10 көлемінде тура және кері санау.

Тақырып бойынша 21 материал табылды

10 көлемінде тура және кері санау.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Келесі санды 1-ді қосу арқылы және 1-ді азайту арқылы алу тәсілімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру салалары: таным, қатынас.

Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.

Тақырыбы: 10 көлемінде тура және кері санау.

Мақсаты: 10 көлемінде тура және кері санау дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Келесі санды 1-ді қосу арқылы және 1-ді азайту арқылы алу тәсілімен таныстыру. Сандық кесіндіден 1-ді қосу және 1-ді азайту арқылы мысалдар шығару ұғымдарын қалыптастыру. 1-ді қосу және азайтуды үйрету. 10-ға дейін тура және кері санауды жүргізу. Талдау, салыстыру, қарапайым тұжырымдар жасауды үйрету.

  2. Назар аудару, логикалық ойлау дағдыларын дамыту.

  3. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, 7, 21, 24-кесте. Қуыршақтар Әлия және Сырым.

Сөздік жұмыс: есептік сандар 1-10.


ҰОҚ-нің барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ойын жағдаяты. Әлия мен Сырым балаларға пойызбен саяхат жасауды ұсынады. Педагог балаларды вагондар болуға шақырады. Он бала бір-біріне тіркесіп, пойыздың қозғалысын еліктейді. Балаларға 1-ден 10-ға дейін цифр жазылған карточкалар таратылады. Педагог басқа балаларға вагондарды 1-ден 10-ға дейін тура және кері санауды сұрайды.

    1. Негізгі кезең.

Вагондармен көрініс ойнатылады. Педагог вагондардың бір-бірден туннельге қарай кетіп жатқанын хабарлайды. Сандық сәуле бойынша педагог 1-ге азайту амалын көрсетеді.

Сонымен

10 – 1 = 9

9 –1 = 8

8 – 1 = 7

7 – 1 = 6

Натурал сандар қатарын (немесе сызықшаны) көрсетуіне болады.

Одан кейін педагог вагондардың бір-бірден туннельден шығып жатқанын хабарлайды. Біз оларды қалай санаймыз? Жазба жазуға болады:

1 + 1 = 2 – оны оқыңыз.

2 + 1 = 3 және т.б.

Карточкамен жұмыс Тақтада (демонстрациялық материал 21- кесте) 1 -ден 10-ға дейін сандар қатары ретімен тұрады.

Топтан екі баланы шақырады, олар цифрды тез және дұрыс қояды, тура және кері санайды. Бір бала санауды бастайды, екіншісі жалғастырады деген тәсілді пайдаланамыз. Дәптермен жұмыс істеу

1-тапсырманы орнындауға педагог балаларға сурет береді.

  • Қандай вагондардың нөмірі жоқ? Жаз.

1-тапсырманы жалғастыру үшін балалардың қала сыртына шана тебу үшін барғаны туралы сюжетті жалғастырады.

-2 тапсырма. Педагог сурет бойынша балалар не істеп жүргенін әңгімелеп берулерін сұрайды.

  • Төбешікте неше бала тұр? (3). Неше бала көтерілді? (1) Барлығы нешеу болды?

(4).

Екінші сурет бойынша:

  • Неше бала төбешіктен сырғанады?

  • Төбешікте неше бала қалды?


Сергіту сәті Қане қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Білімде алда болайық.



Жазу:







□ – 



5 – 1



□ – 

7 – 1



□ – 

4 – 1

Ойын жаттығуы: «Жазбаны шеш».

Балалар карточкалардың көмегімен үстелде және тақтада математикалық жазбалар жасайды.

Дәптермен жұмыс

Осыдан кейін балаларға 3-тапсырманы жұппен орындауды ұсынады, балалар суретте не бейнеленгенін санайды және атайды. Мысалдар құрастырып, оларды шығарады.

Сұрақтарға жауап береді.

-Суреттерде не бейнеленген, қандай әрекеттер орын алады? Бұл сурет үшін қандай математикалық жазба сай келеді?

Педагог 4-тапсырманы орындауды ұсынады, әр пойызға тағы бір вагонды тіркеу керек.

Вагондарды бояйды. Әр қатарға неше вагон боядың? Әр қатарда неше вагоннан болды?


Тапсырманы жұппен тексеруге болады. Әр бала көршісіне дәптерін көрсетеді. Педагог балаларды сыпайы сөйлесуге және тапсырманың дұрыстығы туралы пікір білдіруге үйретеді.

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс.

Педагог 16-ші беттегі 21-ші тапсырманы орындауға ұсынады. Балалар жұмысқа кіріспес бұрын ауада түзу және толқынды сызықтар салады, қолымен дөңгелек қимылын көрсетеді.

Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.

  1. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылайды, балаларды мадақтайды. Әсерлерімен бөліседі.

Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң – жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса – сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса – қызыл дөңгелекті боя.



Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: қарапайым мысалдар шығару, 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта санауды;

түсінеді: 1 санды қоса есептеу арқылы келесі санды және 1 санға азайту арқылы алдыңғы санды алу тәсілін;

қолданады: 1-ден 10-ға дейін санау дағдысын.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі