Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §1. Тас дәуірін кезеңдерге бөлу
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - оқушыларды өз елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Білімділік - оқушыларға туған жерінің көне тарихын дұрыс түсіну үшін көне замандағы тарих кезеңдеріне шолу жасап, білімдерін тереңдету
Дамытушылық - оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлануға дағдыландыру
Көрнекіліктер: оқу құралдары, интебелсенді тақта
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ
Қазақстан жерінің, оны өте көне замандарда мекендеген адам баласының, адамзат қоғамының тарихы дүниежүзіндегі адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты. Тарихты дәуірлеу қоғамдық өндірістің және өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты жасалады.
Көне тарихты кезеңдеудің бірнеше түрі бар. Оның ішінде ең көп қолданылатыны — археологиялық және геологиялық тәсілдер арқылы кезеңдеу.
Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған атақты америкалық этнолог Льюис Генри Морган.
Льюис Генри Морган
|
Кезең атауы |
Сипаттамасы |
|
Жабайылық |
Адамзат қалыптасу үдерісі, сөйлеу тілі, Отты игеру, садақ пен жебе пайдаланды. |
|
Тағылық (варварлық) |
Темірді пайдалануды үйрену, егін егу, мал бағу, құмыра жасау |
|
Өркениеттік |
Жазу-сызудың пайда болуы |
Тас дәуірінің кезеңдерін жете түсіну үшін зерттеушілер осы дәуірдің геологиялық, археологиялық деректеріне сүйенеді.
Г
еологиялық
К
айнозой дәуірі
Үштік Төрттік
(антропогендік)
Плейстоцен(мұз басқанға дейін, мұз дәуірі) Голоцен (мұздың кетуі)
Археологиялық

Қола дәуірі Темір
дәуірі
Бүгінде адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Көзқарастарды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі — бұл мәселені діни, идеалистік жолмен түсіндіру. Ондай ұғым бойынша, күллі дүниені, соның ішінде адамды, құдай жаратты деу. Бұл — ғылыми жолмен дәлелденуі өте қиын пайымдау. Екіншісі — әсіресе кейінгі кезде көп айтылып жүрген әлемдік гуманоидтер жөніндегі көзқарас. Ол бойынша, адам баласы Жер бетіне басқа ғаламшардан келген. Бұл да әзірге ғылыми дәлелденбеген пікір. Адамзат баласының пайда болуы, қалыптасуы жөніндегі үшінші пікір — адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты, ұзақ және біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып, қалыптасқан дегенге саяды.
Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы. Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті. Бірінші формасы — алғашқы адамдардың тобыры. Ол бірігіп аң аулап, қорғану үшін қажет болды. Адамзат баласы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шыққаннан кейін, 1,5—2 млн жылдай уақыт тобыр болып өмір сүрді.
Алғашқы адамдар тобыры өзара қандас туыстас жандардан құралды және де эндогамиялық ұжым болды. Эндогамия дегеніміз — ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы.
Экзогамия дегеніміз — туыстас адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы. Уақыт өте келе неке тұрақты сипатқа еніп, адамдар ұжымнан рулық қауым сатысына өтті. Бұл әлеуметтік ұжымның келесі бір формасы еді. Бұл кезеңде балалардың туыстығын тек аналары жағынан анықтау мүмкін болды.
Аналық рулық қауым орта палеолит пен соңғы палеолит арасында пайда болған. Бұл кезде ойлау қабілеті жетілген, түр-тұлғасы жағынан қазіргі адамдарға өте ұқсас адамзат баласы қалыптаса бастады. Рулық қауымда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды.
ІҮ. Бекіту:
1. Геологиялық кезеңге бөлу бойынша жердің тарихы неше дәуірге бөлінеді?
2. Л.Г.Морганның кезеңдеуі мен археологиялық кезеңдеуді салыстырыңдар.
3. Адамзат баласының шығуы жөніндегі көзқарастарды атаңдар.
4. Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымының формаларын атаңдар. “Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымының эволюциясы” тақырыбында сызба құрастырыңдар.
5. Тас дәуірінде өмір сүрген адамдардың әлеуметтік (қоғамдық) ұйым формалары жөнінде анықтама беріңдер.
Ү. Үй тапсырмасы: §1. Тас дәуірін кезеңдерге бөлу
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §2. Қазақстан палеолит дәуірінде
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - Отанын сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қадірлеп, мақтанышпен қарау сезімін ояту.
Білімділік - оқушыларға палеолит дәуірі ерекшеліктерін атап, Қазақстанда орналасқан археологиялық ескерткіштері туралы айту
Дамытушылық - оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлануға дағдыландыру, кітаппен жұмыс істеу барысында есте сақтау қабілеттерін жетілдіру
Көрнекіліктер: оқу құралдары, кесте
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі күні Қазақстанда палеолит дәуірінің үш аймағы белгілі. Бұл Оңтүстік Қазақстан (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстан (Маңғыстау, Мұғалжар) және Орталық Қазақстан (Солтүстік Балқаш, Сарыарқа).
Қазақстан аумағында палеолит дәуірі ескерткіштерінің екі түрі табылған. Бұл — бірнеше мәдени қабаттардан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар барысында зерттеуге болады.
Ескерткіштердің екінші түрі — ашық жерде орналасқан ескерткіштер.
Ерте палеолит дәуірінің ескерткіштері.
|
Хронология |
Мәдениет атауы |
Тас еңбек құралдарының түрі |
|
Б.з.б 3 млн жылдықтан 800 мыңжылдыққа дейін |
Олдувай |
Маңғыстау түбегіндегі Шақпақ ата тұрағы, сондай-ақ Қаратаудағы Арыстанды өзені аңғарындағы ескерткіштер. Балталар, бифастар, чопперлер, чоппингтер, пышақтар мен қырғыштар |
|
Б.з.б.1 млн — 800 мың жыл бұрын. |
Ашель |
Оңтүстік және Орталық Қазақстанда. Мысалы, палеолит дәуіріндегі тас құралдар Орталық Қазақстанда — Құдайкөл, Қарасор, Семізбұғы, Қызылқайнар, Қойтас, Аққошқар, Талды, Өгізтау, Ақмая, Обалысай, Мүзбел, Тұранғы; Оңтүстік Қазақстанда — Бөріқазған, Тәңірқазған, Ақкөл, Хантау, Кешор, Ақтоғай, |
|
Б.з.б. 150—120 мың — 40—35 мың жыл бұрын |
Мустье |
Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарында өте көп кездеседі. Мысалы, Орталық Қазақстанда — Шідерті, Құдайкөл, Қарасор, Аққошқар, Жылқыбай, Мамырбұлақ, Түйемойнақ, Қызылжар, Өгізтау, Семізбұғы, Тұранғы, Қызылқайнар, Түлкілі, Қаршығалы, Еспе. Оңтүстік Қазақстанда — Арал, Ақеспе, Аққыр, Қосқорған, Тоқалы, Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, Уғаш, Алғабас, Шабақты, Мойынқұм мен Жалпақ қоныстары. Шығыста мустье дәуірінің ескерткіштеріне Қожай, Нарым, Бөдене мен Шыңғыс жатады. тас сынықтарынан жасалған үшкір тастар, кейбір кездері тастың үштарын ретушь әдісімен өңдеген. Қырғыштар, нуклеустер және екі жақ бүйірі қырналған, атпатас ретінде қолданылған тастар |
|
35—10 мың жыл бұрын. |
Жоғарғы палеолит дәуірі |
Тұрпайылау жасалған ірі қырғыштармен қатар, жүзі жартылай шеңбер етіп шебер өңделген қырғыштар кездеседі. Соңғы палеолиттің тағы бір белгілі ескерткіші — Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағы. Табылған бұйымдардың ішінде кездескендері — қырғыштар мен жүздері түзу, ал кейде қайқы болып келген тас пышақтар. Батпақ деп аталатын адамдардың көне мекені. Сондай-аң палеолит дәуірінің Қарабас пен Ангренсор тұрақтары да белгілі. Археологиялық қазбалар кезінде Семей қаласының маңындағы Ново-Шульба ауданында Шульбинка тұрағы табылды. |
ІҮ. Бекіту:
1. Қазақстанның палеолит дәуіріндегі ескерткіштері қандай белгілері бойынша екі топқа бөлінеді?
2. Ашель кезеңі ескерткіштері табылған жерлерді атаңдар.
4. Соңғы палеолит ескерткіштерін атаңдар
5. Төменгі палеолиттің соңындағы адамзат дамуының негізгі нәтижелері қандай?
Ү. Үй тапсырмасы: §2. Қазақстан палеолит дәуірінде
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §3. Қазақстан аумағындағы мезолит пен неолит

Білімділік - оқушыларға мезолит пен неолит дәуірі ерекшеліктерін атап, Қазақстанда орналасқан археологиялық ескерткіштері туралы айту

Көрнекіліктер: оқу құралдары, карта
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1. Кестені тексеру
2. Жабық сұрақтар
А. Палеолит кезеңінің хронологиясы
В. Палеолит нешеге бөлінеді?
С. Қазақстанда палеолит дәуірінің неше аймағы бар?
Д. Палеолит дәуірі ескерткіштері нешеге бөлінеді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақстан мезолит дәуірінде. Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты 1948 жылы археолог А.А. Формозов ашты. Кейінірек, 70—80-жылдары ғалымдар В.Ф. Зайберт, В.Н. Логвин, А.Ю. Гиндиндер археологиялық зерттеулер жүргізді. XX ғасырдың соңында Оңтүстік және Батыс Қазақстанда мезолит дәуірінің бірнеше тұрақтары ашылды. Сонымен бүгінгі күнге дейін мезолит дәуірінің, шамамен жиырма ескерткіші табылған.
Мезолит белгілі тұрақтары—Қызылжар қаласы мен Мичурин, Боголюбов, Явленка селолары маңынан табылған, осы жерлердің атымен аталған тұрақтар. Атбасар маңындағы Тельман, Қарағандыда — Әкімбек және Қарағанды көне тұрақтары, Қостанайда — Дачная және Евгеньевка, Көкшетауда — Шағалалы өзені бойындағы тұрақтар мен қазіргі кезде мәлім болған Торғай ойпатындағы Дүзбай, сондай-ақ Маңғыстау маңында табылған мезолит дәуірінің Қызылсу, Айдабол және Дефе-Шығанақ тұрақтары. Ұсақ жаңқа тастарды еңбек құралдарын жасау үшін қолдану және аңшылардың тамақ табуға мүмкіндіктерін арттырған садақ пен жебенің пайда болуы мезолит заманы жаңалықтарының бірі болып табылады. Палеолит заманының соңына қарай Оңтүстік Сібір мен Алтайда микролиттен жасалған құралдар пайда бола бастады. Микролит (“микро” — кішкентай, “литос” — тас) — ұсақ тас тілікшесінен немесе ұсақ тас жаңқасынан жасалған құралдар.
Қазақстандағы неолит дәуірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда неолит кезеңінің, шамамен 600 ескерткіші белгілі. Тас құралдары жетілдірілген
Ең ірі ңоныстары — Шығыс Қазақстанда Усть-Нарым- Красноярка, Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстанда Пеньки, Иманбұрлық, т.б. Бұл тұрақтар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан. Бұлар неолит заманының соңғы кезеңдеріне, яғни б.з.д. 3 мыңжылдыққа жатады.
Солтүстік-батыс Қазақстан аймақтық тобы. Мәдениеттің бұл тобының ерекшеліктері: біріншіден, пластикалың тас өндірісінің басым болуы, екіншіден, ыдыстарды әшекейлеуде геометриялық өрнектеудің басым болуы.
Арал, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстан аймақтық тобы. Бұл аймаққа тән неолит құралдары: садақ пен найзаның тастан жасалған ұштары, жалпақ пышақтар, екі жағынан да өңделген жебе ұштары. Тас жаңқаларынан жасалған құралдар басым.
Солтүстік Қазақстан аймақтық тобы. Басқаларына қарағанда бұл топтардың тұрақтарынан әртүрлі құралдар өте көп табылды: тас жаңқаларынан жасалған қашау, жалпақ пышақ қырғыштар. Мұнда геометриялық өрнектер кездеспейді. Керамика Оңтүстік Орал (Ресей) мәдениетіне және қола ғасырдағы Андронов мәдениетіне ұқсас. Шаруашылықтың негізгі түрі ормандар мен көлдерден жабайы құстарды аулау, аңшылық пен термешілік болды.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймагы топтарына су көздері жағалауларында орналасқан тұрақтар тән.
Жезқазган өңірі. Бұл өңірден, шамамен 150 тұрақ, көне қорымдар мен обалар табылды. Қорымдардың орташа диаметрі 6—13 м, биіктігі 50-ден 80 м-ге дейін. Қайтыс болған адамның денесін тастармен қоршап, жерге арқасымен, ал басын солтүстік-батысқа қаратып жерлеген.
Тас дәуірінің соңғы неолит кезеңінде өндіріске енгізілген жаңалықтардың бірі тоқыма өндірісі болды. Адамдар алдымен қарапайым тоқыма заттарды қалақай, сора, зығыр, кейінірек мақтадан тоқыған болса, бара- бара малдың жүнін тоқыма заттар жасауға пайдаланды.
Неолит заманының тағы бір үлкен жетістігі — ол керамикалық ыдыстар өндірісі болды. Ғалымдардың болжамы бойынша керамикалық өндірістің шығуы тоқыма өндірісімен тығыз байланысты. Алғашқы ыдыстардың өзінде де сызып, бастырып салған қарапайым геометриялық оюлар кездеседі.
ІҮ. Бекіту:
-
Қазақстан аумағында неліктен мезолит ескерткіштері аз?
-
Мезолит дәуіріндегі адамдардың қол жеткізген табыстарын атап өтіңдер .
-
Микролиттен құралдарды жасау технологиясын айтып беріңдер.
-
Неолит заманындағы тұрақтарды атаңдар.
-
Неолит дәуіріндегі ескерткіштер Қазақстанның қай аймақтарында шоғырланған?
-
Неолит дөуірінде адамдар шаруашылықтың қандай түріне көшті? Шаруашылықтың бұл түрінің алдыңғыдан қандай айырмашылығы бар?
Ү. Үй тапсырмасы: §3. Қазақстан аумағындағы мезолит пен неолит
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §4. Энеолит. Ботай мәдениеті

Білімділік - өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит дәуірінің басталуын, оның ерекшеліктерін, табиғаттағы өзгерістердің адам тіршілігі мен өміріне әкелген жаңалықтарын көрсету.

Көрнекіліктер: оқу құралдары, интербелсенді тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1. Қазақстан аумағында неліктен мезолит ескерткіштері аз?
2. Мезолит дәуіріндегі адамдардың қол жеткізген табыстарын атап өтіңдер .
3. Микролиттен құралдарды жасау технологиясын айтып беріңдер.
4. Неолит заманындағы тұрақтарды атаңдар.
5. Неолит дәуіріндегі ескерткіштер Қазақстанның қай аймақтарында шоғырланған?
6. Неолит дөуірінде адамдар шаруашылықтың қандай түріне көшті? Шаруашылықтың бұл түрінің алдыңғыдан қандай айырмашылығы бар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мысты тас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашқы металл мыс болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы.
XX ғасырдың 80-жылдарында тарихшы В. Зайберт Ботай қонысын зерттей бастады. 1990—1995 жылдары Ботай мәдениетін зерттеуге шетелдік ғалымдар да тартылды. 1998 жылы осы аса құнды тарихи-мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның арнайы тізіміне енді.
Ғалымдар Ботайды мекендегендер жылқының еті мен сүтін пайдаланғандығын, олардың тұрмысында жылқы малының басым орын алғандығын дәлелдеді.
Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Иманбұрлық өзенінің оң жағалауында Ботай елді мекені жанында орналасқан. Қоныс, шамамен б.з.д. ХХІҮ—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-қа жуық жекелеген үй орындары ашылды.
Қоныстан тас, сүйек, сазбалшықтан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әртүрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.
Ботайлықтар бүкіл Еуразия даласындағы алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды.
Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарынан адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып, табалдырық астына көмгендігін атауға болады.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ- Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары арқылы. Екіншісі — б.з.д. 3—2 мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т.б.
Энеолит дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе патриархалдық отбасы құрайтын болды. Патриархалдық (“рater” — әке, “аrchе” — билік) отбасылар жақын туысқандардың үшеуден астам ұрпағынан тұрды. Біртіндеп үлкен патриархалдық отбасыларда үйге, малға, еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға жекеменшік пайда болды. Ру мүшелері жайылым мен аң аулайтын жерлерді де иемденді.
ІҮ. Бекіту:
-
Энеолит дәуірінде қандай жаңа материалдар пайдаланылды?
-
Шаруашылықтың өндіруші түрін сипаттап беріңдер. Адам баласы неліктен тұтынушы шаруашылықпен қатар өндіруші шаруашылықты дамытқанын түсіндіріп беріңдер.
-
Ботай мәдениетінің ерекшеліктері мен әлемдік тарихта алатын орнына сипаттама беріңдер.
-
Аналық рулық қауымды сақтап қалу мүмкін бе еді?
Ү. Үй тапсырмасы: §4. Энеолит. Ботай мәдениеті
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §5. Қола дәуірінің сипаттамасы

Білімділік – оқушыларға қола дәуірінің ерекшеліктері, кезеңделуі туралы түсіндіру

Көрнекіліктер: оқу құралдары, Қазақстанның ерте дәуірдегі картасы
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
1. Энеолит дәуірінде қандай жаңа материалдар пайдаланылды?
2. Шаруашылықтың өндіруші түрін сипаттап беріңдер. Адам баласы неліктен тұтынушы шаруашылықпен қатар өндіруші шаруашылықты дамытқанын түсіндіріп беріңдер.
3. Ботай мәдениетінің ерекшеліктері мен әлемдік тарихта алатын орнына сипаттама беріңдер.
4. Аналық рулық қауымды сақтап қалу мүмкін бе еді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қола дәуірінің зерттелуі және кезеңделуі. Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. II мыңжылдықта басталған.
Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі — еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды.
Қола табиғатта таза күйде кездеспейді. Ол, негізінен, мыс пен қалайының қосындысынан жасалады. Қазақстан жерінде қола дәуірінде, ерте темір дәуірінде мыс, қалайы, алтын өндірген көне кеніштер өте көп. Мысалы, ондай кеніштер қазіргі Шығыс Қазақстанда (Риддер, Бұқтырма, Қазаншұңқыр, т.б.), Орталық Қазақстанда (Жезқазған маңайында, Қызылеспе, Қарқаралы, Ақшатау тауларында) болған.
Қазақстанның қола дәуірі, шамамен б.з.д. XVIII—VIII ғасырлар: алдыңғы (б.з.д. XVIII—XVI ғғ.), орта (б.з.д. XV—XII ғғ.), соңғы кезеңдер (б.з.д. XII—VIII ғғ.) аралығын қамтиды.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі —Андронов мәдениеті. Ал б.з.д. X—VIII ғасырларда, яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасқан.
Қазақстан жерінде қола дәуірінің алғашқы кезеңінде өмір сүрген адамдардың қалдырған мәдениеті тарих ғылымында Андронов мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Андроново деген селоның жанында ашылған. Бұл село Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан. Бұл мәдениет құрамына Қазақстан жері түгелімен кіреді.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті, негізінен алғанда, Орталық Қазақстан жерінде кең таралған.
-
Уақыты
Кезеңдер
Б.з.д. 2—1 мыңж. басы
Қола дәуірі
Б.з.д. XVIII - XVI ғғ.
Ерте қола
Б.з.д. XV — XII ғғ.
Орта қола
Б.з.д. XII-VIII ғғ.
Кейінгі (соңғы) қола
ІҮ. Бекіту:
1. Қола дәуірі қалай кезеңделеді?
2. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін атаңдар.
3. Андронов мәдениетіне сипаттама беріңдер.
Ү. Үй тапсырмасы: §5. Қола дәуірінің сипаттамасы
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §6. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі (Қола дәуірінің аймақтық ерекшеліктері)

Білімділік – оқушыларға қола дәуірі мәдениеттерінің аймақтық ерекшеліктерін атап, айырмашылықтарын көрсету

Көрнекіліктер: оқу құралдары, Қазақстанның ерте дәуірдегі картасы, кесте

3. Андронов мәдениетіне сипаттама беріңдер
ІІІ. Жаңа сабақ
Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы — Орталық Қазақстан.
Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты басталды. Оны ұйымдастырған және 1980 жылдардың басына дейін басқарған Әлкей Хақанұлы Марғұлан болатын. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке — Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы — Нұра кезеңі; ә) кейінгісі — Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады.
Аймақтық ерекшеліктерін кестеден оқушыларға көрсетіп түсіндіру.
ІҮ. Бекіту:
1.Қола дәуірінің кезеңдері қандай? Орталық Қазақстанның қола дәуірін зерттеу кімнің есімімен байланысты?
3.Андронов мәдениетін көршілес аймақтардағы ңандай мәдениеттермен салыстыруға болады?
2.Қазақстанның әр өңірінен табылған қола дәуірі жәдігерлерінің ортақ белгілерін санамалап беріңдер.
4.Түгіскен және Беғазы-Дәндібай кесенелерінің ұқсастығы неде?
Ү. Үй тапсырмасы: §6. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі (Қола дәуірінің аймақтық ерекшеліктері) оқу, кестені аяқтау
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §7. Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық қатынастары

Білімділік – оқушыларға қола дәуірі тайпаларының қоғамдық қатынастары, шаруашылығы, тұрмысы туралы түсіндіру

І. Кестені тексеру.
ІІ. Сұрақтар

3.Андронов мәдениетін көршілес аймақтардағы қандай мәдениеттермен салыстыруға болады?

Үйдегі кәсіптер. Қола дәуірінде жерімізді жайлаған тайпалар зергерлік өнер туындыларын көптеп қалдырды. Олар қоладан жасалған әртүрлі әшекей бұйымдар: шығыршықтар, сақиналар, білезіктер, салпыншақ әшекейлер, сырғалар, моншақтар. Білезік, сақиналар кейде алтыннан да жасалатын болған.
Әртүрлі жыртқыш аңдардың тісінен тізіп мойынға тұмарша да таққан. Андрондықтарда тас қашау, сүйектен әртүрлі тұрмыстық зат жасау өнері жақсы дамыған. Тастан ұршық басын, дәнүккіш, қоладан құрал-қарулар құятын қалыптар жасаған. Сүйектен әшекей заттар, шүмек істеген.
Қола дәуірі тайпалары металдан әртүрлі заттар жасауды әбден жақсы игерген. Қола дәуірінде ең бір өрістеген өнер түрі — көзе құмыралар жасау. Олар тұрқының әдемілігімен қоса, бүйіріне, ернеуіне салған әшекейлері керемет өнер туындысы болып табылады.
Көне замандағы кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын болды. Кенді қорыту үшін өте күрделі құрылысты қазандықтар салынды.
Шаруашылығы. Қола дәуірінде мал шаруашылыгы көпшілік тайпалардың күнкөрісінің басты көзі болған. Алғаш қолға үйретілген жануар — ит. Одан соң неолит, энеолит дәуірлерінде қолға қой, сиыр, жылқы жануарлары үйретілген.
Қой, жылқы түліктерінің көбеюі үй маңындағы бақташылықтан енді малды алысырақ көшіп-қонып бағу әдісіне көшкенін дәлелдей түседі. Солтүстік, Батыс, Орталық Қазақстаннан табылған сүйектен жасалған ауыздықтар жылқыны энеолит, қола заманы- нан мініске, күш-көлікке (жүк арту, сүйретпеге жегу) пайдаланғандығын көрсетеді. Қола дәуірінде түйені де қолға үйреткен, ол жөнінен Орталық, Батыс Қазақстаннан табылған түйе сүйектері дерек береді. Неолит дәуірінен бастап Қазақстан жерінде егіншілік дамыды. Оған кейбір тұрақтардан жүзі өткір тас орақтың табылуы дәлел. Ол кездегі орақтардың сабы ағаштан не сүйектен жасалып, ал жүзі өткірленген тас болған. Қола дәуірінің басынан бастап-ақ жерімізді мекендеген тайпалар тек малшылықпен ғана емес, қарапайым кетпенді егіншілікпен де айналысқан.
Қоныстар. Қола дәуірінің соңына жататын қоныстарда қола және мыс орақтар кездеседі. Көкшетау маңындағы Шағалалы қонысынан қола шалғы табылған.
Қазақстан жерінде қола дәуіріне жататын қоныстар өте көп анықталған. Қоныстарда, әдетте, 5—10 үй, кейде 20 шақты үй болды. Тұрғын үйлерді екі түрге бөлуге болады. Біріншісі — жартылай жертөле үйлер де, екіншісі — жер бетіне салынған үйлер.
Қоғамдық қатынастар. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар рулық-тайпалық құрылыста өмір сүрді. Тарихи-мәдени жағынан олар ауқымы кең андрондық тарихи-мәдени қауымдастықтың құрамдас бөлігі болды. Осы тарихи-мәдени қауымдастық өз ғұмырында ру-тайпалық құрылыстан бастап, дамыған патриархалдық қоғам, мүлік теңсіздігі, әлеуметтік әрқилылық деңгейіне дейін жетті.
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылық-мәдени тұрпатын анықтайтын кәсіп, малшылық еді. Ал малшы тайпалардың ең бастапқы қоғамдық құрылысы — рулық- патриархалдық құрылыс.
Б.з.д. XII ғасырдан бастап Андронов мәдениетінің таралу аймағы тарыла бастады. Минусин даласында Қарасуық мәдениеті, Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазаңстанның батысында Беғазы-Дәндібай мәдениеті пайда болды.
Андронов тарихи-мәдени бірлестігінің негізгі қалыптасқан аймағы — Қазақстан аумағы. Андронов тайпалары Қазақстан аумағын б.з.д. I мыңжылдықта мекендеген ерте көшпелілердің тікелей мәдени-этникалық ататегі болды.
ІҮ. Бекіту:
1. Қола дәуірі тайпаларының қоғамдық құрылысы қандай болған?
2. “Андронов мәдениеті тайпаларының кешенді шаруашылығы” тақырыбында сызба құрастырыңдар.
3. Андрондықтардың аумағы кең, үлкен тұрақтарды мекен етуі онда патриархалды отбасының тұрғанын дәлелдей ала ма?
4. Орталық Қазақстан, Оңтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстандағы мал шаруашылығы мен жер өңдеуде өзгешеліктер болды ма? Мал шаруашылығының формалары қалай өзгеріп отырды?
5. Қола дәуірінің соңына таман мал шаруашылығының Андрон тайпаларының экономикасында жетекші рөлге ие болуының себебін түсіндіріңдер.
Ү. Үй тапсырмасы: §7. Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық қатынастары
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §8-9. Ежелгі тайпалар жөніндегі антикалық деректер
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік –
оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу,тарихи
жәдігерлерді қастерлей білуге
тәрбиелеу.
Білімділік – оқушыларға сақ тайпалары туралы көне дәуір заманындағы жазба деректерінен мағұлмат беру

ІІ. Үй жұмысын тексеру оқушыларға сурет салдыру арқылы қола дәуірі туралы білімдерін қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ
Көне
грек авторларының шығармалары. Ежелгі
Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек)
авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын
тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан
шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты
(б.з.д. 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты
"тарихтың атасы" деп көрсетеді. Б.з.д. V ғасырдың ортасында жазған
"Тарих" атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында түңғыш рет антикалық
әдебиетте скифтердің географиялық орналасуы, саяси тарихы,
әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің шығыстағы
далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек
авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялык скифтер" деген
терминмен атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы
Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек
деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы,
массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар,
исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа
қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен
массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын
егжей-тегжейлі әңгімелейді.Сақтардан солтүстікке қарай орналаскан
сайримдер туралы Геродоттан барынша толығырақ деректер алуға
болады. Сарматтар тайпа бірлестігі құрамына Солтүстік-батыс
Қазақстан өңірінен шыққан аорстар да енген. Жайық — Елек өзендері
аралығынан табылған археологиялык ескерткіштер де аорстардың
сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екендігін анықтады. Сарматтар
негізінде б.з.д. IV—III ғасырларда Сармат тайпалар одағы құрылды.
Бұл жаңадан құрылған Сармат тайпаларының одағы аорстар, сирақтар,
роксаландар, аландар, языгилерден тұрды. Сармат-алан тайпаларын IV
ғасырда ғұндар талқандады. Ал Геродот болса, халықтардың шығыстан
батысқа қарай көшуін айта келіп: "Солтүстік-шығыс Қазақстанды
мекендеген аримаспылар исседондарды өз жерінен ығыстырып шығарды.
Ал исседондар скифтерді отырған орнынан қозғады, ал киммериліктер
скифтердің тепкісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", — деп
жазды. Геродот: "Осынау көші-қон б.з.д. VII—VI ғасырларда жүзеге
асты" деп көрсетеді. Исседондарға ерте темір дәуіріндегі Орталық
Қазақстандағы Тасмола мәдениеті тән. Археологиялық зерттеулер
Орталық Қазақстан, Жетісу мен Орталық Азияда табылған қару-жарақ
үлгілерінің ұқсастығын анықтап берді. Тасмола мәдениетіндегі
тайпалар (исседондар) сақ тайпаларының қуатты бөлігін құраған.
Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлі маңын аргиппей және
аримаспы тайпалары мекендегенін археологиялық қазбалар айғақтайды.
Геродот Батыс скифтерінің Шығыстан көшкен далалық тайпалардың
арасынан келгендігін хабарлайды. Ал Шьғыс Қазақстандағы сақтардың
Берел, Пазырық, Шілікті қорымдары ежелгі өркениеттің қанат
жайғандығын көрсетеді. Геродоттың баяндауынан сақ тайпалары ішінен
массагеттер мен исседондардын бір-біріне ұқсас тайпалар екендігін
байқауға болады. Тарих атасының айтуынша, массагеттер Аракс
(Сырдария) өзенінен шығысқа қарай исседондарға қарама-қарсы
мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.
Бұл тайпалар жайлы Страбон
еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек
географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның (б.
з. д. 64 — б. з. 23 жж.) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңзінің
шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтар делінеді. Ал
қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді.
Страбонның тарихи материалдары көбінесе Геродоттікіне ұқсас
екендігін аңғаруға болады.
Скиф
данасы — Анахарсис. Орталық Азия мен
Қазақстан жерін мекендеген скифтердің шьғыстан батысқа қоныс
аударуы нәтижесінде Қара теңіздің солтүстік өңіріндегі скифтер
мемлекеті пайда болды. Ал Қара теңіз жағалауы скифтері өз
замандастары гректермен тығыз қарым-катынас жасаған. Бұл аймақтағы
тарихи байланыстар жөнінде бірсыпыра анық мәлімет беретін "Тарихта"
Геродот Скиф даласынан шыққан ғұлама Анахарсис туралы маңызды дерек
қалдырған. Анахарсис Скиф жерінен Эллада еліне б. з. д. 594 жылы
келеді. Анахарсистің басты мақсаты — Эллада еліне барып, мемлекет
ісін, философия ғылымын игеру еді. Анахарсис өз Отанында тамаша
тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де
жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының
өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден
астам еңбектері бар.
Плутархтың "Жеті данышпанның сауығы" деген әңгімесінен
Анахарсистің эллиндер елінде өзінің ақылымен, адамгершілігімен,
терең білімімен үлкен құрметке ие болғаны байқалады. Анахарсис
туған Отанында оны көре алмаушылардың қолынан қаза табады. Геродот
Анахарсистің кайғылы өлімінің себебін скифтердің әдет-ғұрпымен
байланыстырады. Афины билеушісі, Атақты реформатор Солонның
төмендегі жалынды сөздері ұлы скиф данышпаны Анахарсиске арналады:
"Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің
үшін де, мемлекет үшін де өте пайдалы деп есептеймін. Ал мына жат
елдік азамат... скиф бола тұра ақылға бай, дана. Ол менің көзімді
ашты, ойымды байытты, көптеген пікірлерімді басқаша байыптауға
көмектесті, толып жаткан кеңес беріп, білім мен пайдалы іске
үйретті. Сондықтан да бұл азаматты ел үшін де, мемлекет үшін де
құтты деп санап, оның мүсінін мыстан құйып, ең бір құрметті жерге
халық қалаулыларының мүсіндерімен қатар қойыңдар!"
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың ежелгі
дүние өркениеттерімен — парсылармен, гректермен байланыс
орнатқандығын көрсетеді. Сақтардың сол кездегі көптеген
тарихи окиғалардың бел ортасында жүргендігі байқалады. Адамзат
жинақтаған мол құндылыкдармен танысу әлемдік өркениеттегі Еуразия
көшпенділерінің алатын орнын анықтауға көмектеседі. Бұл өз
кезегінде тарихтағы еуроцентристік көзкқарастардан арылуға септігін
тигізері сөзсіз.
ІҮ. Бекіту:
1. Грек деректері бойынша сақ тайпалары қандай аумаққа таралған еді? Олардың скифтерге қандай қатысы бар?
2. Геродот б.з.б ҮІІ-ҮІ ғғ халықтардың шығыстан батысқа қарай көшіп-қонуы туралы қандай хабар береді?
Ү. Үй тапсырмасы: §8-9. Ежелгі тайпалар жөніндегі антикалық деректер, мазмұндау
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §10. Тайпа одақтары мен ежелгі мемлекеттік бірлестіктер шығыс деректерінде
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік –
оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, тарихи
жәдігерлерді қастерлей білуге
тәрбиелеу.
Білімділік – оқушыларға тайпа одақтары мен ежелгі мемлекеттік бірлестіктер туралы шығыс деректерінен мағұлмат беру

3. Контурлық картамен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ
Көне
парсы деректері. Тарих ғылымы белгілі
бір мәселені зерттеуді, ең алдымен, деректер жинаудан бастайды.
Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт
береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне
парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл
жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.
Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста"деген кітап
атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының
авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді.
Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий
тайпасының Спитама руынан шыққан.
Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Ауғанстан жерінде
таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы б.з.д. III
ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. "Авестаның" сақталған
бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.
Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни
уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық
көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші
елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді.
Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын,
мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі
тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен
қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да
айтылады.
Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың
қарулары — садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі — мал өсіру
(өгіз, жылқы және түйе), тамағы — ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой
әкелетіндігі баяндалған.
Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына
мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып
отыр.
Ежелгі
ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері. Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі
халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба
деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен
ерекшеленеді.Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер
император У-ди (б.з.д. 140—87жж.) Батыс өңірге жіберген тұңғыш
Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Чжан Цянь бастаған елшілікке
ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді.
Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери
күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар
аударып, жазып алып отырды.
Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты
жылнамашысы "Қытай тарихының атасы" Сыма Цянды (б.з.д. 145—86
жж,) бөліп көрсетуге болады. Оның "Тарихи жазбалар" ("Шицзи") деген
еңбегінің "Сюнну туралы хикая" және "Давань туралы хикая" деген екі
тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың
Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас.
Б.з.д. IV ғасырда Қытай солтүстігінде көшіп-қонып жүрген хунну
(ғұндар) тайпаларын қытайлықтар тұңғыш рет өз қарсыластарының
қатарында атайды. Ғұндардың батыстағы көршісі Юэчжи (Шығыс сақ
тайпалары) мен үйсін тайпалары туралы айтылады.
Келесі еңбектердің қатарында Банъ Гудың (Б.з.д. I г.) "Ежелгі Хань
тарихы" шығармасының "Батыс өлке туралы хикая" деген тарауы назар
аударуды қажет етеді. Еңбектен Батыс өңірдің Қытай геосаясатында
стратегиялық мәнге ие болғандығы аңғарылады. Давань, Усун, Кангюй,
Сюнну иеліктері туралы маңызды мәліметтер қамтылған. Мысалы, сақ
пен үйсіндер бұрыннан Тұрпан (Гуанчжоу) ойпатын мекендегендігі
айтылған. Сол сияқты Қытайдың көршісі Каңлылардың юэчжилердің
қысымынан Сырдария бойына қоныс аударғандығы мәлім болып отыр.
Сонымен қатар Бань Гу Үйсін гуньмосына (билеушісіне) ұзатылған
Қытай ханшасы Чигуге (Үйсін астанасына) сапары әсерлі
суреттеледі.
Қытай деректерін ғылыми айналымға енгізуге алғаш еңбек сіңірген
орыс шығыстанушысы Н.Я.Бичурин (1777—1853 жж.) болды. Ол 1807—1821
жылдары Пекиндегі православие діні миссиясында жұмыс істеген
кезінде тарихи құжаттарды жинаумен айналысты.
Дегенмен ежелгі Қазақстан тарихының кейбір мәселерін анықтауда жазба дереккөздеріне сынмен қараған жөн. Дерек мәтініндегі әрбір жолды, сөз тіркесін мұқият бағамдап, Орталық Азияда орын алған саяси тарихи жағдайларды ескеріп, археологиялық мағлұматтармен ұштастырған әрі көне қытай тіліндегі оқылуымен салыстырып отыру қажет.
ІҮ. Бекіту:
1. Арийлер, турлар деген тайпалар қай жерді мекендеген?
2. “Авеста” жинағы ежелгі Қазақстанды мекендеген тайпалар туралы қандай мәліметтер береді?
3. Қытай жазба деректерінің ежелгі Қазақстан тарихын оқып- үйренуде алатын орны қандай?
Ү. Үй тапсырмасы: §10. Тайпа одақтары мен ежелгі мемлекеттік бірлестіктер шығыс деректерінде
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §12. Ерте темір тайпаларының шаруашылығы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік-оқушыларды өз елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Білімділік- оқушыларға ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың айналысқан шаруашылығы, кәсібі, өмірі туралы айту, білімдерін тереңдету
Дамытушылық-оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлануға дағдыландыру жұмысын жалғастыру
Көрнекіліктер: оқу құралдары, карта
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ерте темір дәуіріндегі тайпаларға қысқаша сипаттама беріңдер.
2. Сақтар мен сарматтарды салыстырыңдар.
3. Ерте темір дәуірі тайпаларының Еуразия халықтары мәдениетіне әсері қандай болды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Ежелгі металлургия. Қазақстан аумағында тау-кен ісі мен металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігі ерте темір ғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары — Орталық және Шығыс Қазақстанда болды. Орталық Қазақстандағы мыстың орасан үлкен кен орындары — Жезказган маңында, қалайы — Атасу мен Ұлытауда болса, Шығыс Қазакстандағы мыс пен қалайының бай кен орындары Қалба мен Нарын жоталарында кездеседі.
Темір өндірісі б.з.д. VIII—VII ғасырларда пайда болған. Металлургияның дамуы мыс пен полиметалл, алтын мен күміс кен орындарын игеру кезінде кендерден металдарды балқытып алу шеберлігіне байланысты алынған.
Кеннен алдын ала балқыту арқылы қоспа алынды. Балқыту үшін шахта пеші пайдаланылды. Оның қүрылысы дөңгелек немесе тікбүрыш пішінді шахта болып келеді де, жоғары жағына кен қоспасы мен отынды толтыра салып, ал төменгі болігіндегі тесік арқылы ауа үрлейді. Ауаны жіберу екі нұска аркылы жүзеге асырылады: 1) отка төзімді саздан жасалған түтік аркылы; 2) шеңберлі түтік аркылы. Ежелгі мыс балқыту өндірісінде кен балкыту “тигелъ” әдісі арқылы жүзеге асырылды (тигель — отқа төзімді материалдан металл қорытуға арналып жасалган ыдыс), өйткені пешке балқыған мыс тигельде жиналды.
Қазакстан аумағындағы тұрақтардан табылған заттар мен құралдар үш топқа бөлінеді: қару-жарақ, ат әбзелдері және әшекей бұйымдар.
Зергерлік өндіріс. Зергерлердің енері қоладан жасалған бұйымдарда ізін қалдырган. Бастапқыда бұлар әйелдер тағатын әшекейлер — қоладан жасалған моншақтар мен маржан алқалар, шомбал білезіктер, айналар ретінде кездессе, одан әрі алтынмен қапталған кола бұйымдар — салпыншақ алқалар, қолаға қүйылған алтын сырғалар пайда болды. Зергерлік істе құю, соғу, шекіме, өрнек салу тәсілдері кең таралды.
Кейінгі кола дәуірінде зергерлер сақиналар, кайыс белдік қапсырмаларын, дөңгелек сырғалар, үзбе алқалар, иірілген алтын жіпті алқалар, білезіктер жасады.
Қыш өндірісі. Қоныстар мен обаларға қазба жұмыстарын жүргізген кезде алынған негізгі материал — қыш. Ең бастысы, қыштан жасалған бұйымдар шаруашылык пен тұрмыста және кейде жоралғылык максат үшін пайдаланылатын ыдыс түрі болған.
Қыш бүйымдарды жасаудың технологиялық тәсілдері шикізатты даярлап-іріктеуден, қыш қамырын даярлаудан, қалыптаудан, бетін өңдеп, содан кейін оны күйдіруден тұрады. Шикізатты даярлап- іріктеу үшін сүйек және тас құралдар пайдаланылды. Қыш-құмыра шикізаттарын даярлау үшін келсап пен ірі кара малдың жауырындары, сондай-ақ уатқыштар қолданылған.
Қыш өндірісі отырықшылық жағдайдағы аумақтарда өзінің “гүлдену” кезеңіне жетті. Атап айтар болсақ, Сырдария мен Арал маңы аймақтары, Орталық Азиямен щекаралас жерлерде мықтап дамыған.
Орталық Қазақстан аумағында көшпелілік өмір салты жағдайында қыш-құмыра өндіру ісі үй тұрмысының қажетіне байланысты шеберлерге тапсырыс беру арқылы жүзеге асып отырған.
ІҮ. Бекіту:
1. Темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның, еліміздің оңтүстік аудандарының шаруашылық өмірінің ерекшеліктері қандай болды?
2. Қазақстанның қандай аудандарында металл өндірісі қалыптаса бастады?
3. Тау-кен ісі мен балқыту өндірісінің дамуына қандай факторлар себепші болды?
Ү. Үй тапсырмасы: §12. Ерте темір тайпаларының шаруашылығы
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §19. Көшпелілікті зерттеу тарихы

Білімділік- оқушыларға көшпеліліктің пайда болу тарихын, даму эволюциясы туралы түсіндіру
Дамытушылық - оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлануға дағдыландыру жұмысын жалғастыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды.
Сонымен қатар көшпелілер туралы нашар түсініктер сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда “көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы” деген түсінік қалыптасты.
XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескье көшпелілер қоғамын “әділетті, теңдікті қоғам” десе, Фергюсон, Адам Смит: “Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды”, — деген. Ал философ Кант: “Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды” деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегелъ: “Көшпелілерде әлеуметтік қарама- қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ”, — деп есептеген.
XX ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Рацель, Гумплович, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар: “Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді” деген тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше: “Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам”.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап тоталитарлык жүйе идеологтары көшпелілікке қарсы шыға бастады. “Адам табиғатты өзгертуші құдіретті күш” деген қағиданы басшылыққа алған коммунистік идеологияның өкілдері көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген халықтарды жаппай отырыкшылыққа айналдыру қажеттігін дәлелдеп бақты.
XX ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап жекелеген ғалымдар көшпеліліктің географиялық-экологиялық себептерін қайта мойындай бастады. Осы ғалымдардың пікірінше, көшпелілік дегеніміз, кейбіреулер айтқандай, “адамзаттық өркениеттің сара жолынан адасу” емес, керісінше, шаруашылықтың, мәдениеттің ерекше даму түрі. Олардың пікірі бойынша: “Көшпелілер далалы, шөлді, шөлейтті табиғатта өз шаруашылығын қалыптастырған, олардың негізгі күнкөріс көзі мал болған, мал басы өскен сайын жайылым айырбастау қажеттілігі туған, сөйтіп жылжымалы өмір салты қалыптасқан”.
Көшпеліліктің шығу тегі. Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды.
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпақдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады.
Көшпеліліктің эволюциясы. Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының езіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды.
Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты”, — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі. Тіршіліктің көзі мал болған халық оның өнімдерін пайдалануды да үйренеді.
Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң кешудің меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Мөлшермен V—VI ғасырларда, көшпелі мал шаруашылығы өзінің дамуының ең жоғары деңгейіне көтерілді. Зерттеулерге қарағанда, осыдан кейін де 1000 жылға таяу уақыт көшпелілер саяси билікте басымдығын көрсетті.
V—VI ғасырларда басталған көшпеліліктің “алтын заманы” XV—XVI ғасырларда қайта құлдырай бастады. Мылтықтың шығуы көшпелілердің соғыстағы басымдылығын әлсіретті. Ендігі жерде көшпелілер шөлді далалы аймақтарда өзімен-өзі оқшауланып, отырықшы елдерге әсері әлсіреді.
ІҮ. Бекіту тақырыптың соңындағы сұрақтар бойынша
Ү. Үй тапсырмасы: §19. Көшпелілікті зерттеу тарихы
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: . Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік – оқушыларды өз елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу
Білімділік - оқушыларға қоғамдық қатынас дегеніміз не екенін түсіндіріп, көшпелілерде де қоғамдық қатынас болғанын, олардың түрлері мен айырмашылықтары туралы әңгімелеу

1. Көшпелі қоғам жөніндегі Еуропа ғалымдары мен кеңестік тарихшылардың пікірлерін қандай екі топқа жіктеуге болады?
2. Көшпеліліктің шығуының экологиялық, географиялық себептері қандай?
3. Көшпелілікті зерттеген қазақстандық ғалымдар кімдер? Олардың қандай еңбектері қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ
Туыстық қатынастар. Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. «Туыстық жүйені ылғи да қандас туыстық» деп түсінуге болмайды. Көшпелілерде шынайы қандас, ортақ ата-тектен тараған жүйе бар да, жалпы генеалогиялық туыстық жүйе бар.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, жақын ағайын, туыс, жақын туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. “Ел” деген ұғымға бүкіл қазақ халкы кіреді. Қазақтардың өз түсінігі бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Көшпелі қоғам туыстық қағида бойынша бірігеді. Кейін отырықшы халықтарда ең жақын туыстық қағида ғана сақталып, қалған бірлестіктер аумақтық жақындық, яғни көршілік қағидаға негізделетін болған.
Тайпа. Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады. Тайпа дегеніміз—жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері деп түсінгеніміз жөн.
Ру. Біздің пайымдауымызша, шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15—20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі. Жақын туыстар өзара қыз алыспайды. Жақын туыстар арасында қыз алыспау тәртібін рулық экзогамия дейді.
Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Ұран ретінде сол рудың белгілі бір атақты адамының аты қабылданатын. Қазақ жөн сұрасқанда: “Қай рудансың?”, “Қай елсің?” — деп сұраған.
Әлеуметтік жіктелу. XVІІІ—XIX ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке белінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қанау бүркенішті әдістермен жүргізіліп, езгі түрінде болмағандықтан, таптық қарама-қайшылық қатты шиеленісте болған жоқ.
Қазақ қауымында, басқа жұрттан келіп сіңген кірмелер, қоңсылар, аз да болса құл, күңдер болды. Қауымның бұл тобындағы кедейлерді қанау, оларға әлеуметтік қатынас рулас қауым мүшелеріне қарағанда қаталдау болды.
Қазақ қоғамындағы ханнан, ханның әулетінен кейінгі тұрған әлеуметтік топ — сұлтандар. Сұлтандар хандар сияқты тек төре тұқымынан сайланды. Төре деген әлеуметтік-этностық топты Шыңғыс ханның тұқымынан тараған ұрпақтарды ғана құрады. Олардың өз ұраны, өз таңбасы болды.
Төрені сағалап, паналап, басқа елден, тіпті басқа жұрттардан казақ арасына сіңген кірмелер төлеңгіт деп аталды. Олар төренің малын бақты, жерін қорыды, сойылын соқты.
Қазақ арасындағы тағы бір әлеуметтік-этностық топты қожалар құрады. Олардың арғы тегі — арабтан шыққан, қазақ жеріне ислам дінін таратушылардың ұрпағы.
Басқару жүйесі. Қазақ жерінде хандық басқару жүйесі қалыптасқан XV—XVIII ғасырлар аралығындағы көшпелі қоғамның билік жүйесінде елдің ең жоғарғы саяси билігін хан жүргізді. Хан өкіметінің төмендегідей өкілеттігі және қызметі болды:
1. Хан бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы болып есептелді. Қол астындағы елді, жерді корғау—оның басты міндеті саналды.
2. Хан бөтен елге соғыс ашу немесе бейбітшілік жөнінде келісім жасауға құқылы болды.
3. Хан бүкіл қазақ елінің атынан шетелдермен келісімшарттар жасады.
4. Хан елдің жоғарғы сотының қызметін атқарды, біреуді өлім жазасына бұйыруға немесе кешіруге құқылы болды.
5. Хан бүкіл елге қатысты заңдар, Жарлықтар шығарды.
Қазақ хандарының жанында акылшысы, кеңесшілері, төбе билері, жасақтары, іс жүргізуші мемлекеттік кызметкерлері болды. Хан жергілікті жерлерді өзінің әрбір жүздегі өкілдері — сұлтандар арқылы, үлкен тайпа көсемдері — билер, ру-тайпа ақсақалдары арқылы басқарды. Мемлекеттік істерді бүкіл үш жүздің билік өкілдері жиналған құрылтайда, халық жиналыстарында шешті.
Қоғамдағы түрлі топтар қызметі. Көшпелі қазақ қоғамында ел корғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеологиясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілер, тіпті ханның өзі де құлақ асып, санасты.
Дәстүрлі коғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, оташылар, сынықшылар айналысты. Олар әріден келе жаткан халық медицинасының әдіс-тәсілдерін меңгерген шипагерлер болды.
Көшпелі қауымдастықтарда сол қоғам тіршілігіне қажетті барлық мамандық иелері болды. Олар—ұста, өрімші, үйші, ерші, атбегі, сыншы, құсбегі, есепші, бақсы, балгер, т.б.
Қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін халықтың басқару жүйесінің идеологиясында қожа-молдалардың рөлі артты. Сопылар мен дәруіштер де өз тәлім-тәрбиелік қызметін атқарды, халықты имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубаға шақырды. Жалпы, қазақ жерінде мұсылман діні қызметшілері халықтың әдет-ғұрып, салт-санасымен қатты санасты, соларды мұсылмандық жолмен үйлестіре отырып, өз саясатын жүргізді. Ислам діні мен оның идеологиясы жартылай көшпелі, отырықшы оңтүстік аймақтарда ықпалдырақ болды.
ІҮ. Бекіту
1. Көшпелі коғамдағы туыстық қатынастар туралы не білесіңдер?
2. Қазақ жүздерінің шығуы жайында қандай көзқарастар бар?
3. Рудын, тайпалық құрылымның туыстық жүйедегі орны, мәні қандай?
4. Қазақ қоғамындағы таптық, әлеуметтік жіктеудің түрлері, сипаты қандай?
Ү. Үй тапсырмасы: §19. Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - оқушыларды өз халқының шығу тарихын білуге, оны құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Білімділік - оқушылардың көшпелі және отырықшы мәдениет туралы білімдерін тереңдетіп, олардың арасындағы байланысты ашып көрсету

Көрнекіліктер: оқу құралдары, орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, тапсырмалар

3. Рудың, тайпалық құрылымның туыстық жүйедегі орны, мәні қандай?

Шаруашылық, мәдени және саяси байланыс. Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың қарым- қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ.
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген.
Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдыкта пайда болған өнердегі “аң стилі” Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік баскару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.
Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.
Қала-дала байланыстары. IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды.
Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралык аймағының материалдык мәдениеті аралас болды.
Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уакыт тоғысқан аймағы болды.
VII ғасырларда салынған Жетісу калаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI—XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады.
Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі — әскери саясат тәртібіне байланысты болды. Алдымен хорезмшахтың қидандарымен, одан соң наймандармен соғысы. Содан соң Жетісуды монғолдардың жаулап алуы. Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен, қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай Сырдария мен Ферғанаға қоныс аударды.
Қазақстан аумағында исламды таратушылар арабтар емес, Орталық Азияның қалалық мәдениет орталықтарынан шыққан саманидтер болды. Араб мәдениетімен бірге араб жазуы, араб сәулет әнері, қыштан жасалған бұйымдары, эпиграфикасы келді.
Жібек жолы — ынтымақтастық жолы. Жібек жолы Қазақстанның онтүстігі мен Жетісу жері арқылы өтті. Осы халықаралық керуен саудасында көшпелі түркілер мен отырықшы соғдылықтар белсенді рөл атқарды.
Шығыс елдері мен Батыс елдерін жалғастырған Жібек жолы арқылы Қытайдан жібек, лактар, қағаз, айналар тасылса, Таяу Шығыс елдерінен, Византиядан Қытайға қас сүрмелейтін бояулар, вавилон кілемдері, асыл тастар, інжу, маржан, әйнек, әр түрлі бұйымдар шығарылды. Орталық Азияның соғды-түркі халықтары бұл саудаға қатысып, күміс, алтын әшекей заттар, түрлі түсті әйнек, дәрі-дәрмек, түрлі бояулар, кілем әкеліп отырды.
Діндер тоғысуы. VII—XIII ғасырлар аралығында Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жергілікті көшпелі түркі және ортаазиялық отырықшы соғдылық мәдениеттердің араласуынан қала мәдениеті қалыптасты. Оңтүстік Қазақстан жерінде ерте орта ғасырларда да зороастризм діні кең таралған болуы керек. Бұл діннің таралуын ғалымдар калалардағы отқа табыну орындарынан, адам сүйегін ыдысқа салып жерлеу ғұрпынан, қойды қастерлеу салтынан көреді.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға будда дінінің таралуы соғдылықтардың келуіне байланысты деп есептеледі. VIII ғасырдың бірінші жартысында Батыс Түрік қағанатының кейбір ел басшылары будда дінін қабылдаған, бұл діннің таралуына жағдай жасаған. Будда храмдары Ақбешім, Краснореченск, Испиджаб (Сайрам), т.б. қалалардан табылған.
Орта ғасырларда Месопотамия жерінен шыққан манихей діні қазақ жеріне Мәуереннахр отырықшылары арқылы келді. VIII ғасырда Батыс Түрік қағандары шығыстан келген манихей дініне қолдау жасады. Манихей дінінің Казақстандағы орталығы Тараз қаласы болды. Осы қалада жазылған манихейліктердің “Екі негіз жөніндегі қасиетті кітабы” (VIII ғ.) “он оқ бұдұн елін” (түркілерді) дінге қарату мақсатын көздеген еді.
Б.з.Ү ғасырында Қазақстан жеріне несториандық сарындағы христиан діні ене бастады. Несториандар қасиетті Мария Құдайды емес, адам бейнесіндегі Христосты туды деп мәлімдеді. Сол үшін қуғындалған Нестордын ізін қуушылар өз дінін шығыс елдеріне таратуға бет алды. Осы дінді әрі қарай таратушы Сириядан шыққан несториан-христиандар біртіндеп оны Бактрия, Парфия, Мәуереннахрға, Қазақ жеріне, одан Қытай мен Монғолияға таратты. Несториандық христиандардың V—VIII ғасырларға жататын шіркеулері, ескерткіштері Тараздан, Меркеден, т.б. оңтүстік және Жетісудың ортағасырлық қалаларынан табылды.
Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагідік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-қатынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы қалалар үлкен әсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір- бірінің мәдениетін байытты.
ІҮ. Бекіту
1. Көшпелілер мен отырықшы халықтардың шаруашылық саласындағы өзара ықпалдастығы қандай болды?
2. Көшпелілер мен отырықшылардың мәдени, саяси байланыстарын атап көрсетіңдер.
3. “Жібек жолы — ынтымактастық жолы” дегенді калай түсінесіңдер?
4. Отырықшылар мен көшпелілердің рухани жақындасуындағы діндердің рөлі қандай болды?
5. “Жібек жолы” ежелгі қай қалаларды басып өткен?
Ү. Үй тапсырмасы: §20. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - Оқушылардың бойында елжандылық, отанға деген сүйіспеншілікті тудыра отырып , ұлы тұлғалардың өмірімен қызметін үлгі тұту.
Білімділік - Түрік империясының құрылуы және Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, ыдырау себептері, саяси тұлғалары туралы түсініктері мен білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық - Оқушыларды іздемпаздыққа, шығармашылыққа өз ойын жеткізе білу дағдыландыру

5. “Жібек жолы” ежелгі кай калаларды басып өткен?
ІІІ. Жаңа сабақ
№І.Мәтінмен жұмыс.Оқушыларға тақырыпшаны оқып шығуға уақыт беріледі.
1 топқа. Түрік түрік империясының құрылуы, дамуы.
2 топқа. Түрік империясының ыдырауы.
1 топқа І тапсырма сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
|
№ |
Сұрақ |
Дұрыс жауабы |
№ |
Жауабы |
|
1 |
Түрік империясы құрылған жыл |
4 |
1 |
Чжоу мен Цин империялары |
|
2 |
Түрік империясының негізі қаланды |
5 |
2 |
Мұқан |
|
3 |
Түрік империясының құрылды |
2 |
3 |
Сасанилықтар |
|
4 |
Мұқан кезінде жылына 100 000 юань төлеген. |
1 |
4 |
552жыл |
|
5 |
Түріктерге жылына 4000 рим ақшасына тең салық төлеген |
3 |
5 |
Бумын |
2 топқа тапсырма. Сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
|
№ |
Сұрақ |
Дұрыс жауабы |
№ |
Жауабы |
|
1 |
Түрік қағанатының Шығыс және Батысқа бөлінуі |
5 |
1 |
Қара теңізге дейін |
|
2 |
Шығыста шекарасы басталады |
4 |
2 |
Суй |
|
3 |
Батыста шекарасы |
1 |
3 |
VI ғ.80ж |
|
4 |
Алым-салық төлеуден бас тартқан қытай империясы |
2 |
4 |
Хинган тауы |
|
5 |
Саяси бытыраңқылық басталды |
3 |
5 |
603жыл |
№ 2 тапсырма. Жазба деректер.Мәтінмен жұмыс
Ежелгі түркілердің шығу тегін көне аңыздар мен жазбалар Ұлы даланың тұрғындары- турлармен байланыстырады. Түркі сөзі «әскери ақсүйек» деген сөзден шыққан деген жорамал бар.Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп есептейді.
Бумын қаған (? – 552 ж.) – түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Түркі елі жиналып, Бумынды ақ киізге көтеріп, «Ел қағаны» деп жариялады. Әйеліне «Ел Білге қатын» деген атақ берді. Бірақ Бумын қаған өзі орнатқан қағанаттың дәуірлеп дүркірегенін көре алмады. 553 жылдың қозы айында өз ажалынан қайтыс болды.Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жужан қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
«Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жужандарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді.
Қытайдың «Батыс өңір баянында» хан ордасы Жұлдыз өзенінің бойында тігілген, Қаған 553 жылы қаза болып, Мұқан қаған болды.Осы қағанның кезінде Түрік қағанының тасы өрледі. Қаған айналасындағы елдерді қосып алып ,554 жылы Түрік империясын құрады Бумын қағанның інісі Істеми 572-576жж қаған бастаған түркі әскерлері Батыстағы елдерді бағындыру әрекетін жүргізді. Қытай деректемелеріне қарағанда, б.з. 555 ж. Істемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Істеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Соғды елі мен Тохарстан
елінің арасында Байсын тауындағы өткел. Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Істеми Силзебул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны білген түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге келеді (561-563 жж.).
563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді.
VI ғ.70 ж Түрік империясы шекарасын Солтүстік Кавказ бен Қаратеңіздің солтүстік жағалауына дейін кеңейтті. Батыс Түркі шежіресінде : «Істеми қағанның жүз мың тулық жасағы бар, батыс өлкедегі елдерге жорық жасап ,өзін қаған санаған, он ұлыс елі бар қаған»,-деп жазылған.Олар сасандық Ираннан 4000 мың рим ақшасына тең салық алып отырған.
Көк бөрі атауы қайдан шықты
Міне, осы тұста Алтай тауын паналаған көкбөрілер тайпасының ес жия бастағаны туралы Қытай және Еуропа жылнамаларында жазылып қалған мынандай бір дерек: босқан жаудан қорғану үшін пана іздеген бес жүз үйлі ғұн жұрты Сарыжайлаудан Алтайға үдере көшеді. Солардың соңына түскен аңдушы дұшпан оларды қырып тастайды. Осынау қырғын кезінде аяқ-қолы бірдей шабылған жалғыз бала аман қалады. Әлгі баланы көк бөрі тауып алып, сүтімен асырайды. Ер жеткен соң осы баладан көкбөрілер тарайды.
Ұлы ғұндардан қалған бір қауым елдің Сарыжазықтан үдере көшіп, Алтайдың қойнауындағы жан-жағын тау қоршаған оқшау жазықты паналағаны шындық. Елдің көсемін қытайлар Ашина, яғни, қытайша «мейірімді бөрі» деп атаған.Көкбөрілер тайпасының кейінгі ұрпақтары түркілер Қиыр Шығыстағы Хинган тауларынан Қап тауына дейінгі ұлан-ғайыр аймақты бағындырған. Олар бөріні кие тұтқан, бейнесін әскери байрақтарында бедерлеген.
|
№ |
Деректер |
Еңбектер |
Мәліметтер |
|
1 |
Қытай |
1.«Жыу кітабы» 2.«Батыс өңір баяны»
|
546 ж. жужандарға Бумын қаған жорық жасап 50 мың түтін жужандарды бағындырады. Хан ордасы Жұлдыз өзенінің бойында болған, Қаған 553 жылы қаза болып, Мұқан қаған болды.Оның кезінде Түрік қағанаты күшейеді. Қаған айналасындағы елдерді қосып алып , 554 жылы Түрік империясын құрады. Бумын қағанның інісі Істеми қаған 572-576 жж бастаған түркі әскерлері Батыстағы елдерді бағындыру әрекетін жүргізді. б.з. 555 ж. Істемиди Арал теңізіне дейін жеткен |
|
2 |
Түркі шежіресі |
1.«Күлтегін» үлкен жазуы 2.Батыс Түркі шежіресі |
Мұқан мен Істеми қағандар өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан елінің арасында Байсын тауындағы өткелІстеми қаған жүз мың тулық жасағымен , батыс өлкедегі елдерге жорық жасаған, Олар сасандық Ираннан 4000 мың рим ақшасына тең салық алып отырды. |
IV.Сұраққа жауап беру.
1.Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы
2.Түрік қағандығының Византиямен сауда және әскери шарт жасасуы
3.Түрік қағанатының этникалық құрамы.
4.Түрік және Батыс Түрік империяларының жер аумағы
V.Бекіту. Тест шешу
1.Түрік қағанаты 1-топ тест жұмысы
1. «Түрік» этнонимі қашан, қайда алғаш рет кездеседі?
а) II ғ. парсы жазбалары
ә) VI ғ. соғды кітаптары
б) 603 ж. орыс жылнамалары
в) 542 ж. қытай қолжазбасы
2. Түрік қағандығы іргесін қалаған кім?
а) Атилла
ә) Сұйық
б) Бумын
в) Мұқан
3. Түрік қағандығының тарихи шеңберін табыңыз.
а) 603–704 жж.
ә) 552–603 жж.
б) 582–593 жж.
в) 552–756 жж.
4. Ежелгі түрік тайпаларының алғашқы қоғамдық бірлестігі қалай аталған?
а) дұрыс жауабы жоқ
ә) жүз
б) сарай
в) алаш
5. Тарихта алғашқы қағанатты анықтаңыз.
а) түргеш қағанаты
ә) түрік қағанаты
б) қарахандар қағанаты
в) қарлұқ қағанаты
6. Бумын қай жылы қайтыс болды?
а) 556 ж.
ә) 554 ж.
б) 553 ж.
в) 555 ж.
7. Мұқанның ел билеген кезі.
а) 553–556 жж.
ә) 554–557 жж.
б) 557–570 жж.
в) 553–572 жж.
8. 582–593 жж. Түрік қағанатында қандай оқиға болды?
а) билік үшін күрес
ә) ашаршылық
б) соғыс
в) індет
9. Қытайлар түріктерді қалай атаған?
а) жабайы халық
ә) сюнну-ғұндар
б) қолөнершілер
в) соғыс құмарлар
10. Қай жылы Түрік мемлекеті екі дербес қағанатқа бөлінді?
а) 601 ж.
ә) 602 ж.
б) 603 ж.
в) 604 ж
Жауабы:
Түрік қағанаты
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
в |
б |
ә |
а |
ә |
б |
в |
а |
в |
б |
2- тапқа ауызша тапсырма. Түрік империясының басқару жүйесі
Қағанды ақ кигізге отырғызып хан сайлаған.
Мемлекеттік ірі лауазымдарға қаған әулетінің мүшелері сайланған.
Қаған-мемлекет басшысы
Жабғу –бас уәзір
Шад- тайпа басшысы
Қара будын-қарапайым халық
Тат- тұтқынға түскендер, құлдар мен күңдер.
VI. Түсіп қалған даталарды орнына қойып сөйлемдерді толықтырып жаз
554 жылы Бумын қағанның інісі Істеми қаған Батыс елдеріне жорық жасады. VI ғ.70 ж Түрік империясы шекарасын Солтүстік Кавказ бен Қаратеңіздің солтүстік жағалауына дейін кеңейтті.
ҮІ. Үй тапсырмасы: §21. Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
ҮІІ. Бағалау
Бағалау парағы
|
р/с |
Аты-жөні |
Мәтінмен жұмыс |
Жазба деректер |
Сұраққа жауап беру |
Тест |
Сөйлемді толықтыру |

_______ жылы Бумын қағанның інісі ___________ қаған Батыс елдеріне жорық жасады. _____________ Түрік империясы шекарасын ___________ бен ____________ жағалауына дейін кеңейтті.

Сабақтың тақырыбы: Сақ және сармат тайпалары
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - оқушылардың бойында елжандылық, Отанға деген сүйіспеншілікті тудыра отырып , ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін үлгі тұту.
Білімділік – оқушыларға сақтар мен сарматтар туралы білімдерін толықтыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету
Дамытушылық - оқушыларды іздемпаздыққа, шығармашылыққа өз ойын жеткізе білу дағдыландыру
Көрнекіліктер: оқу құралдары, Қазақстан территориясында мекендеген тайпалар картасы,

Темір дәуірі немесе темір ғасыры — тас дәуірі және мыс- тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі тарихи кезең болып табылады. Қазақстан және оған көршілес аймақтарда ерте темір дәуірі б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында басталып, б.з. 1 мыңжылдығының орта шеніне дейін жалғасады.
Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді.
Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген.
Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстік-шығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.
Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ “сколот” деген атпен де белгілі екендігін айтады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларға скиф деген атауды гректер берген. Олардың тегі Азиядан шыққан.
«Персеполь», «Бехистун», Геродот, Страбон жазбаларында ғалымдардың тұспалдауы бойынша, аргиппейлер қазіргі Солтүстік, исседондар — Орталық, ал аримаспылар Шығыс Қазақстан жерін мекендеген. Бұл аталған тайпалар Қазақстан жерінде б.з.д. VIII—IV ғасырлар аралығында өмір сүрген. Бұлар өзара мәдени- этникалық жақын, туыстас тайпалар болған.
Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы. Сақтар мен үйсіндер өмір сүрген (б.з.д. VIII ғ. — б.з.Vғ.) көшпелі қоғамда малға жекеменшіктің шығуына байланысты қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді. Сөйтіп, мемлекеттік құрылымның пайда болуы жүзеге асты.
Сақтардың мемлекеттік құрылымынан олардың көршілері Ахеменидтік Иран мен Грек-Бактриялық мемлекеттердің әсерін байқауға болады. Ал үйсіндерден Хань (Қытай) патшалығының әсері сезіледі.
Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскери-демократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскери-демократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптық қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды.
Антикалық авторлардың деректері бойынша, сақтарда патшалар мен патшайымдар болған.
Антикалық автор Аррианның дерегіне сүйенсек, сақ патшасы елді өзінің сатраптары (қызметшілері) арқылы басқарды. Сақтардың басқару жүйесіндегі келесі бір буын — әскери-тайпалық ақсүйектер болатын.
Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ.
Алтайдағы Берел, Шілікті, Жетісудағы Бесшатыр, Есік, Тарбағатайдағы “патша қорғандары” сақтардың патша әулеті мен ел басқарған ірі ақсүйектердің молалары. Сақтардың Қазақстан аумағындағы ғана емес, тіпті Еуразия құрлығындағы ең көне мемлекеттігінің жәдігерлері (б.з.д. VIII ғ.) Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200-ден астам сақ-үйсін мәдениеттерінің ескерткіштері шоғырланған бұл жазықта сақтардың қырықтан астам ірі патша обалары бар. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде үш ірі патша обасы зерттелді. Соның “Бәйгетөбе” деп аталатын біреуінен алтын киімде жерленген ерте сақ мемлекеті патшасының мүрдесі ашылды.
Есіктен ашылған белгілі алтын киімді адам жерленген ірі оба, Бесшатыр, Боралдай үлкен ғимаратты ескерткіштері (б.з.д. VI—IV ғғ.), т.б. — сақ қоғамында терең әлеуметтік және мүлік теңсіздігінің, таптық жіктелістің, мемлекеттің болғандығының куәсі.
Ел басқару жүйесінде, қоғамның келесі әлеуметтік биік тұғырында тайпа, ру көсемдері, ақсүйектер тұрды. Антикалық жазба деректеріне сүйенер болсақ, скифтердің осындай ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі — олардың ерекше қалпақ киюі.
Сармат тайпалары. Сармат тайпаларының қалыптасуы сақтар сияқты өте ерте заманнан басталады. Қазақстанның батысын мекендеген олардың ежелгі тұрағы — Арал мен Каспий теңізі арасындағы аймақ. Кейіннен сарматтар б.з.д. III ғ. — б.з. IV ғасырларында Тобылдан Дунайға дейінгі аралыққа таралып қоныстанған тайпалардың жалпы атауына айналды. Олар ертеректе б.з.д. VIII—IV ғғ. савроматтар деп аталған.
Сарматтардың археологиялық ескерткіштеріндегі жерлеу ғұрыптары сақтарға өте ұқсас болып келеді. Батыс Қазақстандағы (Атырау облысы, Жылыой ауданы) Аралтөбе қорымында сармат дәуіріне жататын келесі бір алтын адам жерленген.
Сарматтар ірі саяси одаққа б.з.д. II—I ғасырларда ғана біріккен. Сарматтар ірі саяси одақтар құрып, олардың батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.д. II—I ғасырларда Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырыммен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған. Б.з.б. I ғасырда Оңтүстік Кавказда Рим империясына қарсы күреске қатысты.
Елек өзеніндегі Орск қаласының маңынан табылған Бесоба қорымынаң әшекейлі заттар (алтын сырғалар) мен Ахеменидтік Ираннан әкелінген шыныдан жасалынған ыдыстар табылған. Олар Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жасалынған (б.з.д. V—IV ғ.). Бұл жәдігерлер сарматтардың басқа өркениеттермен байланыс орнатқандығын көрсетеді. Батыс Қазақстан, Орал, Елек, Ор өзендері алабында сармат қоғамы жақсы дамыды. Ембі арқылы Әмудария мен Шығыс елдеріне апаратын керуен жолы өтті.
Сармат тайпаларын IV ғасырда ғұндар талқандады. Осыдан кейін олар Еуропадағы оңтүстік- шығыс славян, Кавказ өңіріндегі тайпаларымен араласып кірігіп кетті.

Ү. Үй тапсырмасы: . Сақ және сармат тайпалары
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - оқушылардың бойында елжандылық, отанға деген сүйіспеншілікті тудыра отырып , ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін үлгі тұту.
Білімділік – оқушыларға сақтардың мәдениеті туралы айту, «скиф үштігін» түсіндіру

Сақтардың мәдениеті
![]()
Ат әбзелдері
Қару-жарақ
Аң стилі
![]()
Жерлеу дәстүрінде; Пазырык, Берел обалары;
Қола; Ер-тоқым әшекейленіп, безендірілген
қару-жарағы садақ пен жебе, қанжар,семсер, шоқпар, айбалта бірлі-жарым болды.
өнер туындыларын әртүрлі аң бейнесінде жасау. Аң стилі мөлшер- мен б.з.д. VIII ғ; темір дәуірі көшпелілерінің идеологиясы мен діни түсініктері туралы мағлұмат
ІҮ. Бекіту
1. Неліктен зерттеушілер ат әбзелдерін, әсіресе жүгенді зерттеуге байыпты назар аударған?
2. Ертедегі көшпелілердің қару-жарақтарын зерттеуде тарихшылар көбінесе қандай деректерге назар аударады?
3. Ерте темір дәуірі тайпаларының өнерін неліктен көркемдік мәнерде “аң стилі” деп атаған?
4. Неліктен “скиф үштігі” ұғымына үш құрауыш: ат әбзелдері, қару-жарақ және “аң стилі” кіреді?
Ү. Үй тапсырмасы: Сақтардың мәдениеті
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың әлеуметтік-қоғамдық құрылысы, идеологиясы

Білімділік – оқушыларға сақ тайпаларының діни наным-сенімдері, көзқарастары, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету

Сақтардың әлеуметтік-қоғамдық құрылысы жөнінде нақты мәлімет беретін деректер өте аз. Дегенмен бұл мәселелер жөнінде біз Геродоттың, басқа да антикалық авторлардың еңбегінен, археологиялық қазба деректерден мағлұмат аламыз.
Патриархалды отбасы
Сақ қоғамының мола обалары
![]()
![]()
Жер бетінен зәулім «патша», «ақсүйектер» зираты
Орташа қалыпты оба
көлемі 5—8 м, адаммен бірге қойылған заты жоқ обашықтар.
Ру
Тайпалық одақ
Жалпы, бүгінде сақтардың қоғамдық-экономикалық даму деңгейін көп ғалымдар “рулық-қауымдық құрылыс” деп бағалайды. Біздіңше, сақтар қоғамындағы ішкі бірлікте тұтастықта рулық-туыстық принциптер маңызды рөл атқарғанымен, қоғамдық өмірді реттейтін ғұрыптық- мемлекеттік заңдары да болды.
Скифтерде ел басқарушы — патша тек “патшалық рудан” ғана сайланған. Кейінгі орта ғасырлардағы қазақтарда ханды, кейіннен аға сұлтандарды тек төрелерден (Шыңғыс тұқымынан) сайлау салты сонау сақ-скифтерден бастау алатын ғұрып болса керек.
Идеология. Ғалымдар сақ-скифтердің идеологиясын қайта қалпына келтіргенде үш дерекке сүйенеді.
1. Антикалық авторлардың жазбасы.
2. Скиф-сақтардың түрлі өнер бұйымдары.
3. Жалпыарийлік салыстырмалар.
Сақтардың ең бір қасиеттеген, табынған құдайы күн болған. Күнге табыну күншығысқа мінажат етуге, отты қасиеттеуге үйреткен. Сондықтан сақтардың аталары — қола дәуірі тайпалары, өлген адамның үстіне қызыл ұнтақ — охра сепкен.
Сақтардың жерлеу орындары қорғандар, қоршаулар дөңгелек болған. Сақтарда ата-бабаның аруағына сиыну, ерекше құрмет ету дәстүрі болған.
Сақтардың идеологиясында ел басқарушы адамдарды ерекше ұлықтау, құрметтеу болған. Олар билікке тәңірдің берген ерекше қасиетінен деп қараған, патшаны тәңірдің жіберген адамы деп есептеген.
Сақтар мен скифтердің дүниетанымында үштіктің культі болған. Сақ-скиф мемлекеті үш ұлыстан тұрған. Сақ-скифтер дүниетанымы бойынша, әлем үш бөліктен тұрады: көк аспан, қара жер және жерасты әлемі. Сақтардың жерлеу ғимараттарының үш деңгейден тұүруы — оба, жер беті, қабір осы идеологиядан туындаған болса керек. Үштік дүниетаным кейінгі түркілерде, одан қазақтарда терең орын алған. Оны қазақтың жүздік құрылымынан, аңыз-әпсаналарынан көптеп кездестіруге болады.
ІҮ. Бекіту
1. Б.з.д. VIII—III ғасырларда Еуразия далаларындағы көшпелі тайпалардың тағдырының ортақтығы туралы не айтуға болады?
2. Сақтардың қоғамдық ұйымдарында қола дәуірімен салыстырғанда қандай өзгерістер болды?
Ү. Үй тапсырмасы: Сақтардың әлеуметтік-қоғамдық құрылысы, идеологиясы
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндер мемлекеті

Білімділік - оқушыларға темір дәуірінде өмір сүрген алғашқы мемлекеттердің бірі Үйсін туралы дерек беру

Көрнекіліктер: оқу құралдары, Қазақстанның ежелгі картасы
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Үйсіндердің этникалық тарихы. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың арасында ерекше аталатыны — үйсіндер. Үйсін тайпасының о баста қалыптасқан аймағы — Солтүстік-Батыс Қытай жері, осы күнгі Наркөл көлінің маңайы деп есептеледі. Осы аймақтан үйсіндер Жоңғар Алатауы, Тарбағатай баурайына б.з.д. ІІ ғасырларда ауып келген. Үйсіндердің батыс шекарасы Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан.
Бірқатар тарихшылар қытай транскрипциясы бойынша “усун” аталатын тайпаны “аспан” этнонимі деп білуге бейім. Үйсін атауы кейінірек (орта ғасырлар) жазба ескерткіштерінде “ушин”, “уйшин'’, “хуши” түрінде кездеседі. Мысалы, ушиндер туралы дерек “Моңғолдың құпия шежіресінде” (XIII ғ.), Рашид ад-Диннің еңбегінде (XIV ғ.) айтылады.
Үйсіндер ғұндармен, юэчжилермен бірде жер, мал үшін соғысып, көбінесе бейбіт шаруашылық-мәдени қарым-қатынаста болды. Олардың шаруашылығында, ел басқару жүйесінде көп ұқсастықтар кездеседі. Мысалы, үйсіндер де ғұндар сияқты үш бөлікке: сол қанат, орталық және оң қанатқа бөлінді.
Қазіргі кезеңде қытай ғалымдары арасында үйсін этногенезі, этнонимі туралы 2-3 түрлі пікір бар: 1) ежелгі үйсіндер үндіеуропатілдес; 2) түркітілдес; 3) тохартілдес этнос. Дегенмен де үйсіндердің түркітектестігі туралы пікірді жақтаушылар басым деуге болады.
Үйсіндердің қоныстануы. Қытай деректерінде үйсіндердің Орталық Азиядан шыққандығы атап көрсетіледі. Сондай-ақ олар үйсіндерді аса ірі ежелгі халықтардың қатарына жатқызды. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен қоныс аударып келді.
Үйсіндер және оның мемлекеті жазба деректерде б.з.д. IV—III ғасырларда аталады. Жер аумағы Тянь-Шаньнан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Үйсіндердің шекарасы басында Шу, Талас өзендері бойымен Қаратаудың шығыс бөктеріне дейін, шығыс шекарасы Бесбалық ауданымен шектесті. Орталығы — Іле аңғары. Жоңғар ойпаты мен Жетісудағы үйсіндер жартылай көшпелі ел болса, өзен аңғарларында суармалы егіншілікпен де айналысты.
Үйсін мемлекеттілігі. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады.
Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жекеменшік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілерге, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін қоғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер.
Әйтсе де, көшпелі қоғам ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жекеменшік қатынастары түрінде дамыды.
Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған.
Зерттеушілер Үйсін мемлекетінің елбасын кунби деп атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған.
Үлкен күнби
Тулы (дулы)
әскер
Жоғарғы сот – оңқа билер - даруга
Дінбасы - абыз
Ұлыс бегі
Кіші күнби – бас уәзір
![]()
![]()
Оң қанат- қолбасы
Сол қанат- қолбасы
Ғалымдар ежелгі Қытай жазба деректері мен археологиялық материалдарға сүйене отырып, ежелгі үйсіндерде мемлекеттік биліктің көшпелі халықтарға тән дамыған жүйесі қалыптасқанын, мемлекеттіліктің барлық белгілері болғандығын дәлелдеді. Үйсіндер Қытайдағы Хань әулеті заманында Батыс өңірдегі ең ірі мемлекет болған.
Үйсін-қытай қарым-қатынастары. Б.з.д. 138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде “Батыс өңірге” келген Қытай елшісі әрі саясатшы Чжан Цянь: “Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы ата-мекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады”, — деп жазды. Қытай императоры бұл ұсынысты назарда ұстай отырып, б.з.д. 119 жылы Чжан Цяньды тағы үйсіндерге аттандырды.
Үйсін күнбиі елшілерді жылы қарсы алады. Алтын ақшадан тұратын тарту жоралғылар жасалады. Нәтижесінде, күнби ғұн үстемдігінен бас тартып, қытай империясымен жақындасады. Елшіліктер алмасып, туысқандық — некелік қарым-қатынас орнайды.
Б.з.д. 106—105 жылдары Қытай ханшасы асқан салтанатты жағдайда үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер калыңмал ретінде 1 мың жылқы берген.
Б.з.д. 70 жылдары үйсіндер арасында ғұн елшілігі болып қайтты. Ғұндар бір қызын күнбиге әйелдікке береді.
Б.з.д. 64—51 жылдары Хань империясы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті таққа мұрагерлік ісіне дейін араласа бастады. Бұл халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Сондықтан үйсін халқы екі аймаққа ыдырап кетті.
Үйсіндердің саяси тарихын қорытындылайтын болсақ, б.з.д. 170—160 жылдары Үйсіндер мемлекеті құрылды. ЖетісудаҮйсін мемлекеті дамып-нығайып, гүлденді. Саны 630 мың адам тұратын сол аймақтағы ең ірі елге айналды. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Хань империясымен тығыз байланыс орнатты. Ал Хань империясы үшін үйсіндер ғұндарға қарсы күресте таптырмас күш еді. Хань империясының қашаннан “көшпелілердің бірігуін болдырмау”, “көшпелілерді көшпелілер күшімен талқандау” саясатын ұстанғандығы белгілі. Бұл саясат әркез өз нәтижесін берді.
Б.з. V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.
ІҮ. Бекіту
1. Орталық Азияның ежелгі тұрғындары — үйсіндер туралы қытай деректері не дейді? Қандай жағдайлармен үйсіндер Жетісу өңіріне қоныс аударды?
2. Хань империясының геосаясат жүйесіндегі үйсіндердің алатын орны қандай? Үйсін — Қытай қарым-қатынасына баға беріңдер.
3. Сендердің ойларыңша, ежелгі үйсін тайпалары мен кейінгі үйсін деп аталатын қазақ тайпалар одағы арасында байланыс бар ма?
4. Үйсін қоғамының әлеуметтік құрылысы мен оның мемлекеттік ұйымы несімен ерекшеленеді? Үйсіндерде мемлекет болғандығын қалай дәлелдеуге болады?
Ү. Үй тапсырмасы: Үйсіндер мемлекеті
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Қаңлылар

Білімділік - оқушыларға ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген қаңлы тайпалары туралы, олардың мемлекеттілігі, құрылу даму сатыларын түсіну

Қаңлылардың этникалық дамуы. Қаңлылар (кангюй) тайпалар бірлестігі ретінде б.з.д. II ғасырда тарихи аренаға шықты. Олар туралы да қытай деректері хабарлайды.
Бүгінгі тарих ғылымында кангюйлерді әртүрлі атайды. Бір ғалымдар қытайдың кангюй деген сөзін канцзюй деп оқыса, парсы, үнді тіліндегі шығармаларда кангха деп аталады. Түркі руналық жазбаларында Кангю-Тарабан деген қаланың аты аталады. Қазір кейбір тарихшылар кангюй сөзін тохар тіліндегі “кангка”, “кангкан”, яғни тас деген сөзбен байланыстырып жүр. Қазақ зерттеушілерінің көпшілігінің пікірі бойынша, ежелгі кангюй тайпасы мен ортағасырлық қаңлы және қазақ құрамындағы қаңлы тайпаларының арасында этногенетикалық байланыс бар.
Әртүрлі жазба деректерге қарағанда, Қаңлылар мемлекетінің алып жатқан жері — Ташкент жазирасы, Сырдарияның ортаңғы ағысы, Оңтүстік Қазақстан, Жетісудың оңтүстік-батыс бөлігі. Кей зерттеулер Қаңлы мемлекетінің аумағына Ертістен Шу, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлерді де қосады. Қытай зерттеушілері Қаңлы мемлекетінің жерін бүгінгі қазақтардың жері деп меншіктейді. Қаңлы саяси бірлестігі б.з. I—II ғасырларында Арал-Каспий аймағындағы тайпаларға (сармат, алан) да үстемдігін жүргізіп отырды.
Қаңлылардың орналасуы. Б.з.д. II ғасырдың екінші жартысындағы “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деп аталынған оқиғаның нәтижесінде Еуразияның, соның ішінде Қазақстанның саяси картасында өзгерістер пайда болды. Тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде б.з.д. II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді. Қытайдың деректеріне сүйенсек, “Кангюй” деп аталынады.
XX ғасырдың ортасына дейін кангюйлердің орналасуы туралы мәселе даулы болып келді. Қалай дегенде де, Сырдария мен Әмудария аралығына (Хорезмге дейінгі қосөзен арасы) кіргендігі белгілі. Бұл тарихи дәуірді зерттеген К.Ақышев, К.Байпақов: “Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақты енгізіп, орталығы Отырар”, — деп көрсетеді. Ал кытай жылнамаларына сүйенген С.П.Толстов болса, оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, Бактрия, батысында Хорезм, Бұхарамен шектесіп жатқанын айтады.
Қаңлылардың арғы ата-бабалары юэчжилерден шыққандығы, ежелгі мекені ғұндарға көршілес болғандығы туралы мәліметтер бар. Кейін олар ғұндардан жеңіліп (б.з.д. 174 ж.), Іле-Жетісу, Ферғана өңіріне келген. Айтылған аймақта археологтер кангюй мәдениетіне тән Қауыншы, Отырар — Қаратау, Жетіасар мәдениетін бөліп көрсетеді. И.Я. Бичурин кангюй билеушісінің қыстыгүні Битянь қаласында тұратындығын, олардың шығыс бөлігі ғұндарға бағынышты болғандығын жазады. Бұл өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін әлемге паш еткен археологиялық еңбектерде, көне дереккөздерінде айтылатын осы мемлекеттердің астанасы қай жерде орналасқандығы туралы сан түрлі жорамалдар бар. Мысалы, кангюйлердің астанасы көне деректемелерде Битянь деп көрсетілген. Бірақ деректерде Битянь қаласының қай жерде орналасқандығы дәл көрсетілмейді.
Қаңлылардың саяси дамуы. Үйсіндер ғұндардың көмегімен юэчжилерді Іле — Жетісу өңірінен ығыстырған еді. Ауыр жеңілістерден күйзелген юэчжилердің бір тобы Ферғананың солтүстік батысына кетсе, екінші бір тобы юэчжилерден бөлініп шығып, Талас өзенінің бойында Қаңлы мемлекетінің іргесін қалады. Бұл, шамамен б.з.д. 150 жыл деп топшылауға болады. Ал Қытай елшісі Чжан Цянь б.з.д. 138—125 жылдар қаңлылардың арасына келгенде толық қалыптасқан кезі болатын. Дегенмен юэчжилер мен ғұндар ықпалы әлі де байқалып тұрды.
Қаңлылар б.з.д. I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін сақтап, Қытайға аманат ретінде адам жіберуден бас тартқан. Алайда қаңлылар ғұндармен жақындасып одақ құрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасады. Қаңлы билеушісі Чжи-Чжиге өз кызын әйелдікке берді. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлыларды менсінбеуге айналды. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Ғұндар каңлы мен үйсіндер арасындағы соғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хань империясы қолдап отырды. Б.з.д. 42 жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын (Ыстықкөл жағасындағы “Қызылаңғар қаласын”) талқандайды. Ферғаналықтарға жорық жасайды.
Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған қаңлы, Ферғана, Бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көрші елдерден көмек іздестіре бастайды.
Бұл Қытайдың сыртқы саясатына карама-қайшы келді. Батыс өңірде үстемдік орнатуға кедергі болып отырған Чжи-Чжи тәңірқұтының көзін жою кезек күттірмейтін мәселеге айналды.
Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері Чжи-Чжиға қарсы жорыққа шықты. Әскердің бір бөлігі оңтүстіктен Памир арқылы Ферғана бағытын ұстаса, қалған белігі солтүстіктен үйсіндердің жері арқылы қаңлылардың Ыстықкөл маңындағы шекарасына бет алды.
Қаңлылар өз тараптарынан Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды. Қаңлы мемлекеті б.з. III ғасырына дейін өмір сүрді. Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысы нашар болды. Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.
ІҮ. Бекіту
1. Орталық Азияның ежелгі тұрғындары — қаңлылар туралы қытай деректері не дейді?
2. Хань империясының геосаяси жүйесіндегі қаңлылардың алатын орны қандай? Қаңлы-қытай
қарым-қатынасына баға беріңдер.
3. Үйсін — қаңлы қарым-қатынасы туралы не айтуға болады?
4. Қаңлы-ғұн одағы Қытайға қарсы күресте қандай рөл атқарды?
Ү. Үй тапсырмасы: Қаңлылар
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар (Хундар) мемлекеті

Білімділік - оқушыларға Қазақстан жерін мекендеген ғұн тайпасы, ғұн мемлекеті, қоғамдық құрылысы, саяси жағдайы туралы айту

Ғұн тайпалары. Б.з.д. V ғасырда Оңтүстік Моңғолия мен Ордоста түркітілдес, бет-бейнесі моңғол типтес ғұн атты тайпа өмір сүрді. Ғылыми әдебиетте бұл атаудың хунну, хун, сюнну түрінде кездесетіндігі белгілі. Отандық тарихнамада “ғұн” терминін қолдануда бірізділік жоқ.
Ғұндардың санын қытай деректері әрқалай көрсетеді. Бір деректер бойынша, ғұндардың саны — 300 мың, ал әскері — 30 мың. Енді бір деректер бойынша, тек әскерінің саны — 300 мың да, ал халқының саны — 1 млн 500 мың. Соңғы деректер бойынша б.з.д. II ғасырдың басында Ғұн империясына бүкіл көшпелі тайпалар бағынған.
Б.з. I ғасырдың соңы мен II ғасырдың ортасында ғұндар сәнби тайпаларының ығыстыруымен батысқа жылжиды. Алдымен олар Шығыс Қазақстан және Жетісу жеріне еніп, осындағы жергілікті тайпалармен араласты. Осы жерлерде Юебанъ атты мемлекет құрды. Бұл мемлекет б.з.V ғасырына дейін өмір сүрді.
Ғұндар Қазақстан жерін бұрыннан мекендеген сақтармен, үйсіндермен араласты. Ғұндар өздерінен бұрын Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың түркіленуіне, бет-әлпетінің моңғолдануына біршама әсер етті.
Ғұндармен бір мезгілде өмір сүрген және Қазақстан мен көрші аймақтағы этникалық үрдістерге саяси жағынан үлкен әсер еткен тайпа юэчжилер болды. Олар өте күрделі этникалық құрылымнан тұрған.
Ғұндардың гүлденуі. Б.з.д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Б.з.д. 209 жылы Мөде тәңіркұты билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы юэчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203—201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігі негізгі қарсыластары — Қытай мен юэчжилер еді.
Ғұндардың ұзақ уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді.
Мөде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мынға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті.
Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы. Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек б.з.д. 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуық көрші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде б.з.д. 174 жылы қайтыс болды.
Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тас-талқан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір бөлігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір бөлігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді.
Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Б.з.д. 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңірқұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Б.з.д. 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.
Б.з.д. 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлықтар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді.
Б.з.д. 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган құрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас басталады. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, б.з.д. 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Оңтүстік ғұндар Хань империясының қоластында қалады, ал солтүстік ғұндар Чжи-чжидің басқаруымен батысқа қоныс аударады.
Ғұн мемлекеттілігі. Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің “солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы” деп есептеген.
Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар алғашында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды.
Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. IV ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық қалыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды.
Мемлекеттің басында тәңірқұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. “Тәңірқұты,” елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды.
Жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар еді.
Мөде тәңірқұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау қағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс және Батыс бөліктерін басқаратын кіші хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді.
Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Б.з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, ол билігін орнатты.
Ғұндар және Халықтардың ұлы қоныс аударуы. Тарихтағы “Ұлы қоныс аудару” Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи құбылысты “Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді. Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда “гундер” деп атала бастады.
376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. Ү ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған. Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді.
Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.
ІҮ. Бекіту
1. Орталық Азиядағы екі көшпелілер бірлестігі — ғұндар мен юэчжилер жайлы қытай деректері не айтады?
2. Ғұндардың қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым- қатынасына баға беріңдер.
3. Ғұндардың Қазақстан мен Орталық Азияға келуі қалай жүзеге асты?
4. Ғұндардың кейінгі түрік тайпаларына қатысы қандай?
5. Кесте толтыру
Ү. Үй тапсырмасы Ғұндар (Хундар) мемлекеті
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Түркеш және Қарлұқ мемлекеттері
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - оқушыларды өз елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Өткен тарихын қастерлеуге тәрбиелеу
Білімділік - оқушыларға Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі Түркеш және Қарлұқ мемлекеттері туралы білімдерін тереңдету

1. Түрік қағанатының территориясы
2. Түрік мемлекетінің бөлінуіне әкелген жағдай?
3. Түркілер бірлестіктерінің кейінгі мемлекеттердің құрылуына әсері болды ма?
4. Сендер Шығыс Түрік қағанатының тарихы туралы не білесіңдер? Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түрік қағанатынан несімен ерекшеленеді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Орта ғасырлардағы Қазақстан картасынан Түркеш және Қарлұқ мемлекетінің орналасуын көрсете отырып, бұл қағанаттардың құрылуы, этникалық құрамы, саяси жағдайы туралы әңгімелеу.
Содан кейін тарих бетінде қалған Атлах шайқасы туралы оқушылар өз бетінше кітаптан оқиды. Қойған сұрақтар бойынша әңгімелейді
1. Бұл шайқастың себебі
2. Шайқас кімдер арасында болды?
3. Атлах жерінде өткен шайқастың тарихи маңызы
4. Қорытынды
Сонымен 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Сөйтіп, Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді.
756 жылы қарлүқтар түркештерді толық жеңіп, Оңтүстік-шығыс Қазақстанда өзінің саяси билігін құрды. Осы кезеңде және бұдан кейінгі жылдарда қарлұқтардың бірден-бір қарсыластары шығыстағы тоғыз-оғыздар болды. Олар кейіннен Шығыс Түркістанның батыс бөлігін, Жетісудың біраз жерін қарлұқтардан тартып алды. Тоғыз-оғыздардың құрамына кіретін яғма, сеянто тайпалары Шығыс Қазақстан жерінде билік құрды.
ҮІІІ ғасырдың соңына қарай Қазақстан жеріне түркі тектес көшпелі оғыз тайпасы келіп қоныстанады. Оғыз тайпалар одағына қарлұқтар, халаждар, жагралар, шарұқтар, кейінірек қаңгар-печенег топтары кірді.
Оғыздардың алғаш жайлаған жері — Сырдың ортаңғы, төменгі ағысы, Арал теңізінің маңы, Қаратау жоталары, Шу, Балқаш өңірі. IX ғасырда оғыздар Каспий аймағына қарай ауып, Жайық, Ырғыз, Жем, Ойыл өзендері, Мұғалжар тауы аймағына, одан әрі Жайық пен Еділ аралығына қоныстанды. X ғасырда оғыздар хазарларды талқандап, Кавказ сыртынан Алдыңғы Азияға дейін жетті. Оғыздар Қазақстан жерінде болған екі ғасырдай уақытта басқа түркі тайпаларымен өзара этникалық, мәдени-шаруашылық ықпалдастықта болды.
ІҮ. Бекіту
1. Түркештер мен қарлұқ тайпаларын атаңдар. Осы тайпалардың қайсысы ортағасырлық Қазақстан халқының бет-бейнесінің қалыптасуында ерекше рөл атқарды?
2. Түркештер мен қарлұқтар бірлестіктерінің кейінгі мемлекеттердің құрылуына әсері болды ма?
3. Қазақ этногенезіндегі түркештер мен қарлұқтардың орны қандай?
Хронологиялың тапсырма
756 жылы қарлұқтар құлатқан Түркеш қағанаты қанша уақыт өмір сүрді?
Әрі қарай өздерің жалғастырыңдар...
Ү. Үй тапсырмасы: Түркеш және Қарлұқ мемлекеттері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері

Білімділік - оқушыларға қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған этникалық бірлестіктер туралы айту

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Қимақ және Қыпшақ хандығы қазақ тектес мемлекет деген тұжырым жасалды. Қимақ, әсіресе қыпшақ тайпалары — қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған этникалық бірлестіктер.
Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерінде Қимақ қағанаты құрылды. Қимақ атауы кейде йемек түрінде кездеседі.
VII ғасырда теле тайпаларының құрамына 134 кірген қимақтар Солтүстік-Батыс Моңғолия жерінің Қобда алқабын мекендеген. VII ғасырдың ортасына қарай қимақтар Алтай таулары мен Ертіс өңіріне қоныс аударады. VIII—IX ғасырларда Қимақ одағына көптеген түркі тайпалары енеді. Соның ішінде ең көбі — қыпшақтар. Осы кезеңде Қимақтар одағына кірген тайпалар үш бағытта жерін кеңейтті: солтүстік-батыс бағытта — Оңтүстік Оралға дейінгі жерлер, оңтүстік-батыс бағытында Сырдария алқабы мен Оңтүстік Қазақстанның басқа жерлері; оңтүстікте Солтүстік-Шығыс Жетісу жерлері. Осы кезеңде қимақтар Алтай, Тарбағатай таулары, Алакөл ойпатын түгелімен иемденді.
ІХ ғасырдың ортасына қарай қимақтар құрамына бұрын Ұйғыр қағанатына кірген эймур, байандұр, татар тайпалары қосылып, жеті тайпадан тұрды. Олар: эймур, имақ, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар.
Қыпшақтар Қимақтар одағына кіргенмен, VIII ғасырдан бастап өзін-өзі билеуге, дербестікке ұмтылады.
Мерв қаласында тұрған парсылық ақын әрі жиһанкез, мемлекет шенеунігі Насыр Хосроу 1045 жылы Алтайдан Еділге дейінгі жерді Дешті Қыпшақ, яғни “Қыпшақ даласы” деп атады. Оғыз мемлекеті әлсірегеннен кейін қыпшақтар Орал мен Каспий өңірінен оғыздарды ығыстырып шығарып, қалған тайпаларды өзіне қосып алды.
1055 жылы Ресей жерінің оңтүстігін жаулап алған қыпшақтарды орыстар половцы деп атады. Половец деген сөз қыпшақтардың лақап аты сарыдан шығады.
ХІ ғ басы қыпшақ
![]()
Батыс қыпшақ Шығыс қыпшақ
Еділ мен Днестр – Тоқсоба әулеті (11 тайпа) Еділдің шығысынан
Ертіске дейін – 8 ірі тайпа
Ең бірінші және басшы тайпа бөрілер (елбөрілер) еді. Қыпшақ хандарының бөрі осы тайпадан шығып отырған. Екіншісі — тоқсоба. Бұл тайпаның аты тоғыз тайпалы деген мағына береді, таңдаулы ата болып саналады. Үшіншісі — йемек тайпалы, жеті рудан құралған дегенді білдіреді. Төртінші — төртоба, бұл төрт тайпалы — дегенді білдіреді. Бесіншісі — әл-арс. Алтыншы тайпа — бүржоглы, олар оңтүстік орыс далаларында үстемдік құрған, Египетте өз ортасынан мәмлүк-сұлтандар әулетін шығарған. Жетіншісі — маңқұроглы, олар қимақтардың бір руы болса керек. Сегізіншісі — имақ (қимақ) тайпасы.
Қыпшақ қауымдастығының қалыптасуына XII ғасырда Сырдың төменгі ағысы мен Арал маңында өмір сүрген қаңлылар белсенді қатысқан.
Қытай, парсы-араб авторлары қыпшақтар қоғамында ерте мемлекеттік формаларының бірі — хандық биліктің әкеден балаға мұраға беріліп отырғандығын растайды.
Қазақстан аумағында күрделі де ұзаққа созылған қыпшақ этникалық бірлестігінің қалыптасуы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — VII ғасырдың екінші жартысы мен VIII ғасырдың аяғына дейінгі Қимақ қағанаты құрамындағы маңызды рөл атқарған кезең. Екінші кезең VIII ғасырдың аяғынан XI ғасырдың басына дейінгі кезеңде Ертістен Еділге дейінгі ұлан-байтақ даланы қоныстанды. XIII ғасырдың басына дейінгі кезеңдегі қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы ел бөрілі тайпасынан шыққан хандардың саяси беделінің артуымен байланысты болды.
Моңғолдар 1219 — 1224 жылдары Хорезм жорығы кезінде қыпшақ даласын басып алды. Түркі тектес Қыпшақ тайпалары болашақтағы Жошы ұлысының негізгі ұйытқысына айналды.
ІҮ. Бекіту
1. Қимақ одағына кірген тайпаларды атаңдар. Осы тайпалардың қайсысы ортағасырлық Қазақстан халқының бет-бейнесінің қалыптасуында ерекше рөл атқарды?
2. Қимақтар мен қыпшақтардың өздерінен кейінгі мемлекеттердің құрылуына әсері туралы не айтуға болады?
3. Қазақ этногенезіндегі қыпшақтардың орны қандай?
4. Ортағасырлық тайпалар этногенезін зерттеудің маңызы неде?
5. Ортағасырлық тайпалық бірлестіктердің бірігуіне немесе ыдырауына қандай себептер ықпал етті?
Ү. Үй тапсырмасы: Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: ҮІ –ХІІ ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуының ерекшеліктері

Білімділік - оқушыларға Қазақстан жерін мекендеген ғұн тайпасы, ғұн мемлекеті, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы туралы айту

Көрнекіліктер: оқу құралдары

Батыс Түрік қағанаты, Түркеш, Қарлүқ, Оғыз, Қимақ мемлекеттерінің саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымы. Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей өздерінен бұрынғы қалыптасқан әлеуметтік құрылымды сақтап қалды.
Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жер өңдеуші көршілерімен ескери қақтығыстар кезінде жекелеген тайпалар өзара бірікті. Осылайша тайпалар арасындағы байланыстар нығайтылды.
Ерте ортағасырлық мемлекеттерде дәстүрлі рулық-тайпалық ұйым: патриархатты отбасы — ру — тайпа — ел сақталып қалды. Әрбір тайпаның өзінің белгілі аумағы болды.
Көшпелі қоғамда тайпалар одағынан мемлекеттік құрылымға өту кезеңінде күшті әскери билік дәстүрі үлкен рөл атқарды. Үлес-тайпа билеушілері әрі әскери қолбасшы, әрі әкімшілік басқарушысы болды. Әскери және әкімшілік биліктердің біріктірілуі олардың билеуші көсемдерінің саяси-экономикалық жағынан нығаюына әкелді.
Мемлекетті билеуші ақсүйектер тобында қатаң иерархия — қызмет адамдары мен әлеуметтік топтардың төменнен жоғары қарай бір-біріне бағыныштылық жүйесі қалыптасқанын байқаймыз.
Әлеуметтік жағынан олар ақсүйек тайпалар мен оларға бағынышты тәуелді тайпалар болып бөлінген.
Жоғары билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Хан мұрагеріне оның мөр-таңбасы берілді. Бұл мөр- таңба мемлекеттіліктің нышаны болатын.
Көшпелілерде билеушінің бас ордасы — мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болды. Өз кезегінде әр үлес билеушілерінің де қаған сияқты өз сарайлары, тұрақты ордалары бар. Әдетте, ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттен болды.
Мемлекетке бағыныштылық әрқашан да алым-салық төлеуден көрінеді. Көшпелі және отырықшы халықтар үстем тайпаға мал және аң терісі, заттай алым түрінде салық төледі. Мың адамға дейін жететін салық жинайтын арнаулы атты әскерлері болды. Тағы да осы жерде айта кететін жайт — бұл ертедегі мемлекеттік бірлестіктердің экономикалық негізі екі түрлі қоғамның үштасуынан пайда болды: 1) мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғам; 2) отырықшы-егіншілік қоғам. Бұл екі дәстүрді асқан іскерлікпен біріктірген — Қарахан мемлекеті.
Көшпелі мемлекеттердің сипаты. Қазақстан аумағындағы түркітілдес халықтар мемлекеттілігінің әлеуметтік-экономикалық және саяси билік деңгейіне, белгілеріне төмендегідей сипаттама беруге болады. Көшпелі және жартылай көшпелі аймақтарда:
-
Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйесі болды.
-
Дәстүрлі рулық-тайпалық ұйымдар сақталып қалды (патриархаттық отбасы — ру — тайпа — ел — мемлекет).
-
Билік жүргізуші ақсүйек топтарының қатаң иерархиясы қалыптасты (Рубасы — тайпа көсемі — елбасы — үлес билеушісі — мемлекет басшысы).
-
Билік мұралық жолмен беріліп отырды. “Сатылы” және “тікелей мұрагерлік” қағидасы қолданылды.
-
Мәдени-әлеуметтік дамудың жоғарғы көрсеткіші — әлемдік діндердің таралуы, ортақ тіл мен жазу пайда болуы. Байырғы түркі жазуы — алфавиттік жазу. Байырғы 142 түріктердің 26 фонемі түрік тілінің ерекшелігіне сай шартты түрде 30 таңбамен белгіленеді. Алгашқы Түркі қағанаты илманынан байырғы түркі жазуымен қатар, соғды, қытай иероглифтері қолданылған. Сондықтан ежелгі түріктер мен ел тұлғаларының тарихын осы жазулармен жазып қалдырды.
-
Әртүрлі шаруашылық-мәдени үлгілердің бірігуі байқалды: а) көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болуы жағдайында;
ә) жартылай отырықшы егін шаруашылығының қолөнермен ұштастырылған түрінің қатар өмір сүруі.
-
Әкімшілік, сауда, қолөнер, мәдениет орталығы ретінде қалалар дамыды.
ІҮ. Бекіту
Тақырыптың соңындағы сұрақтар бойынша
Ү. Үй тапсырмасы: ҮІ –ХІІ ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің дамуының ерекшеліктері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағына моңғолдардың шапқыншылығы және жаулап алғаннан кейінгі этникалық үдерістер (ХІІІ-ХҮ ғғ)

Білімділік - оқушыларға монғол шапқыншылығынан кейінгі болашақ қазақ жеріндегі этностық өзгерістер, этностық даму барысының өзгешеліктері туралы түсіндіру

Көрнекіліктер: оқу құралдары, карта, интербелсенді тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Үлестік тайпалық басқару жүйесі қалай қалыптасты, ерекшеліктері қандай?
2. Мемлекетті билеуші ақсүйектер тобының міндеттерін анықтаңдар.
3. Басқару жүйесінде ақсүйектік топтар қандай рөл атқарды?
4. Ертедегі мемлекеттік бірлестіктердің экономикалық негізі қалай пайда болды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Моңғол шапқыншылығы кезеңін интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы түсіндіріп, оқиғаларды хронология бойынша айту.
1218 жыл - Отырар опаты
1919 жыл тамыз – Сырдарияға жетуі
1919 жыл қыркүйек – Шағатай мен Үгедей әскері Отырарды қоршады
1919-1920 жж - Сығанақ, Өзкенд, Ашынас, Женд, Жаңакент
1920 жылы – Орта Азияны жаулауды бірінші кезеңі аяқталды
1221 жылы 5 мамыр - Үргеніш қаласы алынды.
1220 жылы - Жошы Кавказға баса-көктеп кіріп, аландар мен қыпшақтарды талқандайды.
1223 жыл – Калка ұрысы
Осылайша, 1219—1224 жылдары моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына қосылды.
Этникалық өзгерістер. XIII ғасырда Шыңғыс хан империясының кұрылуына байланысты Қазақстандағы этностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашкы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.
Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі монғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті монғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.
Шыңғыс хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан жеріне найман, керей, меркіт, жалайыр тайпалары шығыстан келіп қоныстанса, монғолдарды жаулап алған кезеңде мұнда маңғыт, қиат, барлас, қоңырат, татар, т.б. тайпалар қоныс аударды.
Монғолияның түркі тілдес тайпаларының есебінен толығып отырды. Алтай мен Ертіс өңірінен ауған талас, төлеңгіт, барын, т.б. түркі тайпалары Жетісуға қоныстанды. Жаулап алу барысында монғол жауынгерлерінің, монғол әскері құрамындағы түркі тілдес жауынгерлердің бір бөлігі жергілікті жерлерді басқару, күзет қызметі үшін қалдырылып отырды. Бірақ олар жергілікті халықтан қыз алып, бірте-бірте тұрғылықты елмен сіңісіп кетті.
1237 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый ханның бастауымен Шығыс Еуропаға аттанған монғол әскерінің құрамында көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өкілдері едәуір көп болды. Осы жорықтың нәтижесінде, 1242 жылы Алтын Орда құрылды. Монғол әскері Жайықтан әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік орыс жерін мекендеген половецтер мен саксиндер де қосылған еді.
Монғол шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгертті, бұрынғы этностық байланыстарды әлсіретті.
Монғолдардың жаулап алуы кезеңінде Сыр өңіріндегі кала, дала халқының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және Ашнас калаларының халқы монғолдарға қатты қарсыласқаны үшін аяусыз қырылған. Монғол шапқыншылығы Казақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген монғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға ауды. Соның нәтижесінде, жергілікті түркі тектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрынғы тұтастығынан айырылып, майдаланып кетті. Бұл үлкен ру, тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді.
Дегенмен де калыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет- ғұрпын, дінін кабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған.
XIV—ХҮ ғасырлардағы этникалық даму. Алтын Орданың шығыс бөлігінің басым көпшілігін кыпшақтар, қаңлылар, керейлер, үйсіндер, кенегестер, арғындар, т.б. тайпалар құрады.
Алтын Орда мемлекетінің аясында түрлі тайпалардан, қалыптасып келе жатқан халықтардан тұратын этностардың арасында өзара шаруашылық, мәдени аралас-құраластық күшейді. Қандас туыстық байланыстардың аумақтық — көрші-туыстық байланыстармен ауыстырылуы қазақтың жеке-жеке тайпаларының халық болып қалыптасуын тездетті.
ХІҮ—XV ғасырларда Қазақстан жері мен көршілес аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттері өмір сүрді. Аталған мемлекеттердің тұрғындары қазақ, өзбек, моғолдар, ноғайлар деп аталған. Бұл атаулардың этностық та, саяси да мәні болды. Әдетте, халықтың атауын этноним десек, ал мемлекеттің атымен аталатын атауды политоним дейміз.
XIV—XV ғасырларда Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан сияқты бірнеше мемлекеттердің құрамында болған қазақ тайпаларының халық болып топтасуы баяулап қалды. Бұл, әсіресе Моғолстанда баяу жүрді. Өйткені Моғолстан мемлекетінің этностық құрамы тіптен ала-құла болды. Оған қазақтың үйсін тайпасымен бірге қырғыздар, кейде Шығыс Түркістанның ұйғыр тайпалары да кірді.
Қазақстан жерін ерте дәуірде және орта ғасырларда мекендеген тайпалардың ішіндегі ең тұрақтысы қыпшақтар болды. Олар XI—XIII ғасырларда Қыпшақ мемлекеттік бірлестігін құрды. Қыпшақтар қазақ даласында ерте заманда да, орта ғасырларда да үлкен саяси және этностық біріктіруші рөл атқарған тайпа. Сондықтан шығыс авторларының жазбаларында қазақ жері ылғи да Қыпшақ даласы (Дешті Қыпшак) деп аталады.
XIV ғасырдың 50—60-жылдары Ақ Орданы, яғни Шығыс Дешті-Қыпшақты мекендеген тайпаларды кыпшақ деп атамай, көбінесе өзбек деп атайды. XIV—XV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақтың жұртына қатысты “өзбек” атауы елдің аты емес, яғни этнонимде емес, мемлекеттің құрамына енген жергілікті түркі және сіңісіп кеткен монғол тайпаларының ортақ саяси атауы деп түсінген дұрыс. Көшпелі өзбектерге үш үлкен тайпа (халық) кіреді: 1) шайбандықтар, яғни Мұхаммед Шайбаниға бағынған шығыс-қыпшақ тайпалары; 2) Еділден Сырдарияға дейін көшіп жүрген қазақтар; 3) маңғыттар — Ноғай ордасынын халқы.
ІҮ. Бекіту кесте толтыру
|
Моңғол шапқыншылығының салдарлары |
||
|
Әлеуметтік- экономикалық |
Саяси |
Этникалық |
|
|
|
|
|
Қорытынды: |
|
|
Ү. Үй тапсырмасы: Қазақстан аумағына моңғолдардың шапқыншылығы және жаулап алғаннан кейінгі этникалық үдерістер (ХІІІ-ХҮ ғғ)
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Көшпеліліктен мемлекеттікке дейін. Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік – алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуға тәрбиелеу, есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру
Білімділік - өтілген сабақтар бойынша білімдерін жүйелеу, қорытындылау
Дамытушылық - оқушылардың білімге құштарлығын арттыру
Көрнекіліктер: тапсырмалар
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар бойынша
ІІІ. Білімдерін тексеру
І. Сұрақ-жауап
1. Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар түрлері
2. Тайпа, ру деген сөздерге анықтама бер
3. Әлеуметтік жіктелі дегеніміз не?
4. Көшпелі қазақ қоғамын басқару жүйесіндегі ерекшеліктер туралы не білесңдер?
5. Қазақ қоғамында қандай топтар қызметтері болды?
6. Қала-дала байланыстары жөнінде не білесіңдер?
7. «Жібек жолы – ынтымақтастық жолы» дегенді қалай түсінесіңдер?
8. Отырықшы мен көшпелілердің рухани жақындасуындағы діндердің рөлі қандай болды?
9. «Жібек жолы» ежелгі қай қалаларды басып өткен?
10. Көшпелілер мен отырықшылардың мәдени, саяси байланыстарын атап көрсетіңдер
ІІ. Тесттік жұмыс
1. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері кімдерге ұқсас болған?
А) монғолдарға В) андрондықтарға С) славяндарға Д) оғыздарға Е) қазақтарға
2. Қандай оқиға қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200 жылға кешеуілдетті?
А) араб шапқыншылығы В) монғолдардың жаулап алуы С) ғұндар шабуылы
Д) феодалдық бытыраңқылық
3. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында ... басты рөл атқарды
А) Монғол мемлекеті В) Ақ Орда тайпалары С) Әбілқайыр хандығы Д) Моғолстан
4. «Қазақ» атауы ХІІІ ғ дейін қандай мағынада қолданылып келді?
А) еркін адамдар В) жауынгерлер С) көшпелілер Д) бақташылар
5. «Алаш» сөзін қазақ халқының қай аңызынан жиі кездестіруге болады
А) «Жошы ханның жортуылы» В) «Қорқыт ата» С) «Алаша хан» Д) «Оғызнама»
6. Қазақ жүздері туралы жазған қазақ ғалымы
А) Ш. Уәлиханов В) А. Құнанбаев С) Семенов Тян-Шанский Д) А. Байтұрсынов
7) Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі
А) Батыс Түрік қағанаты В) Түргеш қағанаты С) Түрік қағанаты Д) Қарлұқ қағанаты
Е) Қимақ қағанаты.
8) Бумын қаған қандай мемлекеттің негізін қалады?

9). Түрік қағанаты нешінші жылдарды қамтиды?
А) 603-704жж В)552-603жж С) 704-756 жж Д) 551-555жж Е) 552-601жж
10) Түрік қағанаты қандай қағанаттарға бөлініп кетеді?
А) Батыс және Шығыс В) Оңтүстік және Солтүстік
С) Оңтүстік-батыс және Оңтүстік-шығыс Д) бөлінбейді Е) Дұрыс жауап жоқ
11) Батыс Түрік қағанатының негізін қалаған қаған
А) Сұлу қаған В) Бумын қаған С) Күлтегін қаған Д) Тардуш Е) Үшлік қаған
12) «Мүйізді қаған» атағына ие болған қандай қаған?

13) Түргеш қағанатының орталығы
А) Күңгіт В) Суяб С) Мыңбұлақ Д) Янгикент Е) Испиджаб
14) Араб тарихшысы әл-Марвазидің хабарына қарағанда қарлұқтарда неше тайпа болған?
А) 12 В)24 С) 48 Д)9 Е)3
15) Оғыздардағы сюбашы дегеніміз кім?
А) әскербасы В) қаған С) салық жинаушы Д) мұрагер Е) джж
16) 756-940 жж аралығында билік құрған мемлекет

17) Түрік қағанатының негізін қалаушы
А) Үшелік В) Бумын С) Сұлу қаған Д) Ештеми Е)Шахмәлік
18). 682-744 жылдар аралығында өмір сүрген қағанат
А) Қарлұқ В) Қимақ С) Батыс түрік қағанаты Д) Шығыс түрік қағанаты
Е) Түрік қағанаты
19). Ерте ортағасырлардағы түркі тілдес халықтардың ұқсастығы неде деп ойлайсыңдар?
А) Олардың киімдерінде В) Шаруашылығында С) Олар бір территорияны қоныстады
Д) Олардың билеушілері бір болды.
20) Қарақытайларды Жетісу өңіріне кім бастап әкелді?
А) Табуян В) Елюй Даши С) Бұсұған Д) Иле Е) Қалдан Цэрен
21) Қыпшақ тайпасының ішідегі ең беделдісі
А) қимақ В) құман С) елбөрілер Д) жікілдер Е) қарлұқтар
22) Түрік тайпаларында орта ғасырда қол өнердің қай түрі дамыды?
А) қыш өндірісі В) Зергерлік-ұсталық С) тоқымашылық Д) шыны жасау Е) бжд
ІҮ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары ұстанған саясаттың негізгі бағыттары

Білімділік - Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі оның гүлденіп, дамуына өз үлестерін қосқан хандар және олардың ұстанған саясаттары туралы білім алу

Көрнекіліктер: оқу құралдары, интебелсенді тақта, тапсырмалар
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қазақ хандығы дамуының бастапқы кезеңінде қандай аумақтар кірді?
2. Неліктен Моғолстан ханы Есенбұғаның келуін құрметпен қарсы алды?
3. Әбілхайыр ханның сыртқы саясатына мінездеме беріңдер.
4. Жәнібек пен Керей хандар алдымен Сырдария маңы мен Қаратауда өз құкықтарын нығайтуға ұмтылған. Бұл жағдай немен түсіндіріледі?
ІІІ. Жаңа сабақ
|
Хандар |
Территориясы |
Саясаты |
Деректер |
|
|
ішкі |
сыртқы |
|||
|
Қасым хан (1511-1518/1523жж) |
хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетті. Оңтүстік-шығыста Жетісуға, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқаш көлі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне жетіп, солтүстік- батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды |
халқы 1 млн-нан асып, атты әскері 300 мыңға дейін жетті. Ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты. |
Мәскеу мемлекеті; Батыс Еуропа мемл. |
австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейн жазба- ларында; Сефевидтердің жазба деректемелерінде мысалы, «Алам арайи сефави», «Тарих-и Сафеви» (қолжазба); Қадырғали, би; |
|
Мамаш (1521-1523жж) |
|
Шайқас кезінде қайтыс болып, хандықта ала-сапыран кезең басталады. |
|
|
|
Тахир хан (1523-1533жж) |
|
|
Сыртқы саясатта шиеленісті жағдай орнады;тек қырғыз елімен одаққа келіп, Жетісу мен Ыстықкөл аймағын моғол және қалмақ шапқыншылығынан қорғап қалуға көп күш жұмсады. |
Қадырғали би |
|
Бұйдаш хан (1534-1535 жж ) |
|
Қазақ хандығындағы өзара тартыстар тоқтаған жоқ
|
Ішкі тартысты пайд. өзбек ханы Ұбайдуллах Моғолстан ханы Абдар Рашидпен соғыс одағын құрып, Жетісуда соғыс ашты. Қазақ әскерлері жеңіліп, Бұйдаш хан қашып құтылды |
|
|
Хақназар хан (1538-1580жж) |
батыста Жайық, солтүстікте Есіл мен Нұра, шығыста Шыңғыстай, Балқаш жөне Шу өзені, оңтүстікте Түркістан аралығы |
Жеке дербес мемлекет ретінде танытты; Хан билігін күшейтті; Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақты-лығын орнатты |
Түркістанның төңірегін және Сауранды өз билігіне қаратуға күш салды. Қазақ-қырғыз қатынасы жақсарды |
Башқұрт еліне тараған мәліметтер |
|
Шығай хан (1580-1582жж) |
|
|
Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды. |
Ортаазиялық деректер |
|
Тәуекел (1582-1598жж) |
|
Түркістанның Қазақ хандығының негізгі орталығына айналуы қазақ қоғамына ислам дінінің таралуына алғышарт болды. |
Түркістанды, Ташкентті және Ферғананы өзіне қаратады. Ташкент қаласы осыдан бастап екі жүз жыл бойы Қазақ хандығының құрамына енді. |
|
|
Есім хан (1598-1628жж) |
|
Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелінді. «Есім ханның ескі жолы» атты ережесін шығарды. |
Жоңғар қалмақтарына қарсы қырғыз елімен және Моғолстан билеушісімен достық қатынасты нығайтады. Тұрсын ханмен соғыс |
Төлеген жырау |
|
Салқам Жәңгір (1628-1652жж) |
|
|
Жоңғарлармен Орбұлақ шайқасы; Бұхара, Хиуа және Моғол хандарымен қатынасты нығайтады |
|
|
Тәуке хан (1680-1715/18жж) |
|
ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде елдің әл-ауқаты, байлығы артты. «Жеті жарғы» заң жинағы |
Бұхар ханымен қарым-қатынас; 1717 ж Ресейден әскери көмек сұрады |
|
ІҮ. Бекіту
1. Қазақ хандығын нығайту мақсатында Қасым хан қандай шаралар жүргізді?
2. XVI ғасырдың 20—40-жылдары неліктен аласапыран кезеңі деп аталды?
3. Хақназар хан билігі тұсында көрші елдердегі саяси жағдай қандай еді? Хақназар ханның ұстанған саясаты туралы не білесіңдер?
4. Тәуекел сұлтан тұсында Ресейге жіберілген елшіліктің алдында қандай міндеттер тұрды және олар қалай шешілді?
5. XVII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының көрші елдермен қатынасының өзгеруін қалай түсіндірер едіңдер?
Ү. Үй тапсырма. Қазақ хандары ұстанған саясаттың негізгі бағыттары
ҮІ. Бағалау
Қазақ хандары ұстанған саясаттың негізгі бағыттары
І. Сәйкестендір
|
Хандар |
Жауабы |
Жылдар |
|
Тәуекел хан |
|
1) ХҮІІ ғ соңы – ХҮІІІ ғ басы |
|
Тәуке хан |
|
2)1580-1582 жж |
|
Қасым хан |
|
3)1628-1652жж |
|
Салқам Жәңгір |
|
4)1582-1598 жж |
|
Есім хан |
|
5) 1459-1473жж |
|
Шығай хан |
|
6)1598-1628жж |
|
Керей хан |
|
7)1473-1480жж |
|
Жәнібек хан |
|
8) 1511-1518 жж |
ІІ. Бұл кім туралы
1) “Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны осы хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уалаяттарды өзіне қаратты... Ақыры, Сарайшықта өлім тапты. Бүгін оның қабірі Сарайшықта. Оның ұлы Хақназар хан Ханың сұлтан-ханымнан туған, ал ханның бауыры Қамбар сұлтан барлық жағдайда осы ханның жанында болды. Әскерінің қолбасшысы. Оның ұрпағына патшалық тимеді”... -
2) “Бұл хан біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді”... -
3) «Бұл хан хандық мәртебеге көтерілген соң күшейгені соншалық, тек ноғайларды ғана емес, Башқұрт елін, Қазан, Сібір жіне Астрахан патшалықтарын, Бұхараны, Хиуаны, Ташкенді және басқа көптеген қалаларды өз билігіне қаратты және олардан алым-салық жинатты”... –
4) “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаган заман” деп кімнің тұсын бағалады -
ІІІ. Портреттер сөйлейді
ІҮ. Хандар тізбегін айту
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §38. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі. Жазба деректер
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - оқушыларды өз халқының өткен тарихын білуге, оны құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Рухани мәдениет адамның өміріне, қоғамға үлкен әсер тигізетінін айта отырып, мәдени тәрбие беру
Білімділік - оқушыларға рухани мәдениеттің даму ерекшелігін айтып, оған жататын тіл, жазу түрлері туралы түсіндіру
Дамытушылық - сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту
Көрнекіліктер: оқу құралдары, суреттер
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Семантикалық картамен жұмыс
ІІ. Жаңа сабақ
Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі, тілі, жазуы. “Мәдениет” деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, “мәдениет” ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған кұндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, кезбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік әрекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды.
Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғғ.) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз.
Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.
Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мәдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақ мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті.
Көне жазулар. Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай “Ақ сықын” — “Ақ марал” деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған “Алтын адамның” қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған.
Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған.
Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле езендерінің қойнауларында табылған. Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың “кілтін” тапқан — Дания зерттеушісі Вильгельм Томсен.
Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналық жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг, рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады.
Бұрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор.
Руна жазуларының сипаты. Түркі тіліндегі осы деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан — В.Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В.Радлов болды.
Түркі дәуірінен қалған атақты “Күлтегін”, “Білге қаған” сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Казақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген.
Орта ғасырлардағы жазу-сызу. Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғды жазуы дегеніміз — орта ғасырлардағы парсы жазуы.
Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII—XII ғғ.) араб әліпбиін де қолдана бастайды.
Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмұд Қашқари “Диуани лұғат ат-түрік”, Жүсіп Баласағұни “Құтты білік”, Қожа Ахмет Йасауи “Диуани хикмат”, Сүлеймен Бақырғани “Хикмет”, Рабғузи “Қиссауыл әнбия” (“Әулиелер дастаны”), “Оғызнама” (IX—X ғғ.), Әбілғазы Баһадүр “Түрік шежіресі”, т.б.
ІҮ. Бекіту
1. Рухани мәдениет пен материалдық мәдениеттің айырмашылығы неде?
2. Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында қалай аталады?
3. Археологиялық зерттеулерде жазба деректер қай жерлерде табылған?
4. Руна жазуының құпия сырын ашқан кім?
5. Соғды және түркі жазуындағы ұқсастықтар мен өзгешеліктер қандай?
Ү. Үй тапсырмасы: §38. Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі
ҮІ. Бағалау
Тесттік жұмыс
1. Мәдениет бөлінеді
А) үшке В) беске С) екіге
2. Домбыра, қобыз, жетіген олар жатады
А) материалдық мәдениетке В) рухани мәдениетке С) рухани құндылыққа
3. Синкретті длегеніміз
А) біртекті В) көшпелі С) көпқырлы
4. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ жерінде алғашқы жазу пайда болды
А) сақ дәуірінде В) ғұн дәуірінде С) үйсін дәуірінде
5. Сыры ашылмаған құпия жазу
А) соғды жазуы В) руна жазуы С) Талас жазуы
6. Құпия жазудың оқу тілін ашқан
А) В. Радлов В) А. Аманжолов С) В. Томсен
7. Қарахан мемлекетенінен бастап іс-қағаздар қандай әліпбимен жазылды
А) парсы В) соғды С) араб

Сабақтың тақырыбы: §39. Қазақ фольклоры
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - ауыз әдебиетінің жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу, жастарды еңбекке, отанына деген сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Білімділік – Қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің ерекшеліктерін, ауыз әдебиетінің түрлерін, олардың тарихи маңызын түсіндіру
Дамытушылық - сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Көрнекіліктер: кітап құралдары

Миф, аңыздар. Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның түп- тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.
Көшпелілердің көне мифтік көзқарастары жыр-аңыздарда көрініс тапқан. Түркі көшпелілерінің ең көне аңыздарына Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жатады. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелердің негізгі сюжеті — өмір мен өлім, адамның ажал алдындагы дәрменсіздігі.
Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз-әңгімелеріне, жырларына “Ер Төстік”, “Еділ — Жайық” эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған.
Ғұндардың керемет әпсаналарының біріне олардың басын біріктіріп үлкен мемлекет құрған Мөде тәңірқұты туралы аңыз-әңгіме жатады.
Бөрілі байрақ — ұраным. Ғұндар мен көне түркілердің өздерінің шығу тегі жоніндегі аңыздарының да тарихи мәні бар. Ол аңыздың бір нұскасы бойынша, ғұндар (түркілер) өзінің күншығыстағы көрші елінен қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылады. Жау әскері бір жас баланы өлтірмей, тастап кетеді. “Содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер еді” дейді көне аңыз
Мал түліктеріне байланысты аңыздар. Қазақтың көне аңыз-әңгімелерінде мал түліктерінің жебеушісі, пірі бар. Мысалы, қойдың иесі—Шопан ата, жылқының иесі—Қамбар ата, түйенің иесі—Ойсыл қара, сиырдың қолдаушысы — Зеңгі баба деп түсінген. Қазақ “Ойсыл қара, оңдай гөр”, “Қамбар ата, қолдай гөр”, “Шопан ата байыта гөр”,“ Зеңгі баба, жарылқай гөр”, — деп, малдың жебеушілерінен көмек сұраған.
ІҮ. Бекіту
1. Көшпелілердің мифтік аңыздарын сипаттаңдар. Олардың негізгі тақырыптары қандай?
2. Мал түліктерінің жебеуші пірлерін атаңдар.
3. Көшпелілердің халық ауыз әдебиеті мен жазуы қалай дамыған?
4. Қазақстан аумағында тұратын көне түрік тайпалары қандай болған? Олар қазақтарда сақталған ба? Мысал келтіріңдер.
5. Жыр-аңыздардан тарихи дерек алуға бола ма?
Ү. Үй тапсырмасы: §39. Қазақ фольклоры
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §40. Эпостық жырлар

Білімділік – Қазақ халқының шығармашылық дәстүрінің ерекшеліктерін, эпостық жырларының түрлерін, кезеңдерін көрсету, олардың тарихи маңызын түсіндіру

Эпостық жырлар. Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі—эпостық жырлар. Ә.Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген: 1) Архаикалық кезең. Ол исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Жоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады; 2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, “Қорқыт ата кітабы”, “Алдар көсе”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, т.б.; 3) Ноғайлы дәуірі (XIII—XVI ғғ.) — “Бөген батыр”, “Едіге батыр”, “Қобыланды”, “Ер Сайын”, “Қамбар батыр”, “Мұсахан”, “Орақ батыр”, т.б.; 4) Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы “Құба қалмақ” заманы. “Олжабай”, “Қабанбай”, “Бөгенбай”, т.б.; 5) Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.
“Алпамыс” жыры көшпелі түркі халықтарына ортақ эпостық шығарма. Белгілі фольклортанушы В.М.Жирмунский оның ең көне нұсқасын VI—VIII ғасырларға жатқызады. Алпамыстың бұдан кейінгі таралуы IX—X ғасырларға — оғыз, қыпшақ замандарына сай келеді. Алпамыс классикалық қаһармандық шығарма ретінде осыдан кейінгі кезеңде, қоңыраттар арасында көркемделіп жетілген деп есептеледі.
Көне эпостық шығармаға қазақтың “Құламерген, Жоямерген” жыры жатады. Жырда Хазар (Каспий) теңізі, Орал тауы, Болгар шаһары аталады. Қазақтың эпостық жырларының ішінде оқиғалық жағынан ең ескісінің бірі — “Мұңлық — Зарлық”. Бұл шығармада да мифтік, ертегілік, аңыздық сюжеттер басым.
Батырлар жыры. Қазақ халқының көне эпостық жырларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Қазақтың каһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” жатады.
Қазақтың “Қарасай Қазы”, “Шора батыр”, “Қырымның қырық батыры”, эпостанушылардың пікіріне карағанда, ноғайлы елінің ыдырап, жеке-жеке жұртқа бөлінген дәуірінде (XV ғасырдың соңы) туған жырлар.
Әлеуметтік-тұрмыс эпосы. Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — әлеуметтік- тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жеке бастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады.
Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде “Қозы Көрпеш — Баян сұлу", «Қыз Жібек», “Айман—Шолпан” секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары мұндай шығармалар қатарына қазақ халқына кең тараған, түп-төркіні шығыс елдерінен келсе де қазаққа төл туындысындай етене жақын болып кеткен бір топ ғашықтық жырларды да жатқызып жүр. Олар: “Жүсіп—Зылиха”, “Ләйлі—Мәжнүн”, “Хұсроун—Шырын”, “Сейфишәлік”, “Таһир — Зухра”, “Бозжігіт”, т.б.
Тарихи жырлар. Қазақ фольклорының тағы бір комақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндалса, екінші бір тұста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.
Түркі халықтарына ортақ, ноғайлы заманының тарихи жырларына Едіге батыр жайындағы жыр, аңыздар жатады. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, алтайлықтарда сақталған. Едігенің ұрпақтары саналатын Орақ, Мамай, Қарасай, Қази жайындағы жырлар, «Шора батыр», “Ер Сайын” тарихта болған ноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар.
Қазақтың тарихи өлеңдерінің қалың жұртқа белгілісінің бірі — “Елім-ай” өлеңі. Белгілі фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың сөзімен айтқанда: “Бір замандағы ел басына душар болған қайғылы оқиғаның елесіндей бұл шығарма тек көркем мұра ғана емес, саяси құжаттың орнына да жүргендей”.
ХҮІІІ ғасырдағы тарихи жырларға Абылайға арналған жырлар, “Қабанбай батыр”, “Бөгенбай”, “Шақшақұлы ер Жәнібек”, “Олжабай батыр”, “Сырым батыр”, “Арқалық батыр”, т.б. жатады. Бұл жырларда, негізінен алғанда, қазақ батырларының жоңғарларға қарсы күресіндегі ерлік жолы баяндалады.
ХІХ ғасырдың тарихи оқиғаларын суреттейтін жырлар да мол. Оның ішінде Кенесары—Наурызбай бастаған халықтық қозғалысқа арналғандары — “Қиса Наурызбай төре”, «Кенесары — Наурызбай дастаны», “Кенесары поэмасы”. “Қиса Наурызбай төрені” Жүсіпбек Шайхисламұлы, “Кенесары—Наурызбай” дастанын Хан Кененің жорықтарына қатысқан, барлық оқиғалардың куәсі болған Нысанбай жырау шығарған. Кенесарыға арналған, оның ерлік жолын дәріптеген, көбіне авторлары белгісіз жоқтау, мақтау өлеңдері де аз емес.
ХІХ ғасырдың тарихи өлеңдеріне “Исатай—Махамбет”, “Бекет батыр”, “Жанқожа”, “Досан батыр”, “Еңлік—Кебек”, “Қалқаман— Мамыр”, “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр” жырларын жатқызуға болады.
Кезінде Сүйінбай Аронұлы, одан соң Жамбыл Жабаев жырлаған “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр” жырлары Жетісу жерінен шыққан ХҮІІІ ғасырда Жоңғар шапқыншылығына, XIX ғасырдың ортасында Қоқан басқыншыларына қарсы күрескен батырлар жөніндегі эпостық өлең шежіре.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жөнінде сол көтерілістерді көзбен көрген Омар Шипиннің, Кенен Әзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, Сәт Есенбаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлең-жырлары тарихи деректердің бір бөлігін құрайды.
Сонымен, көне мифтер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, тарихи жыр-өлеңдер — мұның бәрі де қазақтың тек әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, тарихи қайнар-бұлақтар деп қарастырған жөн.
ІҮ. Бекіту
Ү. Үй тапсырмасы: §40. Қазақ фольклоры
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының антропологиялық бет-бейнесінің қалыптасу кезеңдері

Білімділік - оқушыларға қазақ халқының қалыптасуы туралы анропологиялық деректертерде келтірілген жазбалармен, пайымдаулармен таныстырып, қорытынды жасау

Антропология деген не? Халықтың шығу тегін зерттеуде антропологиялық деректердің мәні зор. Антропология — адам ағзасының белгілі бір географиялық ортада, белгілі бір уақыт шеңберінде өзгеруін, осы өзгерістердің неден, қалай болатыны заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Антропология ғылымын үш сатыға бөлу қалыптасқан:
-
Адам морфологиясы;
-
Адам баласының шығу тегін зерттейтін сала (антропогенез);
-
Нәсілдерді зерттейтін сала (расогенез).
Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр- сипаты. Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны дөңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.
Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны қусырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген.
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропеоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.
Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды.
Түрік дәуірінің антропологиясы. Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар казіргі қазақтардың тұрпатына жақын.
Антрополог О.Исмағұловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеуші тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады.
Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет пішінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалған.
ІҮ. Бекіту
1. Антропология ғылымы нені зерттейді?
2. Қола дәуірі адамдарының түр-сипатындағы ерекше белгілер қандай?
3. Монғолдар қалыптасып келе жатқан қазақ халқының бет пішініне қандай өзгеріс әкелді?
4. Адамның антропологиялық түрінің калыптасуы қандай факторларға байланысты?
Ү. Үй тапсырмасы: Қазақ халқының антропологиялық бет-бейнесінің қалыптасу кезеңдері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §32. Қазақ халқының қалыптасу мәселелері

Білімділік- оқушыларға қазақ халқының қалыптасуы туралы ғалымдар мен зерттеушілер көзқарастарымен бөлісіп, халықтың қалыптасу тарихын айту

Халық болып қалыптасу үдерісі. Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе.
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:
-
халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;
-
халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
-
өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
-
халықтың тілінің қалыптасуы;
-
халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
-
халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Тілдік сипаты. Қазақ тілінің де қалыптасуы — ұзақ глоттогенездік (тілдің шығу тегі) байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген тайпалардың қай тілде сөйлегені жөнінде нақты дерек жоқ. Көне түркі жазушы зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, сақ қорғандарынан табылған жазулар көне түркі руникалык әліпбимен төркіндес.
Түркі тілі Орталық Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің арғы төркіні Оңтүстік-батыс Азиядағы б.з.д. 4—3-мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктердің тілімен үндесіп жатыр. Тілші ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумер тілінің ескерткіштерінде көне түркі тіліне тән көптеген лексикалық сәйкестіктер бар.
Шумерліктер мен түріктердің көптеген мәдени-рухани байланысы бар екендігін және алғаш рет көне түркі тілдерінің маманы А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші ғалым О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді. О.Сүлейменовтің шумер-түркі тілдері салыстырмасында 60 сөз бар екендігін айтады.Міне солардың кейбіреулері:
|
|
Шумер тілі |
Түркі тілдері |
|
1. |
Ада — әке |
Ата (Ада) — әке |
|
2. |
Ана — шеше |
Ана, Апа — шеше |
|
3. |
Ту — туу |
Туу — туу |
|
4. |
Туд — туу |
Туды — туды |
|
5. |
Тир — тіршілік |
Тірі, тіршілік |
|
6. |
Шуба — бақташы |
Шопан — бақташы |
|
7. |
Ру — соғу |
Ұру — соғу |
|
8. |
Гаг — кіргізу |
Қақ, кағу — кіргізу |
|
9. |
Таг — тағу |
Тақ, тағу |
|
10. |
Заг — жак |
Жак |
|
11. |
Заггин — жақындау |
Жақын |
|
12. |
Ме — мен |
Мен |
|
13. |
Ане — анау |
Әне |
|
14. |
Уш — үш |
Үш |
|
15. |
Ен — өте |
Ең |
|
16. |
Кен — кең |
Кең |
|
17. |
Узук — ұзын |
Ұзын |
|
18. |
Уд — от |
От |
|
19. |
Дингир — Құдай, аспан |
Тәңір |
Этносаяси, аумақтық тұтастық. Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды.
Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.
Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы. ХҮ ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы.
Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулық- тайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ темлекеті деген ұғымдар қалыптасты.
Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:
1. Ру-тайпа.
2. Халық.
3. Ұлт.
Алаш-қазақ атауы. Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — “Алаш мыңы”. “Алаш мыңының” “қазақ” атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді.
Қазақ атауы. “Қазақ” атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер ХҮІІІ ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.
Бүгінгі таңда “қазақ” этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, “қазақ” деген сөз “қаз” және “ақ” деген сөздерден шыққан. “Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат”, — дейді немесе: “қазақ” атауы “қас” (хас) — нағыз және “сақ” — көне замандағы сақтар атауынан кұралған және “хас-сақ” — нағыз сақ деген ұғымды береді”, — дейді.
1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшак сөздігін жасатқан. Онда “қазақ” деген сөзді “еркін, кезбе” деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.
“Қазақтар” термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына Өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп “қазақ” термині этностық мәнге ие болған.
ІҮ. Бекіту
1. Қазақ халқы этногенезінің аяқталу кезеңі қандай тарихи оқиғалармен байланысты?
2. Қазақ тілінің дамуына қандай тілдер ықпал етті?
3. Халықтың қалыптасуы үшін қандай шарттар қажет?
4. Қазақ халқының қалыптасуында оның мемлекеттілігінің орны қандай болды
Ү. Үй тапсырмасы: §32. Қазақ халқының қалыптасу мәселелері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Қазақ жүздерінің шығуы. Қазақ халқының этникалық құрамы

Білімділік- оқушыларға қазақ жүздерінің қалыптасуы, олар туралы пікірлермен таныстыру, қазақ жүздерінің территориясы мен құрамы туралы айту

Көрнекіліктер: оқу құралдары, орта ғасырлардағы Қазақстан картасы, шежіре

Жүздік құрылым туралы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ. Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың “жүз” деген сөзін арабтың “джуз” — бір нәрсенің “басты белігі”, “тармақ” деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына карай кездеседі.
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты.
Ұлы жүз тайпалары. Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады: сарыүйсін, шапырашты, ошақты, ысты, албан, суан, дулат, сіргелі, каңлы, жалайыр, шанышқылы. Ұлы жүз тайпа- ларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.
Орта жүз тайпалары. Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды “алты арыс” дейді): арғын, найман, қыпшақ, коңырат, керей, уақ. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Орта жүз тайпаларының жан саны мөлшермен 1 млн 350 мыңдай болды. Ал Қытайдағы, Монғолиядағы керей, уақ, наймандарды қосқанда, 1 млн 500 мыңнан астам болған.
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.
Кіші жүз тайпалары. Кіші жүз казақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, теменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймакты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды.
Байұлы 12 атадан тұрды. Олар: шеркеш, есентемір, таз, ысық, адай, беріш, байбақты, қызылқұрт, тана, масқар, алаша, алтын, жаппас. Кей шежірешілер алтын мен жаппасты біріктіріп (алтын-жаппас) бір ата деп есептейді.
Әлімұлын алты ата әлім дейді. Олар: шекті, шөмекей, төртқара, кете, қаракесек, қарасақал. Әлімұлы рулары кыста Жем мен Каспийдің арасында, Арал теңізінің солтүстік-батысына дейін, Борсық құмдары, Қарақүм, Қуандария мен Жаңадарияның аралығын қыстаған. Жазда Ақсақал көлінен солтүстікке қарай Торғай, Тобыл, Ырғыз, Ор, Елек, Қобда, Жем, Ойыл өзендерінің бойында, Мұғалжар тауларында көшіп жүрген.
Жетіру аты айтып тұрғандай, жеті рудан тұрады. Олар: табын, тама, кердері, керейт, телеу, рамадан және жағалбайлы. Жетіру аталары кыста Сырдарияның орта ағысын және сол маңдағы аумақтарды қыстаса, жазда солтүстікке карай жылжып көшіп, Орал тауы баурайына дейін баратын.
ІҮ. Бекіту
1. Қазақ жүздерінің мәні, олардың кұрылуы жөнінде қандай пікірлерді білесіңдер
2. Ұлы, Орта, Кіші жүз бірлестіктеріне жататын тайпаларды атаңдар.
3. Сендер қалай ойлайсыңдар, қазақ халқы Ұлы, Орта және Кіші жүздерге неліктен бөлінген?
4. Ұлы, Орта және Кіші жүздер тайпаларының орналасуы
Ү. Үй тапсырмасы: Қазақ жүздерінің шығуы. Қазақ халқының этникалық құрамы
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §46. Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнері
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Білімділік- оқушыларға қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігімен қолөнері туралы толық мағлұмат беру

А) Тапсырылған презентацияны қорғау
1. Қазақ музыкалық аспаптарының қандай түрлерін білесіңдер?
2. Қазақ музыкалық фольклорының кезеңдерін атаңдар.
3. Қазақта қандай әншілік, күйшілік мектептер болған?
4. Қазақтың атақты әнші-күйшілерін, олардың әйгілі шығармаларын атаңдар.
5. Қазақтың қоғамдық өмірінде айтыс қандай маңызға ие болды?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақ қоғамындағы өндірістің тағы бір түрі — үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының шаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылықтан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастар сұранысын өтеуге бағытталды. Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшілігі деп аталды.
Жүннен жасалатын
бұйымдар. Малдың жүні қазақ тұрмысында кеңінен қолданылды. Оның
ішінде қой және түйе жүндері ерекше орын алды.
Киіз
басу. Киіз басуға қойдың күзде қырқып алынған күзем жүнін
пайдаланған. Алдымен, киізге арналған жүнді тазалайды. Ол үшін
жүнді тулаққа салып, сабау ағашпен тулақтың жан-жағынан отырып алып
сабаған. Сонда жүн шаң-тозаңнан, шөп-шаламнан арылады және ұйысы
жазылады. Тулақ дегеніміз — сиырдың иленбеген, керіп кептірген
қатты терісі. Ал сабауды бұтақсыз түзу талдан, жыңғылдан,
тобылғыдан жасаған. Жүн сабау, әдетте, ойын-сауықпен өтеді. Қазақта
оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай
киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген
соң бетіне бояған жүннен ою салады.
Ши тоқу.
Қазақта ерте заманнан-ақ
ши тоқу өнері қалыптасқан. Шиді кереге сыртына тұту үшін, үйдің
аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап қою үшін, киіз үйдің есігіне
ұстау үшін және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген, киіз
басу үшін де, құрт жаю үшін де пайдаланған. Тұтылатын шиге боялған
жүн орап, өрнектеп безендірген. Мұны «шым ши» деп
атаған.
Тері өңдеу.
Мал терісі қазақ
тұрмысында өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске әр түрлі терілер
пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берген.
Мысалы, қара мал терілерін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша
терісі, бұзау терісі деп төртке бөлген. Әр терінің өн бойындағы
жекелеген бөліктерінің де атауы болған — жондық, қабырғалық, үйек
бас тері, пұшпақ, мойын терілері. Жылқы терісін — бие терісі,
жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе терісін атан терісі,
бота терісі деп екіге бөлген. Атан терісі, өгіз терісі және олардың
жондықтары қазақ қолөнерінде өте кең қолданылған.
Темір
ұсталығы. Қазақ ұсталары темірді, қалайыны, қорғасынды, алтынды,
күмісті балқытуды білді, қалайы мен жезден, алтын мен күмістен
қоспа жасай алды. Металл қасиеттерін жақсы білген қазақ ұсталары
олардан құю, соғу, таптау, қақтау жолымен, басып өрнек түсіру, зер
салу, қаралау, безендіру (гравировка) арқылы түрлі қару-жарақ,
құрал-сайман, әшекей заттар жасады.
Зергерлік бұйымдар. Білезік, сырға, сақина, шолпы, т.б. әшекей
заттарды жасаушы, алтын, күміс, мысты жаратушы темір ұсталарын
зергер деп атаған.
Қазақ темір ұсталарының шеберханасы дүкен деп аталды. Ұсталық,
зергерлік өнердің негізгі құралдары —көрік, төс, үлкен, кіші
балғалар, қышқаш, тістеуік (кемпірауыз), кескіш, тескіш, т.б.
Көмейдегі отты қоздырып, оның температурасын көтеру үшін оған
астынан жел үрлеуге көрік пайдаланылады.Көрік бет ағаш, орта ағаш,
ортаңғы ағаштан тұрады. Беттескен көрік ағаштарын түтіктен басқа
жерінен жел шықпайтындай етіп терімен қаптайды. Көрікке түйенің
мойын терісін, серке, қой терісін илеп
пайдаланады.
Ағаш ұсталығы.
Қазақ тұрмысында
ертеден-ақ ағаш ұсталығы жақсы дамыған. Ағаш ұсталары киіз үйдің
сүйегін, арба, қайқыбас төсек, кебеже, жүкаяқ, сандық, үстел
жасаған. Ер қосатын ершілер де ағаш ұстасы болып саналады. Сонымен
қатар ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті астау, ағаш табақ, тегене,
ожау, ағаш шелек, көнек, піспек, күбі, саптыаяқ, т.б. заттар
жасаған.
Ағаш ұсталығына пайдаланылатын негізгі құралдар: балта, шот, балға,
қашау, үскі, бұрғы.
Қазақ ағаш өнерінің ең бір кең тараған түрі — ершілік өнері. Ерге
қайың, үйеңкі, қара мойыл сияқты мықты ағаштарды
таңдаған
ІҮ. Бекіту
1. Үй кәсіпшілігіне қандай кәсіптер жатады, олардың мәні қандай?
2. Жүннен қандай бұйымдар жасалады?
3. Киіз басу, тоқымашылық өнерлерінің қандай түрін білесіңдер?
4. Теріден жасалатын бұйым түрлерін атаңдар.
5. Ұста жасайтын бұйым түрлерін атаңдар.
6. Қазақтың тағы басқа да үй кәсіпшілігі мен қолөнері туралы әңгімелеңдер.
Ү. Үй тапсырмасы: §46. Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §48. Қазақтың дәстүрлі заттық мәдениеті
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Білімділік - оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық - Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту, өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

1. Әдет-ғұрыптардың түрлері және олардың жіктелу принципі туралы не білесіңдер?
2. Отбасылық әдет-рұрыптарға не жатады?
3. Қазақ баласына неге жеті атасын білуді талап етеді деп ойлайсыңдар?
4. Наурыз мейрамының мән-мағынасын, маңызын ашып көрсетіңдер.
5. Тақырып бойынша пікірталас: “Қазақтар — кеше, бүгін, болашақта”.
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақ халқының материалдық мәдени дәстүрі. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. Материалдық мәдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.
Ұлттық материалдық мәдениетте оның дәстүрлі ерекшеліктері анық көрініс табады. Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениетінің ең бір көрнектісі де көнесі — киіз үй.
Киіз үй тарихы. Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамының материалдық мәдениет саласындағы үлкен бір жетістігі — киіз үй. Бүгінгі таңда киіз үйдің 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
Көшпелі сақтарда үлкен арбаның үстіне тіккен (орнатқан) киіз жамылғылы баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстан жерін жайлаған ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр.
Жиналмалы керегесі бар, уық, шаңырағы бүгінгі қазақтың киіз үйіне ұқсас жылжымалы баспана түркі заманында толық қалыптасқан болуы керек. Орхон-Енисей көне сына жазбаларында киіз үй ұғымын білдіретін “керагу” деген сөз кездеседі.
Моңғолдар керегесі бар киіз үйді түркілерден шамамен XIII ғасырда қабылдаған. XV—XVI ғасырларда Еуразия даласында киіз үйдің екі түрі — түркілік және моңголдық түрлері қалыптасады.
Қазақтың күнделікті өмірде пайдаланған үйлері дәулетіне қарай төрт қанаттан сегіз қанатқа дейін болған. Әйгілі ғалым Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда, салтанатты орда үйлері 12,18, тіпті 30 қанатқа дейін болған. Кереге желкөз және торкөз болып екі түрге бөлінеді.
Отырықшы баспаналары. XV—XVIII ғасырларда отырықшы қоныс-үйлердің 4 түрі болды. Олар қыстау, қыстақ-қоныс, тастан, топырақтан салынған бекінісі бар уақытша қорған және қала (кент).
XVIII—XIX ғасырларда Қазақстанның көпшілік аймақтарында қыста қыстайтын қыстаулар болған.
Қазақстанның көпшілік өңірлерінде, өте ертеден келе жатқан там үйдің бір түрі — жартылай жеркепе қолданыста болған. Оларды салғанда жерді 1—1,5 м етіп тереңдетіп қазып, қабырғасын 50—60 см етіп шымнан, қам кірпіштен, тастан көтерген.
XIX ғасырдағы қазақ қыстауларының көпшілігінде үйлер мен шаруашылық қоралары жапсарласа салынып, біртұтас кешенді құраған.
Үй жылытатын пештің үш түрі болды: тік мұржалы қазандық, бірнеше құдықты қабырғасы бар қазандық және темір пеш.
Үйлердің төбесі: тегіс төбелі және екі жаққа көлбеу төбе болды. Бұл төбелер қазіргі екі сайлы шатырлар сияқты тік емес, жай ғана көлбеу болып келетін.
Қазақ қыстаулары, әдетте, кыста желдің өтінен сақтайтын ықтасын жерлерде, өзен-бұлақтардың жағасында орналасты.
Қазақтың дәстүрлі киімдері мен әсемдік заттары. Күнделікті тұрмыста киетін киімдермен қатар той-томалаққа, жиынға киетін киімдер болады. Сал-серілер, ел жақсылары, бой түзеген бойжеткен- дер, бозбалалар әдемі киініп жүретін болған.
Киім ерлер киімі, әйелдер киімі деп бөлінген. Жас ерекшелігіне қарай кішкене балалардың, бозбала-бойжеткендердің, орта жастағы адамдардың, қариялардың киімі болып тағы да бөлінеді. Киімдер, сонымен қатар баскиім, ұлы дене киімдері және аяқкиім болып бөлінеді.
Ерлердің киімі — ішік, тон, шапан, шалбар (сым) және өте көне заманнан XIX ғасыр мен XX ғасырдың басына дейін келіп жеткен түрі — кебенек, күпі, жарғақ (тайжақы).
Ішік — иленген теріден жүні ішіне қаратып тігілген қыстық киім.
Тон — иленген теріден, көбінесе қой терісінен тігілетін киімнің бір түрі. Тон жіліншікке, одан төмен толарсаққа дейін түсетіндей етіп жасалады.
Шапан — ішіне жүн, мақта тартып, қалың матадан тігілетін киім. Шапан қыстық, жаздық болып бөлінеді. Жұқалау етіп тігілген жаздық шапанды жадағай шапан дейді.
Күпі — қойдың, түйенің өлі жүнін тартып жасалады.
Кебенек — киізден істелген шапан сияқты жалбағай киім. Кебенек ұзындығы аяқтың басына дейін түсетіндей кең етіп пішіледі.
Шекпен түйе жүнінен жасалған матадан тігілетін сырт киім, ол астарсыз болады.
Ерлер баскиімі — тымақ, бөрік, тақия, қалпақ, жалбағай. Ерлер аяқкиімі — мәсі, етік, саптама, кебіс, шақай (шоқай, шөрке) болып бөлінеді. XVIII—XIX ғасырларда кең қолданыста болған аяқкиім — саптама. Оның өкшесі биік, басы қайқылау болып, қонышы тізеден асатын бұл қыстық аяқкиімді киіз байпақпен киген.
Әйелдер киіміне — кейлек, камзол, белдемше, шапан, кестелі тон жатады.
Қазақ қыздары шаш өру дәстүріне айрықша мән берген. Кішкене кезінде ұсақ-ұсақ бірнеше өрім жасап, одан соң оларды бір, не екі бұрымға жинап, түрлі әшекей таққан. Бойжетіп келе жатқан қыз баланың шашын міндетті түрде бір бұрым, ал ұзатылар алдында шашын екі бұрым етіп өрген. Бұл жалғыздықтан жұптық өмірге өтудің белгісі сияқты ғұрып.
Ұзатылар қыздың сәукелесі — қазақ әйелдері киімінің ішіндегі ең бір салтанаттысы.
Қазақ әйелдерінің баскиіміне — жаулық, кимешек, күндік жатады.
Қазақ әйелдерінің аяқкиіміне мәсі, етік, кебіс жатады.
Ұлттық тағамдар, ыдыс-аяқ. Қазақ халқының қай тағамы да оның шаруашылығымен, күнкөріс тіршілігімен тығыз байланысты. Негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары еттен, сүттен жасалады.
Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше жылқы, он шақты қой, бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын да, етін тұздап тошалаға іліп сақтайтын.
Сүт тағамдары да өте бай. Олар әсіресе көктем, жаз кезінде көп пайдаланылады. Сүт тағамдарына құрт, ірімшік, сары май, қымыз, қатық, шұбат, айран, іркіт жатады.
Қазақтың ыдыс-аяғы, негізінен, теріден, ағаштан және сүйектен жасалатын.
XIX ғасырда қазақ тұрмысына мыс, темір шәугім, шыны пиала, шәйнек, самауыр ене бастады.
Әскери өнер. Қазақ әскери өнері түгелдей көне түркілердің әскери өнеріне негізделген.
Әскердің сан жағынан ең кіші бөлігі ондық аталады да, ондықтардың тағы да оны қосылып жүздік, он жүздіктен мыңдық, олардың оны түмен (он мың әскер) құрайды.
Қару түріне қарай әскер садақшылар, найзагерлер, айбалташылар, қылышкерлер болып бөлінген. Ал шоқпар, күрзімен айқасатындарды балуандар деп атаған.
Айқас кезінде әскерді басқару үшін, оған дыбыстық белгілер беру үшін әскер құрамында керней, сырнай, дабыл, дауылпаз ойнайтын музыканттар тобы да болған.
Қару-жарақтары. Қазақта “ерқаруы — бесқару” деген сөз бар. Ол бес қаруға ату қарулары (садақ, жақ, жай); түйрегіш қарулар (найза, сірңгі, жыда); кесу қаруы (қылыш, семсер, сапы.); шабу қаруы —айбалта; соғу қаруы жатады.
Қорғаныс құралдарына сауыт, дулыға, қалқан жатады. Дулыт—басты қорғайтын баскиім. Олардың бөрік пішіндісі, қалпақ пішіндісі, телпек (тақия) тәріздес және күлөпара пішіндес түрі болады.
Қалқан да ертеден келе жатқан құрал. Ол сақтардан бері белгілі. Ат үстінде соғысуға арналған көшпелілер қалқаны кішкене, жеңіл болып келеді.
ІҮ. Бекіту
1. Киіз үй қашан пайда болған және оның қалыптасу эволюциясы жөнінде не білесіңдер?
2. Киіз үйдің негізгі бөліктерін атаңдар.
3. Отырықшы баспаналар және олардың қалыптасуы жөнінде не білесіңдер?
4. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңдар.
5. Қазіргі тұрмыста қолданатын ұлттық материалдық мәдениет заттарын атап шығыңдар.
Ү. Үй тапсырмасы: §48. Қазақтың дәстүрлі заттық мәдениеті
ҮІ. Бағалау
І. Сәйкесін тап
|
|
Жауап |
|
|
1. Ішік |
|
1. иленген теріден, көбінесе қой терісінен тігілетін киімнің бір түрі. |
|
2. Тон |
|
2. киізден істелген шапан сияқты жалбағай киім. |
|
3.Шапан |
|
3. иленген теріден жүні ішіне қаратып тігілген қыстық киім. |
|
4. Кебенек |
|
4.ішіне жүн, мақта тартып, қалың матадан тігілетін киім |
|
5.Шекпен
|
|
5.түйе жүнінен жасалған матадан тігілетін сырт киім, ол астарсыз болады. |

Сабақтың тақырыбы: Моңғол ұлыстары билігі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси дамуының ерекшеліктері

Білімділік – оқушыларға ұлыстық жүйенің орнауы және мемлекет құру ісі туралы, саяси құрылымы туралы түсіндіру
Дамытушылық - оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлануға дағдыландыру жұмысын жалғастыру.

1. Моңғолдардың жаулаушылық саясаты қазақ жерінің этникалық құрамына қандай өзгеріс әкелді?
2. Едәуір кеңістікті жаулап алған моңғолдар неліктен Алтын Орданың жетекші тайпалары бола алмады?
3. Мемлекет әлдеқашан өмір сүріп жатқан ортағасырлық кезеңде халықтардың ру-тайпалық бөліністерінің сақталып қалуы немен байланысты болды?
4. “Шыңғысхан кім? Шыңғысханның адамзат тарихынан алатын орны қандай?” тақырыбына дайындалу
ІІІ. Жаңа сабақ
Ұлыстық жүйенің орнауы және мемлекет құру ісі. Шыңғысхан әскері 1219—1224 жылдары Қазақстан мен Орталық Азияны жаулап алды. Қаған Xорезм жорығынан қайтар жолында Ертістің жоғарғы сағасы, найман жерінде (Алтай өңірі) ат басын тіреп, үлкен жиын өткізді. Бұл жиында басып алған жерлерді Шыңғысхан Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарына бөлді.

Ортағасырлық түркі және моңғол тілдерінде “ұлыс” мемлекет мағынасында қолданылған. Ұлыс иелігі Шыңғысхан ұрпақтарына мұрагерлік жолмен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді.
Ұлыстар өз кезегінде неғұрлым ұсақ үлестерге бөлінді. Хан жанынан хан кеңесі шақырылды. Оған хан туыстары, дінбасылар қатысты.

Жошы-Қыпшақ ұлысы (орыс деректерінде — Алтын Орда мемлекеті). Жошы ұлысының тарихы — Қазақстандағы моңғол билігі дәуірінің аса маңызды кезеңіне жатады. Жалпы бұл кезеңдердің тарихы туралы мәліметтер моңғолдардың ежелгі жазбалары “Құпия шежіре”, “Алтын товч”, “Шара туджи” сияқты шежірелерден алынған.
Қыпшақ даласы Жошы ханнан кейін оның ұрпақтарының қолына көшті. Жошы ұлысы оның
баласы Бату хан тұсында экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мемлекет жерінің көлемі ұлғайды. Сонымен Жошы мемлекетінің бас билеушісі болған Бату Алтын Орданы көтеріп, оң қанаттағы қолды бастап, батысқа кетті. 1235-1242 жылдары Бату ханның жорығы нәтижесінде Жошы ұлысы батысқа қарай созылып оң және сол қанатты үлкен алып мемлекетке айналды
Жошы ұлысы әскери жүйедегі мемлекет болды. Мемлекеттің шекарасы Ертістен Днепр, Батыс Сібірден Жетісу, Сырдарияға дейінгі аумақты алып жатты.
Солардың бірі Ақ Орда — Қазақ мемлекеті болды. Мемлекет әскери жағынан түмендік жүйеге, әкімшілік басқару тұрғысынан округтерге бөлінді. Хорезм аймағы бірінші округ, Дешті Қыпшақ екінші округ құрамына енді.
Шыңғысханның “Ұлы Жасақ” заңы негізінде әскери істі — беклербегі, азаматтық істі — уәзірлер, салық жинауды даругалар, басқақтар атқарды.
Зерттеушілердің есебі бойынша, моңғолдар дәуірінде алым-салықтардың 20-ға жуық түрі болған.
Жошы ұлысы (Алтын Орда) ыдырағаннан кейін (XV ғасырдың 30—70-жылдары) оның орнына жаңа мемлекеттер: Қырым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Сібір хандығы, сондай-ақ Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы құрылды. Олардың бәрі хан атынан елді басқарды.
ІҮ. Бекіту
1. Алтын Ордадағы басқарудың және жаулап алған елдердің жерлерге иелік етудің ұлыстық-үлестік жүйесі қалыптасты. Осы саяси құрылымның мәнін ашып көрсетіңдер. Құрылтай, беклербек, диван, уәзір, даругтар, басқақтар сияқты билік ұйымдары мен лауазымды бірліктердің функцияларын анықтап беріңдер.
2. Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ақ Орда, Өзбек ұлысы атауларының пайда болуын түсіндіріңдер.
Ү. Үй тапсырмасы: Моңғол ұлыстары билігі дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің саяси дамуының ерекшеліктері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: ХІҮ ғасырдың екінші ширегі мен XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы жеке хандықтардың даму ерекшеліктері

Білімділік – Алтын Ордадан кейін құрылған хандықтардың саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету

Көрнекіліктер: оқу құралдары, орта ғасырлардағы Қазақстанның картасы

2. Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ақ Орда, Өзбек ұлысы атауларының пайда болуын түсіндіріңдер
ІІІ. Жаңа сабақ
Ақ Орда — қазақтың алғашқы мемлекеті. XIV ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Орданың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында — Ақ Орда мемлекеті оқшаулана бастады. Бұрынғы Қыпшақ хандығының жері Ақ Орданың негізгі аумағын құрады. Ақ Ордада Жошының тұңғыш ұлы Орда Ежен әулеті билік құрды. Ақ Орда Жошы ұлысының әскери сол қанаты Дешті Қыпшақ атанған қазіргі қазақ даласында құрылды. Моңғол шежірелерінде Орда Ежен мұрагерлері 13 ұрпаққа дейін жалғасады.
Орталығы Сығанақта орналасты. Ақ Орданы Орыс хан (1361—1376/77 жж.), оның баласы Барақ (1423—1428 жж.) билеген жылдарда Шығыс Дешті Қыпшақтағы қуатты мемлекетке айналды.
Ақ Орда — моңғолдардан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағында жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш ірі мемлекеттік құрылым. Онда Қыпшақ бірлестігінің құрамына кірген халықтардан басқа байырғы қыпшақтар, қаңлы, наймандар, арғындар, үйсіндер, қарлұқтар, жалайыр, т.б. мекендеді. Ақ Орданың аумағы (Ертістен Сырдарияның құйяр тұсы, Саураннан — Арал, Қараталдан Төменге (Тюмень) дейінгі) қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін (шамамен 60—65%) қамтыды.
Ақ Орданың шаңырағын алғаш көтерген Жошы хан ұлы Орда Еженнің жетінші ұрпағы Орыс хан. Ол Ақ Орданың алғашқы дербес билеушісі, қазақ хандарының атасы (Қазақ мемлекетінің алғашқы ханы) деп танылады.
Қазақ мемлекетінің алғашқы қарулы қолы “Алаш мыңдығы” Орыс ханның тұсында құрылды.
Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қыпшақ-қазақ тілі мемлекеттік жазба тілге айналды. Ақ Орда кейін Қазақ хандығы атымен Қазақ мемлекеті қайта құрылуының алғышарты болды.
Ақ Орданың дербес мемлекет ретінде қалыптасу үрдісі төрт кезеңнен өтті:
1. Ақ Орда алғаш шаңырақ көтеріп, Алтын Ордамен саяси арақатынасы қалыптасқан жылдар (1224—1243, 1245);
2. Ақ Ордадағы Орда Ежен ұрпақтарының ел дербестігі үшін жүргізген күрес кезеңі (1250—1370);
3. Орыс хан билігі, Темір шапқыншылығы қарсаңындағы Ақ Орда (1370—1405,1410);
4. Орыс хан ұрпақтарының Әбілқайыр билігіне қарсы жүргізген күресі нәтижесінде Ақ Орда атауының “Қазақ хандығы” атауымен қайта жаңғыруы (1428—1465,1466).
Моғолстан. XIV ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы дербес батыс және шығыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлік Мауереннахр деп аталынып, Шығыс бөлік Моғолстан деген атқа ие болды.
Моғолстанның шекарасы шығысында Ертісті қоса алғанда қалмақ жеріне дейін жетті. Солтүстікте Балқаш бойымен өтіп, батыста Түркістан және Ташкентпен шектесті. Оңтүстікте Ферғана, Қашқар, Ақсу, демек, Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағын қамтыды. Бұл жерлерде, негізінен, түркітілдес халықтар мекендеді. “Моғолстан” термині могул, могол, моңгол деген сөздерден шыққан.
Мұндағы ірі түркі тайпаларының бірі — дулаттар (дұғлат) жетекші рөл атқарды. Кейбір деректерде Моғолстанды “дулат әмірлігі” деп те атайды. Әмір Болатшы бастаған, негізінен, көшпелі түріктенген ақсүйектер тобы Шағатай ұрпағы 18 жастағы Тоғылық Темірді (1347— 1878 жж.) хандық билікке отырғызады. Дулат әмірлері өз иеліктерін Ферғана мен Мауереннахрға дейін кеңейтуге ұмтылды. Хан ордасы Шағатай ұлысының бұрынғы астанасы — Алмалықта орналасты.
Ноғай Ордасы. Шыңғысхан иеліктерінің ыдырауы барысында бірнеше мемлекеттер пайда болды: Ақ Орда, Моғолстан мен Ноғай Ордасы; кейіннен Ақ Ордадан көшпелі Өзбек мемлекеті (Әбілқайыр хандығы) бөлініп шықты.
Алтын Орданың ыдырауы мен Ақ Орданың әлсіреуі кезінде ірі мемлекеттік бірлестік Ноғай Ордасы пайда болған еді. Оған XIV—XV ғасырларда Батыс Қазақстан аумағы енді. Жайық пен Еділ өзендері арасындағы ең ірі тайпа “Маңғыт жұрты” деп аталды. Ноғай Ордасының құрылуы 1396—1411 жылдары Алтын Орданы билеген Едігенің есімімен тығыз байланысты. 1419 жылы Едіге қаза тапқаннан кейін таққа отырған Нұраддин (1425— 1440 жж.) тұсында Ноғай Ордасының дербестікке ұмтылуы жалғасты. Этникалық жағынан ноғайлар өздерін маңғыттар деп атаған.
Әбілқайыр хан мемлекеті (1428—1468 жж.). XV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орда мемлекетінің ыдырауы барысында Қазақстанның далалық бөлігінде Әбілқайыр хан мемлекеті құрылды. Ақ Ордадағы билік Жошы ханның басқа ұлы Шайбани әулетіне көшті. Әулеттің бірінші ханы Әбілқайыр болды. Әбілқайыр Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағына енген Батыс Сібірдегі қазіргі Түмен қаласы өңірінде хан болып сайланды. Әбілқайыр Қажы-Тархан (Астрахан) ауданында Тоқа-Темір әулеті билеушілерін жеңіп, астанасын Орда-Базарға көшіреді. 1446 жылы ол Қаратау алқабы мен Сырдария жағалауындағы Созақ, Сығанақ, Аркөк, Аққорған, Үзкент сияқты қамалды қалаларды өз мемлекетіне қосып алды. Сөйтіп, астанасын үшінші рет өзгертіп Ақ Орданың бұрынғы орталығы Сығанаққа көшірді.
1457 жылы Әбілқайыр хан Сығанақ маңындағы Көккесене елді мекенінде ойраттың Үз Темір тайшысынан күйрей жеңілді. Бұл жеңіліс оның мемлекетінің саяси ыдырауына әкелді. Әбілқайыр ханның өзі 1468 жылы Моғолстанға жорық үстінде қайтыс болды.
XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттердің құрылымындағы моңғол дәстүрлерінің әсері. Бағындырылған елдердің көшпелі және жартылай көшпелі халқы Шыңғыс ұрпақтары ұлысының құрамына енді. Әкімшілік-әскери тұрғыдан жаңа жүйе орнықты (ондың — жүздік — мыңдық — түмен). Оларда сатылы бағыныштылық жүйесі қалыптасып, оларды көшпелі түркі-моңғол шонжарлары басқарды.
Қазақстан аумағында ежелден өмір сүрген ерте мемлекеттік құрылымдардың моңғол ұлыстарына бөлінуі бытыраңқылықты ұзартты. Түркітілдес халықтар мен бірлестіктердің біртұтас мемлекетке бірігу үдерісін тежеді, бірақ мүлдем тоқтата алмады. Сонымен бірге моңғол билігі Қазақстан халқының мұсылмандық Шығыспен, Еуропамен, Қытаймен халықаралық сауда, мәдени байланыстарын кеңейтті. Сөйтіп, жаңа сипаттағы мемлекет белгілерін өмірге келтірді.
Жер қатынастары Шығыстағы орта ғасырлар қоғамының әлеуметтік құрылысына ұқсас болды. Барлық жер мемлекет меншігі болып саналды. Шыңғыс әулетіне шыққандар осы иеліктің бір бөлігін (ұлысты) інжу ретінде алды.
XIV—XV ғасырлардағы мемлекеттерде бағынышты тәуелділік қатынастар — тархандық сый тарту жүйесі кең қолданылды. Мұндай сыйды алған адам мемлекет пайдасына салық төлеуден, тоғыз рет жазалаудан босатылды.
Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы этникалық жағынан біртектес саяси құрылымдар еді. Олар ақсүйектердің мүддесін қорғайтын және қатардағы малшы мен отырықшы халықты қанауға мүмкіндік беретін мемлекеттер болды. Дегенмен моңғолдар далаға біршама орталықтандырылған өкімет идеясын ала келіп, қала жағдайларға бейімделген дала заңдарын жасады. Мысалы, Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстігіндегі Масүдбектің ақша реформасы (1271 ж.), Кебек ханның реформалары (1321 ж.) мемлекетті орталықтандыруға бағытталды.
Мемлекеттік кеңселерде түркі жазуы (ұйғыр жазуы) қолданылды. Халық арасында азшылық болған моңғолдар XIII ғасырдың соңына қарай түркі тіліне көшіп, ислам дінін қабылдады.
XIV—XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер тікелей дербес қазақ мемлекеттігінің құрылуының алғышарты болды. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен даму тарихы оның көпғасырлық дәстүрі мен терең тамыры болғандығын көрсетеді.
ІҮ. Бекіту
1. Орта ғасырлардағы мемлекет тұрғындары мемлекет қазынасына қандай салық түрлерін төлеп тұрды? Көшпелі және отырықшы қоғам мүшелерінің салық түрлері қалай ажыратылды?
2. XIV—XV ғасырлардағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымын сипаттап беріңдер.
3. XIV—XV ғасырларда Қазақстанда жерге иелік ету мен жерге жекеменшіктің қандай түрлері болды?
4. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағында өмір сүрген
мемлекеттердің ортақ белгілерін анықтаңдар.
Ү. Үй тапсырмасы: ХІҮ ғасырдың екінші ширегі мен XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы жеке хандықтардың даму ерекшеліктері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §47.Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін білуге, оларды қастерлеуге, құрметтеуге, дәріптеуге тәрбиелеу
Білімділік - оқушыларды халқымыздың мәндә де мағыналы, сәнді әдет-ғұрып түрлерімен таныстыру
Дамытушылық – нағыз осы әдет-ғұрыптарымызды ұстанып, оларды ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыра отырып, елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» атты идеясын іске асыра алатынымызға көздерін жеткізу

Салт-дәстүр дегеніміз — халықтық жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы.
Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа белуге болады.
Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға құрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, кәмпит пайдаланылған. Шашудың мәні — жақсылық, молшылық, құт-береке тілеу.
Сүйінші — қуанышты хабарды, алдымен, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-кәдесі. Хабардың маңызына, сүйінші берушінің қолының ашықтығына қарай сүйінші көлемі әрқалай болады.
Көрімдік — қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде көрімдікті ұйымдастырушының алатын сый-көәдесі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге, күйеуге, нәрестеге, ботаға, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді.
С
алт-дәстүр
Отбасылық салт-дәстүрлер Қауымдық-қоғамдық ғұрыптар
Шілдехана Наурыз қарсы алу
Ат қою жайлауға, қыстауға көшу
қырқынан шығару
тұсауын кесу
атқа мінгізу
Айдар мен тұлым қою
Қыз үзату, келін түсіру.
Беташар
Қазақтың мұсылмандық ғұрыптары — ораза айт, құрбан айт. Ораза бітісімен үш күн ораза айты өтеді. Бұдан соң дәл 70 күннен кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар құрбандыққа мал шалады.
Өлген адамды жерлеу. Адамның демі таусылуға жақын қалғанда молда, не жөн білетін үлкен адам иман айтады. Кісі жантөсілім болғаннан кейін оның көзін жауып, аяқ-қолын созып (бүрісіп қалмас үшін), үйдің оң жағына аққа орап қояды.
Ең жақын туыстарына адам өлімі жөнінде хабар беру естірту деп аталады. Естіртуді суық хабардың өзін адамға өз жөнімен, сабырға шақыра отырып жеткізе алатын адамға тапсырады.
Қазақ, әдетте, өлген адамды үшінші күні жерлейді. Жерлерден бір күн бұрын қайтыс болған адамның қонақасын береді. Бұл мәйітті түнде күзетуге келген жақын-туыс, ауыл үлкендеріне берілетін ас.
Өлген адамды жерлерден бұрын оны арулап жуады, кебінге орап, жаназасын шығарады. Жаназадан соң бейітке апарып жерлейді.
Дүниеден қайтқан адамның жетісін, қырқын, жылын береді. Бұл мұсылмандық ғұрып емес, көнеден келе жатқан халықтық салт.

Ү. Үй тапсырмасы: §47.Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §49. Дін және руханият
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік - Мәдениеттілікке тәрбиелеу
Білімділік – орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуалды түсіндіру
Дамытушылық - пәнге деген қызығушылығын артырып, ойлау дағдысын қалыптастыру

5. Қазіргі тұрмыста қолданатын ұлттық материалдық мәдениет заттарын атап шығыңдар
ІІІ. Жаңа сабақ
Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан, қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні — Тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмнің, христиандықтың ықпалдары болды.
Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі — зороастризм. Бұл діннің негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен. Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы — от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Қазақтың не нәрсені отпен аластауы, отқа май құю рәсімі сол зороастризм қалдығы болса керек.
Қазақстан жерінен зороастризм орындары ашылған. Соның бірі — Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны. Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа күлін салып қоятын болған.
Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер “Бір Тәңірі” деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспаңдық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық “Алла”, “Құдай” ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек.
Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз — адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Фетишизм—белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі.
Анимизм — бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия — жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.
Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бумын қағанның ұлы Мұқан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде Ақбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда (Испиджаб) табылды.
Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты “Құдай емес, — адам, Құдайдың жердегі өкілі ғана” дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Христиан дінінің осы несториандық ағымы VII—VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұқтар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб, т.б. қалаларды қазғанда табылды. XIV ғасырда қазақ жерінен жүріп өткен Вильгельм Рубрук Қойлық қаласында (Іле жазығы) қасиетті Матвейдің монастыры болғанын хабарлайды.
Жалпы, христиан дінін қазақ жеріне, одан Шығыс Түркістанға, тіпті сонау Монғолияға дейін таратқан — Нестордың ізін қуушы сириялық христиандар еді. X—XI ғасырларда христиан дініне керейлердің, наймандардың біразы кіргендігі жөнінде тарихи деректер бар.
IX ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан мұсылман діні христиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері көп жерде мешітке айналдырылды. Бірақ монғолдардың жаулап алу кезеңінде (XIII ғ.) христиан дінінің ықпалы қайта күшейді. Өйткені кезінде монғол хандарының біразы христиан дінін қабылдаған болатын. Мысалы, Батыйдың ұлы Сартақ несториандық дінге үлкен қолдау жасаған. Жалпы, христиан діні қазақтың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарындағы ру-тайпалардың арасында әр жерде қауым болып, бірде әлсіреп, бірде күшейіп, XIV ғасырдың соңына дейін өмір сүрді.
Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды. Манихей діні — зороастризм, шаманизм, буддизм, христиандық діндердің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопотамиялық жазушы, суретші Мани деген ойлап тапқан. Оның қасиетті қағидалары “Бал ашу кітабында” жазылған. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды.
Ислам діні. Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. X ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. Оңтүстікте жақсы дамыған қала мәдениеті мұсылманшылықтың орнығуына оңды ықпал етті.
Мұсылмандық: суннит, шийттік болып екіге бөлінеді. Қазақтар оның сунниттік бағытына жатады.
Мұсылмандық: кентті (қалалы) өңірлерде, ең алдымен, оңтүстікте, содан соң Жетісуда таралып орнықты. Орталық, шығыс, солтүстік, батыс аймақтарындағы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтар арасында ислам діні XII ғасырға дейін біртіндеп таралды. Мұсылмандық этикасының, мәдениетінің қазақ жеріне таралуына әл-Фараби ат-Түрки, әл-Жаухари, Исхан әл-Фараби, әл-Қимани, Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йассауи, т.б. өлшеусіз еңбек етті.
Қазақтың ілім-білімдері. Қазақ халқы өзінің тұрмысында, шаруашылығында, дүниетанымында көптеген тиімді білімдерге қол жеткізген.
Қазақтың аспан әлемі, жұлдыздар жөніндегі түсініктері өте бай. Түнде жол жүріп келе жатқан жолаушы өзінің бағытын, уақыттың мезгілін жұлдыздар арқылы анықтаған. Қазақтың жол жүргенде басты бағдары болған жұлдыз — ол солтүстікте орналасқан Темірқазық жұлдызы. Темірқазық десе, темір қазық, ол ешқашан орнынан қозғалмайды.
Қазақ жұлдыздарға қарап жыл мезгілін де анықтаған. Үркер жұлдызының жерге жақындауы — көктемнің жақындап қалуының белгісі. Қазақ есепшілері Үркер жұлдызының орналасуына қарай жыл мезгілін анықтап отырған. Үркер күздің басында (қыркүйек) шығыстан, қыстың басында (желтоқсан) төбеден, көктемнің басында (наурыз) батыстан көрінеді, ал жазда мүлде көрінбей кетеді. Үркер көрінбеген жаз күндерін 40 күн шілде деп атайды.
Қазақтар дүниенің бағытын бетін шығысқа қаратып тұрып анықтаған. Шығыска беттеп тұрған адамның маңдай алды шығыс, арқасы—батыс, оң қолы — оңтүстік, сол қолы — солтүстікті бағыттаған.
Қазақтар Құс жолы деп аталатын, оңтүстіктен солтүстікке қарай ақ жолақ болып жатқан мыңдаған жұлдыздар шоғырын да бағдарлық белгі ретінде пайдаланған.
Таң ата туатын жазғы жұлдызды Шолпан деп атаған. Алысқа аттанатын жолаушы таң Шолпаны көрінісімен жолға шығатын болған. Қыста малды кешкі Шолпан жұлдызына қарап қораға кіргізген.
Қазақша ай аттарының мәні. Қазақта жыл басы — наурыз. Бұл ай атауы бізге Соғды мен Хорезм арқылы ежелгі парсы тілінен келген. Наурыз деген сөздің парсыша мағынасы “жаңа күн”. Көкек — бұл ай көкектің алғаш шақыра бастайтын айы, сондықтан оны осылай атаған. Мамыр — семірген дала қазының ұша алмай мамырлап қалуынан шыққан деседі. Енді бір түсіндіру бойынша мамыр — жыл құстарының балапаны. Маусым айының қазақта екі түрлі атауы бар: маусым және отамалы. Отамалы деген жер отайып, мал көкке қарық болды деген сөз. Шілде — парсының “чіллө” — қырық деген сөзінен шыққан. Тамыз айын қазақтар сарша тамыз деп атаған. Сарша — шөптің сарғая бастағанын білдірсе керек. Қыркүйек — бұл ай күйектің алынатын кезі, сондықтан қыркүйек атанған. Қазан — бұл ай атауына байланысты нақты дәлелді түсіндіру жоқ. Көпшілік зерттеушілер: “Бұл айда күздік соғым сойылып, қазан көбірек асыла бастайды, осымен байланысты”, — дейді. Қараша айында жер тақырланып, қарайып қалады, содан шыққан деген түсінік бар. Енді бір зерттеушілер қараша сөзін хараж— салық деген ұғымнан шығарады. Орта ғасырларда осы айда елден салық жиналатын болған. Желтоқсан (тоқсан деп те атайды) — жылдың ақырғы ширегі, наурызға дейін 90 күн қыс бар деген ұғымнан шыққан. Қаңтар — күннің “қаңтарылып байланатын”, одан ары қысқара алмайтын айы. Қаңтарда күн қысқарып, түн ұзарып болады. Ақпан — малдың жұтауы, суық желден ығатын кезі. Ақпан сөзін ғалымдар, “ақ-ықпа” деген сөздің бірігіп кеткен түрі деп есептейді.
Мүшел. Қазақ жылды мүшел арқылы қайырған. 12 жылда бір мүшел болады деп есептеген. Мүшелге кіретін 12 жылдың әрқайсысы хайуанаттардың атымен аталады.
1 -жыл — тышқан, 7-жыл — жылқы,
2- жыл — сиыр, 8-жыл — қой,
-
жыл — барыс, 9-жыл —мешін,
4-жыл — қоян, 10-жыл — тауық,
5-жыл — ұлу, 11 -жыл — ит,
6-жыл — жылан, 12-жыл — доңыз.
Әрбір 12 жылда бір мүшел аяқталады, одан соң екінші мүшел басталады. Қазақ адам жасын мүшелмен есептеген және мүшел жас адамға ауыр болады деп түсінген. Сондықтан мүшел жаста адам сақтанып, күтініп жүрген.
ІҮ. Бекіту
1. Зороастризм дінінің отаны қай жер?
2. Тәңірлік діннің мәнін сипаттаңдар.
3. Орта ғасырларда қазақ жеріне келген бөтен діндер қандай?
4. Қазақ халқының білім және ғылым жүйесі қалай дамыды?
5. Зороастризм дінінің айырмашылықтары қандай?
6. Түріктер мен қазақтар сана-сезіміндегі айырмашылықтар қандай?
Ү. Үй тапсырмасы: : §49. Дін және руханият
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §50. ХҮІІІ ғасырдың алғашқы отыз жылындағы Ресейдің шығыстағы саясаты
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік – оқушыларды ерлікке, елін, жерін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу
Білімділік – оқушыларға Қазақ хандығының Ресеймен әскери қарым-қатынас орнату арқылы қазақ жерін отарлау ерекшеліктерін айқындап көрсету.
Дамытушылық - пәнге деген қызығушылығын артырып, ойлау дағдысын қалыптастыру, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру
Көрнекіліктер: оқу құралдары
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ
Кеңестік тарихнама отарлау үдерісінің зорлық-зомбылықсыз жүрмейтіндігін мойындай отырып, сонымен бірге “ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерін дәріптеуге” үзілді-кесілді қарсы шықты. Міне, осы көзқарас тұрғысынан жазылған кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының барлық басылымында Қазақстан Ресей құрамына түрлі себептерге байланысты өз еркімен енді, ал бұл оқиға қазақ халқын отарлық тәуелділікке душар еткенімен, түптеп келгенде, феодалдық мешеуліктен ілгерілеушілік жолына алып шықты деген тұжырым жасалынды. Пікірі бұл тұжырымға қайшы келген тарихшылар (Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, П.Галузо, т.б.) қудаланды.
Бұл айтылған тұжырымды Кеңестер Одағы ауқымында орнықтыра отырып, кеңес идеологтары орыс отаршылдығына батыстық жаулап алушылықтан өзге мазмұн, яғни оған ағартушылық, өркениеттік сипат беруге тырысты. Ал тарихи шындық Ресей үкіметінің XVIII—XX ғасырлардағы Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау саясатын жүргізгендігін көрсетеді. Оның мынадай белгілері мен ерекшеліктерін бөліп айту орынды:
-
Ресейдің Шығысқа, Орталық Азияға жылжуына түрткі болған оның өнеркәсіптік дамуы, соған байланысты өнім өткізетін рынокқа, шикізат көздеріне, т.б. мұқтаждығы еді. Бірақ Ресей бұл мәселелерді шешу үшін Батыс мемлекеттері сияқты алысқа артынған жоқ іргесіндегі экономикалық дамуда кенже қалған елдерді жаулап алуға кірісті.
-
Қазақстан жері империяның құрамына енді, сондай-ақ метрополияның әкімшілік басқару жүйесі оған да таралды. Қазақ губернияларын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иемденді.
-
1891 жылы 25 наурызда қабылданған Ережеде “көшпелілер иемденген жерлер, олардың бар байлығы, оның ішінде орманы мемлекеттің меншігі болып саналады” деп көрсетілді. Бұл іс жүзінде қазақ жерлерін тәркілеумен тең еді.
-
Қазақстандағы отарлау ісіне әскери казактар, орыс помещиктері мен шаруалары, орыс қоғамының басқа да сословиелері белсене ат салысты. Отарлаушы әкімшілік жаппай қоныс аударуға әсіресе ішкі губерниялардағы жерсіз шаруаларды кеңінен тартты, оларға түрлі жеңілдіктер жасады.
-
Ресей үкіметі қазақ халқына қатысты түрлі кемсітушіліктерге жол берді. Мәселен, қазақтардың орыстармен тең әскери білім алу, әскери қызметке шақырылу құқығы болған жоқ.
-
Патшалық биліктің (содан соң кеңестік биліктің) Қазақстанда түрлі мезгілдерде жүргізген реформалары қазақ қоғамының ішкі сұраныстарына сай келген емес, керісінше, Ресейдің мүддесіне сай мазмұнда сырттан, жоғарыдан таңылды. Реформа жөніндегі идея, оның мазмұны мен іске асыру механизмдері ресейлік орталықтарда даярланды, бұл іске бірде-бір қазақ тартылған емес. Сондықтан да патшалык биліктің Қазақстандағы реформалары қазақ қоғамы үшін пайдалы болған жоқ, өйткені олар ұлттық негізге сәйкес келген емес.
XVIII ғасырдың алғашқы отыз жылындағы Ресейдің әскери экспедициялары. XVIII ғасырдың бас кезінде І Петр сыртқы саясатта үлкен белсенділік танытты. Патшаның тапсырмасы бойынша Сібірдің губернаторы М. Гагарин Ертісті игеретін экспедиция даярлай бастады. Экспедицияны подполковник М. Бухгольц басқаратын болды.
1715 жылы шілдеде 2797 адамнан тұратын әскери экспедиция Ертіс өзені бойымен жорыққа шықты. 1 октябрьде олар Жәміш көліне жетіп, оның тұсынан Ямышово бекінісін тұрғызды. Бірақ көп ұзамай қамалға жоңғарлар шабуыл жасап, Бухгольц 1716 жылы 28 сәуірде Ертіспен кері қайтты.
Гагарин Ертіс бойына қамалдар тұрғызу үшін жаңа отряд жасақтай бастады. Бұл отряд 1718—1720 жылдары Ертіс өзені бойында Семей және Өскемен бекіністерін тұрғызды. XVIII ғасырдың басында Ресей мен Қазақ хандығының батыстағы шекарасы Жайық өзені арқылы өтті. I Петр патшаның 1716—1717 жылдары Хиуаға жіберген экспедициясы сәтсіздікке ұшырады.
ІҮ. Бекіту
1. “Отарлау” деген терминді қалай түсінесіңдер?
2. Басқару жүйесінде отарлау аппараты қалай қалыптасты?
3. Патшалық Ресейдің Қазакстанды күштеп қосып алуының отаршылдык сипат-белгілерін атаңдар.
4. Қазақстандағы Ресей отаршылдығының ерекшеліктері қандай болды?
5. Ертіс бойындағы бекіністердің қазақ жерін отарлауда қандай маңызы болды?
Ү. Үй тапсырмасы: §34. Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: §51. XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Тәрбиелік – оқушыларды Отан тарихын білуге, ерлікке, елін, жерін, туған Отанын сүюге тәрбиелеу
Білімділік – оқушыларға қазақтардың жоңғарлармен жүргізген шайқастары, Қазақ хандығының ішкі саяси-әлеуметтік жағдайы туралы айта келе, Ресейдің бодандығын қабылдауының себептерін ашып көрсету

Көрнекіліктер: оқу құралдар, эл. кітап
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”. XVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы кақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық, саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718—1729 жж.) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады. Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтереді (1718—1748жж). Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді.
XVIII ғасырда қазақ-жоңғар қатынасының асқынып кетуіне байланысты да сол жер мәселесі тұрды. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржола ойраттарға қалдырып, сонымен бірге Түркістан арқылы өтетін сауда жолын да иемденуден үміттенді.
1723 жылы жоңғар қалмақтарының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі Қаратауға жетіп, Түркістан мен Ташкенттен бір-ақ шығады. “Жұт — жеті ағайынды” дейді халық. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап, Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхараға жетіп паналайды. Демограф М.Тәтімовтің болжамы бойынша, осы қасіретті кезеңде қазақ елі миллионнан астам адамынан айырылған.
Оқиға қазақ елінің тарихына“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен енді.
1730 жылы Ұлы жүз Саңырақ, Орта жүз Бөгенбай, Кіші жүз Тайлақ батырлар бастаған қазақ колдары Бұланты өзенінің бойында ойрат әскерін талқан етіп жеңеді. Кейін бұл шайқас өткен жерді халық “Қалмақ қырылған” атап кетеді. Келесі ірі жеңіске қазақ қолдары 1730 жылы Балқаш көлінің батыс жағындағы “Аңырақай” деген жерде жетеді.
1730 жылы Цин империясы әскерінің басқыншылығына ұшыраған ойраттар енді қайтып қазақ жеріне басып кіру мүмкіндігінен айырылады. Өз жерінен ауа көшкен қазақ елі енді атамекеніне орала бастайды.
Састөбе құрылтайы. Тәуелсіздік үшін күрес, терең күйзеліске ұшыраған шаруашылықты жандандыру қажеттілігі XVIII ғасырдың 30—50-жылдары қазақ елінің басқарушы тобы алдына мемлекет тұтастығын қалпына келтіру мәселесін үнемі қоюмен болды.
1729 жылы әкесінен қалған хандық билікті әлсіретіп алған Болат хан өмірден өтті. Жоңғар қауіпі біржола жойылмаған жағдайда қуатты хандық билікті қалпына келтіру мәселесі билеуші саяси топ арасында қайтадан талқыға түсе бастайды. 1730 жылы көктемнің жазға ұласар сәтінде, Сайрамға жақын маңдағы Састөбеде — үш жүздің билеушілері бас қосып, талқыға екі мәселе түседі. Бірі — қаһарлы жоңғар қаупі жағдайында Тәуке хан тұсындағы Түркістандағы ұлы хандық билікті қайта жаңғыртып, соған сай жалпы қазақ ханын сайлау, екіншісі — бұл кезде босқыннан оралған үш жүздің “енші мекенін” анықтау. Әйтеке би бастаған топ ұлы хандық таққа Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр ханды ұсынады. Бірақ бұл ұсынысқа Қазыбек би мен Тастемір би (Төле бидің орнына келген) бастаған қалған екі жүздің өкілдері қарсы шығып, бір жетіге созылған тартыс нәтижесіз аяқталады.
Сөйтіп, Састөбе құрылтайы қазақ жүздерінің феодалдық бытыраңқылық жолына бет бұрғандығын ресми түрде бекітіп берген тарихи кеңес болды. Бұл кеңес Қасым хан заманынан бері, әсіресе Әз Тәуке хан тұсында тұрақты өтіп тұрған үш жүздің ең соңғы бас қосуы. Бұдан былайғы уақытта іс жүзінде әр жүз өз мәселелері бойынша дербес шешім қабылдауға құқылы болды.
Төле би мен Абылай. XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қауырт саяси оқиғалар, әсіресе “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы ел басқару ісімен, оның ішкі және сыртқы қатынас мәселелерімен арнайы кәсіби деңгейде айналысатын топтың қалыптасуына түрткі болды. Сақталған деректік материалдардан қазақ басқарушы тобының жалпыұлттық мынадай үш мәселені ел алдына міндет етіп қойғанын аңғаруға болады. Олар — жалпыұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру және орнықтыру, халықтың белгілі бір бөлігін біртіндеп отырықшы тұрмысқа аудару және жалпыұлттық мүддеге бет бұру еді.
XVIII ғасырдың 50-жылдарының алғашқы жартысында Түркістандағы Төле биге Көкшетаудан Абылай сұлтан бастаған өкілдік келеді.
“Ақтабан шұбырынды” оқиғасы көшпелі мал шаруашылығына сүйенген экономиканың әлсіз жақтарын көрсетіп, оны реформалау қажеттігі туралы мәселе қойды. Төле би алқалы кеңесте сөйлеген сөзінде халыққа: “...Дұрыс жолға түс, жер емшегін ем, орнықты болсаң, қарның тойынар, киімің бүтінделер! Аяқты малға сенбе, мал — бір жұттық... төрт түлік жиған малыңнан күндердің күні келгенде бір үзім нан артық!” — деген үндеумен қайырады. Бидің түсінігі бойынша, егіншілік пен дәстүрлі мал шаруашылығы қатар дамуға тиіс.
Тура осы мазмұндағы пікірді Абылай хан да ұсынады. Ол Қалдан Серенмен болған әңгімеде: “Қазақ орнықпай жүрген ел еді, бір жерге орнықтырып, отырықшы өмірге кіргізіп елсем, армансыз болар едім” деген ойын білдіреді.
Ал осы іргелі мәселелер аталмыш тарихи мезгілде неге өз шешімін таппады? Көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономика және өмір салты тұрақты басқару аппаратына сүйенген мемлекеттік жүйенің тамыр жайып, орнығуына қолайлы жағдай туғыза алған жоқ. Сонымен бірге экстенсивті көшпелі мал шаруашылығын жүргізуге тиімді үлкен аумақ сан жағынан аса көп емес халыққа интенсивті экономикалық жүйеге көшуге аса қолайлы фактор емес-тін. Сондай- ақ елде білім беру саласының мүлдем жоқтығы, сауаттылықтың өте төмен деңгейі шаруашылық пен қоғамдық өмірдің тиімді жүйесіне көшуде негізгі кедергілердің біріне айналды.
ІҮ. Бекіту
1. Тәуке ханнан кейінгі Қазақ хандығындағы феодалдық бытыраңқылықтың қандай белгілерін атай аласыңдар?
2. Жоңғарлармен соғыста қол бастаған батырлар жөнінде не білесіңдер?
3. Састөбе құрылтайында қандай мәселелер қаралды, не шешілді?
4. XVIII ғасырдың алғашқы жартысында елдің ішкі, сыртқы қатынасы мәселелерімен айналысқан тұлғаларды атаңдар.
5. Төле би мен Абылайдың елді отырықшылыққа үндеуінің қандай себептері болды?
Ү. Үй тапсырмасы: §51. XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
ҮІ. Бағалау
Сабақ №____ Күні__________ Сынып_____
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының саяси-әлеуметтік дамуы. Қорытынды сабақ

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Білімдерін тексеру
Қазақстан тарихы 10 сынып
1. .Хақназардан кейін 80 жастағы хан таққа отырды?
А) Тәуекел В) Тәуке С ) Шығай Д) Есім Е) Жәңгір
2. Жүсіп Баласағұни қай ғасырда өмір сүрді?
А ) ХІ ғ В) ХІІ ғ С) ХІІІ ғ Д) ХІҮ ғ Е) ХҮ ғ
3. Қазақ есепшілері қай жұлдызға қарап жыл мезгілдерін есептеп отырған?
А) Құс жолы В) Шолпан С) Темірқазық Д ) Үркер Е) Жеті қарақшы
4. Тәукеден кейін кім хан болды?
А) Болат В ) Батыр С) Қайып Д) Абылай Е) Жолбарыс
5. ХІҮ ғ Батыс Қазақстаннан шыққан жырау
А) Доспамбет В) Ақтамберді С) Шалкіиз Д) Қазтуған Е ) Сыпыра
6. «Диуани-хиһмет» кімнің еңбегі?
А) Қашқари В) Х. Дулати С ) Иассауи Д) Игунеки Е) Жалайыри
7. Қазақ жерінде ғылым білім салаларының дамуына ықпал еткен дін:
А) Христиан
В) Будда
С) Зороастризм
D) Ислам
Е) Ламаизм
8. Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастаған уақыт:
А) VII ғ.
В) VIII ғ.
С) IX ғ.
D) X ғ.
Е) XI ғ.
9. Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл:
А) қазақ
В) араб
С) парсы
D) түрік
Е) қыпшақ
10. М. Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра:
А) «Түрік тілдерінің сөздігі»
В) «Құт негізі - білік»
С) «Ақиқат сыйы»
D) «Даналық кітабы»
Е) «Оғызнама»
11. Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы:
А) Әмір
В) Мырза
С) Бек
D) Ұлы хас - хажип
Е) Ғалым
12. «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама:
А) Әл-Фараби
В) Әл-Бируни
С) М. Қашғари
D) Ж. Баласағұни
Е) А. Йасауи
13. VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:
А) Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы
В) Соғды жазуы кең тарады
С) Араб билеушілерінің тыйым салуы
D) Орыс әліпбиі кең тарады
Е) Парсы жазуы кең тарады
14. Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты:
А) б.з.б. І мың жылдығы
В) б.з.б. ІІ мың жылдығы
С) б.з. І мың жылдығы
D) б.з.ІІ мың жылдығы
Е) көне түрік жазуы болған жоқ
15. Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны:
А) 100 астам
В) 200 астам
С) 300
D) 400
Е) 500
16. «Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады:
А) 10
В) 11
С) 12
D) 13
Е) 14
17. Қорқыт атаның туған жері:
А) Қазақстан
В) Өзбекстан
С) Иран
D) Шаш
Е) Египет
18. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері:
А) «Күлтегін», «Тоныкөк»
В) «Ақиқат сыйы»
С) «Даналық кітабы»
D) «Жүсіп-Зылиқа»
Е) «Құт негізі-білік»
19. Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған:
А) Әл-Бируни
В) Әл-Марвази
С) Әл-Фараби
Д) М.Қашғари
Е) Ж.Баласағұни
20. Әл-Фараби шығармаларын қай тілде жазған
А) Араб
В) Парсы
С) Иран
D) Түрік
Е) Қыпшақ
21. Әл-Фараби дүниеге келген қала
А) Түркістан
В) Отырар
С) Тараз
D) Ақбешім
Е) Сығанақ
22. “Диуани лұғат ат-түрік”кітабының авторы
А) Әл-Фараби
В) Әл-Бируни
С) Ж.Баласағұн
D) М.Қашғари
Е) А.Яссауи
23. Ежелгі түрік әліпбиіндегі әріп саны
А) 30
В) 35
С) 40
D) 25
Е) 45
24. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ
А) Қызылорда
В) Алматы
С) Тараз
D) Шымкент
Е) Түркістан
25. Хақназар хан билеген жылдар:
A) 1480-1511
B) 1523-1532
C) 1524-1537
D) 1532-1538
E) 1538-1580
26. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға:
A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы
B) Моғол ханын талқандауы
C) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы
D) Өзбек хандығын талқандауы
E) Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қадам жасауы
27. Есім ханның билік құрған жылдары:
A) 1511-1518
B) 1523-1532
C) 1532-1537
D) 1598-1628
E) 1580-1582
28. XVIІ ғасырдың басында Қазақ хандығында бір мезгілде билік құрған екі хан:
A) Есім, Тұрсын
B) Тәуекел, Шығай
C) Тәуке; Тұрсын
D) Жәңгір, Тәуке
E) Хақназар, Тәуекел
29. Орта жүзге жататын рулар:
A) табын, тама қаракесек, төртқара
B) жалайыр, албан, суан, дулат
C) арғын, найман, уақ, керей, қыпшақ
D) қоңырат,керей, албан, ысты
E) жалайыр, шапырашты, қыпшақ
30. Хан сайлаудың басты шарты:
A) малының көп болуы
B) ақсүйек тұқымынан шығуы
C) бидің тұқымынан шығуы
D) Шыңғыстың ұрпағы болуы
E) феодалдар тобынан шығуы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
10 -сыныпқа арналған сабақ жоспарлары

шағым қалдыра аласыз