Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

10-11 жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптарға қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

І жартыжылдық

І нұсқа.

1.Қазақ халқының ана тілі

А) орыс тілі В) қазақ тілі С) өзбек тілі Д) ағылшын тілі Е) татар тілі

2. Ауыз әдебиеті материалдарын жинау, бастыру жұмыстары қай ғасырдан басталады?

А) ХІХ ғ В) ХҮІІІ ғ С) Ү-ҮІ ғғ Д) ХХ ғ Е) ХХІ ғ

3. «Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын» Қанатты сөздің авторы кім?

А) С.Аманжолов В) Т.Қордабаев С) Ы.Алтынсарин Д) В.Радлов Е) Ш.Уәлиханов

4. Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері – қай норманың анықтамасы?

А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма С) Орфографиялық норма

Д) Грамматикалық норма Е) Әдеби норма

5. Сөздік құрамдағы қолданылу жиілігіне қарай жаппай қолданылатын сөздер қалай аталады?

А) Пассив сөздер В) Актив сөздер С) Бейтарап сөздер Д) Оқшау сөздер Е) Көмекші сөздер

6. Сөздік қорға жаңадан енген сөздер қалай аталады?

А) Архаизмдер В) Историзмдер С) Неологизмдер Д) Фразеологизмдер Е) Омофондар

7. Әдеби тілде жазуда бірізділікті қалыптастыратын норма қалай аталады?

А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма С) Орфографиялық норма

Д) Грамматикалық норма Е) Әдеби норма

8. Үндестік заңы дегенміз не?

А) Сөздегі немесе сөз тіркесіндегі соңғы буынның көтеріңкі айтылуы В) Сөз ішіндегі немесе сөз арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етуі. С) Сөздердің бірыңғай біркелкі әуезбен айтылуы. Д) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуы. Е) Тіліміздегі сөздердің дұрыс жазылу ережесі.

9. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қайсы?

А) Синтаксис В) Морфология С) Фонетика Д) Лексика Е) Фразеология

10. Тұрақты сөз тіркесін табыңыздар.

А) Көркем ой В) Көзі ашық С) Қара көк Д) Көп түкірсе көл Е) Кең жайлау

11. Қазақ тіліндегі сөздер буын үндестігіне сәйкес қалай жіктеледі?

А) Түбір, қосымшалы, қосымшасыз В) Жуан, жіңішке, аралас С) Дауысты, дауыссыз, үнді Д) Түбір, жуан, ұяң Е) Дауысты, қосымшалы, үнді

12. «Өнердің ең асылы - сөз» Даналық сөздің авторы кім?

А) Гераклит В) Абай С) Ы.Алтынсарин Д) И.Сапарбаев Е) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

13. Вербалды қатынас дегеніміз не?

А) Тілдік қатынас В) Тілсіз қатынас С) Жалпы қарым-қатынас Д) Тыңдай білу

Е) Тыңдаушының назарын өзіне қарату.

14. Сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы дегеніміз не?

А) сөз сазы В) реңк С) мәнер Д) үн Е) тон

15. Сөздердің біркелкі дауысты дыбыстан басталуы қалай аталады?

А) Кейіптеу В) Ирония С) Сатира Д) Ассонанс Е) Аллитерация

16. Тыңдау кезінде күнделікті кездесіп қалатын қателіктерді анықтаңыз.

А) Сөйлеушінің сөзін білу. В) Әңгіме барысында тыңдаушының асығыс қорытынды жасауы. С) Сөйлеушінің айтқандарымен келіспеген жағдайда тыңдаушы өз қарсылығын білдіруде аысығыстық жасау. Д) Шынайы көмек бермейтін адамдардың қажетсіз кеңестерін қолдану. Е) Жоғарыдағы жауаптардың бәрі дұрыс.

17. Сөйлеушінің сөзін бөлмей мұқият тыңдау, бұл...?

А) Әбестік В) Әдептіліктің белгісі С) Әдепсіздік Д) Қайырымдылық

Е) Менсінбеушілік

18. Дауыстылар жақтың ашылу дәрежесіне қарай қалай бөлінеді?

А) еріндік, езулік В) дауыссыз дыбыстар С) жартылай ашық Д) ашық, қысаң, жартылай ашық. Е) еріндік.

19. Этнолингвистика дегеніміз не?

А) Сөздердің қалыптасқан сөз орамдарының шығу тегін тарихын, оның мәні мен мағынасын, қазіргі қолдану аясын зерттейтін тіл білімнің саласы.

В) Сөздер мен олардың мағыналарын зерттейтін сала. С) Тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Д) Сөз құрамы мен сөз таптарын зерттейтін сала. Е) Қоғамдағы тарихи

оқиғалаларға, қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізге енген жаңа сөздер.

20. Этнолингвистикалық құбылыс туралы еңбек жазған, деректер жинаған қазақтың қоғам қайраткері.

А) Абай В) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы С) Ы.Алтынсарин Д) Қадыр Мырза Әли Е) Ф.Оңғарсынова

21. Қай сөз жалпылама қолданылатын сөзге жатады?

А) бұрыш В) квадрат С) теңдеу Д) су Е) лексика

22. Неологизмді табыңдар

А) әлем В) шапан С) кәжекей Д) аспан Е) ұшақ

23. Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер қалай аталады?

А) Көнерген сөздар В) Қос сөздер С) Терминдер Д) Неологизмдер Е) Кәсіби сөздер

24. Тамақтанар алдында не деп айту керек?

А) Сапарыңыз сәтті болсын! В) Деніңіз сау болсын! С) Асыңыз дәмді болсын!

Д) Қуаныш құтты болсын! Е) Сауығып кетіңіз!

25. Кәсіби сөздерді табыңыз.

А) Иінағаш, суағаш В) Жүген, үзеңгі, щылбыр С) Қахажаппа, қорықтық

Д) Сөмке, кереует Е) Түбек, материк













Қазақ тілі

10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

І жартыжылдық.

ІІ нұсқа.

1.Ана тілін жетік білу, ана тілінде таза сөйлеу ненің белгісі?

А) Мәдениеттіліктің В) Әдептіліктің С) Іскерліктің Д) Даналықтың Е) Надандықтың

2. ХІХ ғасырдан басталатын ауыз әдебиеті материалдарын жинау жұмыстарын жүргізген қазақтан шыққан алғашқы зерттеуші-ғалым?

А) Ы.Алтынсарин В) Абай С) М.Әуезов Д) Ж.Аймауытов Е) Ш.Уәлиханов

3. «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өзегі, нағыз белгісі» Кімнің сөзі?

А) Абай В) Б.Момышұлы С) Ш.Құдайбердиев Д) М.Әуезов Е) Ғ.Мүсірепов

4. Сөздік құрамдағы сөздердің қолданылу жиілігіне қарай сирек қолданылатын сөздер қалай аталады?

А) Актив сөздер. В) Пассив сөздер. С) Бейтарап сөздер. Д) Фразеологизмдер.

Е) Полисемия

5. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылу ережесінің жинытығы қалай аталады?

А) Орфография В) Орфоэпия С) Лексика Д) Фонетика Е) Ықпал

6. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамауды, қосымшаларды рет імен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден қандай норма бұзылады?

А) Грамматикалық норма В) Лексикалық норма С) Фонетикалық норма Д) Әдеби норма Е) Орфоэпиялық норма

7. Дұрыс жазылған сөзді анықтаңдар.

А) Кең-маңдай В) кеңмаңдай С) кен маңдай Д) кең маңлай Е) кең маңдай

8. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз.

А) жарыайлану В) жарыйды С) жүктөу Д) мәңгү-бақый Е) қайбір

9. Қармы-қатынас құралдары: тіл- дыбыстау құралдары және тілге көмекші құралдары болып екіге бөлінеді. Тіл – дыбыстау құралдарына нелер жатады?

А) ымдау, ишара В) көзқарас С) қол алысу Д) дене қимылдары Е) сөз, сөйлеу

10. «Қазақтардың тілі жатық та, шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақ пен жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді» деген орыс ғалымы.

А) В.В.Радлов. В) М.Горький С) А.Диваев. Д) А.С.Пушкин. Е) С.Аманжолов.

11. Мына сөздерден екпін түспейтін буынды көрсетіңіз.

А) барасың ба? В) арланба С) қойма Д) аула Е) жетекшілік

12. «Жайдары жүзің жабылмай,

Жайдақтап қашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай,

Жақсы өліпсің, япырмай!» (Абай) Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылған?

А) Ассонанс В) Аллитерация С) Сатира Д) Литота Е) Гипербола

13. Сөйлеуші сөзін толық түсіну үшін қандай сұрақтар берген орынды?

А) Не үшін? Неліктен? В) Қайсысы? Кім? С) «Иә, иә», «Солай ма?», «Айта беріңіз»

Д) Не себепті? Қашан? Е) Не мақсатпен?

14. Ерін мен езудің қатысына қарай қалай бөлінеді?

А) еріндік, езулік В) еріндік, қысаң С) езулік, қысаң Д) жуан, жіңішке Е) ашық, қысаң

15. Шаруашылық, тұрмыстық, әдет-құрыпқа байланысты этнографизмдер:

А) қырқынан шығару В) тасаттық беру С) дәметіп ауру Д) есік көрсету Е) саба пісу

16. Қайсысы мәтел?

А) Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. В) Талапты ерге нұр жауар. С) Ер айтпас, айтса қайтпас. Д) Таз ашуын тырнадан алады. Е) Нар тәуекел - ер ісі.

17. Неологизмді табыңыз.

А) делдал В) көзі ашық С) мереке Д) кебеже Е) кәсе

18. Термин дегеніміз не?

А) Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер. В) Жергілікті тұрғындардың сөйлеу тіліндегі сөздер. С) Қолданыстан шығып қалған сөздер. Д) Қарапайым сөздер. Е) Белгілі бір шаруашылық саласына байланысты сөздер тобы.

19. «Манифест» терминінің қазақша баламасы.

А) келісім, шарт В) көшірме С) жарғы Д) түсініктеме Е) сауалнама

20. «Әркім» тұлғасына қандай сөз?

А) негізгі В) туынды С) қос сөз Д) дара Е) күрделі

21. Ауызша сөйлеу тілдің де, жазба тілдің де дамуына ортақ негізді көрсетіңіздер.

А) Ғылыми терминдер В) Жалпыхалықтық тіл. С) Диалектілер Д) Афоризмдер

Е) Ұлтаралық тіл

22. Тілдің материалдық жағына не жатады?

А) Тілдің сөз байлығы. В) Басқа тілден енген сөздер. С) Этнолингвистикалық атаулар.

Д) Архаизмдер. Е) Тіл дыбыстарының, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығы.

23. Географиялық терминді табыңыз.

А) антоним В) бастауыш С) түбек Д) амон Е) механика

24. Сәлемдескенде айтылатын сөзді табыңыз.

А) Сау болыңыз! В) Амансыз ба? С) Қош болыңыз! Д) Көріскенше! Е) Қош келдіңіз!

25. Диалект сөзді табыңыз.

А) еңбек, арман В) әйдік, пәс С) барлық, күллі Д) гүрс-гүрс Е) Сөмке, кереует





















Қазақ тілі

10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

ІІІ тоқсан

І нұсқа

1.Адамның жылдар бойы қалыптасқан өзіндік жақсы мінез-құлқы мен қасиеттерінің қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасында кқірініс табуы...?

А) Әдеп. В) Келіссөз. С) Келісім-шарт. Д) Тәрбие. Е) Іскерлік хат.

2. Әдеп терминін ең алғаш қолданған кім?

А) Сократ. В) Әбу Насыр Әл-Фараби. С) Платон. Д) Аристотель. Е) Құтып.

3. Әдепке байланысты ережелер жинағы қай жылдары жарық көрді?

А) Б.з.д. 384-322 жж. В) Б.з.д. 551-479 жж. С) Б.з.д. 2350 жж Д) Б.з.д. 2000 жж.

Е) Б.з.д. 2550 жж.

4. «Әдеп адамдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасын қлыптастырады және өмірдің әртүрлі жағдайларында адамның өзін дұрыс ұстай білуін жүйеге салып отырады» деген ойдың иесі кім?

А) Сократ. В) Аристотель. С) Конфуций. Д) Платон. Е) Құтып.

5. Қанатты сөздің авторын табыңыз. «Досыңның құшпан болғанынан сақтан»

А) Ж.Баласағұн. В) Аристотель. С) Әл-Фараби. Д) Квинтилиан. Е) Құтып.

6. Іскерлік ортада сөйлеу мәдениетіне орфоэпиялық дағдыларды қалыптастыруға қойылатын талаптар...?

А) Сөздің соңын жұтып қою. В) Сөздегі дыбыстарды анық айтпау.

С) Сөздердің, сөз тіркестерінің дауыс екпінін дұрыс қоя білуге дағдылану.

Д) Пауза жасауға дағдыланбау. Е) Асығыс сөйлеу.

7. Тіл тазалығын және сөздердідұрыс айту үшін қандай нормалар қажет?

А) Әдеби нормалар. В) Фонетикалық норма. С) Грамматикалық норма.

Д) Орфоэпиялық норма. Е) Орфографиялық норма.

8. «Өнерлі» сөзінің құрамы мен тұлғасы.

А) Дара, туынды, қатыстық сын есім. В) Дара сын есім. С) Туынды сын есім.

Д) Қатыстық сын есім. Е) Дара, қатыстық сын есім.

9. Сөйлеу сапасына ықпал ететін факторды атаңдар.

А) Сөз байлығының молдығы. В) Дауыс ырғағын сақтау. С) Тыңдаушыны жалықтырмау. Д) Сөз мағынасын түсіне алмау. Е) Жағымсыз дауыс.

10. Іскерлік әңгіме барысында сұрақтың қанша түрі қолданылады?

А) 7 В) 3 С) 10 Д) 4 Е) 8

11. Кіріспе сұрақ дегеніміз не?

А) Әңгіме басталар алдында әріптесіңнің талқыланатын мәселеге қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылады. В) Әріптесті сөзге тарту үшін қойылады.

С) Әріптесіңе жауаптың бірін таңдауға мүмкіндік береді. Д) Өзара түсіністікке қол жеткізу үшін қойылады. Е) Іскерлік әңгімені аяқтау мақсатында қойылады.

12. Өзара түсіністікке қол жеткізу үшін қойылатын сұрақ түрі.

А) Кіріспе сұрақ. В) Балама сұрақ. С) Мақұлдау сұрағы. Д) Қайрау сұрағы.

Е) Шешуші сұрақ.

13. Іскерлік қатынастағы жазудың маңыздылығын арттыратын ойды жеткізуге қолданылатын әдістер.

А) Мақала жазу. В) Төңкерілген пирамида. С) Кәдімгі пирамида және төңкерілген пирамида. Д) Сұраққа жауап ал әдісі. Е) Аннотация және эссе жазу әдісі.

14. Іскерлік қарым-қатынаста лексиканың қай саласы маңызды рөлге ие?

А) Диалектілер. В) Терминдер. С) Тұрақты тіркестер. Д) Жаргондер.

Е) Көнерген сөздер.

15. Адам бойындағы қандай қасиет іскерлік қарым-қатынастың тиімділігін төмендетеді?

А) Ұялшақтық. В) Алғырлық. С) Шешендік. Д) Қайшы пікірге келу.

Е) Әріптестерін сынау.

16. Іскерлік қарым-қатынас әдебіне тән белгі қайсысы?

А) Ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз орамдарын жиі қолдану. В) Астарлап сөйлеу.

С) Тақырыптан ауытқымай жігерлі сөйлеу. Д) Мысқылмен сөйлеу.

Е) Мақалдарды жиі қолдану.

17. Іскерлік әңгімеге дайындықтың бірінші қадамы неден басталады?

А) Мекеменің жоспарымен танысудан. В) Достарыңмен кездесуден.

С) Толық мағлұмат беруден. Д) Кімге баратыныңды зерттеуден.

Е) Сұрақты дұрыс қоя білуден.

18. Анкета дегеніміз не?

А) Белгілі бір қызмет орнына жұмысқа тұрар алдында толтыратын жұмысқа тұрушы жайлы мәлімет беретін ең қажетті құжат.

В) Жұмысқа тұрушы жөнінде қысқа әрі нақты мәлімет беретін құжат.

С) Жұмысқа тұрушының өмірі туралы мәлімет беретін құжат.

Д) Жұмысқа тұрушының мінез-құлқын көрсететін құжат.

Е) Жұмысқа тұрушының құжаттарына уақытша иелік ететін құжат түрі.

19. Іскерлік қарым-қатынасқа кері ықпал ететін факторларды белгілеңдер?

А) Құжаттар алмасу. В) Мәнсіз көпсөзділік. С) Ұлттық дәстүрді сақтау.

Д) Сөйлеу этикасын меңгеру. Е) Сөзталасты дамыту.

20. Шығармада, мәтінде айтылатын басты ьойлардың бір-екі сөйлемнен берілген қысқаша желісі, ойдың арқауы қалай аталады?

А) Рецензия. В) Конспект. С) Тезис. Д) Қорытынды. Е) Кіріспе.

21. «Термин» сөзі қай тілден енген сөз?

А) Грек. В) Латын. С) Араб. Д) Италия. Е) Франция.

22. Жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздарына жататын құжаттар

А) Өмірбаян, өтініш, арыз, сенміхат. В) Жеделхат, хат, хабарландыру.

С) Мәжілісхат, қолхат, сенімхат. Д) Бұйрық, келісім-шарт. Е) Кепілдеме, түйіндеме, анықтама.

23. Қанатты сөздің авторы кім? «Қай істің болсын өнуіне үші түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек»

А) Сенека. В) Б.Вашингтон. С) М.Әуезов. Д) Т.Джефферсон. Е) В.О.Ключевский.

24. «Сәлем беру дәстүрін жақсы меңгеру – алдағы істің табысты болуының кепілі» деп түсінетін қай ұлт?

А) Қазақ. В) Орыс. С) Грек. Д) Неміс. Е) Араб.

25. «Өзің құрметтемеген нәрсеге өзгеден қайтіп құрмет күтесің» (Абай) Сөйлемде қанша сөз тіркесі бар?

А) 4 В) 5 С) 3 Д) 2 Е) 6





Қазақ тілі

10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт)

ІІІ тоқсан

ІІ нұсқа

1.Өз еңбектерінде әдеп нормаларының ережелеріне айрықша көңіл бөлген қытайдың ұлы ойшылы.

А) Аристотель. В) Конфуций. С) Квинтилиан. Д) Төле би. Е) Сократ.

2. «Мінез-құлық ережелері» атты әдепке байланысты ережелер жинағы қай елде жазылған?

А) Греция. В) Мысыр. С) Италия. Д) Қазақстан. Е) Қытай.

3. Конфуцийдің ойынша әдеп...?

А) Адамдар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастырады.

В) Өмірдің әртүрлі жағдайларында адамның өзін дұрыс ұстай білуін жүйеге салып отырады. С) Тұйықтан шығуға бағыт-бағдар береді. Д) Отбасында өзін дұрыс ұстай білуіне жөн сілтейді. Е) Жоғарыда айтылған пікірлердің бәрі дұрыс.

4. Әдеп терминін ең алғаш қолданған Аристотельдің өмір сүрген жылдары.

А) Б.з.д 384-322 жж. В) Б.з.д 551-449 жж. С) Б.з.д 389-333 жж. Д) Б.ж.д 553-475 жж.

Е) Б.з.д 349-220 жж.

5. Қанатты сөздің авторын табыңыз. «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл»

А) Ж.Баласағұн. В) Құтып. С) Аристотель. Д) Сократ. Е) Конфуций.

6. Іскерлік ортада сөйлеу мәдениетіне байланысты фонетикалық дағдылар тек сөйлеу үшін емес тағы не үшін қажет?

А) Сөздердің грамматикалық нормасын сақтау үшін. В) Басқаның сөзін тыңдап түсіну үшін. С) Мазмұнын жазу үшін. Д) Сөйлеушінің пікірін жақтау үшін.

Е) Жылдам сөйлеу үшін.

7. Аудармашы арқылы сөйлескенде қандай қағидаларды орындауға болмайды?

А) Терминнің аударылуын талап етпейді. В) Екі сөйлемнен артық айтпауға дағдыланады.

С) Ақырын және анық сөйлеуге назар аударылады. Д) Аудармашының пікірді қалай жеткізіп жатқанына мұқият көз салып отырады. Е) Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестерді қолданады.

8. «Зор денелі» сөзінің құрамы мен тұлғасы.

А) Күрделі, туынды, қатыстық сын есім. В) Күрделі сын есім. С) Туынды сын есім.

Д) Қатыстық сын есім. Е) Тіркескен сын есім.

9. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңдер.

А) Өз сөзіңді мойындата білу. В) Тыңдаушының ойынан шығу. С) Тіл тазалығын сақтау.

Д) Оқшау сөздерді қолданбау. Е) Асығыс сөйлеу, сөздің соңын жұтып қою.

10. Іскерлік әңгіме барысында сұрақтың қанша түрі қолданылады?

А) 3 В) 4 С) 6 Д) 7 Е) 10

11. Қайрау сұрағы дегеніміз не?

А) Әңгіме басталар алдында әріптесіңнің талықланатын мәселеге қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылады. В) Әріптесті сөзге тарту үшін қойылады.

С) Жауаптың бірін таңдауға мүмкіндік береді. Д) Әріптесіңнің бұл іск деген көзқарасын, оны орындауға деген ынтасын анықтауға арналған сұрақ.

Е) Іскерлік әңгімені аяқтау мақсатында қолданылады.

12. Әріптесіңнің әңгімеңді көңіл қойып тыңдап отырғандығын немесе немқұрайлы бас шұлғып отырғандығын байқау үшін қойылатын сұрақ.

А) Кіріспе сұрақ. В) Нақты сұрақ. С) Мақұлдау сұрағы. Д) Бақылау сұрағы.

Е) Қайрау сұрағы.

13. Келіссөз дегеніміз не?

А) Екі жақты әдеп нормалары. В) Ресми құжаттама тізімі. С) Іскер адамның қызмет барысындағы ең жауапты кезең. Д) Іссапар құжатамасы. Е) Ұтымды сұрақ.

14. Іскерлік қатынасқа тән белгіні көрсетіңдер.

А) Дос-жаранмен сыйластық. В) Қызмет бойынша қатынас. С) Отбасындағы қатынас.

Д) Қоғамдық көліктегі сөйлесу. Е) Тарихи негіздерінің болуы.

15. Іскерлік қатынастағы сөзге тән сипатты көрсетіңдер.

А) Ұлттық дәстүрдің сақталуы. В) Ресмилік. С) Шешендік. Д) Актілердің молдығы.

Е) Ақпараттық.

16. Іскерлік қарым-қатынас әдебінің компонентін көрсетіңдер.

А) Жауапкершілікті сезіну. В) Әріптеспен пікірталастыру. С) Өз көзқарасын дәлелдеу.

Д) Жеңіске жетей қоймау. Е) Анекдот айта білу.

17. Іскерлік әңгімені жоспарлауда қай мәселе қажетсіз болып табылады?

А) Фактілердің мол болуы. В) Себеп пен тұжырымның сәйкес келмеуі.

С) Өз ататегінен хабардар ету. Д) Мәселені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну.

Е) Сұрақтардың маңызды болуы.

18. Іскерлік әңгіме(келіссөз) оң нәтижеге жетуі үшін қай шарт қажет?

А) Кездесуді кездейсоқ ұйымдастыру. В) Іскерлік әңгіме тақырыбын алдын ала жоспарлау. С) Әріптестерді алдын ала жолықтыру. Д) Артық фактілерді ескеру.

Е) Әркім өзін таныстыру.

19. Жеке адамдар немесе мекемелер арасында жазылатын күнделікті кездесетін мәселелерді бірлесе шешу үшін олардың арасында қалыптастыратын жазбаша құжат.

А) Іскерлік келіссөз. В) Іскерлік хат. С) Ұсыныс хат. Д) Түйіндеме.

Е) Сұраныс.

20. Ғылым мен техника, мәдениеттің әр саласына қатысты белгілі бір ұғымды дәл білдіретін арнаулы сөздер қалай аталады?

А) Терминдер. В) Диалектілер. С) Неологизмдер. Д) Кәсіби сөздер.

Е) Фрезеологизмдер.

21. «Фразеология, фонетика, идиома, стилистика, жұрнақ» сөздері ғылым саласына жатады?

А) Лингвистика. В) Әдеби-өнер. С) Математика. Д) Физика. Е) География.

22. Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс-қағаздарды белгілеңіздер.

А) Өмірбаян, өтініш, түсініктеме. В) Қолхат, мәжілісхат, хат. С) Анықтама, кепілдеме.

Д) Жарнама, анықтама, келісім-шарт. Е) Жеделхат, Қолхат, бұйрық.

23. «Табысты адамның өмірде қолы жеткен жағдайымен емес, табысқа жетудегі жеңген кедергілерімен өлшеу лазым» Даналық ойдың авторы кім?

А) Сенека. В) Т.Джефферсон. С) В.О.Ключевский. Д) М.Әуезов. Е) Б.Вашингтон.

24. Іскерлік әңгіме кезінде ашықтықты, орынды әзілді ұнататын қай ұлт?

А) Араб. В) Қазақ. С) Испан. Д) Орыс. Е) Грек.

25. «Өзің құрметтемеген нәрсеге өзгеден қайтіп құрмет күтесің» (Абай) Сөйлем айтылу сазына, құрылысына қарай қайдай сөйлем?

А) Хабарлы, жай. В) Сұраулы, жай. С) Лепті, құрмалас. Д) Сұраулы, құрмалас.

Е) Хабарлы, құрмалас.



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

І жж

І нұсқа

в

а

а

е

в

с

с

с

с

в

в

Е

а

а

д

е

в

д

а

в

д

е

с

с

в

І жж

ІІ нұсқа

а

е

в

в

а

а

е

е

е

а

а

В

с

а

е

д

а

а

с

в

в

е

с

в

в

ІІІ тоқсан

І нұсқа

а

д

с


е

с

а

а


а

а

С

с

в

а

с

д

а

в

с

а

а

с

а

а

ІІІ тоқсан

ІІ нұсқа

в

в

е

а

а

в

е

а

с

д

д

с


в

в

а

с

в

в

а

а

д

е

с



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
8259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12