Заң және Адам
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
«Заң бәрімізге ортақ»
1 слайд
«Заң бәрімізге ортақ»
2 слайд
Мақсаты:
Құқықтық тәрбиенің өмірілік
қажеттілігін оқушыларға
түсіндіру. Оқушыларға адам
құқықтары жайлы
декларацияның кейбір
баптары туралы түсінік беру;
ол баптардың мазмұнын
көрініс арқылы ұғындыру; әр
бала өз пікірін айтуға құқықты
екенін түсіндіру.
2 слайд
Мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Оқушыларға адам құқықтары жайлы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беру; ол баптардың мазмұнын көрініс арқылы ұғындыру; әр бала өз пікірін айтуға құқықты екенін түсіндіру.
3 слайд
І-топ
«Заң білмеген зардап шегеді»
ІІ-топ
«Мектеп заңына бағынайық»
ІІІ-топ
«Әр бала жүрек жылуын
қажет етеді»
3 слайд
І-топ «Заң білмеген зардап шегеді» ІІ-топ «Мектеп заңына бағынайық» ІІІ-топ «Әр бала жүрек жылуын қажет етеді»
4 слайд
Ойлан тап.
(Интербелсенді тақтаның көмегімен
дұрыс жауабын табу.)
1. Құқық ----------------------- Д – Заңдар жүйесі
2. Конституция ------------- А – Еліміздің негізгі заңы.
3. Мемлекет -------------------В – Негізгі саяси қоғамдық
ұйым
4. Азамат --------------------- З – Құқығы бар ел тұрғыны\
5. Құқық бұзушылық --------Ж – Заң жүйесін бұзу
6. Президент ---------------- Б – Мемлекет басшысы
7. Парламент ---------------- Е – Заң шығарушы орган
8. Егемендік -------------------Г – Тәуелсіздік
4 слайд
Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын табу.) 1. Құқық ----------------------- Д – Заңдар жүйесі 2. Конституция ------------- А – Еліміздің негізгі заңы. 3. Мемлекет -------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым 4. Азамат --------------------- З – Құқығы бар ел тұрғыны\ 5. Құқық бұзушылық --------Ж – Заң жүйесін бұзу 6. Президент ---------------- Б – Мемлекет басшысы 7. Парламент ---------------- Е – Заң шығарушы орган 8. Егемендік -------------------Г – Тәуелсіздік
5 слайд
І-топ
«Әр түрлі құқық жағдаяттар
туындаса»
ІІ-топ
«Оқушының қандай міндеттері
бар ?»
ІІІ-топ
«Ата- ана міндеттері мен
құқықтары»
5 слайд
І-топ «Әр түрлі құқық жағдаяттар туындаса» ІІ-топ «Оқушының қандай міндеттері бар ?» ІІІ-топ «Ата- ана міндеттері мен құқықтары»
6 слайд
Заң сұрақ қояды «Кім жылдам» ойыны
ойнатылады .«Сұрақ - жауап»
1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)
2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол
қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет
қабылданды? (2-рет 1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)
5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата?
(Парламент)
6. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?
(Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
7. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған
және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
8. ҚР Конституциясының 17-бабы 1-ші не туралы? (Адамның қадір-
қасиетіне қол сұғылмайды)
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
10. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989
жылы 20-қараша)
11. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)
12. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған?
(Әркімнің өмір сүруге
6 слайд
Заң сұрақ қояды «Кім жылдам» ойыны ойнатылады .«Сұрақ - жауап» 1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім) 2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық) 3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін) 4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет 1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз) 5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент) 6. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік) 7. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі) 8. ҚР Конституциясының 17-бабы 1-ші не туралы? (Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды) 9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан) 10. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша) 11. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі) 12. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге
7 слайд
«Ой жалғау»
Заңның құрығы бәрінен ұзын.
Өш алғаннан гөрі кешірген
жөн.
Ақырын жүріп анық бас.
Асыл тастан өнер жастан.
Ұрлық түбі қорлық.
Әдепті бала арлы бала.
Тәрбие отбасынан басталады.
Әділ істің арты игі.
7 слайд
«Ой жалғау» Заңның құрығы бәрінен ұзын. Өш алғаннан гөрі кешірген жөн. Ақырын жүріп анық бас. Асыл тастан өнер жастан. Ұрлық түбі қорлық. Әдепті бала арлы бала. Тәрбие отбасынан басталады. Әділ істің арты игі.
8 слайд
Конституция, Ата заң — мемлекеттің Негізгі Заңы, елдегі
барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң
немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің
маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық
құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы
кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда)
ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның
қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады.
Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық
бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне
қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға
бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті
конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі
кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген
жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты
Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі
тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны
парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе
аралас тәсілдермен қабылданады.
8 слайд
Конституция, Ата заң — мемлекеттің Негізгі Заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады.
9 слайд
Қазақстан Республикасының тұңғыш
Конститутциясы (Ата заңы) –
1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық
референдумда жаңа Конституциямыз
қабылданды.
9 слайд
Қазақстан Республикасының тұңғыш Конститутциясы (Ата заңы) – 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда жаңа Конституциямыз қабылданды.
10 слайд
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы,
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,
өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына
берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей
отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің
егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы
Конституцияны қабылдаймыз.
10 слайд
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.
11 слайд
1993 ж 28 қаңтар ҚР Конституциясы –
21 тарау, 131 баптан тұрады
1995 ж 30 тамыз ҚР Конституциясы – 9-бөлім, 98 баптан тұрады
І-бөлім. Жалпы ережелер
ІІ-бөлім. Адам және азамат
ІІІ-бөлім. Президент
ІҮ-бөлім. Парламент
Ү-бөлім. Үкімет
ҮІ-бөлім. Конституциялық Кеңес
ҮІІ-бөлім. Соттар және сот төрелігі
ҮІІІ-бөлім. Жергіліктік мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару
ІХ-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
11 слайд
1993 ж 28 қаңтар ҚР Конституциясы – 21 тарау, 131 баптан тұрады 1995 ж 30 тамыз ҚР Конституциясы – 9-бөлім, 98 баптан тұрады І-бөлім. Жалпы ережелер ІІ-бөлім. Адам және азамат ІІІ-бөлім. Президент ІҮ-бөлім. Парламент Ү-бөлім. Үкімет ҮІ-бөлім. Конституциялық Кеңес ҮІІ-бөлім. Соттар және сот төрелігі ҮІІІ-бөлім. Жергіліктік мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ІХ-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
12 слайд
ҚР Конституциясының негізгі
баптары:
7-бап: 1.ҚР мемлекеттік тілі-қазақ тілі.
2.Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең
қолданылады
9-бап: ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимні
бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу
тәртібі конституциялық заңмен бекітілген
27-бап: 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала
мемлекеттің қорғауында болады.
2.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-
ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
12 слайд
ҚР Конституциясының негізгі баптары: 7-бап: 1.ҚР мемлекеттік тілі-қазақ тілі. 2.Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады 9-бап: ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен бекітілген 27-бап: 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. 2.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
13 слайд
33-бап: 1.ҚР азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет
ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай – ақ жеке және
ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-
ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша
бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың
сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға
құқығы жоқ.
4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең
құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа
қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана
байланысты болады және заңмен белгіленеді.
34-бап: 1.Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-
қасиетін құрметтеуге міндетті.
2. Әркім ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
13 слайд
33-бап: 1.ҚР азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай – ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. 2. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай- ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. 3. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 4. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді. 34-бап: 1.Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір- қасиетін құрметтеуге міндетті. 2. Әркім ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
14 слайд
Біздің Конституциямыз - бұл біздің таңдауымыз.
Оны құрметтеп, бағалау - бізге міндет.
Конституция бойынша өмір сүру ол -
демократияның ең жоғарғы сатысы, оны білу,
үйрену, тағлым ету - бәрімізге парыз. Бүгінгі қол
жеткенге тоқтамай, алға басуымыз керек, тек
қана алға!
14 слайд
Біздің Конституциямыз - бұл біздің таңдауымыз. Оны құрметтеп, бағалау - бізге міндет. Конституция бойынша өмір сүру ол - демократияның ең жоғарғы сатысы, оны білу, үйрену, тағлым ету - бәрімізге парыз. Бүгінгі қол жеткенге тоқтамай, алға басуымыз керек, тек қана алға!
15 слайд
Назарларыңызға рахмет!
15 слайд
Назарларыңызға рахмет!