Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Ұл ұятымен, қыз қылығымен
ардақты
СЫНЫБЫ: 11 А
1 слайд
Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты СЫНЫБЫ: 11 А
2 слайд
Тәрбие сағатымыздың мақсаты
О қушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік,
сабырлылық,қасиеттерін қалыптастыру.Оқушыларға
адалдық, шындық туралы түсінік . Оқушылардың бойына
рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,
ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл
қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап,
мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
2 слайд
Тәрбие сағатымыздың мақсаты О қушы бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық,қасиеттерін қалыптастыру.Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік . Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
3 слайд
Қазақпыз - құндыздай ғып,
қыз өсірген.
Қазақпыз - жұлдыздай ғып ұл
өсірген.
Қазақпыз құс та салып, ат
жаратып,
Тұлпар мініп, бәйгеге сынға
түскен
3 слайд
Қазақпыз - құндыздай ғып, қыз өсірген. Қазақпыз - жұлдыздай ғып ұл өсірген. Қазақпыз құс та салып, ат жаратып, Тұлпар мініп, бәйгеге сынға түскен
4 слайд
Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің,
сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы
ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері,
бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен,
іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдепті-
ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің
қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң
болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгертіндігін
ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі ескеріп
отырған.
4 слайд
Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдепті- ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгертіндігін ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі ескеріп отырған.
5 слайд
Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы,
елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы
ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге,
білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта
шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып
саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне
«сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке
тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта
болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ
жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында
әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген,
аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.
5 слайд
Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.
6 слайд
Қыз бала тәрбиесі туралы
Қыз бала - қазақ халқында әдемілік пен
әдептіліктің, нәзіктіктің сиволы.
Қызды қазақ жат жұрттық, үйге қонақ санаған
Қыз келешекте жар, ана, апа, әже болады,
сондықтан оны мәпелеп, әлпештеп, инабатты
етіп тәрбиелеген.
6 слайд
Қыз бала тәрбиесі туралы Қыз бала - қазақ халқында әдемілік пен әдептіліктің, нәзіктіктің сиволы. Қызды қазақ жат жұрттық, үйге қонақ санаған Қыз келешекте жар, ана, апа, әже болады, сондықтан оны мәпелеп, әлпештеп, инабатты етіп тәрбиелеген.
7 слайд
Ұл бала тәрбиесі туралы
Ұл бала - қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата -
ананың отын тұтатушы .
Ер бала өз ата - анасына іні, қарындастарына
қамқоршы, ел қорғаны болып саналады .
Қазақ халқы “Жігіт жеті қырлы, бір сырлы“
болуын көздеген .
7 слайд
Ұл бала тәрбиесі туралы Ұл бала - қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата - ананың отын тұтатушы . Ер бала өз ата - анасына іні, қарындастарына қамқоршы, ел қорғаны болып саналады . Қазақ халқы “Жігіт жеті қырлы, бір сырлы“ болуын көздеген .
8 слайд
Әдептілік ережесі
Қыздарға кеңес
1 Қыз қылығымен сүйкімді .
2 Қызға қатты күлудің қажеті жоқ , оның жымиғаны да жетеді .
3 Әдепсіз қыз шеше атына кір келтіреді .
4 Есті қыз етегін қымтап ұстайды .
5 Қыз баланың сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал .
6 Барынша сабырлы , ақылды,
әдепті бол .
8 слайд
Әдептілік ережесі Қыздарға кеңес 1 Қыз қылығымен сүйкімді . 2 Қызға қатты күлудің қажеті жоқ , оның жымиғаны да жетеді . 3 Әдепсіз қыз шеше атына кір келтіреді . 4 Есті қыз етегін қымтап ұстайды . 5 Қыз баланың сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал . 6 Барынша сабырлы , ақылды, әдепті бол .
9 слайд
Әдептілік ережесі
Ұлдарға кеңес
1 Арлы бол , адал бол,ақылды бол!
2 Үлкенге инабатты,
Кішіге рақымды бол!
3 Жалған сөйлеме,
өтірік , өсек ауылынан алыс бол!
4 Артымда адам атым қалсын десең, абыройды білімнен ізде .
5 Пайдасыз іске бос уақытыңды кетірме .
6 Атаңды көрген кісіден ақыл сұрауға арланба .
9 слайд
Әдептілік ережесі Ұлдарға кеңес 1 Арлы бол , адал бол,ақылды бол! 2 Үлкенге инабатты, Кішіге рақымды бол! 3 Жалған сөйлеме, өтірік , өсек ауылынан алыс бол! 4 Артымда адам атым қалсын десең, абыройды білімнен ізде . 5 Пайдасыз іске бос уақытыңды кетірме . 6 Атаңды көрген кісіден ақыл сұрауға арланба .
10 слайд
Мақал-мәтелдер
Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі
Қызың өссе - жұратың
Қыз өссе - ырыс
Қызың өссе гүлдей болсын деп тіле
Жақсы қыз - бақша бауың
Батыр туса ел ырысы,жаңбыр жауса жер ырысы
Ұлың өссе - мұратың
Ұл өссе - ұрпақ
Ұлың өссе күндей болсын деп тіле
Жақсы ұл - асқар тауың
10 слайд
Мақал-мәтелдер Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі Қызың өссе - жұратың Қыз өссе - ырыс Қызың өссе гүлдей болсын деп тіле Жақсы қыз - бақша бауың Батыр туса ел ырысы,жаңбыр жауса жер ырысы Ұлың өссе - мұратың Ұл өссе - ұрпақ Ұлың өссе күндей болсын деп тіле Жақсы ұл - асқар тауың
11 слайд
Тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі «Жалғасын тап – деп аталады» Ережесі: тәрбие,
отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру.
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар……….
2. Ана сүтін ақтамағанды…………
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….
4. Қарағайға қарап тал өсер……………
5. Үйінде ұл-қызы бардың………….
6. Жығылып жатып………..
7. Күлме досыңа…………
8. Ауру қалса да …………
9. Әдепті бала арлы бала……………
10. Ұяда не көрсең…………
11 слайд
Тәрбие сағатымыздың келесі бөлімі «Жалғасын тап – деп аталады» Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру. 1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. 2. Ана сүтін ақтамағанды………… 3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без………. 4. Қарағайға қарап тал өсер…………… 5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. 6. Жығылып жатып……….. 7. Күлме досыңа………… 8. Ауру қалса да ………… 9. Әдепті бала арлы бала…………… 10. Ұяда не көрсең…………
12 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі бозбала –ертеңгі қамқор әке, әулеттің
тірегі, бүгінгі бойжеткен -ертеңгі аяулы ана,
ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы. Қыздарымыз
қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі
армандарымызды орындай берсін деген тілекпен
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар қойып
тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
12 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ Бүгінгі бозбала –ертеңгі қамқор әке, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен -ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!