Үйсін мемлекетінің тарихы

#1 слайд
Үйсін мемлекеті
дайындаған: Ыбышева К.С.
1 слайд
Үйсін мемлекеті дайындаған: Ыбышева К.С.
#2 слайд
Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда
мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени
мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі
'''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән
дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне
мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік
жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек
құралдарына және тұрмыс бұйымдарыңа деген жеке меншік үйсіндерде де
кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі
мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ
өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен
қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық).
Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән
сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық
кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін
коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі
байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың
дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік
қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік
қатынастары түрінде дамыды.
2 слайд
Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарыңа деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды.
#3 слайд
Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар
құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында
құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі
өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге
жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін
қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың
қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде:
"Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың
жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса,
малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен
қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан
жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді.
Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір
әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да
басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін
мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін
мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін
патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік
лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы
(дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды.
3 слайд
Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды.
#4 слайд
Қысқаша мәлімет
Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды,
батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа
дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
Тарихы
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан
Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го)
«уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті.
Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған.
Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс)
бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа
толы болды.
Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс
Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда
пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы
қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
4 слайд
Қысқаша мәлімет Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Тарихы Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды. Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
#5 слайд
Археологиялық ескерткіштері
Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді.
Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас
қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3,
Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай,
әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай
жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2,
Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан
тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде
1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз,
ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды.
Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған,
ортасынад жер ошақ болған.
Шаруашылығы
Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән
дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы
дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың
жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.
5 слайд
Археологиялық ескерткіштері Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан. Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған. Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған. Шаруашылығы Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.
#6 слайд
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық
материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен
ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде
сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев.
Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық
жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста
өмір сүрген деген қорытындыға келді.
Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа
шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары
шашты» болып бейнеленеді.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп,
екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген
деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі
«үйсін» деп аталады.
6 слайд
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді. Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.
#7 слайд
Үйсіндердің саяси құрылымы.
Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің
мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен)
Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі
қала еді.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі.
Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі
Ферганамен ұштасып жатты.
Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі
атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ
ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы
және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан,
хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен
қарапайым шаруалар болды.
Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер
көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі
елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған.
Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.
7 слайд
Үйсіндердің саяси құрылымы. Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді. Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты. Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды. Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.
#8 слайд
Үйсіндердің этникалық тарихы
Үйсіндер турған жер
Дәл осы замандарда Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында ерекше
аталатыны — үйсіндер. Үйсін тайпасының баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік-
батысҚытай жері, осы күнгі Баркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Осы аймақтан
үйсіндер Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына б. з. д. II ғасырларда ауып келген. Олар
бұл жерге бұдан аз бұрын қоныс аударып келген юэчжилерді оңтүстікке қарай
ығыстырып қоныстанған. Үйсіндердің батыс шекарасы Қаратаудың шығыс беткейлеріне
дейін созылып жатқан.
Үйсіндердің атауы, оның мөні, бұл көне атаудың кейінгі қазақ ұлысындағы үйсіндер
атауымен байланысы әлі толық шешілмеген. Бірқатар тарихшылар қытай
транскрипциясыбойынша "усун" аталатын тайпаны "аспан" этнонимі деп білуге бейім.
Енді бір пікір бойынша, қазір у-сунлеи аталатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде "а-
сман", "аспан" деп оқылатын. Үйсін атауы кейінірек (орта ғасыр) жазба
ескерткіштерінде "уіиин", "уйіиин", "хуши" түрінде кездеседі. Мысалы, ушиндер туралы
дерек "Монғолдың құпия шежіресінде" (XIII ғасыр), Рашид ад-Диннің еңбегінде (XIV
ғасыр) кездеседі. Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біздіңше, көне қытай
жазбаларындағы усун тайпасы мен кейінгі қазақтың [[[Ұлы жүзі|Ұлы жүзіне]] ортақ атау
болған үйсін тайпалық одағының арасында байланыс бар. Бұл атаудың орта ғасырлар
заманында да үзілмей аталуы көне үйсіндер мен кейінгі үйсіндер арасында
этногенетикалық та байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл пікірді көне үйсіндердің де
Жетісу мен оған көрші аймақтарда жасауы, көне үйсіндердің де қазақтар сияқты киіз
үйде тұрып, негізгі асы ет пен сүт, қымыз болуы бекіте түседі.
8 слайд
Үйсіндердің этникалық тарихы Үйсіндер турған жер Дәл осы замандарда Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың арасында ерекше аталатыны — үйсіндер. Үйсін тайпасының баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік- батысҚытай жері, осы күнгі Баркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Осы аймақтан үйсіндер Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына б. з. д. II ғасырларда ауып келген. Олар бұл жерге бұдан аз бұрын қоныс аударып келген юэчжилерді оңтүстікке қарай ығыстырып қоныстанған. Үйсіндердің батыс шекарасы Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің атауы, оның мөні, бұл көне атаудың кейінгі қазақ ұлысындағы үйсіндер атауымен байланысы әлі толық шешілмеген. Бірқатар тарихшылар қытай транскрипциясыбойынша "усун" аталатын тайпаны "аспан" этнонимі деп білуге бейім. Енді бір пікір бойынша, қазір у-сунлеи аталатын екі иероглиф ертедегі қытай тілінде "а- сман", "аспан" деп оқылатын. Үйсін атауы кейінірек (орта ғасыр) жазба ескерткіштерінде "уіиин", "уйіиин", "хуши" түрінде кездеседі. Мысалы, ушиндер туралы дерек "Монғолдың құпия шежіресінде" (XIII ғасыр), Рашид ад-Диннің еңбегінде (XIV ғасыр) кездеседі. Бұдан қандай түйін жасауға болады? Біздіңше, көне қытай жазбаларындағы усун тайпасы мен кейінгі қазақтың [[[Ұлы жүзі|Ұлы жүзіне]] ортақ атау болған үйсін тайпалық одағының арасында байланыс бар. Бұл атаудың орта ғасырлар заманында да үзілмей аталуы көне үйсіндер мен кейінгі үйсіндер арасында этногенетикалық та байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл пікірді көне үйсіндердің де Жетісу мен оған көрші аймақтарда жасауы, көне үйсіндердің де қазақтар сияқты киіз үйде тұрып, негізгі асы ет пен сүт, қымыз болуы бекіте түседі.
#9 слайд
Көне усундар сонымен қатар кейінгі қырғыз халкының да құрамына
кірген болуы керек. Бұған қырғыз халқының ішіндегі үйшун тайпасы
дәлел бола алады.
Үйсіндер ғұндармен, юэчжилермен бірде жер, мал үшін соғысып, бірде
бейбіт шаруашылық-мәдени қарым-қатынаста болды. Олардың
шаруашылығында, ел басқару жүйесінде көп ұқсастықтар болды.
Мысалы, үйсіндер де ғұндар сияқты үш бөлікке:
сол қанат,
орталық қанат,
оң қанатқа бөлінді.
Бұл дәстүрдің кейінгі қазақтардағы үш жүздік жүйеде жалғасын
тапқандығын біз білеміз. Ғұн, үйсіндер өзара мәдени-этностық жағынан
жақын да болған сияқты. Сондықтан да грек-рим авторлары оларды кейде
қосарлап, "ғұн-үйсін" деп те атайды.
[1]
9 слайд
Көне усундар сонымен қатар кейінгі қырғыз халкының да құрамына кірген болуы керек. Бұған қырғыз халқының ішіндегі үйшун тайпасы дәлел бола алады. Үйсіндер ғұндармен, юэчжилермен бірде жер, мал үшін соғысып, бірде бейбіт шаруашылық-мәдени қарым-қатынаста болды. Олардың шаруашылығында, ел басқару жүйесінде көп ұқсастықтар болды. Мысалы, үйсіндер де ғұндар сияқты үш бөлікке: сол қанат, орталық қанат, оң қанатқа бөлінді. Бұл дәстүрдің кейінгі қазақтардағы үш жүздік жүйеде жалғасын тапқандығын біз білеміз. Ғұн, үйсіндер өзара мәдени-этностық жағынан жақын да болған сияқты. Сондықтан да грек-рим авторлары оларды кейде қосарлап, "ғұн-үйсін" деп те атайды. [1]
#10 слайд
Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы
Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге
орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар
түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетге, құрьшыстардың екі үлгісі де бір
қорымның құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым құрайды, бірақ мүндай
реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-
оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар: Қалқан-1, Үңгірқора-2,
Бесшатыр-4, Ақшоқы-3, Ақтасты-5 (Кеген өзенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің
аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда
мұндай қорымдар әзірше белгісіз.
Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бүл ескерткіштердің сыртқы
түріндегі айырмашылық олардың этникалық және мәдени тегіндегі айырмашылықты
білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың
бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі
дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондыктан олардағы
хронологиялық белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай
тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жоқ. Сонымен, үйінді обалардан
тұратын қорымдар үйсіндердің жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің
негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті
материалдан үйілген.
10 слайд
Жерлеу құрылыстары мен олардың хронологиясы Ертедегі үйсіндердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы қабірлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпақ қоршаулар түріндегі құрылыстар болып табылады. Әдетге, құрьшыстардың екі үлгісі де бір қорымның құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке қорым құрайды, бірақ мүндай реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаулардан тұратын оқшауланған қорымдарды оп- оңай санап шығуға болады. Шығыс Жетісуда бұлар: Қалқан-1, Үңгірқора-2, Бесшатыр-4, Ақшоқы-3, Ақтасты-5 (Кеген өзенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек өзенінің аңғары). Батыс Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда мұндай қорымдар әзірше белгісіз. Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бүл ескерткіштердің сыртқы түріндегі айырмашылық олардың этникалық және мәдени тегіндегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондыктан олардағы хронологиялық белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жоқ. Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердің жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген.
#11 слайд
Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе
өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан,
қиыршақтастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі:
диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер
бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің
белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш
топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға белуге болады. Белгілі қорымдардың басым
көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері
кұрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары
кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2)
«үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі
бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының
нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап туратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік
басындағы қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар
концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Ақшоқы-4), бірақ үйінді
астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Қалқан-1). Дербес топ
ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары
көпшілік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да
сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінд...
11 слайд
Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақтастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға белуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері кұрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап туратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Ақшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Қалқан-1). Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінд...
шағым қалдыра аласыз


