Материалдар / 10 сыныпқа арналған құзыреттілік тапсырмалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10 сыныпқа арналған құзыреттілік тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сыныпқа арналған құзыреттілік тапсырмалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2023
577
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар қаласының К.Макпалеев атындағы ЖОББМ

Мұғалім: Раскильдинова И.Н.

Сынып: 10

Құзыреттілік тапсырмалар

1

Сынып: 10-сынып

Модуль: Әлеуметтік-мәдени ая

Тақырып: Құрмалас сөйлем.Қаныш Сәтбаев

Ақпараттық құзыреттілік

Аспект: ақпаратты жүйелеуде логикалық ойлау

Ынталандыру: Егер сіз төмендегі тапсырманы орындасаңыз,құрмалас сөйлем құрастырып, түрлерін ажырата аласыз.Ұлы ғалым туралы сұхбат жүргізе аласыз.

Тапсырма

ІІІ деңгей

Құрмалас сөйлемдерді пайдаланып, Қаныш Сәтбаевті құрбыларыңа қалай таныстырар едің?

Ықтимал жауабы:

Қ.Сәтбаев Баянауыл ауданында туып, Павлодарда 2 сыныптық мектепте, Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Ол Жезқазған қойнауы кен-байлыққа толы екендігін көрсетіп, геологиялық ісіне прогресшіл жаңа техноология енгізді. Қ. Сәтбаев – кен геологиясы саласындағы көрнекті ғалым болса да, қазақ өнері мен әдебиетіне де ерекше назар аударды.

( 3 ұпай)



ІІ деңгей

Тапсырма

Қ.Сәтбаевпен кездескенде, қандай сұхбатжүргізер едіңіз. Ғалымға қандай сұрақтарды қоясыз? Ғалыммен диалогке түсіңіз.



Ықтимал жауабы:

  • Сәлеметсіз бе! Сізбен сұхбаттасу мен үшін үлкен мәртебе.Танысқаныма өте қуаныштымын.

  • Сәлеметсіз бе! Мен де өте қуанаштымын.

  • Сіз мектепте қалай оқыдыңыз?Сүйікті пәндеріңіз қандай еді?

  • Мен мектепте жақсы оқыдым.Сүйікті пәндерім: география,әдебиет,тарих болды.

  • Сіз қайда оқыдыңыз?

  • Мен Томск технология институтын бітірдім.

  • Сіздің ғылыми еңбектеріңіз не туралы?

  • Менің еңбектерім Қазақстанның жер байлықтары туралы. Біздің жерімізде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар.

  • Сіз неше ғылыми еңбек жаздыңыз?

  • Мен 640-тан астам еңбек жаздым.

  • Сіз зерттеу жолында қандай қиындықтардан өттіңіз?

  • Қазақстанның кен байлығын барлау зерттеу, оңай болған жоқ. Мәскеуде ғылыми еңбектерімді қорғауда көп қиыншылық көрдім.

  • Рақмет сізге! Сау болыңыз!

  • Келіп тұрыңыз.Сау болыңыз!

( 5 ұпай)

І деңгей

Тапсырма

«Егер мен ғалым болсам.......» ойды қалай аяқтар едің. Ой-толғау жазыңыз.


Ықтимал жауабы:

Егер мен ғалым болсам, Баянауылдан шыққан атақты адамдардың өмірбаяны мен еңбектерін зерттеймін.Оларды көрген адамдармен кездесіп, туысқандары мен балаларынан мәлімет жинаймын, оны зерттеймін,талдаймын және кітап жазар едім. Ондағы мақсатым – болашақ ұрпаққа өз туған тарихын жақсы біліп, үлгі тұтып, рухани жаңғырту.


( 10 ұпай)

Бағалау критерийлері:

«5» - 15-18 ұпай; Shape1

«4» - 8-14 ұпай;

«3» - 3-7 ұпай;

«2» - 0-2 ұпай.



2

Сынып: 10-сынып

Модуль: Әлеуметтік-мәдени ая

Тақырып: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Ақпараттық құзыреттілік

Аспект: ақпаратты жүйелеуде логикалық ойлау

Ынталандыру: Егер сіз төмендегі тапсырманы орындасаңыз, қазақ салт-дәстүрлерін біліп, қазақ халқының дүниетанымын жақсы түсінесіз.Қазақ достарыңмен қарым-қатыныста оларға құрметіңізді көрсете аласыз.

Тапсырма

ІІІ деңгей

«Қазақ салт-дәстүрлері» бойынша семантикалық кесте құрастырыңыз

Ықтимал жауабы:

Салт-дәстүрдің аты

Кілт сөздері

Мағынасы

1

Бес қонақ



2

Шілдехана



3

Бесікке салу



4

Қырқынан шығару



5

Азан шақырып ат қою



6

Тұсау кесу



7

Қонақжайлық



8

Ауыз тию





( 3 ұпай)


ІІ деңгей

Тапсырма

Етістікті дұрыс қолданып,«Үйге келген қарт атаны қалай қарсы алу керек?» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.


Ықтимал жауабы:

  • Ассалаумағалейкүм, ата!

  • Уағалейкүмассалам,балам!

  • Ата,төрге шығыңыз.

  • Рахмет!Өркенің өссін,шырағым!

  • Хал-жағдайыңыз қалай?

  • Рахмет,айналайын,жақсы/шүкір!

  • Әке-шешең қайда?

  • Олар жұмыста,қазір келеді.

  • Дастарқанға келіңіз, шәй ішеміз.

  • Мен асығып тұрмын, нан ауыз тиейін.Ықыласыңа рахмет,балам!

  • Міне, нан,май-ауыз тиіңіз.

  • Рахмет!Кел, балам,қолыңды жай,бата беремін.

  • Иә,жасаған құдірет,

Мал бастарын аман ет,

Дастарқанын адал ет,

Отбастарың балалы ет,

Өмір жасын ұзақ ет,

Асына бер берекет,

Бақыт,байлық,денсаулық,

Осы отбасына нәсіп ет,

Әумин!

  • Рақмет сізге, ата! Келіп тұрыңыз!Сау болыңыз!

  • Аман бол, шырағым!


( 5 ұпай)








І деңгей

Тапсырма

Шетелдік досыңа қазақ отбасының ерекшелігі мен дәстүрлері туралы білгеніңді айтып, хат жазыңыз.

Ықтимал жауабы:

Сәлем,досым! Қал-жағдайың қалай?Денсаулығың жақсы ма?Қандай жаңалық бар?

Өзіме келетін болсам,менде бәрі жақсы.Жазда бізге қонаққа кел. Біз қазақ тілі сабағында қазақ халқының дәстүрлерімен таныстық.Мен қазақ дәстүрімен сені қарсы аламын.

Мен саған кейбір дәстүрлері туралы айтқым келеді.Мысалы, бала туғанда,қазақтар шілдехана жасайды.Шілдеханаға келген қонақтар «Балаңыздың бауы берік болсын»деп тілек айтады.Ал, жастар ән салып,домбыра тартып,өлең, жыр айтады.Бала туғанда жақындардан сүйінші сұрайды. Сүйіншіге сыйлық аласың.

Келесі жолы тағы бір дәстүр туралы жазамын.Сау бол!

( 10 ұпай)





Бағалау критерийлері:

«5» - 15-18 ұпай; Shape2

«4» - 8-14 ұпай;

«3» - 3-7 ұпай;

«2» - 0-2 ұпай.





















3

Сынып: 10-сынып

Модуль: Әлеуметтік-мәдени ая

Тақырып: Қазақстан мемлекеті

Ақпараттық құзыреттілік

Аспект: ақпаратты жүйелеуде логикалық ойлау

Ынталандыру: Егер сіз төмендегі тапсырманы орындасаңыз, Қазақстан туралыайта аласыз. Қазақ жерінің тарихын жақсы білетін боласыз.

Тапсырма

ІІІ деңгей

«Қазақстан мемлекеті» тақырыбына диаграмма жасап, жолдасыңызбен диалог құрастырыңыз,сөйлесіңіз.

Ықтимал жауабы:


КShape4 Shape3

Қазақстан

ең-байтақ жерАтамекен

Shape5

Shape6 Рәміздер

ТShape9 Shape10 Shape8 Shape7 әуелсіз Елбасы

мShape11 емлекет

Үкімет

Парламент көп ұлтты ( 3 ұпай)


ІІ деңгей

Тапсырма

Жағдаят:Теледидарда тікелей эфирдеЕжелгі Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеуші ғалыммен сұхбат жүріп жатыр. Сен журналист болсаң, оған қандай сұрақ қояр едің? Үш сұрақ дайында. Ол не деп жауап беруі мүмкін?


Ықтимал жауабы:

  • Сәлеметсіз бе! Сіз Ежелгі Қазақстан тарихын мен мәдениетін зерттеуіне көп үлес қосқансыз. Сіздің ойыңызша, Ежелгі Қазақстанда ең дамыған сала қандай болды?

  • Сәлеметсіз бе! Менің ойымша, Ежелгі Қазақстан жан-жақты дамыған, тарихы бай өлке. Ежелгі Ұлы даланың мәдениеті, өнер-білімі, өркениеті қатар дамыды.Әрине,Ұлы даланың өркениетінде Ұлы Жібек жолының орны ерекше болды.

  • Қандай қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол?

  • Отырар,Түркістан,Тараз,Испиджаб сияқты ірі қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген әсері мол.

  • Айша Бибі кесенесі туралы не айта аласыз?

  • Айша Бибі кесенесі –өзінің аңызға толы рухани құндылығымен қатар сәулет өнеріндегі ғажайып, әлемде теңдесі жоқ ескерткіш.

  • Рақмет сізге! Сау болыңыз!

  • Сау болыңыз!


( 5 ұпай)


І деңгей

Тапсырма


ПОПС формуласын қолданып,өз\ біреудің пікіріңді\ін дәлелдеңіз

«Кіндік қаны тамған жер» деген ұғымды қалай түсінесіз?Ой-толғау жазыңыз.

Қазақтың туған жер туралы мақалдарының біріне өз ойларыңды дәлелді жазыңыз

1.Туристерді біздің елге тарту үшін не істер едіңіз.Шаралардың жоспарын жасаңыз және Қазақстанға жарнама жасаңыз

2.ГИД болсаңыз, шетелдік туристерге не айтып ,не көрсетер едіңіз.

Әлемдік қауымдастықта Қазақстан басқа елдің өкілдерін немен қызықтыра алады.

3.Шетелге барғанда Қазақстанды қалай таныстырасыз.

4.Дамыған елдермен салыстырғанда, Қазақстанның қандай мүмкіндіктерін атайсыз

Қазақстан әлемдегі дамыған елдердің ондығына кіру үшін біз істеуіміз керек?

Ықтимал жауабы:

1.Туристерді біздің елге тарту үшін, ең бірінші –жақсы ,қызықты жарнамалық сайттар жасаймын,бұл сайттар Қазақстанды жан-жақты көрсету үшін әр түрлі тақырыпта болады. Бір сайтта Қазақстанның табиғатына саяхатты бейнеролик арқылы жасаймын.Онда Баянауыл,Бурабай,Жетісу өңірінің табиғатын көрікті ,мазмұнды әңгімемен ,ұлттық сазбен өрнектеймін.Осы жерлердің табиғатына байланысты аңыз –әңгімелерді айта отырамын.

Екінші сайтта қазақ даласының тарихи ескерткіштері,көне жәдігерлері туралы деректі фильм жасаймын. Қазақтың мәдениеті мен өнері,әдебиеті туралы сайттарды туристерге ұсынамын.Бұл ақпараттарды қазақ және ағылшын тілдерінде жасаймын.

Жарнама.

Қазақстанға келіңіз,

Кең даланы көріңіз.

Бұрын көрмеген ғажайыптарды

Тамашалай беріңіз!


Айша бибі мазары-махаббатың белгісі,

Қожа Ахмет кесенесі-қазақ рухының нышаны.

Астанадағы Бәйтерек- тәуелсіздік белгісі.


Қазақ елі деген әнмен мына өлең жолдарымен жарнама жасаймын:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жа

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!