Материалдар / Тарих кабинеті. Тарих пәні мұғаліміне қойылатын талаптар.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тарих кабинеті. Тарих пәні мұғаліміне қойылатын талаптар.

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға және студенттерге арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
1937
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Баймағамбетов Ерлан РусланұлыТарих кабинеті, тарих пәні мұғаліміне қойылатын талаптар ҚР Білім және ғылым министрлігі ШЖҚ “Х. До

1 слайд
Баймағамбетов Ерлан РусланұлыТарих кабинеті, тарих пәні мұғаліміне қойылатын талаптар ҚР Білім және ғылым министрлігі ШЖҚ “Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті” РМК

Жоспар  1. Тарих ғылымы туралы түсінік.  2. Тарих кабинеті. Тарих кабинетін жабдықтау.  3. Тарих пәні мұғаліміне қойылатын т

2 слайд
Жоспар  1. Тарих ғылымы туралы түсінік.  2. Тарих кабинеті. Тарих кабинетін жабдықтау.  3. Тарих пәні мұғаліміне қойылатын талаптар.  4. Кабинет жағдайында тарихи білімді ұйымдастыру.

Тарих (көне грек. ἱστορία — сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарих - үздіксіз дам

3 слайд
Тарих (көне грек. ἱστορία — сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие."Тарихсыз - халық жоқ" деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.Ұстаз  болу – жүректің батырлығы,  Ұ стаз  болу – сезімнің ақындығы,  Ұс таз  болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы

“ Тарих – өткеннің сабағы, алдыңғының кейінгіге өнегесі” Н.Ә. Назарбаев

4 слайд
“ Тарих – өткеннің сабағы, алдыңғының кейінгіге өнегесі” Н.Ә. Назарбаев

Тарих пәнін оқытуға қойылған белгілі үш міндетті ойдағыдай орындауда Қазақстан тарихы кабинетінің маңызы зор. Өйткені, онда

5 слайд
Тарих пәнін оқытуға қойылған белгілі үш міндетті ойдағыдай орындауда Қазақстан тарихы кабинетінің маңызы зор. Өйткені, онда осы пәнді оқытуға өте қажетті: оқу – көрнекі құралдар, техникалық құралдар, кітапхана қоры сақталады. Тарих кабинетінің алдына қойған негізгі міндеттері: саяси, экономикалық, халықаралық жаңалықтарды көрмелер мен экспозицияларды ұйымдастыру арқылы жүйелі түрде насихаттап отыру. Мектептегі тарих кабинеті- оқушылармен жұмыс жүргізетін база ғана емес, сонымен бірге ол мұғалімнің ə дістемелік жұмыстарының да көрсеткіші. Оқу - ə дістемелік, көрнекі ж ə не техникалық оқыту құралдарының жеткілікті қоры жинақталған кабинет жағдайында мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты арта түседі. Ə дістемелік шығармашылыққа қолайлы жағдай туғыза отырып ,кабинетпен жұмыс жасау мұғалімнің дайындығына жоғарғы талап қояды. Қазіргі кезде тарих п ə нін оқытуда міндетті түрде игерілуі тиіс білімнің көлемі арта түсуде. Сондықтан да мұғалім оқулықтан тыс диафильм,видеофильм,үнтаспа т.б.сияқты оқу құралдарының мазмұны ж ə не қолданылу мақсатын жетік білу тиіс.

 Мұғалімнің сабаққа дайындығы белгілі бір деңгейде кабинетпен байланысты, өйткені мұғалім сабақта қолданылатын көмекші құ

6 слайд
 Мұғалімнің сабаққа дайындығы белгілі бір деңгейде кабинетпен байланысты, өйткені мұғалім сабақта қолданылатын көмекші құралдар ж ə не оқытудың техникалық құралдарымен кабинетте таныса алады. Содан да кабинетті жабдықтау ж ə не безендіруде оның мүмкіндігін мұғалім сабақ барысында кешенді түрде пайдалана алуы басты назарда болуы тиіс.

Тарих кабинетін жабдықтау  Кабинеттің базасы үш негізгі бөліктен тұрады, олар : арнайы жиһаздар түріндегі қондырғылар , қажет

7 слайд
Тарих кабинетін жабдықтау  Кабинеттің базасы үш негізгі бөліктен тұрады, олар : арнайы жиһаздар түріндегі қондырғылар , қажетті техникалық аппаратура ж ə не оқу- ə дістемелік құралдардың қоры.Тарих кабинетінің жабдықталуы оқушыларға білім беру ,т ə рбиелеу ж ə не дамыту міндеттерін барынша тиімді іске асыруды басшылыққа алуы тиіс. Кабинеттің орналасу т ə ртібін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Ондағы қондырғылар мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеуіне барынша қолайлы болып,құралдарды еркін пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылардың қарсы алдына портреттен өзге ешқандай көрме, картина,стенд ілуге болмайды. Тақтаның жоғарғы жағына картина, кестелер, картиналарды ілу үшін арнайы дайындалған жылжымалы қондырғы орнатуға болады. Сол сияқты теледидар үшін де жылжымалы тұғыр дайындалады.

Тарих кабинетін жабдықтау  Кабинеттің базасы үш негізгі бөліктен тұрады, олар: арнайы жиһаздар түріндегі қондырғылар, қажетті

8 слайд
Тарих кабинетін жабдықтау  Кабинеттің базасы үш негізгі бөліктен тұрады, олар: арнайы жиһаздар түріндегі қондырғылар, қажетті техникалық аппаратура және оқу-әдістемелік құралдардың қоры. Тарих кабинетінің жабдықталуы оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін барынша тиімді іске асыруды басшылыққа алуы тиіс. Кабинеттің орналасу тәртібін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Ондағы қондырғылар мұғалім мен оқушылардың жұмыс істеуіне барынша қолайлы болып, құралдарды еркін пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылардың қарсы алдына портреттен өзге ешқандай көрме, картина, стеңд ілуге болмайды. Интерьердің безендірілуі де оқушыларды оқу процесінен алаңдатпауы керек. Алдыңғы қабырғаның ортасына орналастырылған тақта жылжымалы болса тіпті жақсы. Тақтаны магнитті аппликациялар, фотолар мен суреттер ілетіндей жан-жақты мақсатта қолдануға бейімдеген жөн. Тақта үстіне потолокқа киноэкран ілінеді.  Тақтаның жоғары жағына картина, кестелер, картиналарды ілу үшін арнайы дайындалған жылжымалы қондырғы орнатуға болады. Сол сияқты теледидар үшін де жылжымалы тұғыр дайыңдалады.  Картина, кестелерді сақтау үшін тақтаның астына немесе кабинеттің артқы қабырғасында арнайы шкафтар болады. Артқы қабырғаға тұтастай құрастырылған шкаф кабинеттегі бүкіл оқу-әдістемелік, техникалық құралдарды сақтауға арналады. Ондай шкафқа кабинеттің кітапханасын, сонымен бірге атластар мен альбомдар, үлестірмелі және өлкетану материалдарын, оқушылардың жұмыстары сиякты көптегеи дүниелерді жинақтауға болады. Ал шкафтың арнайы секциясына карталар мен оқытудың  техникалық құралдарын орналастырады.  Егер мектепте бірнеше тарих кабинетін жабдықтау мүмкін болса, оларды белгілі бір сыныптарды оқытуға бағдарлау қажет.  Кабинеттің барлық заттары қолдануға оңай болатындай тәртіппен орналастырылуы тиіс. Ол үшін барлық оқу құралдарының каталогы жасалады. Оны ұйымдастыруда кітапханалардағы каталог жүргізудің технологиясын қолданған орынды. Оқу құралдары материалдық құндылық  болғандықтан олар жүйелі түрде түгендеуден өткізілуі керек. Сол үшін кабинетке дербес түгендеу кітабы арналады.  Картотека айдар бойынша жүргізіледі. Мысалы, "Карталар", "Тесттер"  т.б.

Тарих кабинетінің жабдықталуы Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, има

9 слайд
Тарих кабинетінің жабдықталуы Тарих сабағында  оқушылардың  дүниеге  ғылыми  көзқарасы қалыптастырылады,  адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке  тәрбиеленеді, отаншылдыққа,  халықтарды  құрметтеуге,  сыйлауға,  яғни  халықтар достығына тәрбиеленеді,  еңбекке, діннің  қызметін  дұрыс  бағалауға, бейбітшілікті  сақтауға үлес қосуға тәрбиеленеді,  эстетикалық, экологиялық, экономикалық  тәрбие алады

Кабинет жағдайында тарихи білім беруді ұйымдастыру Мектептегі күнделікті қызметі көрсетіп отырғандай , қазіргі заманғы оқу құр

10 слайд
Кабинет жағдайында тарихи білім беруді ұйымдастыру Мектептегі күнделікті қызметі көрсетіп отырғандай , қазіргі заманғы оқу құралдарын барынша кең қолданғанымен күткен н ə тижеге қол жете бермейді. Оның себебі , мұғалім сабақтағы қолданған құралдың дидактикалық ролін д ə л белгілемегендігі немесе өзінің функциясын кино-теледидарлық «мұғалімгең артып қойғандығынан болуы мүмкін .Ондай олқылыққа жол бермеу үшін аудиовизуальды оқыту құралдарын сабақта қолданғанда ол құралдармен бірге оқушыны да белсенді жұмыс істету қажет. Кабинетке шоғырландырылған оқу құралдары мұғалімге түрлі ақпарат көздерін қолданып , оқушылардың көптеген дерек көздері арқылы жаңа білімді игеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Кабинет жағдайында оқытудың белсенді ə дістерін қолдануға мүмкіндік болады.

Тарих сабағына қалай дайындалу керек?  Тарих сабағына қойылатын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи мазмұнның, педагогикалық ой

11 слайд
Тарих сабағына қалай дайындалу керек?  Тарих сабағына қойылатын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи мазмұнның, педагогикалық ойдың толықтығы, оның алға қойған мақсатқа сәйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім көздерін қолдану; базалық білім қалыптастыруда негізгі шешуші мәселені тандап ала білу; окушылардың жоғары деңгейдегі дербес ойлай білуі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру, сабақ типін, оны өткізудің құралдары мен әдістерін дұрыс таңдай білу; таңдап алынған оқу жұмысы тәсілдерінің педагогикалық ниетке, оқушылардың танымдық мүмкіндігінің мазмұнына сай келуі; мұғалім мен оқушы әрекетінің біртұтастығы.  Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемлекеттік стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады. Осындай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақты емес, тұтас тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға ретінде қалыптасуы барысында тереңдеп, нақтылана түсетін деректер мен ұғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп  оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяндалу сипатын, оның құрылымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының қандайлығына көз жетізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік стандарт, оқулық және бағдарламамен жете танысу оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу-тәрбиелік мақсаттарын айқындауға көмектеседі.  Осыдан соң сабақты тақырыптық жоспарластыруға кірісуге болады. Оның мәні — сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру.

Мұғалімге қойылатын талаптар:  Кітапханамен үздіксіз байланыс жасау керек;  Шығармашыл болуы тиіс;  Жаңа технологияны меңгер

12 слайд
Мұғалімге қойылатын талаптар:  Кітапханамен үздіксіз байланыс жасау керек;  Шығармашыл болуы тиіс;  Жаңа технологияны меңгеру керек;  Қадағалаушы болуы керек;  Шебер ұйымдастырушы болуы керек;  Жетелеуші, алға ұмтылушы;  Мәдениетті,сөйлеу мәнері ерекше, сөзге шешен, киім киісі, кескін келбеті тартымды ғажап тұлға.

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:  өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;  о

13 слайд
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:  өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;  оқушы қабілетін моделдеу;  қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;  оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, басқа да көрсеткіштерге көңіл бөлу;  шығармашылықпен орындайтын тапсырмаларды дайындай білу.

Тарих дегеніміз- оқиғалардың, есімдердің, құжаттар мен даталардың құр күнтізбесі емес, тарих- халықтардың қуанышы мен қайғысының

14 слайд
Тарих дегеніміз- оқиғалардың, есімдердің, құжаттар мен даталардың құр күнтізбесі емес, тарих- халықтардың қуанышы мен қайғысының, жарқын өмірге талпынысының, мәңгі жасампаздығының жарқын бейнесі.Олай болса, тарих мұғалімі күнделікті өмірде оқушыларға қаншама қызықты мағлұматтар, танымдық дүниелер сыйлап, тарих әлемінің құпия сырларына терең бойлатады. Оқушыларды сабақта жалықтырмас үшін бүгінгі күнгі жаңа технология бойынша сабақ мазмұнына сәйкес, «Дамыта оқыту» технологиясы, «Проблемалық оқыту» технологиясы, «Ақпараттық» технологиясы, «Деңгейлеп- саралап отыру», «Модульдік», «Жобалап» және т.б. басқалай түрде сабақтар өткізу керек. Сабақты жаңашыл әдіс- тәсілдерге сүйеніп өткізу, оқушының өмірге нақты көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.  Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологиялар негізінде:  әр оқушының жеке және дара ерекшелігін ескеру;  психологиялық және оқу қабілетін ескеру;  осыларды ескере отырып, қабілеті мен шығармашылығын дамыту;  өз бетінше жұмыс істеуін, іздену дағдысын бағдар беру.

Нәтижеге бағытталған сабақ:  іскер ойын;  сабақ- лекция;  сабақ – консультация;  тақырыптық есеп сабақ;  семинар сабақ;

15 слайд
Нәтижеге бағытталған сабақ:  іскер ойын;  сабақ- лекция;  сабақ – консультация;  тақырыптық есеп сабақ;  семинар сабақ;  конференция;  дебат сайыс  өз бетімен, шығармашылықпен жұмыс істеуін қадағалау;  үй тапсырмасын тексеру;  бақылау жұмыстары;  тақырыптық есеп;  деңгейлік тапсырмалар;  тоқсандық қорытынды;  ҰБТ көрсеткіштері;  Олимпиада нәтижесі;  Пікірсайысқа қатысу. Нәтижеге бағыттылған : нысандар

Тарих сабағында оқушыларға мынадай талаптар қойылады:  үйге берілген тапсырманы оқулық және қосымша материалдар бойынша оқу;

16 слайд
Тарих сабағында оқушыларға мынадай талаптар қойылады:  үйге берілген тапсырманы оқулық және қосымша материалдар бойынша оқу;  оқыған материалдарды тарихи тілмен мүдірмей айтып беру;  тарихи материалдарды, деректерді зерттей білу;  тарихи фактілерге талдау жасай білу;  тақырыпқа байланысты таблица жасау, даталарды жатқа айту;  әр тарихи мәселелерге сын көзбен қарай білу, дұрыстығына көз жеткізу;  тақырып мазмұнына сәйкес өзінің жеке пікірін айта білу.

Пайдаланылған әдебиеттер 1. Т. Тұрлығұл “Тарих кабинеті мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, Ғ

17 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Т. Тұрлығұл “Тарих кабинеті мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, Ғылым 2003 ж., 256 б. 2. Хазретәлі. “Тарих кабинетін жабдықтау мектепте тарихты оқыту әдістемесі”. Алматы, Дарын 2004 ж., 160 б. 3. Интернет мәліметтері “Википедия” сайты. 4. т.ғ.к., қауымдастырылған профессор: Г. Қайырғалиеваның “Тарихты оқыту әдістемесі” пәні бойынша оқу – әдістемелік кешені

 Назар салып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз!

18 слайд
 Назар салып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз!