Түрік қағанаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түрік қағанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Түрік мемлекеті" тақырыбына презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Түрік қағанаты

#1 слайд
Түрік қағанаты

1 слайд

Түрік қағанаты

Жоспар: 1. «Түрік» атауы туралы аңыз. 2. Түрік қағанаты. 3. Түрік қағанатының ыдырауы 4. Түрік қағанаты халқының кәсібі, тұрмыс

#2 слайд
Жоспар: 1. «Түрік» атауы туралы аңыз. 2. Түрік қағанаты. 3. Түрік қағанатының ыдырауы 4. Түрік қағанаты халқының кәсібі, тұрмысы 5. Ертедегі түркі жазуы 6. Түркі тұлғалары

2 слайд

Ежелгі түріктердің шығуы туралы Қытай жылнамаларында мынандай аңыз бар. Аңыз бойынша, Ұлы Ғұн ордасынан бөлінген ел Сарыжазықта

#3 слайд
Ежелгі түріктердің шығуы туралы Қытай жылнамаларында мынандай аңыз бар. Аңыз бойынша, Ұлы Ғұн ордасынан бөлінген ел Сарыжазықтан көшіп, Алтай тауының қойнауын паналауға беттейді. Жолда олар аңдып жүрген жаулардың қолына түсіп, түгел қырылады. Жаудан тек он жасар бала ғана аман қалады. Осы баланы Көкбөрі қасқыр тауып алып асырайды. Кейін осы баладан Көкбөрілер ұрпағы тарайды. Көсемі Ашина тайпаға өз атын береді, осы Ашина тайпасынан шыққан көсемдердің бірі өз жұртын Алтайға қоныстандырады. Көкбөріге сиыну салтқа айналады. Қасқыр асыраған баладан он ұрпақ тараған көрінеді. Түркілер өздерін көне сына жазуларында «он оқ будун» деп атаған. Ол он ұлдан тараған ел дегенді білдірген. Осы жергілікті тайпалар өздерін «түркіміз» деп атаған.

3 слайд

IV ғасырда түріктер Алтай өңірін мекендеген тайпалар еді. Осы кезде олар жужандарға (авар) бағынып, алым- салық төлеп тұрған. V

#4 слайд
IV ғасырда түріктер Алтай өңірін мекендеген тайпалар еді. Осы кезде олар жужандарға (авар) бағынып, алым- салық төлеп тұрған. V ғасырда Солтүстік Моңғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі орасан зор алқапта түркі тілді көшпелі теле тайпалары өмір сүретін еді. 546 жылы соғыста түріктердің Ашина тайпасын басқарған Бумын қаған сансыз көп теле тайпасын талқандады. Олардың 50 мыңдай үйі түріктерге келіп қосылады. Бұдан түріктер күшейе түсті, жерін кеңейтті. Түрік тайпаларының күшті әскерін құрды. 552 жылы түрік тайпалары бірігіп, Түрік қағанаты деп аталған мемлекетін құрады. Елді басқаратын адам қаған тек әмірші, әскери қолбасшы ғана емес, сондай-ақ барлық жердің қожасы саналды. Бумын қаған тұсында түріктер күшейіп, 552 жылы жужандарға қарсы соғыста жеңіске жетеді. Осы кезден бастап Түрік қағанаты билік құрады. Түріктер алым-салықтан құтылып, өз бостандығын алады. Түрік тайпаларына азаттық әперген, қағанаттың іргесін қалап, шаңырағын көтерген Бумын қаған 553 жылы дүниеден өтеді. Оның інісі Мұқан қаған билік құрған кезде Түрік қағанаты одан да қатты күшейеді. 555 жылы Түрік қағанатына бүкіл Орта Азия бағынады.

4 слайд

Қағанаттың нығаюына Бумынның інісі ақылды, ержүрек, соғыс өнерін жақсы меңгерген Естеми қаған да айтарлықтай үлес қосты. Естем

#5 слайд
Қағанаттың нығаюына Бумынның інісі ақылды, ержүрек, соғыс өнерін жақсы меңгерген Естеми қаған да айтарлықтай үлес қосты. Естеми қағанның қолбасшылық қабілеті арқасында Түрік қағанатының аумағы сонау Кавказға дейін ұлғайып, көптеген тайпаларды өзіне бағындырған. Түрік қағанатының құрамында түркі тілдес қарлұқ, қимақ, қырғыз, түркеш, қыпшақ және басқа тайпалар болды. Түріктердің билігін көптеген елдер мойындайды. Қытайдың солтүстік облыстары түріктерге бағынып, алым-салық төлеп тұрды. Керуен түрік жолдары арқылы Үндістан, Қытай, Орта Азия, Иран және басқа елдермен жүргізілген сауда қазынаны байытты. Қағанатта үлкен маңызды өзгерістер жүзеге асырылды. Мемлекеттегі басты тайпалар 10 бөлікке («он оқ будун») біріктірілді. Он ірі тайпа «оң қанат» және «сол қанат» болып екіге бөлінді. Елдің ұлан-ғайыр кеңістігін қорғауда атты әскер маңызды рөл атқарды.

5 слайд

Түрік қағанаты бір орталыққа бағынған күшті мемлекет бола алмады. Өйткені орасан зор аймақты тәуелділікте ұстап отыру өте қиын

#6 слайд
Түрік қағанаты бір орталыққа бағынған күшті мемлекет бола алмады. Өйткені орасан зор аймақты тәуелділікте ұстап отыру өте қиынға түсті. Қағанат аумағын мекендеген түрлі халықтар арасында бірлік болмады. Қағандар әулетінің арасында билік үшін тартыс басталды. Осы тайпалардың алауыздығы, өзара қырқыс Түрік қағанатын әлсіретті. Бағынған халықтар өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрес жүргізді. Ақыры 603 жылы Түрік қағанаты Батыс Түрік қағанаты және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлініп кетті. 603 жылы Түрік қағанаты Батыс Түрік қағанаты және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Түрік қағанаты өз билігін негізінен Қаратау баурайынан Жоңғарияға, яғни Шығыс Түркістанға дейінгі аралықта жүргізді. Қағанаттың жаңа астанасы Суяб қаласы сол кездегі ірі шаруашылық және мәдени орталыққа айналды. Қағанат билеушісі Жегуй өз мемлекетін біраз күшейте алды. 640–657 жылдары Қытайдың Таң әулетінің әскері Жетісуға баса-көктеп кіріп, онсыз да ауыр жағдайды одан әрі қиындатты. Шығыс Түрік қағанаты Қазақстан мен Орталық Азия, Оңтүстік Сібір жерлерін қамтыды.

6 слайд

Түрік тайпалары ұлан-ғайыр далада көшіп-қонып, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыста қыстауға, жаз

#7 слайд
Түрік тайпалары ұлан-ғайыр далада көшіп-қонып, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп отырды. Киіз үйде тұрды. Көшуге түйе, өгіз жеккен арбаны пайдаланды. Сондай-ақ аңшылықпен шұғылданды. Жолбарыс, барыс, түлкі, құндыз және басқа аңдарды аулаған. Олардың терісінен киім тігіп киді, айырбас саудаға салды. Металл кенінің бай қоры болды, белгілі сауда жолдары арқылы басқа халықтармен экономикалық байланысын күшейтті. Негізгі кәсібі мал бағу болғанымен, түріктер ішінара егін егумен де айналысты. Суармалы алқаптағы отырықшы халық егін егіп, баубақша өсірген. Ұлы Жібек жолының елді басып өтуі арқасында сауда-саттық өркендеді, жол бойындағы қалалар көркейді. Құлан, Тараз, Мерке қалалары сауда мен қолөнердің орталықтарына айналды.

7 слайд

Ежелгі түркі тайпалары Оңтүстік Сібір, Алтай өңірі мен Қазақстан аумағын мекендеген. Ежелгі түркілер – қазақтардың арғы ата-б

#8 слайд
Ежелгі түркі тайпалары Оңтүстік Сібір, Алтай өңірі мен Қазақстан аумағын мекендеген. Ежелгі түркілер – қазақтардың арғы ата-бабалары. Олар көне түркі тілінде сөйлеген. Түркі тайпаларының әліпбиі алғашында ру, тайпалардың таңбалары бойынша жасалған. Түркілердің төл жазуы руна жазуы деп аталады. «Руна» – «ескі», «көне» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі түркі жазба ескерткіштеріне тастағы жазулар жатады. Мұндай жазуы бар тастар Сібірдегі Енисей мен Орхон өзендері бойынан табылды. Бұл жазулардың көпшілігі зират басына қойылған құлпытасқа, жартастарға қашалып жазылған. Ертедегі түркі жазбаларына – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөктің құрметіне жазылған тарихи ескерткіштер жатады.

8 слайд

Күлтегін (684–731) – бас қолбасшы, атақты батыр. Шығыс Түрік қағанатының әміршісі Құтлық қағанның кіші баласы болған. Әкесі Құт

#9 слайд
Күлтегін (684–731) – бас қолбасшы, атақты батыр. Шығыс Түрік қағанатының әміршісі Құтлық қағанның кіші баласы болған. Әкесі Құтлық қайтыс болғанда Күлтегін жетіде, ағасы Білге он жаста екен. Жастайынан жетім қалған балалар әкесінің інісі Қапаған қағанның тәрбиесінде өседі. Әскери өнерді шебер меңгерген Күлтегін 21 жасында қытайлықтарға күйрете соққы беріп, 10 мың жауынгерін жойып жібереді. «Түркінің көк семсері» атанған қаһарман батыр, қолбасшы Күлтегін қырғыз, оғыз, түркеш тайпаларымен соғыста жеңіске жетеді. Түрік қағанатының әміршісі Білге қаған, оның кеңесшісі Тоныкөк, әскербасы Күлтегін болған кезең қағанаттың ең гүлденген, мерейі тасыған кезеңі саналды. Күлтегін, Білге, Тоныкөк мемлекетті көркейту мақсатында көрші елдерге жорыққа шығып, жеңіске жетіп отырған. Тарихи деректерде: «Білге қаған ұлтын сүйетін, халық сыйлайтын көсем; Күлтегін – соғыс өнерінің ұстазы, оған қарсы тұратын күш жоқ, ал Тоныкөк – беделді де білімді, алғыр кісі» деген мінездеме берілген. Олар бар күш-жігерін Түрік мемлекетін біріктіруге жұмсады. Осы мақсатта ішкі және сыртқы жаулармен бітіспес күрес жүргізді. Шайқаста Күлтегін өзін тамаша қолбасшы, қаһарман батыр ретінде көрсете білді. Күлтегін 47 жасында қайтыс болғанда оның басына ел тарихы жазылған ескерткіш орнатылды. Күлтегіннің жауынгерлік жорықтары туралы құлпытасқа ойылып жазылған. Күлтегін ескерткіші деп аталатын ол тас қазіргі Моңғолия мемлекетінің астанасы Улан-Батордың батысынан табылды. Ескерткіш астанадан 400 шақырым жердегі ескі қорғанның маңында орналасқан. «Күлтегін» жырының авторы – сол кезде өмір сүрген атақты ақын Иоллығ Тегін.

9 слайд

#10 слайд

10 слайд

Тоныкөк (шамамен 646–731 жж.) – Түрік қағанатының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қолбасшы, ойшыл ақын. Тоныкөк табғаш

#11 слайд
Тоныкөк (шамамен 646–731 жж.) – Түрік қағанатының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қолбасшы, ойшыл ақын. Тоныкөк табғаш елінде дүниеге келіп, білім алған. Жас кезінде Тоныкөк Қытай елінде 13 жыл тұрып, сонда тәрбиеленеді. Ол кезде тек ел басқаратын түркі тайпаларының көсемдері ғана қытай императорына аманатқа балаларын бере алған. Тоныкөк қытай императорының сарайында білім алып, тәрбиеленіп жүрген кезде олардың еліне жасаған қорлығының барлығын өз көзімен көріп өседі. Ол түркілер елінің үш басшысы – Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың ақыл беретін кеңесшісі болған. 683 жылы Шығыс Түрік қағанатының бірінші қағаны Құтлықпен бірге Тоныкөк қытайларға қарсы жорықта жеңіске жеткен. Тоныкөк осы Құтлықтың серігі, бас қолбасшысы болды. Ол өлген соң Құтлықтың ұлдары Білге, Күлтегінмен бірге Тоныкөк түркештер мен қытайларға қарсы жорықты басқарады. Тоныкөк – түріктердің жауынгерлік даңқын әлемге танытқан батыр қолбасшы. Ол түрік әскеріндегі ең жоғарғы мәртебе – Апа Тархан, яғни, «түрік әскерінің жетекшісі» деген лауазымға ие болған. 698 жылы Қытай императоры Қапаған қағанға елші жібереді. Қытай елшісі өз елінің басшылары айтқан сөзін қайталап тұрып алады. Осы үшін Қапаған оны өлтірмек болады. Сонда дана Тоныкөк: «Қытай сияқты алып елдің елшісін өлтіруге болмайды», – деп қағанды тоқтатқан көрінеді. Ертедегі түркі бәдізшілері түркі елінің ерлігі мен елдігін тасқа қашап, мәңгілік мұра қалдырған. Тоныкөк – сол ұлы мұраның бірі «Тоныкөк» эпосының кейіпкері.

11 слайд

Білге қаған (681–734) – Шығыс Түрік қағанатының билеушісі, Күлтегіннің ағасы. Түрік қағанатын қуатты мемлекетке айналдырып, ел

#12 слайд
Білге қаған (681–734) – Шығыс Түрік қағанатының билеушісі, Күлтегіннің ағасы. Түрік қағанатын қуатты мемлекетке айналдырып, еліне бейбіт өмір орнату үшін Білге інісі Күлтегінді әскербасы, ал ақылгөй батыр Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады. Білге, Күлтегін мен Тоныкөктер ақылмен іс қылып, түрік елін қуатты мемлекет қатарына жеткізді. Білге, Құтлық, Күлтегін мен Тоныкөктердің түркі елін қорғау жолындағы ерлік істері Білге қаған ескерткішінде жазылған. Ескерткіште ынтымағы берік болса, түркі халқын жеңетін күштің жер бетінде жоқ екені айтылады. Бұл ескерткіш – түркілердің азаттығы мен бірлігін, батырларының ұлы ерлігін жырлаған мәңгі өшпес мұра.

12 слайд

Пайдаланған әдебиеттер: 1. Абай. – Алматы: Аруна, 2004. 2. Абылай хан. – Алматы: Аруна, 2003. 3. Алтын Орда. – Алматы: Аруна, 20

#13 слайд
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Абай. – Алматы: Аруна, 2004. 2. Абылай хан. – Алматы: Аруна, 2003. 3. Алтын Орда. – Алматы: Аруна, 2001. 4. Аттила. – Алматы: Аруна, 2005. 5. Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы: Аруна, 2005. 6. Ежелгі Қазақстан мифтері. – Алматы: Аруна, 2008.

13 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

#14 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

14 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Файл форматы:
pptx
08.02.2025
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі