Т.Морганның және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы

#1 слайд
Т.Морганның және оның ғылыми
мектебінің тұқым
қуалаушылықтың хромосомалық
теориясы
1 слайд
Т.Морганның және оның ғылыми мектебінің тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы
#2 слайд
Томас Хант Морган - американдық биолог және генетик. Нобель сыйлығының лауреаты (1933 жыл) Т. Морган және оның мектебі (Г. Меллер, А.Стертевант , К. Бриджес және т.б.) тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалады; Оның зерттеу зерзаты дрозофила жеміс шыбыны болды; Гендердің хромосомада орналасуының заңдылықтары Г.Мендельдің заңдарының цитологиялық механизмдерін түсіндіруге көмектесті.
2 слайд
Томас Хант Морган - американдық биолог және генетик. Нобель сыйлығының лауреаты (1933 жыл) Т. Морган және оның мектебі (Г. Меллер, А.Стертевант , К. Бриджес және т.б.) тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалады; Оның зерттеу зерзаты дрозофила жеміс шыбыны болды; Гендердің хромосомада орналасуының заңдылықтары Г.Мендельдің заңдарының цитологиялық механизмдерін түсіндіруге көмектесті.
#3 слайд
Өсімтал: біреуінен 600-дей.
Жылдам көбейеді: 10 күнде.
Қолда өсіруге арзан
Белгілері жақсы бөлінеді
Адам жүретін жерлердің
бәрінде кездеседі
Олардың керемет артықшылығы – бар болғаны гаплоидтық жиынтықта 4
хромосоманың болуы. Дрозофиланың белгілері 4-тен әлдеқайда көп. Бір хромосома
шегінде болатын гендер тіркес гендер деп аталады. Зертханаларда тәжірибелер
топтамасы қойылып, оның нәтижелері тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын
жасауға алғышарт болып табылды. дрозофила обыкновенная
( Drosophila melanogaster)
3 слайд
Өсімтал: біреуінен 600-дей. Жылдам көбейеді: 10 күнде. Қолда өсіруге арзан Белгілері жақсы бөлінеді Адам жүретін жерлердің бәрінде кездеседі Олардың керемет артықшылығы – бар болғаны гаплоидтық жиынтықта 4 хромосоманың болуы. Дрозофиланың белгілері 4-тен әлдеқайда көп. Бір хромосома шегінде болатын гендер тіркес гендер деп аталады. Зертханаларда тәжірибелер топтамасы қойылып, оның нәтижелері тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын жасауға алғышарт болып табылды. дрозофила обыкновенная ( Drosophila melanogaster)
#4 слайд
Морган бір хромосомада орналасқан гендердің бір-бірінен ажырап кетпей, көбіне бірге тұқым қуалайтынын
анықтады. Оны мына тәжірибеден көз жеткізуге болады. Р. ВВVV жетік қанатты сұр шыбын мен bbvv шала
қанатты қара шыбынды алып будандастырды. Сонда бірінші F1 ұрпақтағы будандық дарақтардың барлығы
біркелкілік заңына сәйкес генотипі ВbVv дигетерозиготалы, фенотипі бойынша жетік қанатты сұр денелі
шыбындар болып шықты.
4 слайд
Морган бір хромосомада орналасқан гендердің бір-бірінен ажырап кетпей, көбіне бірге тұқым қуалайтынын анықтады. Оны мына тәжірибеден көз жеткізуге болады. Р. ВВVV жетік қанатты сұр шыбын мен bbvv шала қанатты қара шыбынды алып будандастырды. Сонда бірінші F1 ұрпақтағы будандық дарақтардың барлығы біркелкілік заңына сәйкес генотипі ВbVv дигетерозиготалы, фенотипі бойынша жетік қанатты сұр денелі шыбындар болып шықты.
#5 слайд
Морган осы бірінші ұрпақтағы дигетерозиготалы аналық
шыбынды қайтадан шала қанатты қара денелі аталық
шыбынмен кері будандастырғанда, екінші ұрпақта төрт
түрлі фенотиптері бар дарақтар алған
Олардың пайыздық мөлшерлері әр түрлі: 41,5% жетік қанатты сұр денелі, 41,5% шала қанатты қара
денелі шыбындар, ал 8,5% шала қанатты сұр денелі және 8,5% жетік қанатты қара денелі шыбындар
болған.
5 слайд
Морган осы бірінші ұрпақтағы дигетерозиготалы аналық шыбынды қайтадан шала қанатты қара денелі аталық шыбынмен кері будандастырғанда, екінші ұрпақта төрт түрлі фенотиптері бар дарақтар алған Олардың пайыздық мөлшерлері әр түрлі: 41,5% жетік қанатты сұр денелі, 41,5% шала қанатты қара денелі шыбындар, ал 8,5% шала қанатты сұр денелі және 8,5% жетік қанатты қара денелі шыбындар болған.
#6 слайд
Дрозофиланың 17%-ы ата-аналарына мүлде ұқсамай жаңа белгілерге ие болған. Ендеше, ата-
аналарына ұқсас жетік қанатты сұр шыбын мен шала қанатты қара шыбынның бірдей
қатынаста болуы, яғни 83%-ы осы аталған белгілерді анықтайтын гендердің бірлесіп, тіркес
тұқым қуалайтынын көрсетеді. Бұл құбылысты — Морган гендердің тіркесуі немесе тіркесіп
тұқым қуалау заңы деп атады. Бір хромосоманың бойында орналасқан және тіркесіп тұқым
қуалайтын гендер тобы тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны
хромосомалардың гаплоидты жиынтығына сәйкес келеді. Мысалы, дрозофила шыбынында —
4 тіркесу тобы, асбұршақта — 7, жүгеріде — 10, ал адамда 23 тіркесу тобы болады.
6 слайд
Дрозофиланың 17%-ы ата-аналарына мүлде ұқсамай жаңа белгілерге ие болған. Ендеше, ата- аналарына ұқсас жетік қанатты сұр шыбын мен шала қанатты қара шыбынның бірдей қатынаста болуы, яғни 83%-ы осы аталған белгілерді анықтайтын гендердің бірлесіп, тіркес тұқым қуалайтынын көрсетеді. Бұл құбылысты — Морган гендердің тіркесуі немесе тіркесіп тұқым қуалау заңы деп атады. Бір хромосоманың бойында орналасқан және тіркесіп тұқым қуалайтын гендер тобы тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына сәйкес келеді. Мысалы, дрозофила шыбынында — 4 тіркесу тобы, асбұршақта — 7, жүгеріде — 10, ал адамда 23 тіркесу тобы болады.
#7 слайд
Бір хромосоманы бойлай орналасқан аллельді
емес гендердің алмасу жиілігі сол гендердің
ара қашықтығын көрсетеді. Гендер неғұрлым
бір-біріне жақын орналасса, соғұрлым
олардың тіркесу мүмкіндігі артып, алмасуға
ұшырауы сирек байқалады. Керісінше, бір-
бірінен алшақ орналасқан гендердің тіркесіп
тұқым қуалауы төмендеп алмасуға жиірек
ұшырайтындығы байқалған.
Хромосомалардың айқасуына байланысты гендердің алмасуы үнемі болып тұрады.
Мұны Морган өз шәкірттерімен бірге дәлелдеп, хромосомалардың генетикалық картасын жасады. Ол картада
гендердің орналасу ретін көрсетті
7 слайд
Бір хромосоманы бойлай орналасқан аллельді емес гендердің алмасу жиілігі сол гендердің ара қашықтығын көрсетеді. Гендер неғұрлым бір-біріне жақын орналасса, соғұрлым олардың тіркесу мүмкіндігі артып, алмасуға ұшырауы сирек байқалады. Керісінше, бір- бірінен алшақ орналасқан гендердің тіркесіп тұқым қуалауы төмендеп алмасуға жиірек ұшырайтындығы байқалған. Хромосомалардың айқасуына байланысты гендердің алмасуы үнемі болып тұрады. Мұны Морган өз шәкірттерімен бірге дәлелдеп, хромосомалардың генетикалық картасын жасады. Ол картада гендердің орналасу ретін көрсетті
#8 слайд
Кроссинговерге ұшырған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі, ал ұшырамаған
хромосомаларды кроссоверленбеген деп атайды. Хромосомалардың айқасу мөлшерін, кроссоверлі
дарақтардың пайызын ұрпақтың жалпы санына шағып есептейді. Айқасудың өлшем бірлігі
ретінде оның бір пайызға тең мөлшері алынады. Оны Т.Морганның құрметіне морганида кейде
сантиморган деп атайды. Мысалы, жүгерінің екі сорт тармағын (линиясын) будандастырғанда
барлығы 1000 дән алынса, оның 36-сы кроссоверлі болған.
8 слайд
Кроссинговерге ұшырған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі, ал ұшырамаған хромосомаларды кроссоверленбеген деп атайды. Хромосомалардың айқасу мөлшерін, кроссоверлі дарақтардың пайызын ұрпақтың жалпы санына шағып есептейді. Айқасудың өлшем бірлігі ретінде оның бір пайызға тең мөлшері алынады. Оны Т.Морганның құрметіне морганида кейде сантиморган деп атайды. Мысалы, жүгерінің екі сорт тармағын (линиясын) будандастырғанда барлығы 1000 дән алынса, оның 36-сы кроссоверлі болған.
#9 слайд
Морган өз шәкірттерімен бірге дрозофила шыбынына тәжірибе жасаудың
нәтижесінде “тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” ашты. Бұл
теорияның негізгі қағидалары мынадай:
Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы
орны (локус) болады.Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол
организмге тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді.
Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді.Хромосомадағы гендердің ара қашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал.
9 слайд
Морган өз шәкірттерімен бірге дрозофила шыбынына тәжірибе жасаудың нәтижесінде “тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын” ашты. Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай: Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы орны (локус) болады.Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол организмге тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді. Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді гендердің алмасуы жүреді.Хромосомадағы гендердің ара қашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционал.
#10 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың
биологиялық негіздері. Алматы, 2006, б. 23-27.
-Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. М., 2001. Кн. 1 с. 222-233.
-Генетика. Под ред. Иванова В.И, М., 2006, с. 116-125.
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы:
«Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
10 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер: - Аманжолова Л.Е. Жалпы және медициналық генетиканың биологиялық негіздері. Алматы, 2006, б. 23-27. -Биология. Под ред. Ярыгина В.Н. М., 2001. Кн. 1 с. 222-233. -Генетика. Под ред. Иванова В.И, М., 2006, с. 116-125. - Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
#11 слайд
Назарларыңызға
рахмет!
11 слайд
Назарларыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз


