400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

10 сынып тәрбие қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
23.12.2024 сынып сағатына қмж 10 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:


Құндылық

Апта дәйек сөзі

«Бірлік және ынтымақ»

Ынтымақ – бұзылмайтын қорған

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Алдажанова А

Күні:

23.12.2024

Сынып: 10 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Таңғажайып жаңа жыл

Жасанды интеллект адамнан асып түсе ала ма?

Құндылықты дарыту

  • Оқушылардың Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту;

  • Құндылықтарды құрметтеуге, мерекені ынтымақтастықпен өткізуге тәрбиелеу;

  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Заманауи жасанды интеллект технологияларының мүмкіншіліктерін талқылау.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Сынып жаңа жылдық безендірумен дайындалады.

Мұғалім оқушыларды құттықтап, сабақты ашық деп жариялайды.
Мұғалім:

Құрметті оқушылар! Бүгін біз сіздермен ерекше мереке – Жаңа жылды атап өтеміз. Бұл мереке баршамызға жаңа үміттер, жаңа армандар, жаңа мақсаттар әкеледі.

Жаңа жыл туралы сұрақ-жауап:

  1. Жаңа жыл мерекесі қайдан бастау алғанын білесіздер ме?

  2. Қай елде шырша алғаш рет безендірілген?

  3. Жаңа жылдық дастарқанға қандай дәстүрлі тағамдар қойылады?

(Оқушылар жауап береді, мұғалім қосымша ақпарат береді.)


Интеллектуалдық викторина

Тақырып: Жаңа жыл тарихы, салт-дәстүрлері және әртүрлі елдерде тойлау ерекшеліктері.

Мысал сұрақтары:

Жаңа жыл алғаш қай елде тойлана бастады?

Қандай елде Жаңа жылды қытайлық ай күнтізбесі бойынша тойлайды?

Қазақстанда Жаңа жылды тойлаудың дәстүрлерін атаңыз.

Ең алғаш шырша безендіру дәстүрі қай елде пайда болды?


презентация

Сабақтың ортасы

20мин

А) Шығармашылық тапсырма:

  1. «Ең үздік жаңа жылдық өлең» байқауы (оқушылар өздері жазған өлеңдерін оқиды).

  2. «Жаңа жылдық хикая» жазу (5 минут ішінде шағын әңгіме ойлап жазу).

  3. Қолөнер бұйымдарын жасау (қағаздан шырша, қар ұшқыны т.б.).

Ә) Ойындар мен сайыстар:

  1. «Сиқырлы қап» ойыны: қаптың ішінде әртүрлі жаңа жылдық заттар бар (шырша ойыншығы, маска, жылтырақ т.б.). Оқушы көзі жабық күйде бір затты таңдап, оны сипап отырып табуы керек.

  2. «Кім жылдам?» ойыны: берілген сөздерден Жаңа жылға байланысты өлең құрастыру.

  3. «Жаңа жылдық викторина» (Жаңа жыл туралы сұрақтар).

Б) Театрландырылған қойылым:

«Аяз ата мен Ақшақардың ертегісі». (Оқушылар ертегі кейіпкерлерін ойнап, кішкене көрініс қояды.)

Shape1


Шығармашылық тапсырмалар

"Жаңа жыл тілегі": Әр оқушы қиялдағы тілектерін жазып, сынып шыршасына ілу.

"Кино сценарийі": Топқа бөлініп, қысқа Жаңа жылдық қойылым сценариін дайындау.

"Ертегі жазу": Әр топ қиялдағы Жаңа жыл туралы қысқа ертегі жазады және сыныпта оқып береді.



Интербелсенді тақта/ компьютер

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

. Негізгі міндеттері:

  1. Оқушыларды жасанды интеллект мүмкіншіліктері туралы ақпараттандыру.

  2. Жасанды интеллект мүмкіншіліктерінің тиімді және тиімсіз жақтарын талдау.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе

Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары: робототехника, сараптамалық жүйелер, есептерді әмбебап шешушіні жасау, бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау, пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогін қамтамасыз ететін интеллектуалды интерфейсті жасау. 2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) Оң әсері:

  • мәліметтерге негізделген тиімді шешімдер;

  • субъективтіліктің аздығы;

  • ескірген бюрократиялық құрылымды жаңаша ұйымдастыру;

  • жаңа және инновациялық жұмыс орындары;

  • энергия тасымалдаушыларға тәуелді болмау;

  • медицина ғылымында жетістікке жету, дерттерді түбегейлі жою.

Теріс әсері:

  • есеп беруге міндеттілік (жауап беруші, заң аспектілері, фидуциарлық құқықтар);

  • жұмыс орындарын жоғалту;

  • хакерлік / киберқылмыс;

  • қалыптасқан түсініктің шектен шығуы;

  • теңсіздің деңгейінің жоғарылауы;

  • адамзатқа экзистенционалды қауіптің төнуі.

«Жасанды интеллект технологиялары мүмкіншіліктерінің тиімді және тиімсіз жақтары» тақырыбында пікір алмасу.

Жасанды интеллектінің тиімді жақтары

Жасанды интеллектінің тиімсіз жақтары

Мысалы: жұмысымыз жеңілдейді

Алаяқтарға тиімді

Пайдалы сілтемелер:

3. Қорытынды: «Болашақта сіз үшін қажетті жасанды интеллект» тақырыбында оқушылар қысқаша пікірлерін білдіреді.



Сабақтың соңы

5мин

Міне, оқушылар, біз Жаңа жылды осылайша ерекше қарсы алдық. Жаңа жыл баршамызға табысты, бақытты болсын! Армандарымыз орындалсын!

Оқушылардың тілектері:
(Әр оқушы өз тілектерін айтып шығады.)

Әуен ойнатылады, шағын жаңа жылдық би ұйымдастырылады.


Логикалық тапсырмалар

Сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру: Жаңа жыл тақырыбына арналған сөзжұмбақтарды шешу немесе өздері құрастыру.

Құпия хат: Оқушыларға "Аяз Ата" жазған хаттың кодталған бөлігін шешу керек.



презентация



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі