Байғанин орта мектебі
«Мың бір мақал,
жүз бір жұмбақ» сайысы
(4-сыныптар арасында)
Жоба жетекшісі: Қаймақбаева Б.
2023-2024 оқу жыл
«Мың бір мақал, жүз бір
жұмбақ»
Мақсаты: мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік
мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Ата–бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ,
шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет–ғұрып,
салт-дәстүрлі сыйлауға
баулу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «Мың бір мақал,
жүз бір жұмбақ» атты танымдық ойынға қош келдіңіздер! Мақал–мәтел,
жұмбақ, шешендік өнер ата–бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі
жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат
қазынаға айналып келеді. Бүгінгі
4
сынып оқушыларының арасында өткізілгелі
отырған сайысты бастауға рұқсат
етіңіздер. Ендеше ортаға бүгінгі сайысқа қатысатын
топтарымызды ортаға шақырайық.
І-топ: 4 «а» сыныбы
ІІ-топ: 4 «ә» сыныбы
Ойынды бастамас бұрын мен сіздерді осы
сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып,
қорытындысын айтатын әділқазылармен таныстырып
өтейін.
1.
2.
3.
І-кезең: «Білгенге
маржан».
(Мақалды жалғастыру. Әр топқа 10 мақалдан беріледі)
І-топқа:
1. Өнерлінің қолы алтын, .... (өлеңшінің сөзі
алтын)
2. Атаңа не қылсаң,... (алдыңа сол
келер.)
3. Білген кісі тауып айтады, ... (білмеген
кісі қауып айтады)
4. Мың малың болғанша, ... (бір балаң ғалым болсын)
5. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,...
(алтау ала болса, ауыздағы
кетеді.)
6. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда
шынығады)
7. Ауру қалса да,... (әдет
қалмайды)
8. Білгенің бір тоғыз,... (білмегенің тоқсан
тоғыз)
9.Киіміне қарап қарсы алады,.. (біліміне
қарап шығарып
салады)
10. Ата көрген – оқ жонар,...( шеше көрген –
тон пішер)
ІІ-топқа:
11. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін
өледі)
12. Екпей егін шықпас, ..(үйренбей білім
жұқпас)
13. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы
бол)
14. Қайта жауған қар жаман,.. (қайта шапқан
жау жаман)
15.Ағайын тату болса ат көп, ....(абысын тату
болса ас көп)
16. Тау мен тасты жел бұзар,.. (адамзатты сөз
бұзар)
17. Ердің атын... (еңбек
шығарады)
18. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі білім біл)
19. Екі қошқардың басы ...(бір қазанға сыймас)
20. Жауынмен жер көгереді,..(батамен ер көгереді)
ІІ-кезең: «Кім жүйрік?»
(Екі топқа ақ қағаздар таратылады, берілген сөздерге байланысты 3 минут ішінде мақал-мәтелдер жазу қажет)
І-топқа:Туған жер,адам, білім туралы
ІІ-топқа:Тіл, еңбек, достық туралы
ІІІ–кезең. «Тапқыр болсаң тауып
көр!»
1. Шықпайды үйден,
Тоны - жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады. (Мысық)
2. Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді.
(Апта күндері)
3. Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті-
Төрт түсті жер үсті. (Төрт
мезгіл)
4. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс бітер.
(Адамның қолдары)
5. Оң жағыңда бес
сарбаз,
Сол жағыңда бес сарбаз. (Саусақ)
6. Жерді көрдім қаласы
бар,
үйлері жоқ
мекендейтін,
Көлді көрдім, өзен
көрдім,
сулары жоқ терең дейтін.
(карта)
7. Жұмбақ шешкіш кім
екен,
Сыртқа шықсам түн
екен
Моншақтарын
шашып-ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай,
жұлдыздар)
8. Жезге ұқсас
сабағы,
Дәні халық тағамы
(Бидай)
9. Екі аяқты, бір
басты,
Жүгіреді тым қатты
(Велосипед)
10. Бұрап қойған
сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
11. Аузы төбесiнде,
Тұтқасы денесiнде. (Құман)
12.Қыста киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)
13. Көреді бәрін өзгенің, көрмейді бірақ өздерін (көз)
14. Бірі үй күзетіп қалса да,
Бірі жүрер қалтада. (Құлып пен кілт)
15. Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді. (Үтір)
16. Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)
17. Оқу - бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. (Сөмке)
18. Сумен кірді ашады,
Өзі судан қашады. (Сабын)
19. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
20. Зулап түсiп төменге,
Шықпас менсiз төбеге. (Шана)
Логикалық сұрақтар(әр топқа 5 сұрақтан)
-
Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? (3 кг)
-
Қай айда 28 күн бар? (Барлық айда)
-
Лимонның жартысы неге ұқсайды? (Екінші жартысына)
-
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? (Жол полициясы)
-
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? (Сіріңке)
-
Үйдің ең суық жері? (Сырты)
-
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (Алма ағашында)
-
Алфавиттің ең соңғы әрібі? (т)
-
Теңіздің ортасында не бар? (“ң” әріпі)
-
Есікті ашу үшін не қажет? (Есіктің жабық болуы қажет)
IV-кезең: «Полиглот»
-
Мектеп - кеме, білім -... (теңіз, море, sеа)
-
Ананың сүті -... (бал, мед, һоnеу)
-
Ашу дұшпан, ақыл -... (дос, друг, friend)
-
Ер қанаты -... (ат, лошадь, horse)
-
Көз –қорқақ, қол-... (батыр, герой, hero)
-
Өнер алды – қызыл (тіл,язык, language)
-
Күндiз бiлiнбейдi,түнде күлiмдейдi. (Жұлдыз, звезда, star).
-
Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау (жұмыртқа, яйцо, еggs)
-
Аспан түстес сұйық, Әркiм iшер құйып. (Су, вода, water)
-
Уақытты өлшеп, санап, Таппайды бір тағат.(Сағат, время, time)
-
Түк білмей барасың, тәлімін аласың. (Мектеп, школа, school )
-
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса атта ма. (Кітап, книга,book)
-
Аспанға ұшар бу болып, жерге қайтар су болып. (Бұлт, облако, cloud )
-
Шәкіртке жанашыр,Мейірман кім, жаны асыл. (Ұстаз,учитель, teacher)
-
Мұрты бар, сақалы жоқ,тоны бар, шапаны жоқ.(Мысық,кот,cat)
-
Үсті тас, асты тас,ортасында піскен ас. (Нан, хлеб, bread)
-
Әдемі түнде,мен жүрсем,жүреді бірге. (Ай , луна, moon)
-
Шіркіннің өзіне обал-ақ,жүреді аяқта домалап. (Доп, мяч, ball)
-
Далада жүр шапқылап,керемет бір саққұлақ. (Қоян, заяц, rabbit)
-
Дәмін татсаң –тәтті-ақ,түсін көрсең- әппақ. (Қант, сахар, sugar)
V-кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»
(Ұяшықта жасырылған мақалдарды жалғастырып табу)
1.Отан, туған жер туралы
2. Оқу-білім туралы
3. Еңбек туралы
4. Ата-ана туралы
10-Отан оттан да ыстық.
20-Отан үшін отқа түс күймейсің.
30-Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
10-Оқу инемен құдық қазғандай
20-Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ
30-Кітап алтын қазына
10-Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті.
20-Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
30-Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ
10-Үлкенге құрмет, кішіге ізет
20-Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
30-Ата –асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ,бала-жағасындағы құрақ.
VI-кезең: Қорытындылау.
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Бүгінгі сайыста жеңіске жеткен барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Әрдайым осылай сайыстарға белсене қатыса беріңіздер. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"1001 МАҚАЛ 101 ЖҰМБАҚ" САЙЫСЫ

шағым қалдыра аласыз