Тәрбие сағаты Жүз жасаған бәйтерек (Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған) 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Жүз жасаған бәйтерек
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған
«Ұлы даланың жыршысы» атты бірыңғай күн (26 ақпан)
аясында ұйымдастырылған іс-шара
8 «А» сыныбы
Сынып жетекшісі: Шенгельбаева Э.Т
1 слайд
«№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Жүз жасаған бәйтерек Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың жыршысы» атты бірыңғай күн (26 ақпан) аясында ұйымдастырылған іс-шара 8 «А» сыныбы Сынып жетекшісі: Шенгельбаева Э.Т
2 слайд
Жоспары:
І. «Жүз жасаған бәйтерек». Естеліктер
ІІ. Қысқаша өмірбаянына шолу
ІІІ. Суреттер сөйлейді...
І V . Жамбыл Жабаевтың соғыс жылдарындағы жырлары
«Ленинградтық өренім»
V. Жамбыл Жабаевтың нақыл сөздері
(Оқушылар пікірлері, постер)
VI. Жамбыл Жабаев шығармашылығында адамгершілік,
еңбекке тәрбиелеу – басты идеялардың бірі.
Қорытынды
2 слайд
Жоспары: І. «Жүз жасаған бәйтерек». Естеліктер ІІ. Қысқаша өмірбаянына шолу ІІІ. Суреттер сөйлейді... І V . Жамбыл Жабаевтың соғыс жылдарындағы жырлары «Ленинградтық өренім» V. Жамбыл Жабаевтың нақыл сөздері (Оқушылар пікірлері, постер) VI. Жамбыл Жабаев шығармашылығында адамгершілік, еңбекке тәрбиелеу – басты идеялардың бірі. Қорытынды
3 слайд
Жамбыл Жабаев -175 жыл
Жамбыл – ақыл – ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара,
оқшау бет – бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі
эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны
Мұхтар Әуезов, жазушы
Жамбыл 100 жасаған адам. Соның 85 жылы ақындықпен
өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін
өлеңмен сөйлеген кісі
Сәбит Мұқанов, жазушы
3 слайд
Жамбыл Жабаев -175 жыл Жамбыл – ақыл – ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет – бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны Мұхтар Әуезов, жазушы Жамбыл 100 жасаған адам. Соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі Сәбит Мұқанов, жазушы
4 слайд
Жамбыл Жабаев -175 жыл
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан
маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына
беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық
борышымыз»
Сәкен Сейфуллин
4 слайд
Жамбыл Жабаев -175 жыл «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» Сәкен Сейфуллин
5 слайд
Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы.
Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей
руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл
тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда Жапа деген елге
қадірлі адамның отбасында дүниеге келген.
Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла
бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға
кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол
кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға
жолығып, оның батасын алып, жыр даңғылынан тәлім-
тәрбие алды. Жамбыл 1945 жылғы маусым айының
22-інде Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99
жасында дүниеден өтті
5 слайд
Жамбыл Жабаев – ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алып, жыр даңғылынан тәлім- тәрбие алды. Жамбыл 1945 жылғы маусым айының 22-інде Алматы облысының Ұзынағаш елді мекенінде 99 жасында дүниеден өтті
6 слайд
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген
шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние
жүзіне тарады.
Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының
да даңқын дүйім дүниеге паш етті.
Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша
жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы
тұлғасы екенін әйгіледі
6 слайд
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі
7 слайд
Жабаевтың туғанына 2021 жылдың 28
ақпанында
175 жыл толады
Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов
мойындаған, Сейфуллин бас иген, Сәбит
Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мүсірепов
еркелеген, Бауыржан Момышұлы бас иген,
Мәлік Ғабдуллин құшағына алған. Ромен
Роллан, Михаил Шолохов, Павло Тычина,
Николай Тихонов, Константин Симонов
сияқты әлемдік әдебиеттің өкілдері де
ерекше құрметтеген
7 слайд
Жабаевтың туғанына 2021 жылдың 28 ақпанында 175 жыл толады Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов мойындаған, Сейфуллин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мүсірепов еркелеген, Бауыржан Момышұлы бас иген, Мәлік Ғабдуллин құшағына алған. Ромен Роллан, Михаил Шолохов, Павло Тычина, Николай Тихонов, Константин Симонов сияқты әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтеген
8 слайд
Менің – пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп жырласам,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай...Менің – пірім Сүйінбай
8 слайд
Менің – пірім Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай. Сырлы, сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай. Сүйінбай деп жырласам, Сөз келеді бұрқырап, Қара дауыл құйындай...Менің – пірім Сүйінбай
9 слайд
Шығармалары:
Өлеңдер
Атаның әлдиі Балаларға
Балама хат Бесік жыры
Жастық жыры Жаңа жыл
Жаңа жыл сәлемі Жеңіс
жырын сайраңдар
Жүз жасаған жүректен Ленин
Ленинградтық өренім Шәкірт
балаларға
Октябрь толғауы Сәлем саған
комсомол
Сыйлық Туысқан ел
Чапай Халық
туысқандығы
Өнердің өсуі есік жыры
9 слайд
Шығармалары: Өлеңдер Атаның әлдиі Балаларға Балама хат Бесік жыры Жастық жыры Жаңа жыл Жаңа жыл сәлемі Жеңіс жырын сайраңдар Жүз жасаған жүректен Ленин Ленинградтық өренім Шәкірт балаларға Октябрь толғауы Сәлем саған комсомол Сыйлық Туысқан ел Чапай Халық туысқандығы Өнердің өсуі есік жыры
10 слайд
Шығармалары:
Айтыстар
Жамбыл мен Айкүміс
Жамбыл мен Құлманбет
Жамбыл мен Шашубай
Жамбыл мен Досмағанбет
Дастандар
Өтеген батыр
Сұраншы батыр
Көрұғлы
Бақ, дәулет, ақыл
10 слайд
Шығармалары: Айтыстар Жамбыл мен Айкүміс Жамбыл мен Құлманбет Жамбыл мен Шашубай Жамбыл мен Досмағанбет Дастандар Өтеген батыр Сұраншы батыр Көрұғлы Бақ, дәулет, ақыл
11 слайд
Суреттер сыр шертеді …
11 слайд
Суреттер сыр шертеді …
12 слайд
Жамбыл Жабаевтың соғыс жылдарындағы
жырлары
1941 жылдың басында Кеңестер Одағына фашистік германия
тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып,
қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл
ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық»,
«Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!»,
«Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес
гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат»,
«Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі»,
«Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына»,
«Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір
өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен
шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер
берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға
аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград
сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын
жырларында өршілдік рух басым.
12 слайд
Жамбыл Жабаевтың соғыс жылдарындағы жырлары 1941 жылдың басында Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым.
13 слайд
Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты
атақты өлеңі ешқашан ұмытылмайды
Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер
қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше
атауға болады:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін…
Уа, қаһарман, өренім,
Мақтанышым, беделім!..
Қаласындағы Лениннің
Сайып қыран, өренім!
Ұлы Отан соғысы жылдарында патриоттық рухта жазылған
толғаулары үшін КСРО Халық Комиссарлар кеңесі 1941
жылы Мемлекеттік сыйлық берді
13 слайд
Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты атақты өлеңі ешқашан ұмытылмайды Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады: Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің. Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін… Уа, қаһарман, өренім, Мақтанышым, беделім!.. Қаласындағы Лениннің Сайып қыран, өренім! Ұлы Отан соғысы жылдарында патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін КСРО Халық Комиссарлар кеңесі 1941 жылы Мемлекеттік сыйлық берді
14 слайд
?
?
??? Постер құрастырайық:
14 слайд
? ? ??? Постер құрастырайық:
15 слайд
Жамбыл Жабаевтың нақыл сөздері
Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі
Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде
басқа талап
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
Серт адамды байлайды,
Ер жігіт серттен таймайды
15 слайд
Жамбыл Жабаевтың нақыл сөздері Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі – ел бастар Жаманның көңілі көкте, жерде басы, Алыс қой аңғарғанға екі арасы. Жақсының өзі кішік, ойы биік, Бірдей ме екеуінің мәртебесі? Серт адамды байлайды, Ер жігіт серттен таймайды
16 слайд
Жамбыл Жабаев шығармашылығында адамгершілік, еңбекке
тәрбиелеу – басты идеялардың бірі болып табылады. Еңбек
тәрбиесінің ең күшті құралы – көркем әдебиет, ол өз кезегінде
адам көзқарасының қалыптасуына, іс-әрекетін саналы құруына
үлкен әсер етеді. Өйткені, мәдениет бастауы – шын мәнінде
еңбек пен адамгершілікте жатыр. Әдебиет адамның мәдени
дәрежесін жоғарылатуға, еңбектегі жетістіктерге жетуіне
мүмкіндік береді. Осыны жете түйсінген Жамбыл ақын да өз
шығармашылығында өмір негізі ретінде еңбекті санап,
мазмұндық және жоғары идеялы поэтикалық қуаттағы өлең-
жырлар тудырды. Өз уақытында тек қазақтың ғана емес, бір
тудың астына топтасқан одақтас республика халықтарында да
өскелең ұрпақ тәрбиесінің күшті құралы болды. Жамбыл
Жабаев пікірінше, тек ұлы еңбек арқылы ғана адамгершілікке
баулуға, тұлға қалыптастыруға болады. Ал, Жамбыл Жабаев
ұғымындағы тұлға – өз халқы үшін қызмет ету, бақыты мен
қуанышы үшін барын салу
16 слайд
Жамбыл Жабаев шығармашылығында адамгершілік, еңбекке тәрбиелеу – басты идеялардың бірі болып табылады. Еңбек тәрбиесінің ең күшті құралы – көркем әдебиет, ол өз кезегінде адам көзқарасының қалыптасуына, іс-әрекетін саналы құруына үлкен әсер етеді. Өйткені, мәдениет бастауы – шын мәнінде еңбек пен адамгершілікте жатыр. Әдебиет адамның мәдени дәрежесін жоғарылатуға, еңбектегі жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді. Осыны жете түйсінген Жамбыл ақын да өз шығармашылығында өмір негізі ретінде еңбекті санап, мазмұндық және жоғары идеялы поэтикалық қуаттағы өлең- жырлар тудырды. Өз уақытында тек қазақтың ғана емес, бір тудың астына топтасқан одақтас республика халықтарында да өскелең ұрпақ тәрбиесінің күшті құралы болды. Жамбыл Жабаев пікірінше, тек ұлы еңбек арқылы ғана адамгершілікке баулуға, тұлға қалыптастыруға болады. Ал, Жамбыл Жабаев ұғымындағы тұлға – өз халқы үшін қызмет ету, бақыты мен қуанышы үшін барын салу
17 слайд
Назарларыңызға рахмет !
17 слайд
Назарларыңызға рахмет !