Материалдар / Уағыз әдістемесі презентация

Уағыз әдістемесі презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты түсіндіру барысында қолдануға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
535
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Мұсылманның әдебі Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Ол әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды. Бұл оның нег

1 слайд
Мұсылманның әдебі Ислам – көркем мінез бен әдепке негізделген дін. Ол әрдайым тазалық пен пәктікті насихаттайды. Бұл оның негізгі қағидаларынан айқын көрінеді. Мәселен, дініміздегі қайсыбір амалды алсақ та, жақсылыққа, тазалыққа жетелері сөзсіз. Исламдағы материалдық және рухани мәдениет тек арғы дүниеде Алла разылығына бөлеумен шектелмейді, осы дүниеде де Адам атаулыға үлгі боларлық өркениеттің негізін құрайды. Исламдағы барлық ғибадат-құлшылықтар осы мақсатта тоғысады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде өзінің жіберілу мақсатын былай деп жеткізеді: «Шындығында, мен көркем мінезді кемеліне жеткізу,толықтыру үшін жіберілдім».

«Мүминдердің иман тұрғысынан кәмілі– мінезі көркем болғаны» деген хадис-шәріпінде иман мен көркем мінез арасын байланыстрыып о

2 слайд
«Мүминдердің иман тұрғысынан кәмілі– мінезі көркем болғаны» деген хадис-шәріпінде иман мен көркем мінез арасын байланыстрыып отыр. Бұның астарлы мәні терең. Сондықтан көркем мінез, әдеп дегенді бүкіл өмірімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) іс-әрекеттеріне қарай ұйымдастыру деп түсінуге де бо- лады. Бұл хадисте Алла тағала өз елшісіне айтқызып отырған көркем мінездің құрамында толық және жалпы әдептің маңызы зор. Ғалымдар оны ішіп-жеу әдебі, киім кию әдебі, ұйықтау әдебі, адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі, жалпы барлық істегі әдеп деп бірқатар салаларға бөліп қарайды. Исламның негізгі қағидаларына жататын әдептің бұл түрлері өмірдің қай саласын- да да, салаларында да нағыз өркениеттің үлгісін көрсетеді. Олар адам өмірімен тығыз байланыса келіп, көркем мінездің ең биік мәртебесіне қол жеткіздіреді.

Көркем мінез – адамның іс-әрекетін, ішкі және сыртқы сезімдерін қамтитын бесаспап ауқымды жүйе. Ал оны толық қамтитын – бүкіл

3 слайд
Көркем мінез – адамның іс-әрекетін, ішкі және сыртқы сезімдерін қамтитын бесаспап ауқымды жүйе. Ал оны толық қамтитын – бүкіл адам баласына ортақ діни қағидалар. «Қияметте таразыны ауыр басатын бір ғана амал Аллаһтан қорқу мен көркем мінез» (Хадис)

Аллаһ елшісінің саналы ғұмыры негізінен көркем мінезді дәріптеуге арналды. «Көркем мінез» жайлы білмек болған бір кісіге

4 слайд
Аллаһ елшісінің саналы ғұмыры негізінен көркем мінезді дәріптеуге арналды.     «Көркем мінез» жайлы білмек болған бір кісіге пайғамбары(мыз (с.а.с.):  «(Ей, Мұхаммед!) Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа бұйыр және надандарға сырт бер»   деген аятты оқып: – Көркем мінез – туыстық қарым-қатынастарын үзгендермен арадағы аралас-құраластықты арттыруың, саған жамандық жасағандарға жақсылық жасап, қиянат жасағандарды кешіруің, – деп қорытқан.  Және бір жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қияметте амалдар өлшенгенде, таразыны ауыр ба¬сатын бірден-бір амал – Аллаһтан қорқу мен көркем мінез»   екенін айтқан.

ТӘКАППАРЛЫҚ – ЕКІ ДҮНИЕ КЕСІРІ Адам баласын екі дүниеде бақытсыздыққа апаратын қасіреттің бірі тәкаппарлық. Қатерлі

5 слайд
  ТӘКАППАРЛЫҚ – ЕКІ ДҮНИЕ КЕСІРІ Адам баласын екі дүниеде бақытсыздыққа апаратын қасіреттің бірі тәкаппарлық. Қатерлі дертке айналған бұл індет қаншама адамның жүрегін жауламады. Бұрынғы өткен ислам ғалымдары  әлем жаратылғалы алғашқы күнәнің алғашқысы осы тәкаппарлықтан басталды деп пайым жасайды. Бұған дәлел ретінде Бақара сүресінің, 34-аятындағы «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды»   Демек, бұл жаман қылық адамға ібілістен жұққанын көреміз. Өз Алласына бас имеген ібілістің ісі ең үлкен күнәге теңелді.

«Жүрегінде мысқалдай тәкаппарлығы бар адам Жәннатқа кірмейді» деді. Сонда бір адам: «Егер адам әдемі киінуді жақсы көретін б

6 слайд
«Жүрегінде мысқалдай тәкаппарлығы бар адам Жәннатқа кірмейді» деді. Сонда бір адам: «Егер адам әдемі киінуді жақсы көретін болса ше?» деп сұрақ қояды. Пайғамбарымыз ﴾ r ﴿ : «Ақиқатында, Алла – әдемі. Әдемілікті жақсы көреді. Тәкаппарлық – ақиқатты қабылдамау және адамдарға менмендікпен қарау» деп жауап қатты». (Мүсілім). Абдулла ибн Масғұд Пайғамбарымыздың ﴾ с.а.у. ﴿ былай дегенін жеткізеді:

Туыстармен араласу - адамның ризығын арттырып, өмірін ұзартады Абу Аййуб (Алла оған разы болсын) риуаяты бойынша бірде бір ада

7 слайд
Туыстармен араласу - адамның ризығын арттырып, өмірін ұзартады Абу Аййуб (Алла оған разы болсын) риуаяты бойынша бірде бір адам Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) «Йа, Алла елшісі, жұмаққа кіру үшін не істеуім керек?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға басқа ешкімге құлшылық етпе, намаздарыңды орында, зекет төле және туыстарыңмен байланысыңды үзбе» деп жауап береді.

1 . Алланың ризашылығы 2. Туыстарға шаттық сыйлау 3. Періштелердің қуанышы. Шындығында періштелер туыстармен араласқан адам үш

8 слайд
1 . Алланың ризашылығы 2. Туыстарға шаттық сыйлау 3. Періштелердің қуанышы. Шындығында періштелер туыстармен араласқан адам үшін қуанады 4. Мұсылмандар оны жақсылықпен еске алады 5. Туысқандық байланыс – Ібілісті (Алланың оған қаһары жаусын) қайғыға салады 6. Өміріңді ұзартады 7. Ризық-берекеңді арттырады 8. Туыстармен араласу - қайтыс болған ата-бабаны қуантады 9. Өзара сүйіспеншілікті күшейтеді 10 .Өлімнен кейінгі сауаптарды еселендіреді. Өйткені туыстары оның жақсы мәмілесін еске алып, марқұм үшін дұғада болады  Туыстық қатынаста он артықшылық бар:

Татулық және достық деген кезде жұдырық болып жұмылған,ынтымақ ынтымақ-бірлігі жарасқан ұлттар мен алауыздығы жоқ ел еске тү

9 слайд
Татулық және достық деген кезде жұдырық болып жұмылған,ынтымақ ынтымақ-бірлігі жарасқан ұлттар мен алауыздығы жоқ ел еске түседі. Қай ұлт, қай ел болса да бейбітшілік пен ашық аспанды, бақытты, терезесі тең, керегесі кең елдер қатарында болуды аңсайды. Өйткені ,татулық пен келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді. Қабан (Қабылиса) жырау да: Бақыт қайда барасың? Көршімен болған бірлігі, Тағат,ғибадат тірлігі Ұйымшыл елге барамын,- жырлаған екен.

Ислам діні қандай тамаша болса оның мақсаттары да сондай тамаша. Ислам діні қандай достық, бейбіт дін болса, оған апаратын жо

10 слайд
Ислам діні қандай тамаша болса оның мақсаттары да сондай тамаша. Ислам діні қандай достық, бейбіт дін болса, оған апаратын жолдар да дәл сондай екендігін ұмытпағанымыз жөн. Адамзатқа үнемі жақсылық қалайтын асыл дініміздің басты қағидаларының бірі Құранның: «Дінде зорлық жоқ» деген аяты дәлел бола алады.

Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ