиғасы.
• Экспозиция-Сюжеттің басталуы, оның
кіріспесі іспетті.
• Сюжеттің шешуі-Суреткердің өзі суреттеп
отырған өмір шындығына шығарған
«үкімі», соңғы сахна.
• Композиция-Көркем шығарманың
құрылысы.
7 слайд
• Тақырып-Жазушының шындық болмыстан таңдап алған өмір құбылыстарының тобы • Идея-Жазушының өзі баяндап отырған өмір құбылыстары туралы айтпақ ойы, сол өмір құбылыстарына берген бағасы. • Сюжет-Шығарманың нақты мазмұны, оқиғасы. • Экспозиция-Сюжеттің басталуы, оның кіріспесі іспетті. • Сюжеттің шешуі-Суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», соңғы сахна. • Композиция-Көркем шығарманың құрылысы.
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
Орындайтын тапсырма
•
О қулық 164-бет жазушының өмірбаянымен
танысу;
•
166-172-б, шығарманың мазмұнымен
танысып,174-беттегі сұрақтармен жұмыс
жасау
9 слайд
Орындайтын тапсырма • О қулық 164-бет жазушының өмірбаянымен танысу; • 166-172-б, шығарманың мазмұнымен танысып,174-беттегі сұрақтармен жұмыс жасау
шағым қалдыра аласыз













