Тынымбай Нұрмағанбетов әңгімелерін оқыту
Тынымбай Нұрмағанбетов әңгімелерін оқыту

#1 слайд
«ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАНБЕТОВТЫҢ
ӘҢГІМЕЛЕРІН ОҚЫТУ»
1 слайд
«ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАНБЕТОВТЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІН ОҚЫТУ»
#2 слайд
Тынымбай Нұрмағанбетов (10.6.1945 жылы туылған, Жаңақорған
ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы. Қызылорда педагогикалық
институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары
әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио
комитетінде, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақфильм»
киностудиясында қызмет атқарған. 1996 жылдан «Қазақ
елі» газеті редакторының орынбасары. Алғашқы әңгімелер жинағы
1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты (орыс тіліндегі
нұсқасы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы жастар сыйлық
алды, 1979). Нұрмағанбетовтың «Қош бол, ата» (1972),
«Қарлығаштың ұясы» (1975), «Ата қоныс» (1977) «Балалық шақтың
әуендері» (1995), «Таңдамалы» (1997), «Айқай» (2001), т.б.
кітаптары жарияланған. Сонымен қатар «Табалдырығыңа табын»,
«Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі», «Ескі үймен қоштасу»,
«Тырналар ұшып барады» телефильмдерінің сценарийін жазды.
Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.
2 слайд
Тынымбай Нұрмағанбетов (10.6.1945 жылы туылған, Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы. Қызылорда педагогикалық институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1996 жылдан «Қазақ елі» газеті редакторының орынбасары. Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты (орыс тіліндегі нұсқасы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы жастар сыйлық алды, 1979). Нұрмағанбетовтың «Қош бол, ата» (1972), «Қарлығаштың ұясы» (1975), «Ата қоныс» (1977) «Балалық шақтың әуендері» (1995), «Таңдамалы» (1997), «Айқай» (2001), т.б. кітаптары жарияланған. Сонымен қатар «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі», «Ескі үймен қоштасу», «Тырналар ұшып барады» телефильмдерінің сценарийін жазды. Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.
#3 слайд
Қазақ әдебиеті сабағында оқушыларға Тынымбай
Нұрмағанбетовтың өмірі мен шығармашылығын
оқытуда, тақырыпқа байланысты диалог, қойылымдар
әзірлеу, рөлдік ойындар ойнату, әр түрлі сызбаларды
толтырту, модельдер жасату, венн диаграммасы, бес
жолды өлең, ассоциация, тағы да басқа
стратегияларды қолдана отырып, орындатуға болады.
3 слайд
Қазақ әдебиеті сабағында оқушыларға Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмірі мен шығармашылығын оқытуда, тақырыпқа байланысты диалог, қойылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнату, әр түрлі сызбаларды толтырту, модельдер жасату, венн диаграммасы, бес жолды өлең, ассоциация, тағы да басқа стратегияларды қолдана отырып, орындатуға болады.
#4 слайд
Әңгіме жанрын оқытқанда мынадай жұмыс түрлерін орындатуға болады:
1. Сөздік жұмысы;
2. Мазмұндау: а) әңгімеге жуық мазмұндау,
ә) мәтін мазмұнын қысқартып тезис ретінде мазмұндау,
б) мәтінді екінші жақта мазмұндау,
в) қажетті үзінділерді мазмұндау, т. б.
3. Мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар, ә) күрделі жоспар.
4. Шығарма жаздыру: а) әңгіме тақырыбына сай шығарма;
ә)ұнаған эпизод бойынша шығарма;
б) әңгіме мазмұнын қабылдауын байқау үшін эссе жаздыру.
4 слайд
Әңгіме жанрын оқытқанда мынадай жұмыс түрлерін орындатуға болады: 1. Сөздік жұмысы; 2. Мазмұндау: а) әңгімеге жуық мазмұндау, ә) мәтін мазмұнын қысқартып тезис ретінде мазмұндау, б) мәтінді екінші жақта мазмұндау, в) қажетті үзінділерді мазмұндау, т. б. 3. Мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар, ә) күрделі жоспар. 4. Шығарма жаздыру: а) әңгіме тақырыбына сай шығарма; ә)ұнаған эпизод бойынша шығарма; б) әңгіме мазмұнын қабылдауын байқау үшін эссе жаздыру.
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
1. Әңгіме бойынша сюжеттік талдау жүргізуге
болады
2. Әңгіменің басты кейіпкерлерін назарға ала
отырып, анықтама бергізуге болады
6 слайд
1. Әңгіме бойынша сюжеттік талдау жүргізуге болады 2. Әңгіменің басты кейіпкерлерін назарға ала отырып, анықтама бергізуге болады
#7 слайд
«Анасын сағынған бала» әңгімесінде кейіпкерлер мен олардың сөздерін
сәйкестендіру әдісі арқылы оқушылардың әңгіме мазмұнын қаншалықты
меңгергендігін білуге болады
7 слайд
«Анасын сағынған бала» әңгімесінде кейіпкерлер мен олардың сөздерін сәйкестендіру әдісі арқылы оқушылардың әңгіме мазмұнын қаншалықты меңгергендігін білуге болады
#8 слайд
«Екі түрлі түсініктеме» әдісі арқылы әңгіме бойынша әсер еткен
тұстарын жаздыруға болады
8 слайд
«Екі түрлі түсініктеме» әдісі арқылы әңгіме бойынша әсер еткен тұстарын жаздыруға болады
#9 слайд
Әдеби кейіпкерге хат жаздырып,
оқушылардың сыни ойлауын дамытуға
болады
9 слайд
Әдеби кейіпкерге хат жаздырып, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға болады
#10 слайд
«Иә, жоқ» жауап әдісі бойынша жылдам сұрақтар қойып, жауап
алуға болады
10 слайд
«Иә, жоқ» жауап әдісі бойынша жылдам сұрақтар қойып, жауап алуға болады
#11 слайд
Сахналық қойылым бойынша топтық тапсырма беруге болады
11 слайд
Сахналық қойылым бойынша топтық тапсырма беруге болады
#12 слайд
Сержан ата-
анасынының
қасында болса, ....
Сержан ата-әжесінің
қасында болса, ....
«Венндиаграмма» әдісі арқылы салыстыру жұмысын жүргізуге болады
12 слайд
Сержан ата- анасынының қасында болса, .... Сержан ата-әжесінің қасында болса, .... «Венндиаграмма» әдісі арқылы салыстыру жұмысын жүргізуге болады
#13 слайд
Үзінді бойынша кейіпкерге мінездеме бергізуге болады
13 слайд
Үзінді бойынша кейіпкерге мінездеме бергізуге болады
#14 слайд
Қорытынды:
Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін
түрлі әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы оқушылардың бойында ата-анаға
деген құрмет артып, бойында адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға жетелейді. Әңгімені әр қырынан талдау барысында
оқушылардың сыни ойлауын, өзін-өзі тәрбиелеуге, басқаларды танып-
білуге қабілеті артады.
14 слайд
Қорытынды: Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін түрлі әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы оқушылардың бойында ата-анаға деген құрмет артып, бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға жетелейді. Әңгімені әр қырынан талдау барысында оқушылардың сыни ойлауын, өзін-өзі тәрбиелеуге, басқаларды танып- білуге қабілеті артады.
#15 слайд
15 слайд
шағым қалдыра аласыз













