Материалдар / 0 дік срез 3 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

0 дік срез 3 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
0 дік срез 3 сыныптар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
100
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін:

Мектеп директоры

Ибраимова А.Ж

_______________

« » 2021ж





Математика пәнінен 3-сыныпқа арналған бақылау жұмысы




І нұсқа


ІІ нұсқа

1.Есепте.

(63 + 24) – 47 (87 – 45) + 41

53 + 19 92 – 36


1.Есепте.

(62 – 48) + 19 (63 – 28) + 14

23 + 29 84 – 53

2.Есепті шығар.

Балабақшаға 28 ойыншық әкелінді. Оның 14-і аю, қоян-6 ойыншық. Түлкі ойыншығы нешеу?


2.Есепті шығар.

Аялдамада 12ер адам, 9 әйел адам тұрды. Оның 4-еуі кетіп қалды. Аялдамада неше адам көлік күтті?ИТ

3. Өлшем бірліктерін көрсет.

1мин 10с =......с

1сағ 20мин = …..мин

1ц 50кг = ….кг

5м 4дм = ….дм

3. Өлшем бірліктерін көрсет.

1тәул. 3сағ = ….сағ

1т 4ц = ….ц

3дм 7см = .....см

1м 1дм = .....см


4.Теңдеуді шеш.

36 + а = 77 – 15 100 – х = 24


4.Теңдеуді шеш.

93 а = 37 19 36 + х = 64

5. Асан қабырғасының ұзындығы 3см шаршы салды. Оның периметрін тап.

5. Әлия қабырғасының ұзындығы 5см шаршы салды. Оның периметрін тап.















Бекітемін:

Мектеп директоры

Ибраимова А.Ж

_______________

« » 2021ж





Қазақ тілі пәнінен 3-сыныпқа арналған бақылау диктанты




Әже өнері


Маржан қалада оқитын. Жазғы демалыста ауылға келді. Әсіресе әжесін сағынып қалыпты. Қасынан шықпады. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі-түсті оюлар салып, текемет басады. Әшекей — өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй мүліктерінің көбі әжесінің қолынан шыққан. (39 сөз)


Грамматикалық тапсырма:
1. Мәтіндегі сын есімдерді тауып, сұрақ қойып, астын сыз.
2. “Әшекей” сөзіне дыбыстық талдау жаса.































Бекітемін:

Мектеп директоры

Ибраимова А.Ж

_______________

« » 2021ж





Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған оқу жылдамдығы


Мойындау


Көктем кезі болатын. Табиғат қорғаушылар тобы Сүлікті көліне беттеп шықты. Көл жақтан үш қара көрінді. Жақындап келсе, балалар екен. Қолдарында бірнеше үйрек бар. Олжалы қайтқандарына мәз.

Істің жайы түсінікті. Балалар ұяға тұзақ құрған. Тұзаққа іліккендерін бауыздап ала берген. Жұмыртқаларын да жинап алған. Мұны көрген табиғат қорғаушылар қатты ашуланды. Табиғатқа қандай зиян келтіргендерін айтты.

Балалар ұялғаннан төмен қарады. Қателіктерін мойындап, кешірім сұрады. Енді қайталамасқа уәде берді.


Барлық сөз саны: 64

































Бекітемін:

Мектеп директоры

Ибраимова А.Ж

_________________

« » 2021 жыл


Дүниетану пәнінен 3-сыныпқа арналған тест сұрақтары


1). Асқар бірінші сабақтан кешігіп қалды. Не істегені дұрыс:
А) бұл күні мектепке бармау
Ә) сыныпқа кіріп, кешірім сұрау
Б) сыныпқа кіріп, өз орнына отыру
2). Дәрі –дәрмекке немқұрайлы, ұқыпсыз қарасаң қандай қауіп-қатер болуы мүмкін?
А) күйік
Ә) қол жарақаты
Б) улану
3). Бөгде адам сені басқа жаққа алып кеткісі келсе, не істер едің?
А) онымен бірге бару
Ә) «Құтқарыңдар! Мен оны танымаймын!» - деп айқайлау
Б) сыпайылықпен босатуын сұрау
4) Жергілікті жерді бағдарлауды білесің бе? Бетіңді солтүстікке қаратып тұрсаң, арқа тұсың қай жақ болады?
А) оңтүстік
Ә) батыс

Б) шығыс
5) Жергілікті жерді бағдарлайтын құрал қалай аталады?
А) сағат

Ә) термометр
Б) тұсбағдар
6) Қай өсімдік дәнді дақылға жатады?
А) шие
Ә) қияр
Б) бидай
7) Қайсысы жерүсті көлігіне жатады?
А) кеме
Ә) ұшақ
Б) мотоцикл
8) Қай нөмермен құтқару қызметіне хабарласуға болады?
А) 201
Ә) 602
Б) 112
9) Қай тағамның құрамында көмірсу мол болады?
А) сарымай, өсімдік майы, қаймақта
Ә) нан, макарон, картопта
Б) ет, сүт, ірімшік, жұмыртқада
10) Адамдардың өткен өмірінің тарихын зерттейтін ғылымды қалай атайды?
А) тарих

Ә) география
Б) геология
11) Қазба жұмыстарын жүргізу арқылы ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін зерттейтін ғалым:
А) биолог
Ә) зоолог
Б) археолог

12) Алтын мен күмістен әйелдердің ішекей бұйымдарын жасайтын шебер:

А) ұста

Ә) зергер

Б) көзеші

13) Ғұндардың ұлы билеушісі:

А) Аттила

Ә) Томирис

Б) Бумын

14) Адамдар айналысатын істің қайсысы өндіретін шаруашылыққа жатады?

А) аңшылық

Ә) сушаруашылығы

Б) малшаруашылығы

15) Белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы ауаның жай-күйі қалай аталады?

А) климат

Ә) ауа райы

Б) жауын-шашын









































Бекітемін:

Мектеп директоры

Ибраимова А.Ж

_________________

« » 2021 жыл


Жаратылыстану пәнінен 3-сыныпқа арналған тест сұрақтары


1. Өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі?

а.тамыр б. пішіні

ә.сабақ в. топырақ

2. Жылан, кесіртке, тасбақа....жатады.

а.қосмекенділерге б.бауырмен жорғалаушыларға

ә.бунақденелілерге в.өрмекшілерге.

3. Денені не ұстап тұрады?

а.қаңқа б.аяқ-қол сүйек

ә.бас сүйек в.бұлшық ет

4.Алманы тістеуге көмектесетін тіс?

а.азу тістер б.жай тістер

ә.күрек тістер в.ит тістер

5.Баласын сүтімен қоректендіретін жануарлар?

а.қосмекенділер б.сүтқоректілер

ә.бунақденелілер в.балықтар

6.Шөл өсімдіктерінің тамыры қандай болады?

а.кішкентай б.әртүрлі

ә. ұзын в.жуан ұзын.

7.Жапырақтары жалпақ болатын өсімдік түрі?

а.құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

ә.дала өсімдігі

б.ылғалсүйгіш.

в.су өсімдігі

8.Денені не қозғалысқа келтіреді?

а.сүйек б.бұлшық ет

ә.буын в.төс еттері

9.Ауаның қандай қасиеттері бар?

а.мөлдір, түсі мен исі жоқ б.жылуды жақсы өткізеді

ә.сұйық,қатты газ тәрізді в.дәмді, исі жағымды



10.Табиғат ресуртарына не жатады?

а.топырақ, су, ауа б.киім. тамақ,газ

ә.кесе,көйлек,орындық в.жануарлар

11.Ғаламшарымызға ең жақын орналасқан сарғыш жұлдыз?

а.жер б.Юпитер

ә.Марс в.күн

12.Жердің табиғи серігі ?

а.күн б.жұлдыз

ә.ай в.жер

13.Бұл жануарлардың үш жұп аяғы бар, секіреді, жүгіреді, жорғалайды, ұша алады,олар-...

а.өрмекшілер б.құрттар

ә.бунақденелілер в.бақалар

14.Өсімдіктерді қай жыл мезгілінде отырғызады?

а.жаз б.күз

ә.қыс в.көктем

15.Су неше күйге өзгере алады?

а.сұйық,қатты және газ түрінде болады

ә.газ, жұмсақ, ыстық

б.табиғаттағы кез-келген зат

в.жарық өткізеді,ыстық


















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!