Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 6 материал
Әдебиеттік оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Сахиева Раушан Дусипбаевна
13 Қаңтар 2026
0
Бұл мақалада әдебиетті оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі қарастырылады. Автор оқушының өзіндік ой түю дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін ашып көрсетіп, практикалық әдіс-тәсілдерді ұсынады. Мақалада сын тұрғысынан ойлау технологиясы, жобалық әдіс, пікірталас, рөлдік ойындар, эссе мен ойтолғау жаздыру сияқты тиімді тәсілдердің маңызы талданады. Сонымен қатар, оқушылардың әдеби үйірме, факультативтік сабақтардағы шығармашылық әлеуетін қолдау жолдары көрсетілген. Зерттеу нәтижелері бұл әдістердің оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыруға, олардың жеке тұлғалық дамуына ықпал ететінін дәлелдейді. Кілт сөздер: әдебиет сабағы, шығармашылық қабілет, өзіндік ой түю, әдістемелік тәсілдер, эссе, пікірталас, жобалық әдіс, оқушы шығармашылығы
Бастауыш сынып
Мақала
Барлық сыныптар
Әріптен ертегіге дейін: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту
Есенқұл Аружан Ғалымжанқызы
24 Желтоқсан 2025
15
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – тек білімді меңгерген емес, шығармашыл ойлай алатын, өз ойын еркін жеткізе білетін, жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті жүзеге асыруда бастауыш мектеп кезеңінің маңызы ерекше. Себебі осы кезеңде баланың ойлау қабілеті, тілдік қоры, қиялы мен шығармашылық әлеуеті қарқынды дамиды. Бастауыш сыныпта сауат ашу үдерісі «әріптен басталып», біртіндеп сөз, сөйлем, мәтін, тіпті шағын ертегілер құрастыруға дейін жалғасады. Осы үдерісті дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының тек тілдік дағдысын ғана емес, шығармашылық қабілетін де дамытуға мүмкіндік туады. Сондықтан «әріптен ертегіге дейін»гі шығармашылық даму жолын жүйелі түрде қалыптастыру – өзекті педагогикалық мәселе.
Бастауыш сынып
Мақала
3 сынып
Табиғатты қорғау идеяларын бастауыш сыныптан қалыптастыру жолдары
Қуаныш Шынар
24 Желтоқсан 2025
12
Қазіргі қоғам дамуының басты ерекшеліктерінің бірі – адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың күрделене түсуі. Ғылыми-техникалық прогресс пен өндірістің қарқынды дамуы экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына, қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқтыруда. Осыған байланысты табиғатты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мәселесі білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Экологиялық тәрбиені тиімді жүзеге асырудың негізгі алғышарты – оны баланың жас ерекшеліктеріне сай, жүйелі түрде ұйымдастыру. Әсіресе бастауыш сынып кезеңі баланың тұлғалық қасиеттері, дүниетанымы мен құндылық бағдарлары қалыптасатын маңызды саты болғандықтан, табиғатты қорғау идеяларын осы кезеңнен бастап қалыптастыру өзекті педагогикалық міндет болып табылады. Бастауыш сынып оқушысы табиғатты эмоционалдық тұрғыда қабылдайды, сондықтан экологиялық тәрбиені сезімге әсер ету, бақылау, тәжірибе жасау арқылы жүзеге асыру тиімді нәтиже береді.
Бастауыш сынып
Мақала
2 сынып
ІЛМЕК БІЗ ЖӘНЕ ИНЕМЕН КЕСТЕЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Касихан Маржан
24 Желтоқсан 2025
12
Қазіргі білім беру жүйесі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды меңгертуге, еңбек дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда көркем еңбек пәнінің маңызы ерекше. Бұл пән оқушының эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, оның қол моторикасын, кеңістіктік ойлауын, шыдамдылық пен ұқыптылық секілді тұлғалық қасиеттерін дамытады. Көркем еңбек саласындағы маңызды бағыттардың бірі – ілмек біз және ине арқылы кестелеу технологиясын оқыту. Бұл технологиялар ғасырлар бойы дамып, ұлттық қолөнердің ажырамас құрамдас бөлігіне айналған. Ілмек бізбен тоқу мен инемен кестелеу әдісі бүгінгі таңда да өз құндылығын жоғалтпай, заманауи дизайн элементтеріне лайықталып отыр. Осы мақалада аталған технологиялардың тарихи-мәдени мәні, педагогикалық маңызы мен көркем еңбек пәнінде оқыту ерекшеліктері ғылыми негізде талданады.
Технология
Мақала
Барлық сыныптар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖЫЛДАМ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Оразалина Куралай Сарсенгалиевна
17 Желтоқсан 2025
55
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын арттыру мәселесі ғылыми-әдістемелік тұрғыда қарастырылады. Жылдам оқу ұғымының психологиялық-педагогикалық негіздері ашылып, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес тиімді жаттығулар жүйесі ұсынылады. Зерттеу барысында оқу техникасын жетілдірудің оқушылардың оқу мотивациясына, танымдық белсенділігіне және функционалдық сауаттылығына әсері сипатталады. Ұсынылған әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде қолдануға бағытталған.
Бастауыш сынып
Мақала
Барлық сыныптар
Формирование исследовательских компетенций учащихся на уроках биологии
Акбергенова Майраш Рахметжановна
05 Желтоқсан 2025
52
Авторлық бағдарлама Формирование исследовательских компетенций учащихся на уроках биологии - одно из перспективных направлений. Функционально грамотный человек действует в соответствии с ценностями общества, исходя из сложившихся интересов общественных явлений. Выбрать нужную сегодня профессию и принять правильное решение, зная язык современных информационных технологий, адаптироваться к любой социальной среде. В этом контексте можно сформулировать основные черты функционально грамотного человека: человек, умеющий жить в общественной среде, ладить, обладающий определенными качественными качествами, владеющий общими основными и предметными компетенциями. Особое и актуальное значение имеет естественнонаучное образование, которое формирует у учащихся представление о явлениях и закономерностях природы, раскрывает научные методы познания природы, направлено на создание условий для самореализации учащихся в изменяющемся мире наряду с миром природы и развивает их мировоззренческий, культурол
Биология
Мақала
11 сынып