400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

10-сынып. Мұхтар Мағауин "Шақан-Шері" романы. Композициялық-сюжеттік талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып. Мұхтар Мағауин "Шақан-Шері" романы. 10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік – композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Аңызбен өрілген көркем сөз

Сабақтың тақырыбы:

Мұхтар Мағауин «Шақан – Шері» романы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік – композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.

Сабақтың мақсаты

Идеялық мазмұнын түсінеді, шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдайды.

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңі

Педагог іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

Ұйымдастыру

2 мин

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпта оқушы зейінін шоғырландыру арқылы жайлы атмосфера қалыптастыру

Оқушы назарын сабаққа аударады






Сабақтың басы 5 мин

Алдыңғы білім.

Жалпы сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ-жауап әдісі.

Алдыңғы сабақта үйренген білім мен қалыптасқан дағдылар туралы еске түсіреді.

1.Шақан-Шері қандай жанрға жатады?

2.Романның кейіпкерлерін ата

3.Шақан – Шері мен Көксеректің байланысы қандай?

4. Алда болатын оқиғадан хабар беретін Ажардың сөзін еске түсіріңдер

5.Шері сөзінің мағынасы қандай?

6.Шығармада қандай ұлттық құндылықтар кездесті?

Қалыптастырушы бағалау: өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға “Жарайсың!” “Керемет” деген мадақтау сөзімен ынталандыру


3 мин

Сабақ мақсатын оқушылармен талдайды

Сабақ мақсатына қатысты ойларын түсіндіреді.

Композиция дегеніміз не?

Сюжет дегеніміз не?

Шығарманың идеясы дегеніміз не?




Жаңа сабақ

20 мин

№1 тапсырма. Жұптық жұмыс.

Шығармаға сөжеттік талдау жасайды.

Басталуы – Тұтқындағы Шақан /эпилог/

Дамуы – Шақанның бақытты отбасы

Байланысы - Отбасынан айырылған Шақан

Шиеленісуі – Кек қуған Шақан

Шарықтау шегі – Шөнжік пен Шақанның кездесуі

Шешімі – Шақанның қолға түсуі


Оқушылар жұпқа бөлініп, жұппен бірлесіп әрекет жасайды. Шығарманы сюжеттік-композициялық талдау жасайды.



Дескриптор:

Шығарманың мазмұнын біледі – 1балл

Сюжеттік желісін талдайды – 1балл

Жұбымен белсенді әрекет етеді – 1балл


Оқулық

Хрестоматия

№2 тапсырма. Топтық жұмыс.

Романның үш бөліміне жеке жоспар құру

І тарау. Қамыстағы үй.

  • Елге өкпелеп жыраққа қоныстанған Шақан отбасы.

  • Ажар интуициясы. Тарғыл жолбарыс.

  • Жолбарыстың ізіне түсу

  • Жолбарысты қақпанға түсіру

ІІ тарау. Жолбарыс жымы.

  • Кәрі қаншыр. Жемтік. Шөнжіктерді асырау

  • Қосаяқ.

  • Аңдысу. Өшпенділік.

  • Меңсұлу.

  • Жолбарыспен арпалыс.

  • Атабек ақсақалдың қолқа салуы

  • Жапан далада жалғыз жортқан Шақан Шері

ІІІ тарау. Сары құмның шапқыны

  • Жетісу өлкесі.

  • Табиғат

  • Баяғы жетім шөнжік.

  • Артта қалған жеті жыл.

  • Ескі қоныс

Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма

3 проблемалық сұрақ құрастыру



ЕББҚ –тапсырма

Оқулықтағы сұрақтарға дәптерлеріне жазбаша жауап жазады


Оқушылар үш топқа бөлініп әр тарауға жоспар құрады.

Топта бірлесіп, белсенді әрекет жасайды.

1-топ. Қамыстағы үй

2-топ. Жолбарыс жымы

3-топ. Сары құмның шапқыны


Дескриптор /2/

Берілген дескриптор бойынша бағалау

Тараудың жоспарын құрады-2балл




Оқулық

Хрестоматия

Білім бекіту

7 мин

№3 тапсырма. Жеке жұмыс.

ПОПС формуласы.

Менің ойымша, «Шақан – Шері» романының идеясы ...

Себебі, шығармада ...

Оны мен мынадай мысалдармен дәлелдеймін...

Мен мынадай қорытындыға келдім...

Әркім дәптерлеріне ПОПС формуласын жазады.


Дескриптор /5/

Шығарманың идеясын табады-2 балл

Шығармадан мысалдар келтіреді – 2 балл

Өз көзқарасын білдіреді – 1 балл

Дәптер

Оқулық


Үй тапсырмасын беру. 5 мин

Жолбарыс туралы дерек оқу




3 мин

Кері байланыс ,,Менің термометрім,, Оқушылар жазба жұмысын жазу барысында нені үйрене алғандарын, не нәрсе қиын болғанын, не нәрсе ерекше қызығушылық тудырғанын айтады

Оқушылар кері байланыс береді





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі