400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

10-сынып БЖБ№1, 2-тоқсан. Әдебиет. ҚГБ

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып БЖБ№1, 2-тоқсан. Әдебиет. ҚГБ
Материалдың қысқаша нұсқасы

10-сынып БЖБ №1. 2-тоқсан

«Прозадағы көркем ой» бөлімі Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Оқушының аты-жөні:

Сынып жұмысы:



Оқу мақсаты

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Кейіпкердің бойында жинақталған дара қасиеттерді анықтайды

  • Көркем шығарма үзінділерін ғаламдық тақырыппен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

    1. минут

1-тапсырма. Үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз

...«Мамырбайдың орыс талқылаған қызын қара!» деп, ақсақалды көзге шұқыған тәрізденді. Енді Ақбілегі әкесіне масыл болды. Бала ұстаған емес, жұртқа тамашалауға маймыл ұстап отырған кісі тәрізденді. Ақбілектің қырсығынан ақсақал масқара боп абыройынан, адамдығынан айырылғандай болды. Міне, ақсақалдың баласына түзу қарай алмай, қашқақтап жүргені сол еді. Қызғаныш, жиреніш, өкініш, аяныш, ыза, қорлық — бәрі ұласып, оның тірі қалып, көзге күйік болғанына бармағын шайнап, зығырланар еді. Бірақ өз қолын өзі кессін бе? Өз ішіне өзі пышақ ұрып, жарылып өлсін бе? У жеген қасқырдай іші алау-жалау боп өртеніп, шықпаған сүлдесін сүйретіп жүр еді.

1. Берілген сөйлемде сипатталатын кейіпкер: «У жеген қасқырдай іші алау-жалау боп өртеніп, шықпаған сүлдесін сүйретіп жүр еді.» [1]

A) Бекболат- Ақбілектің жігіті

B) Мамырбай- Ақбілектің әкесі

C) Мұқаш- сатқын жігіт

D) Қара мұртты- орыс офицері

2. Ақбілектің тағдырын тәлкек еткен: жарбақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігіт [1]

A) Мұқаш

B) Офицер

C) Балташ

D) Бекболат

3. Мәтіндегі: «. Бала ұстаған емес, жұртқа тамашалауға маймыл ұстап отырған кісі тәрізденді.» деген сөйлем арқылы жазушы кейіпкердің қандай көңіл күйін суреттейді? [1]

A) Сүйініш

B) Өкініш

C) Шарасыз

D) Қорқыныш

4.Үзіндінің негізгі ойы [1]

A) Орыс офицерінің қорлығы

B) Әкенің шарасыз күйі

C) Перзент өкініші

D) Дала халқының тағдыры




5-тапсырма. «Ақбілек» романында халық тұрмысы мен өмірінен алынған ащы шындық суреттеледі. Елдегі болып жатқан осы оқиғаларға кім кінәлі? Романда көтерілген мәселе жалпыадамзаттық мәселеге жата ма? Шығармадағы көтерілген басты мәселелерді басшылыққа алып, ғаламдық сипатын ашып, сұраққа жауап беріңіз. [5]

















































Бағалау критерийі

№

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Кейіпкердің бойында жинақталған дара қасиеттерді анықтайды

1

1-сұраққа жауап береді B

1

2-сұраққа жауап береді A

1

3-сұраққа жауап береді C

1

4-сұраққа жауап береді B

1

Көркем шығарма үзінділерін ғаламдық тақырыппен

байланыстырады.

2

автор көтерген өзекті мәселені

анықтайды;

2

Ғаламдық мәселелермен байланыстыра жауап береді

2

мысалдар келтіреді, сауатты, жүйелі жазады

2

Барлығы

10




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі