Материалдар / Тақырыбы: Түрік қағанатының құрылуы,дамуы,ыдырауы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: Түрік қағанатының құрылуы,дамуы,ыдырауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Түрік қағанатының құрылуы,дамуы,ыдырауы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
474
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Тақырыбы: Түрік қағанатының құрылуы,дамуы,ыдырауы. Мақсаты: Түрік қағанатының құрылуы, дамуы,мемлекеттік дәрежеге көтеріл

1 слайд
Тақырыбы: Түрік қағанатының құрылуы,дамуы,ыдырауы. Мақсаты: Түрік қағанатының құрылуы, дамуы,мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы,билеушілері туралы  мағлұмат беру. Міндет: • Тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға үйрету • Тарихи оқиғаларды қорытындылауға дағдыландыру • Ізденіске, шығармашылыққа,елжандылыққа баулу, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру өз ойын жеткізе білу  дағдыландыру .

• 1. Жаңа тақырып • 2.Картамен жұмыс • 3. Хронологиялық кестемен жұмыс • 4. Бейнеролик • 5. Бекіту,тапсырма орындау • 6.Қорытын

2 слайд
• 1. Жаңа тақырып • 2.Картамен жұмыс • 3. Хронологиялық кестемен жұмыс • 4. Бейнеролик • 5. Бекіту,тапсырма орындау • 6.Қорытынды. • 7. Бағалау • 8. Ұйге тапсырма Жоспар:

“ Он сұрақ” әдісі • (Оқушының сұрақ қоюға бағдарлануы) Мұғалім бір оқушыны таңдап алады, және оның маңдайына негізгі

3 слайд
“ Он сұрақ” әдісі • (Оқушының сұрақ қоюға бағдарлануы) Мұғалім бір оқушыны таңдап алады, және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жабыстырады- қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі

Дерек • Қағанат 552 — 603 Астанасы Суяб • Тіл(дер)і түркіше Діні шаманизм , тәңіршілдік , буддизм • Аумағы 13 млн км² Халқ

4 слайд
Дерек •   Қағанат 552  —  603 Астанасы Суяб • Тіл(дер)і түркіше Діні шаманизм ,  тәңіршілдік ,  буддизм • Аумағы 13 млн км² Халқы 13,000,000 адам Түркілер Үйсіндер ,  Дулулар ,  Нушибилер  ( Жетісуда ) ұйғырлар  ( Шығыс Түркістанда ) телелер  ( Алтайда ) қидандар  ( Маньчжурияда ) Енисей қырғыздары ( Енисей  жағалауында) соғдылар  ( Орта Азияда ) қыпшақтар  (солтүстікте,  Қазақстанда , Батыс Сібірде)

№ 3490. Түркі мемлекеттері Қазақстан аумағындағы алғашқы түркі мемлекеттері • Қазақстан аумағындағы алғашқы түркі мемлекеттері

5 слайд
№ 3490. Түркі мемлекеттері Қазақстан аумағындағы алғашқы түркі мемлекеттері • Қазақстан аумағындағы алғашқы түркі мемлекеттері • Түрік этнонимі • Орта ғасырдағы түркі мемлекеті • Түркі мемлекеттері • Түркі мемлекеттері.1-тапсырма • Түркі мемлекеттері. 2-тапсырма • Түркі мемлекеттері. 3-тапсырма • Түркі мемлекеттері. T ест • Қорытынды • Қазақстан аумағындағы алғашқы түркі мемлекеттері • Түрік этнонимі • Түрік этнонимі – «түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. • Қағанат • Қағанат – ерте орта ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы түркі мемлекеттерінің аталуы • Қазақстан аумағындағы алғашқы түркі мемлекеттері • Түркі қағанаты империясының құрылуы (552-603 жж.), оның құрамындағы түркі тілдес ру-тайпалардың батысқа қарай жылжуы, Қазақстанның Жетісу өңірі мен Сырдария және Арал өңіріне дейінгі бүкіл қалалы отырықшы аймағын иеленуіне байланысты. Бұл жағдай Қазақстан жеріне түркі тайпаларының жаппай қоныстануын білдіреді.Бұл қоныстанған тайпалардың біразы жергілікті тайпалармен араласып, сіңісіп кеткен. Ал кейбір бөліктері Орта Азияға қарай, одан да ары ығысып кетті. Қазақ жеріндегі ру- тайпалар «он оқ бұдын » елі болып бірігеді. Алайда Түрік қағанатының ғұмыры ұзақ бола алмады. Талас-тартыстың күшеюінен ақыр аяғында қағанат Шығыс және Батыс Түрік қағанаты (603-704жж.) болып екіге бөлінген.Міне, осы Батыс қағанатының аумағы қазіргі Жетісу, Оңтүстік Қазақстанның Қаратау жерін алып жатса, V ІІ ғасырда шекарасы Солтүстік-Батыс Үндістанға дейін жеткен. Орталығы – Суяб қаласы. Қаланың дәл қай жерде екені анықталмаған. Жазба деректердің көрсетуіне қарағанда, Шу өзенінің бойында қырғыз жерінде орналасқан. Қағандықтың негізгі этностық құрамы бес тайпадан біріккен нушибилер мен бес тайпалардан біріккен дулулардан тұрды. Бұл мемлекет Қазақстан жеріндегі әуелгі орта ғасырларда өмір сүрген алғашқы ірі мемлекеттердің бірі болды. Бұл екі қағанаттың саяси талас – тартысын пайдаланған Қытай патшасы Батыс түрік қағанатының көптеген жерлерін басып алып, ру- тайпаларын өзіне бағынышты еткен еді

БАЙРА Қ Байрақ – қан қызыл, қоңыр және сары түстерден құралып, үш түстің әрқайсысы бір-бірінен жол - жол болып бөлінген, байрақт

6 слайд
БАЙРА Қ Байрақ – қан қызыл, қоңыр және сары түстерден құралып, үш түстің әрқайсысы бір-бірінен жол - жол болып бөлінген, байрақтың жоғарғы тұсына, кейбір байрақтың ортадағы жолағы ішіне, бөрі басының бейнесі салынған, байрақтың ұзындығы 1 метрден кем болмаған. Түркілердің өмірінде байрақты көтеру, тігу, қадау, ұстау – үлкен рухани, әскери мәнге ие . Байрақты бейбіт кезде де аса зор құрметпен жеке үйде арнаулы сандықтың ішінде сақтап, тек жаугершілікте ғана көтеріп шыққан. Жорықтарда байрақты сақтаушы ретінде беделді сұлтандар мен батырлардың біреуі сайланатын. Байрақтан айырылу - өліммен бірдей еді. Онда әскердің киесі, күші бар деп түсінгендіктен, оның құлауы немесе жоғалуы жеңіліс саналып, жауынгердің жеңіске деген үмітін сөндіріп, жігерін мұқалтып, рухын жойған. Майдан даласындағы барлық қимылдар байрақтың көтеріліп, түсуіне байланысты өрбіген, оның үнемі желбіреп тұруына күллі әскер мүдделі болған.Сарбаздардың көтерген байрақтарынажәне найза ұшының тұғырына алтыннан жасалған бөрінің бас суреті міндетті түрде бейнеленетін.«Бөрілі байрақ» біздің уақытымызға дейін ата-баба рухы секілді желеп-жебеуші күш ретінде танылып, қасиеттеліп келгендіктен, көне түркілердің тікелей ұрпағы- қазақ ішінде ұлы жүздің шапырашты руы туының аты және ұраны болып сақталып жетті. XIX – ғ. белгілі қазақ ақыны Сүйінбай Аронұлының «Бөрі басы –ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозады қай-қайдағым...»деп ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрінжырлайтыны да сондықтан. Түркі әлеміне ортақ қазына, ұшан теңіз мол мұра боп саналатын мейірімді Көкбөрімен байланыстырылған этникалық ұғым, бейне – белгілер, және аңыздар мен ертегілер, жырлар, генеалогиялық әфсаналар өте көп. Асылтекті Көкбөрі - түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі, түркі халықтарының тарихи жадындағы қасқырдың жағымды атауы. Көкбөрі анаға қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, моңғол аңыздарында, қытай тіліндегі жылнамаларда сақталып қалған. Көкбөрінің тотемдік (шығу тегі) рөлінің түркі халықтарының танымындағы орны да ерекше. Олардың сенімдерінде, осынау киелі аңға тотемдік тұрғыдан қастерлі рухымыз, қамқоршымыз деп табынушылықтың өзіндік маңызды мәні бар. Аңыз бойынша, бір шапқыншылық кезінде жетім қалған жас баланы (Ашинаны, түркілердің алғашқы көсемі) қалың шөптің арасына жасырып кеткен екен, ашығып қалған нәрестені Көк Тәңірінің қалауымен, Көкбөрі ана келіп емізіп, түркілердің ұрпағын құтқарып қалған. Сондықтан Ашина өзінің шыққан тегін білдіру үшін сарай қақпасының алдына бөрінің басы бейнеленген байрақ ілген. Бізге жеткен қолжазбаларда: «Ежелгі түркі билеушілері басқа елдің елшілерін осы бөрі басы бейнеленген байраққа тізе бүгіп, құрмет көрсеткеннен кейін ғана қабылдайтын болған»- деп айтылады. Көкбөрі ана құтқарушы тотем ретінде Оғыз наме жырында, Ергенеқон дастанында, татар халқының ақ қасқыр туралы әңгімелерінде көп кездеседі. Қазақтарда бөріге табынудың белгісі – оның қасқыр атын атамауы. Балаға, бәйге аттарға тіл - көз тимеу үшін бөрінің тырнақ, көз, тіл сияқты мүшелерінен кесіп алып, тағып қоятын болған. Тісі де қасиетті саналған. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін де, ержүрек, батыл жігіттерді Көкбөріге теңеп, тарихи- әдеби еңбектерде, көркем шығармаларда батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді. Көкбөрі - түз тағысы, бірақ өте ақылды, аса сақ, қайсар, азулы жыртқыш, күшке көнбейтін өр мінезді еркін даланың батыры. Адам арыстанды да, жолбарысты да, аюды да таяқпен қорқытып, өзіне құл етті де, цирк аренасына шығарды. Ал, бөріні әлі күнге дейін ешкім бағындыра алмай келеді. Ол - айбындылықтың, еркіндік пен тәуелсіздіктің, бостандықтың символы. М. Әуезовте «Көксерек» әңгімесін жазу арқылы бүкіл түркі әлемінде осыны дәлелдеп берген, бөрі мен қазақтың табиғи үндестігі барын астарлап жеткізген. Кешегі ақ империя мен қызыл империядағы орыс шовинизмінің кесірінен, қалыптасқан қағидаларымыздан,ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қала жаздадық. Қанша мәрте тағдырдың талқысына түсіп, өмірдің қақпа-соқпа торуыл тосқауылдарынан әбден сұрыпталып, шыңдалып шықтық.Ғасырлар бойы бодандықтың құрсауынан құтыла алмай жанталасқан қазақ халқы бүгінде азат ел болдық.

7 слайд

8 слайд

9 слайд

Түрік қағандығының тарих сахнасында пайда болуы Бумын қағанның есімімен тікелей байланысты. Халық арасында оны «Ел қаған» нем

10 слайд
Түрік қағандығының тарих сахнасында пайда болуы Бумын қағанның есімімен тікелей байланысты. Халық арасында оны «Ел қаған» немесе «Иль қаған» (бірінші қаған) деп атаған, бұл «Бүуіл ел патшасы» болып аударылады. Бумын қаған (? -552 ж.)-түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келмеуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі лауазымы- ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болды. Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясының елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшы- лар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер кеген да- тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан басталады. Теле ру-тайпалары мен Бумын қағанның қол астына біріккен түркілер сол кезде өздері тәуелді болып отырған жуань-жуаньдарға қарсы шықты. Түркілер 552 жылы Бумын қағанның басшылығымен жуань-жуаньдарды тас-талқан етіп жеңді. Бұл соғысқа түркілердің жуань- жуаньдардың қол астынан шығу жолындағы талаптары себеп болған еді. Олардың арасында аса қуатты ашина тайпалары да бар еді. 545 жылы елші келіп, оның мақсаты- түркілерді Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жыужән мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қолшоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе білді. Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткіз- ген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пай- даланып қалайын деп, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адам- дары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайда қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанымен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға қарсы жорыққа аттанған телі тай- паларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады. Осылайша еліне ел қосып, жауынгерлер санын көбейтіп, әскери қуатын нығайтып алғаннан кейін барып, ол жыужәндарға қарсы шығудың әрекетіне көшеді. Онда да өзі бірден тиіспей, жыужәндардың өзін соғысуға мәжбүрлейді. Ақыры фи-ди жылнамасының бірінші жылының (552 ж.) бірінші айында Хуәй- хуанның терістігіндегі кең жазықта жыужәндар мен түркі әскері шешуші айқасқа шықты. Осы шайқасқа жеті жыл бойы қапысыз дайындалған Бумын ашудың жетегінде асығыс жиналған жыужән әскерінің тас-талқанын шығарады. Сөйтіп, байтақ далада бір жарым ғасыр бойы дара билік жүргізілген Жыужән қағандығы құлады. Оның орнына кейін Ұлы Далаға бірнеше ғасыр бойы үстемдігін жүргізген атақты Түркі қағанаты орнады. Түркілердің елі жиналып, Бумынды ақ киізге көтеріп, «Ел қағаны» деп жариялады. Әйеліне «Ел Білге қатын» деген атақ берді. Бірақ Бумын қаған өзі орнатқан қағанаттың дәуірлеп дүркірегенін көре алмады. 553 жылдың қозы айында өз ажалынан қайтыс болды.

11 слайд

12 слайд

13 слайд

Жаңа сабақ • Бейнеролик көру • Bilimland порталы № 3490. Түркі мемлекеттері Түркі мемлекеттері

14 слайд
Жаңа сабақ • Бейнеролик көру • Bilimland порталы № 3490. Түркі мемлекеттері Түркі мемлекеттері

Топқа бөлу • Оқулықпен жұмыс • 1 – топ: Шығыс Түрік қағанаты • 2 – топ: Батыс Түрік қағанаты • Топ бойынша постер қорғау • Дәпте

15 слайд
Топқа бөлу • Оқулықпен жұмыс • 1 – топ: Шығыс Түрік қағанаты • 2 – топ: Батыс Түрік қағанаты • Топ бойынша постер қорғау • Дәптермен жұмыс

Шығыс Түрік қағанаты (682-744 ж) Аумағы Билеушіл ері Қоғамдық құрлысы Этникалық құрамы Әлсіреу себептері Қазақстан, Орта Аз

16 слайд
Шығыс Түрік қағанаты (682-744 ж) Аумағы Билеушіл ері Қоғамдық құрлысы Этникалық құрамы Әлсіреу себептері Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан, Оңт Сібір жерлерін алып жатты Құтылық (Елтеріс) Қапаған Білге Күлтегін Тоныкөк қолбасы Жоғарғы билеуші: Қаған Түркі тілдес тайпалар -Білге қаған мен Күлтегін мемлекетті дәуірлетті. -Қытаймен тиімді шарттарға қол қойды. -Білге қаған өлгеннен кейін қағанат әлсіреп ыдырай бастады.

Саяси тарихы Болған оқиғалар 679-689 жылдары 646ж 752ж 691ж 709-710ж 711ж 716ж 686-731ж 734ж 744-745 жылы -Шығыс түріктері Қ

17 слайд
Саяси тарихы Болған оқиғалар 679-689 жылдары 646ж 752ж 691ж 709-710ж 711ж 716ж 686-731ж 734ж 744-745 жылы -Шығыс түріктері Қытаймен жүргізген соғыстың нәтижесінде Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді Тоныкөк Қытайда дүниеге келген Таң империясының 50мың қолын талқандады, әскербасын тұтқынға алды. Құтылық (Елтеріс) дүниеден өтті Солтүстік Қытай, Енисей қырғыздарын бағындырып,түргештерді жеңді.Қапаған Орта Азияның қожасы болды. Тоныкөктің тұсында түргештерді өзіне қаратты Білге қаған тұсында Қытай әскерлеріне соққы берді Білге,Күлтегін қағандар Қытаймен соғыста жеңіске жетіп,шекеаралық саданы жақсы дамытты. -Бі...