10-сыныпта Абай шығармаларын ұлттық құндылықтар
талдауға үйрету
АҢДАТПА
Бұл ғылыми жобада Абайдың өлеңдеріне талдау жасалып, рухани құндылықтар негізінде әдебиетті, білім мен ғылымды, еңбекті, адамгершілікті, мінез-құлықты, тарихты баса назарға аударып, жастардың санасына игеру.
Ақынның өлеңдерінен қазақ жастарының рух жігерін, қайраттылығын және де сол замандағы жастардың оқу білімге деген құштарлығын байқасақ болады. Ұлы ойшыл Абайдың қалдырған мол мұрасы кейінгі ұрпақ біз үшін баға жетпес асыл қазына екендігі мәлім.
АННОТАЦИЯ
В этом научном проекте анализируются стихи Абая, подчеркиваются и осваиваются в сознании молодежи на основе духовных ценностей литература, образование и наука, труд, мораль, поведение, история.
В стихах поэта мы видим дух и мужество казахской молодежи, а также стремление молодежи того времени к образованию. Известно, что богатое наследие, оставленное великим мыслителем Абаем, является бесценным сокровищем для нас, подрастающего поколения.
АNNOTATION
In this scientific project, the analysis of Abay’s poems was carried out, which focused on literature, education and science, work, morality, behavior and history based on spiritual values.
The poet’s poems reflect the spirit, courage and high level of modern image of Kazakh youth.The rich heritage left by the great thinker Abay proves that it is an invaluable treasure for generations.
Абайдың жалпы шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды жастардың бойына сіңіру қазіргі заманның өзекті мәселерінің бірі.21-ғасыр дамыған технология заманы дейміз,соған қарай да адами құндылықтар жоғалып барады.Біздің ендігі мақсатымыз Абай айтқан адам бойындағы асыл қасиеттерді қайта жаңғыртып, келешек ұрпақ бойына сіңіру.
Абай айтқан құндылықтар неге маңызды?Абай-қазақтың жазба әдебиетін негізін қалаушы және шығармалары ұлттық сананы,тіл мен әдебиетті дамытты.(1)
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге, -деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайға үңілу арқылы, оның адам бойындағы асыл құндылықтарды, келешек жас ұрпақтың бойына сіңіре білу.Ұлы ақын өсиетіні адал,ғылымға бет бұрған,елі мен мәдениетін ұмытпайтын Абай ұрпақатрын тәрбиелеу.,,….Мұхтар сол отызыншы жылдың бас кезінде Абай халықьың ақыны,халақтың қамқоры, кемеңгер суретші деген пікірді батыл айтып жазды.Жазып қана қойған жоқ, бізге оқитын лекциясында осы ойларын тереңдей таратып, түсіндіретін болды,,-деп өз естелігінде Есмағамбет Ысмайлов жазады.Мұхтар Әуезов Абай мұраларын зерттеп қана қоймай, Абайтану курсын оқу бағдрламаға қосады және Абай жолы атты роман-эпопия жазады.
Профессор М.Мырзахметұлының бір сөзі бар,,Толық адам,, егер адам лай су секілді былғанған болса,бұл ілім содан тазарады.Рухани тазартқыш десекте болады.(2)
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.
Ақын өмірден озса да, ақын мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала бермек.Ал біз болашақ педогтар ақын мұрасын ұмыттырмай болашақ ұрпаққа мұра ретінде қалдыру.
Ақынның өзі өлсе де,сөзі өлмес…..(3)
Абай құндылықтарын 10-сыныпқа оқыту мәселесі?
10-сыныптың Қазақ әдебиетінің ¾ баспаларын алдымен шолу жасап шықтым.Қай баспада да Абай тақырыбы 1 тарауда тұр.Бірінші баспа ,,Арман-пв,,. Авторлары Р.Зайкенова, Л. Н .Нұрланова.2019 жыл.
-
Бірінші тарау
Өлең-сөздің патшасы-, деп басталады. Өлеңді сөздің патшасына теңеу арқылы өлең шығару да оны ұғыну да қиын. Өлең жаттап өскен адамның ақыл ойы жақсы дамиды және де, есте сақтауға да пайдалы. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.., өлеңді барлық адам шығара алады, бірақ жүрекке тигізіп мәңгі жадымызда қалдыру нағыз ақынның қасиеті.
6-бетте Абай өмірі мен шығармашылығы айлы мағұлматтар берген.Зерделі ой деген шарты белгі берілген. Бұл жерде ақын жазушылардың ойы. Мысалы: А .Байтұрсынов,, Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек,,.
Абай туралы мағұлматтар алған соң
-
Ойталқы болады
Бұл жерде Абай туралы өзіндік ойларын сұрап, 10-сыныпқа дейін өтілген өлеңдері бойынша бір қайталау жасау. Бұл жақсы тапсырма оқушылардың қаншалықты мәлімет білетінін анықтаймыз. 2-інші сұрақ ,,Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні,, М.Әуезовтің пікірі бойынша осы мәселені қазіргі заманмен байланыстыру. Өткен мен болашақты салыстыру арқылы, Абайды оқу қаншалықты маңкызды екенін түсіну.
-
Себебін анықта
Бірінші берілген текст бойынша сұрақтар болады. Ол балалардың есте сақтап қалуы үшін.
-
Тобыңда талдап көр
З. Ахметовтың Абай туралы пікірі берілген. Сол бойынша оқушылар пікірді ашып, ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды.
-
Дәптеріңе жаз
|
Мен білемін |
Мен үшін түсініксіз |
Мен үшін жаңа ақпарат |
Мені таңғалдырды |
|
|
|
|
|
Осы тапсырма арқылы оқушылардың мәліметті қандай деңгейде түсінгенін анықтау.
-
Түйінде
Абай образы жайлы сұрақ берілген. Оқушылар Абай образын ашу арқылы, Абайды танып білу.
-
Қалай ойлайсың
Көп тілділікті меңгеру бойынша сұрақ берілген. Сұрақтың маңыздылығы өз тілін білудің қаншылықты маңызды екенін ұғындыру.
-
Үйіңде орында
Болмасаңа ұқсап бақ демекші Абай аталарың сияқты болсаңдар не істер едіңдер? Осы сұрақ арқылы оқушылар образға беріліп, қиялдары дамып, өздерін болашақта қалай көретіндерін анықтау.
-
Міне,қызық
Абайдың бар болғаны 3 жыл мұсылманша, 3 жыл орысша оқығаны туралы мәлімет берілген. Осы мәлімет арқылы оқушыларға, Абай біз секілді 12 жыл мектеп, одан кейін жоғарғы оқу оқымаса да, қаншалықты ақылды, дана, парасатты адам болған. Соңына өшпес мұра қалдырған. Оқу білімге деген қызығушылығына ештеңе кедергі болмаған. Оқу білімге деген ынтаң болса, сенің алдыңа қажеттіліктерді әкелудің қажеті жоқ. Ең маңыздысы ынтаң мен жігерің болса жеткілікті.
-
Кітап- асыл қазына
Оқушаларға бірнеше кітаптар тізімі беріледі. Сол арқылы тек қана кітаппен ғана шектеліп қоймай, қосымша ізденістер болады.
-
Сегіз Аяқ Өлеңі
1889 жылы жазылған оқшау тұрған соңғы туынды Абйдың қазақ поэзиясында 8 тармақты етіп,тыңнан қосқан туындысы
Бұл өлеңді оқу бағдарламасына неліктен қосқан?
Көп ойлар жайлы айтылған. Заман шындығы, өз басының мұңдары өзінен бұрын ешкім таппаған ұйқас түрі.
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның.
Мінездерін көргенде..
-деп ақын өмір сүрген қоғамның реалистік ақиқаты мен қоғам қайраткері, ақынның жан айқайы жатыр.Өркениеттен бөлініп, артта келе жатқан қара халықты көріп ызаланып, қаны қайнап,артынан жаны ашиды.
-
Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы өлеңі
Т Қожекеев Абай сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей,түн қатып толғататын, ойға шоматын даналардың ғана таба алатындығын атқан.
Өлең 1887 жылы жазылған.
Алғашқы шумақтағы ,,Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,,- деп,. Абай жалпы поэзияны өлеңге теңеп, оны сөздің патшасы деген. Патша деген ұғым барлық кезде жоғары саналады. Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, сөз қадірін кетірген өңкей сатымсақ, жағымпаз ақындарды сынаған болатын. Өлеңді асыл қазына ретінде бағалап, оның қадірін кетірмеу керектігін ұғындырған.
-
Көңілім қайтты досан да, дұшпаннан да өлеңі
1886 жылы жазылған.
1884 жылы сайлауда Ербол,Оразбай достарынан сатқандық көріп жанын күйзелткен шындық жайлы жазылған.
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанды?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім
,,Жалғыз-жарым болмаса анда-санда,,- қазақ қоғамындағы әділетсіздік пен зұлымдық өшеу алған заманда, адам бойында жақсы қасиеттердің өшпеуі. Досыққа адал болу керектігін, пайда ар ойламай халқыңның болашағы үшін қызмет ету керектігін еске салып отырған.
-
Сабырсыз,арсыз,еріншек өлеңі
1887 жылы жазылған
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алтыбақан алауыз-елдің берекесін алып отырған делдалдарды, пайдакүнем адамдарды жалмауызға теңеген. Адам бойындағы ең жаман қасиет арсыздық. Одан сейілу керектігін, жақын адамдарыңды сынамай, көмек қолын созу адамшылдық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
10-сыныпта Абай шығармаларын ұлттық құндылықтар талдауға үйрету

шағым қалдыра аласыз