Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үндестік заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үндестік заңы. Презентация.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

#1 слайд
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

1 слайд

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

Мақсаты: Үндестік заңының түрлерін түсіндіру, оның тілдің грамматикалық құрылымындағы маңыздылығын көрсету.

#2 слайд

2 слайд

Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы. Үндестік заңының 2 түрі ба

#3 слайд
Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішіндегі дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы. Үндестік заңының 2 түрі бар буын үндестігі дыбыс үндестігі

3 слайд

БУЫН ҮНДЕСТІГІ • Буын үндестігі– сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі. • Түркі тілдері,

#4 слайд
БУЫН ҮНДЕСТІГІ • Буын үндестігі– сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі. • Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.

4 слайд

Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне

#5 слайд
Буын үндестігі сөз бен қосымша арасында да сақталады, яғни сөзге жалғанатын қосымша сөздің соңғы буынының жуан – жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке жалғанады. Оны төмендегі кестеден көруге болады: Сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыс жуан болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады. қаз-дар / қаз-дер (емес) тас-қа / тас-ке (емес) Ал соңғы буын жіңішке болса, қосымша да жіңішке жалғанады. үй-лер / үй-лар (емес) есік-ті / есік-ты (емес) Ескерту: Мынадай сөздерде: а. қос сөздерде (аман-есен, асты-үсті, асығыс-үсігіс т.б.) ә. біріккен сөздерде (шекара, баспасөз, көзқарас т.б.)буын үндестігі сақталмайды.

5 слайд

БУЫН ҮНДЕСТІГІНЕ БАҒЫНБАЙТЫН ҚОСЫМШАЛАР •Көмектес септіктің -мен, -бен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жің

#6 слайд
БУЫН ҮНДЕСТІГІНЕ БАҒЫНБАЙТЫН ҚОСЫМШАЛАР •Көмектес септіктің -мен, -бен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да, осы күйінде жалғанады. Мысалы: Қаламмен жаздым. Әсетпен бірге келді т.б. •Меншік ұғымды білдіретін -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды. Асан-дікі, бала-нікі, Марат-тікі т.б. •-Паз, -қор, -қой, -ғой, -кер -гер, -кеш, -хана, -ист, -изм, -бан, -жан, -тал жұрнақтары буын талғамайды, сол күйінде жазылады. Бұл жұрнақтар – қазақ тіліне шет тілінен енген қосымшалар. Мысалы: әсемпаз, әзілқой, еңбекқор, ақылгөй, жұмыскер, арбакеш, дәріхана, мейірбан, сезімтал т.б.

6 слайд

ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 3 түрі бар: 1

#7 слайд
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 3 түрі бар: 1. ілгерінді ықпал 2. кейінді ықпал 3. тоғыспалы ықпа

7 слайд

ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы

#8 слайд
ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы. Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары: 1) Сөз бен қосымша арасында: қаш-са (қашша) 2) Екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық) 3) Күрделі сөздерде: а) біріккен сөз: көзқарас (көзғарас) ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел) б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас)

8 слайд

Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары: Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын

#9 слайд
Ілгерінді ықпалдың жазылуда ескерілетін орындары: Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді я ұяң дауыссыздар болса, жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысы үнді немесе ұяң дауыссыздан басталады. Терезе - лер Терезе - ге Терезе- ден Қаз - дар Қаз - ға Қаз – бен Ескерту:ш, с дыбыстарынан басталатын қосымшалар ілгерінді ықпал заңына бағынбай, сөздің соңғы дыбысы ұяң не үнді болса да, сол күйінде жалғана береді. Мал - сыз Кір-сіз Кім - сің Кел - сін Құлын - шақ Тіл - ші Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болса, оған жалғанатын дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс болады. Кітап - тар Кітап - қа Орақ - тар Орақ - қа

9 слайд

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (

#10 слайд
КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы (1 2). Кейінді ықпалдың кездесетін орындары: 1. Түбір мен қосымша арасында: бас + шы – башшы; 2. Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ лақ) 3. Күрделі сөздерде: а) біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді) ә) тіркескен сөз: он бес (ом бес) б) қос сөз: астан-кестен (астаң-кестен)

10 слайд

ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді–кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзге

#11 слайд
ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ Тоғыспалы ықпал – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ілгерінді–кейінді ықпал етіп, екеуінің де өзгеріске ұшырауы.

11 слайд

(с+ж=шш) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі с дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса,

#12 слайд
(с+ж=шш) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі с дыбысына аяқталып, екінші сөзі ж дыбысынан басталса, айтылуда с мен ж дыбыстарының орнына шш дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. Жазылуы Айтылуы Досжан Жанқожа Тасжол Дошшан Жаңғожа Ташшол (н + /к,қ/ = ңғ, ңг) Біріккен сөз, тіркескен сөз және сөз тіркесінің бірінші сөзі н дыбысына аяқталып, екінші сөзі к, қ дыбыстарынан басталса, айтылуда н мен к, қ дыбыстарының орнына ңғ, ңг дыбыстары естіледі. Жазылуда бұл ескерілмейді. Жазылуы Айтылуы Есен келді Жиенқұл Есеңгелді Жиеңғұл

12 слайд

Файл форматы:
pptx
21.01.2025
152
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12