400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Талдықорған агро-техникалық коллдежі" МКҚК арнайы пән оқытушысы Кымбатова Айдана Жумагалиевна

Материал туралы қысқаша түсінік
бағыты "Ветеринария". Медицина адамды емдесе, Ветеринария адамзатты емдейді демекші ұлы А.Н.Скрябин адамзатқа қажетті мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
ТАЛДЫҚОРҒАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ Тақырыбы: Ботулизм

#1 слайд
ТАЛДЫҚОРҒАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ Тақырыбы: Ботулизм

1 слайд

ТАЛДЫҚОРҒАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ Тақырыбы: Ботулизм

Ботулизм (Botulismus) – ботулизм қоздырушысының токсиндері бар азықтармен қоректенгеннің салдарынан пайда болатын және көмей

#2 слайд
Ботулизм (Botulismus) – ботулизм қоздырушысының токсиндері бар азықтармен қоректенгеннің салдарынан пайда болатын және көмей еттерінің, тілдің, төменгі жақтың және скелет еттерінің параличімен сипатталатын, жіті, ауыр өтетін малдардың ауруы.

2 слайд

#3 слайд

3 слайд

Қоздырушы – Clastridium botulinum шеттері дөңгелектенген полиморфтық, мөлшері 4-9x0,5-1,2 мкм оң грамды спора құратын таяқша.

#4 слайд
Қоздырушы – Clastridium botulinum шеттері дөңгелектенген полиморфтық, мөлшері 4-9x0,5-1,2 мкм оң грамды спора құратын таяқша. Сопақша споралар теннистік ракетқаның формасын көрсететіндей жасушаның аяқ жағына орналасады. Ботулизмнің қоздырушысы культураларда, тағам мен жем-шөпте ылғалдың көбейген және нейтральді немесе әлсіз сілтілік реакция ортасында күшті токсин құрады. Токсиннің 7 типі белгілі: А, В, С, Д, Ғ, Е және V. Токсин қайнатқанда сұйық ортада 15-20 мин., ал қатты ортада 2 caғ. кейін бұзылады. Дәнде токсин 3 айдан аса сақталады. Қоздырушының споралары өте тұақты: олар 100°С 5 сағаттан кейін ғана, ал 120°С - он минуттан кейін бұзылады.

4 слайд

Індеттік деректер . Ботулизмге малдардың көптеген түрі, оның ішінде құстар бейімді. Лабораториялық жануарлардан ақ тышқан ме

#5 слайд
Індеттік деректер . Ботулизмге малдардың көптеген түрі, оның ішінде құстар бейімді. Лабораториялық жануарлардан ақ тышқан мен теңіз шошқалары сезімтал. Ботулизмнің қоздырушылары табиғатта кең таралған. Оларды топырақта, көңде, зенденген жем-шөп, көкөніс, жемістерде, ішектің ішіндегілерде және малдың өлексесінде табылады. Ауру қоздырушының токсині бар жем-шөппен азықтанғанда пайда болады: бүлінген сүрлем, буланған жем-шөп, мекиен, жарма, сонымен қатар бүлінген көкөністер, жемістер, ет және балық тағамдары. Ауру жекелеген түрде немесе кенеттен шығумен білінеді. Жаппай улану әдетте жылдың жылы кезінде болады.

5 слайд

Патогенезі . Малдың ішегіне түскен ботулинустың токсині қанға сорылады және бүкіл организмге таратылады. Нерв талшықтарын қоз

#6 слайд
Патогенезі . Малдың ішегіне түскен ботулинустың токсині қанға сорылады және бүкіл организмге таратылады. Нерв талшықтарын қоздыру арқылы ми қабығы мен оның басқа да учаскелерінің жұмысын бұзады. Сопақша мидың нерв орталықтарының бүлінуі салдарынан көмейдің, шайнау қызметін атқаратын еттердің және тілдің параличі дамиды. Токсин ацетилхолиннің бөлініп шығуын тұншықтырады, ал бұл қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуына, қимылдың бұзылуына, демалу және жүрек еттерінің параличіне, асфиксияға және малдың өліміне әкеп соғады.

6 слайд

Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі – бірнеше сағаттан 10 күнге дейін (жиірек 1-3 күн). Барлық малдардың негізгі клиникалық

#7 слайд
Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі – бірнеше сағаттан 10 күнге дейін (жиірек 1-3 күн). Барлық малдардың негізгі клиникалық белгілері шайнау және жұтыну қызметін атқаратын еттердің параличі болып есептеледі. Әуелі шайнауға енжарлық, есінеу, сілекей ағу және жеңіл шаншулар бөлінеді. Одан кейін паралич дамыйды Жем-шөпке ынталық сақталып, шөлдеу күшейеді, бірақ жұтыну актісі қиындайды, сондықтан жем-шөп ауыздан түсіп қалады, ал су төгіледі. Әрі қарай төменгі жақ пен тілдің параличі басталады. Тіл түсіп кетеді, тістердің арасына қысылады, ісінеді және ойық жаралар пайда болады, жақ салбырап кетеді. Жоғарғы қабақ түсіңкі, көздің қара шығы ұлғайған, көздің дәнекер қабығына қан толған немесе сарғыштанған. Дене бұлшық еттері біртіндеп босаңсиды. Мал зордың күшімен қимылдайды, жүрісі шатқаяқты. Әуелі перистальтиканың әлсіреуі білінеді, одан кейін іш қатумен білінетін ішектердің тұрақты әлсіреуі байқалады, қиы қатты, кілегей жабысқан. Мал тұнжыраңқы күйде. Қан тамырының соғуы мен тыныс алуы жиіленген, дене температурасы көбінесе қалыпты жағдайда. Ауру жіті өткенде 1-4 күнге, жітілеу өткенде 7 күнге, созылмалыда 3-4 аптаға дейін созылады. Қой мен ешкіде ботулизм әдетте, кенет өтеді. Бағалы терілі андарда (түлкі, күзен) енжарлық және артқы аяқтарының параличі байқалады. Жануарлар мойны мен басын созған қалпы жатады. Құстарда ауру жалпы әлсіздікпен, жемнен тиылумен білінеді. Ауру құстың қозғалысы аз, қанаттары салбырап, бастары жерге тиеді (жұмсақ мойын). Ботулизмнің созылмалы өтуінде малдар жүдейді, зорға қимылдайды, жатып қалады, жамбас тесілуі болады.

7 слайд

#8 слайд

8 слайд

Ботулизмнің адамға жұғу жолдары.

#9 слайд
Ботулизмнің адамға жұғу жолдары.

9 слайд

Ботулизмнің адамға жұғу жолдары.

Өлекседегі өзгерістер . Ішектердің кілегейлі қабығы катаральді қабынады және әр жерінде уақ қан құйылулар көрінеді. Ұлпалы о

#10 слайд
Өлекседегі өзгерістер . Ішектердің кілегейлі қабығы катаральді қабынады және әр жерінде уақ қан құйылулар көрінеді. Ұлпалы органдарда (бауыр, бүйрек, талақ) әдетте, көзге көрінетін өзгерістер жоқ.Өкпені көбінесе қан кернеген; асқынған жағдайда пневмония немесе өкпе гангренасы анықталады. Диагнозды сипатты клиникалық белгілері мен анамнездің деректері (аурудың белгілі бір жем- шөпті жеуіне байланысты) негіздерінде қояды. Токсинді табу үшін лабораториялық зерттеулер жүргізеді. Тексеруге күдікті жем-шөпті (100-200 гр), асқазанның ішіндегілерді (50-100 мл), қиды (100-200 гр) алады. Материалды лабораторияға мұзы бар термоспен консервіленбеген күйінде жеткізеді.

10 слайд

Дифференциалдық диагноз . құтыруды, жылқының делбесін; ірі қара малында туу парезі мен ацетонемияны есептен шығарады. Стахиобо

#11 слайд
Дифференциалдық диагноз . құтыруды, жылқының делбесін; ірі қара малында туу парезі мен ацетонемияны есептен шығарады. Стахиоботриотоксикоз бастапқы даму сатысында-ақ еріндерінің жарылуы мен ауыз қуысының некрозды жарақаттануымен қоса өтеді. Делбе кілегейлі қабықтардың өте сарғыштануымен, депрессиядан кейінгі алға жүруге құштарлығымен байқалатын қатты елірумен сыпатталады. Құтыруды лабораториялық зерттеулермен есептен шығарады. Туу парезі туғандағы бірінші күндерде болады. Желінге ауаны үрлеу тиімді емдік нәтиже береді. Ацетонемияға шыққан деммен, сүтпен және несеппен ацетонның шығуы тән.

11 слайд

Емі . Аурудың бастапқы сатысында қос көмірқышқылды соданың 5% ерітіндісімен асқазанды шаяды және күшті әсерлі іш жүргізет

#12 слайд
Емі . Аурудың бастапқы сатысында қос көмірқышқылды соданың 5% ерітіндісімен асқазанды шаяды және күшті әсерлі іш жүргізетін дәрілерді тағайындайды: ареколин, пилокарпин, эзерин. Бір мезгілде жылы клизмаларды қолданады, ішектерді қидан тазартады және жүректік дәрулерді тағайындайды. Ботулизмге қарсы сарысу аурудың басында және үлкен дозаларында ғана нәтижелі.

12 слайд

Иммунитет - антитоксикалық. Малдарды анатоксинмен иммундауға болады. Сақтық пен күресу шаралары . Жем-шөпті дайындағанда және

#13 слайд
Иммунитет - антитоксикалық. Малдарды анатоксинмен иммундауға болады. Сақтық пен күресу шаралары . Жем-шөпті дайындағанда және сақтағанда, әсіресе сүрлемені, топырақпен ластанудан сақтайды. Бүлінген, зеңденген жем-шөптермен малды тамақтандыруға болмайды. Суланған жем-шөпті (ет, консерві және т. б.) 2 сағ. кем емес , уақыт қайнату қажет. Ауру шыққан жағдайда токсині бар күдікті жем-шөптерді рационнан алып тастайды. Ауырған малдарды емдейді. Ауру малдарды етке союға тиым салынады. Ұшаны барлық органдарымен және терісімен қоса жояды. Аң өсіру шаруашылықтарында профилактикалық мақсатпен мамыр-шілдеде күзендерді формолквастық вакцинамен вакциналайды. Иммунитет 2-3 аптада пайда болады және бір жылға дейін сақталады.

13 слайд

НЕКРОБАКТЕРИОЗ (Nekrobacteriosis) – тері мен оның қабатында жатқан тіндердің (көбінесе аяқтардың төменгі бөліктерінде), кіл

#14 слайд
НЕКРОБАКТЕРИОЗ (Nekrobacteriosis) – тері мен оның қабатында жатқан тіндердің (көбінесе аяқтардың төменгі бөліктерінде), кілегейлі қабыктардың кейде ұлпалы органдардың да іріңді- некротикалық жарақаттануымен сипатталатын инфекциялық ауру.

14 слайд

Қоздырушы — Fusobacterium necrophorum – полиморфты микроб, қозғалмайтын, теріс грамды, спора мен капсула құрамайды,

#15 слайд
Қоздырушы — Fusobacterium necrophorum – полиморфты микроб, қозғалмайтын, теріс грамды, спора мен капсула құрамайды, қатал анаэроб, қоректік ортада жақсы өседі. Патматериалдың жағындысында 60-80 мүшелікті ұзын жіптің формасын жасайды. Сырт ортада кеңінен таралған. Жоғарғы температураға шыдамсыз (100°С 1 мин өлтіреді), қида 50 күн, топырақта қыста 60 күн, жазда 15 күн, мұздатылған материалда 25 күн, сүтте 35 күн, су мен несепте 15 күн сақталады; 5% күйдіргіш натр микробты 10 мин., ал 4 % формалин 20 мин. өлтіреді.

15 слайд

Індеттік деректер . Некробактериозға ауыл шаруашылығы малдарының барлығы, оның ішінде құстар, сонымен қатар жабайы жануарл

#16 слайд
Індеттік деректер . Некробактериозға ауыл шаруашылығы малдарының барлығы, оның ішінде құстар, сонымен қатар жабайы жануарлардың көптеген түрі мен адам бейімдік көрсетеді. Жекелеп қалай ауырса, тобымен ауыру да солай кездеседі. Көбіне жиі бұғылар мен қойлар, сирегірек - ешкілер, ірі қара малы, жылқы, шошқалар және үй қояндары ауырады. Төлдер анағұрлым сезімтал, қатты және жиірек ауырады. Аурудың қозуына сыз қоралар мен территорияның көңге толып кетуі қолайлы жағдай жасайды. Инфекция қоздырушысының көзі – ауырып айыққан малдар мен клиникалық cay бактерия тасушы малдар. Некроздың бактериялары шөп қоректілердің месқарыны мен ішектерін орныкты тұрақ етушілер – кеміргіштердің организмінде айлап сақталады. Сырт ортаға қи массаларымен, сілекеймен, ал ауру малдардан некрозданған тіндермен түседі. Малдардың ауыруы, әдетте, тері мен кілегейлі қабықтардың зақымдануынан болады (төлдерде тіс жарған кезде, кіндік арқылы). Шабылған жерде, сызды, батпақты жайылымдарға жаю, ұзаққа айдау, кеуіп қалған, тікенді құнарсыз азықтармен тамақтандыру ауруға себепкер болады.

16 слайд

Патогенезі . Қан айналысы бұзылған және оттегі жеткіліксіз зақымданған тіндерге түскен некроздың бактериялары тез

#17 слайд
Патогенезі . Қан айналысы бұзылған және оттегі жеткіліксіз зақымданған тіндерге түскен некроздың бактериялары тез өсіп-өнеді, ал олардың токсиндері тіндерді некроздайды. Егер малдың резистенттігі төмендесе, зақымданған ошақ біртіндеп ұлғаяды, микробтар қанға енеді, некроздың екінші ошақтары (процестің генерализациясы), оның ішінде ұлпалы органдарда табылады. Ауру қатерлі сипатқа бет алады. Малдың резистенттігі, әжептәуір жоғары болса некроздың бастапқы ошағы қабықтанады, сорылады немесе бөлініп қалады. Көбінесе некробактериоз аусылмен, тұяқ шірігімен, контагиоздық эктимамен ауырып айыққаннан кейін екінші инфекция болып кездеседі.

17 слайд

Клиникалық белгілері . Жасырын кезеңі - 1-3 күн. Ересек қойлар мен ешкілерде аяқтарының зақымдануы басым болады,

#18 слайд
Клиникалық белгілері . Жасырын кезеңі - 1-3 күн. Ересек қойлар мен ешкілерде аяқтарының зақымдануы басым болады, сондықтан бірінші белгісі - ақсау. Тұяқ, күлтенің терісі мен тұяқтарының аралығы -қызарған, ауырғыш. Одан кейін ойық жара, қаяу пайда болады. Сіңірлер, желбезектер, буындар некроздалады. Мүйіз қабы және бақай фалангісі бөлініп қалуы мүмкін. Аурудың өтуі зарарсыз болса қабыну процесі қайтады, өлі тіндер бөлініп түседі және 2-3 аптаға созылатын жазылу басталады. Жыныс органдарының некробактериозында іш тастау болады, саулықтың өлуі мүмкін. Қозылар мен лақтардың бет жағындағы терісі зақымданады -еріндері, мұрын желбезектері, ауыз бен жұтқыншақтың кілегейлі қабықтары және тіл. Өліммен аяқталуға әкеп соғатын ішкі органдардың метастазы болуы мүмкін. Кіндік арқылы ауырғанда да жылдам өледі.

18 слайд

Ересек ірі қара малының әдетте артқы аяқтары, бұзаулардың ауыз бен мұрын қуыстарының, көмейдің кілегейлі қабықтары

#19 слайд
Ересек ірі қара малының әдетте артқы аяқтары, бұзаулардың ауыз бен мұрын қуыстарының, көмейдің кілегейлі қабықтары зақымданады. Ауру өкпенің қабынуымен, энтеритпен (ішектің қабынуымен), оститпен (сүйек тінінің қабынуымен), остеомиелитпен асқынуы мүмкін. Бұндай жағдайда өлім арықтықтан немесе сепсистен болады. Кейде ірі қара малының ауруы желіннің, жатырдың зақымдануымен өтеді. Іш тастау болуы мүмкін (ұрық мумияға айналады). Бұқалардың үрпегі мен жыныс мүшесінде ойық жара пайда болады.

19 слайд

#20 слайд

20 слайд

Үй қояндарының ауруы некроздық стоматит пен ринит ретінде көрінеді, көбінесе ішкі органдар мен тері асты клетчаткасында ірін

#21 слайд
Үй қояндарының ауруы некроздық стоматит пен ринит ретінде көрінеді, көбінесе ішкі органдар мен тері асты клетчаткасында ірінді- некроздық ошақтардың құралуымен пиемия дамиды.

21 слайд

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі