400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

0-3 жас аралығындағы балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда ерте жастан даму әдістемесі өте танымал және ең талап етілген әдістемелердің бірі болып тұр. Адамзаттың осы әдістемеге деген көзқарасы өмір сүруге құқылы және ғылыми тұрғыдан да негiзделуде. Зерттеулер нәтижесінде , баланың миі ересек адаммен салыстырғанда бір жасында 60%-ға дамиды, ал үш жасында 80 %-ды бірақ көрсетеді екен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

0-3 жас аралығындағы балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету

Қазіргі таңда ерте жастан даму әдістемесі өте танымал және ең талап етілген әдістемелердің бірі болып тұр. Адамзаттың осы әдістемеге деген көзқарасы өмір сүруге құқылы және ғылыми тұрғыдан да негiзделуде. Зерттеулер нәтижесінде , баланың миі ересек адаммен салыстырғанда бір жасында 60%-ға дамиды, ал үш жасында 80 %-ды бірақ көрсетеді екен. Бұдан, біздің бөбегіміздің бізбен бірдей болуы әбден мүмкін, сондықтан неге осы потенциалды дамытуды жүзеге асыруға үйренбеске. Логика қарапайым- егер табиғат солай жаратқан болса, неге біз осы мүмкіндікті балалардың игілігі үшін қолданбасқа?

Соңғы жылдары көптеген елдерде мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзете-дамытушылық көмекті көрсету бағдарламаларын іс жүзіне асыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларының өзекті мәселерінің бірі болып, ірі әлеуметтік мәселе сипатына ие болды. Бұл мәселенің аумағында мүмкіндіктері шектеулі балаларға мектепке дейінгі кезеңде олардың мектепке дайындығын қамтамасыз ететін даму жағдайларын жасау ерекше рөлге ие. Балалық шақтың ерте жасында мектепте оқудың табысты болуына әсер ететін мектепке дейінгі дайындықтың қалыптасуына алғышарттар жасалады.

Ерте жастағы баланың дамуындағы кез келген жаңа кезеңде әр психикалық үдеріс жаңа сапа мен қасиеттерге ие болатын күрделі қызметаралық жаңа құрылымдар нәтижесі ретінде болады. Нәтижесінде баланың дамуындағы әр кезең түзету жұмысының ерекше стратегияларын талап етеді.

Баланың дамуына отбасында тәрбиелеу мен күнделікті тұрмыс-тіршілік жағдайы, оның сырт пішіні, зердедегі өзара қатынасының қарқындылығы мен ұзақтылығы, сөйлеу арқылы қатынас пен тәрбиелеудің әдісі, ата-аналардың балалармен қарым-қатынасқа түсуге психикалық тұрғыдан дайындығы ерекше рөл атқарады.

Ерте жастағы бала мінез-құлқын зерттеуде ата-анадан алынатын ақпараттың маңызы зор. Мысалы, А.Thomas пен S.Chess әр үш ай сайын ата-аналардан сұхбат алу арқылы баланың күнделікті әртүрлі жағдаяттардағы (ұйқы, тамақтану, дәрігерге бару, бейтаныс жағдай, киініп-шешіну, шомылу және т.б) мінез-құлқын бақылаған. Ал С.Миллер ерте жастағы бала темпераментін зерттеуде ата-аналарға арналған сауалнама кеңінен қолданылатындығын атап өткен

Дүниежүзілік тәжірибеде ерте жастағы кірігу бағдарламаларын арнайы білім беру, денсаулықты сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының құрылымы ретінде, сонымен қатар қоғамдық қорлар мен мемлекеттік емес ұйымдардың атқарып жүрген іс-шаралары ретінде қарастырылады. Ерте жастағы кірігу бағдарламаларымен әртүрлі мекемелер жұмыс істейді: кеңес беру бөлімшелері, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, бейімдеу орталықтары, аралас мекемелер, үйде қызмет ету бөлімшелері, бейімдеу және оңалту топтары, уақытша болу және күту топтары, ата-аналар университеттері, ерте жаста көмек көрсету ұйымдары, күндізгі келу және медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету орталықтары, медициналық және ғылыми ұйымдардағы пәнаралық экспертизалар, ерте жастағы қоғамдық кірігу бағдарламалары, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған ерте жастағы кірігу бағдарламалары, балалар үйлеріндегі бағдарламалар және т.б.

Ерте жастағы түзете-дамыту көмегі 3 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі. Олар: психофизикалық дамуында ауытқулары бар тәуекел тобына жататын балалар; мүмкіндіктері шектеулі балалар (психикалық дамуында ауытқулары бар балалар, қимыл-қозғалыстық ауытқулары, тілдік, есту мен көру мүмкістіктері бар балалар, аутизммен ауыратын, дамуында эмоциональдық-еріктік кемістіктері бар балалар, күрделі психофизикалық мүмкістіктері бар балалар және т.б.).

  • Баланың ақыл-ой қабілетінің дамуының кілті- бұл баланың өмірінің алғашқы үш жылындағы танымдық жеке іс тәжірибесінде болады;

  • «Артта қалған бала болмайды – барлығы оқыту әдістеріне байланысты» (Шиничи Сузуки);

  • Баланы ерте жастан дамытудың жалғыз мақсаты – ол бала терең ойлы мен тәні сау болып, бойында зеректілік пен рақымдылық қасиеттері табылатындай етіп білім беру.

Баланың ақыл-ой қабілетінің дамуының кілті- бұл баланың өмірінің алғашқы үш жылындағы танымдық жеке іс тәжірибесінде болады;

«Артта қалған бала болмайды – барлығы оқыту әдістеріне байланысты» (Шиничи Сузуки);

Баланы ерте жастан дамытудың жалғыз мақсаты – ол бала терең ойлы мен тәні сау болып, бойында зеректілік пен рақымдылық қасиеттері табылатындай етіп білім беру.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.04.2022
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі