Тест Оқу сауаттылыыығы мен қазақ тілі
11 – сынып 1- жарты жылдықтағы білім тексеру
1- нұсқа
1-мәтін
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін. Итім жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей бұға бастады. Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті. Ит балапанға ептеп жақындай бергенде, кенет қара тамақ үлкен торғай ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды Ол жан ұшырып, өзінің балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды. Ол балапанын өз денесімен бүркемек болды. Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп, даусы шыр-шыр етеді. Ол балапаны үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.Мен итімді тез өзіме шақырдым. Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды. Мен жөніме кеттім.(97сөз)
1.Торғайдың иттің қасына қорықпай келіп қонуының мәнісі
A) Ағаштан құлап
түскендіктен
B) Балапанын қорғау үшін
C) Ит балапанға тиіскендіктен
D) Балапаны шырылдағандықтан
E) Балапанын алып кету үшінарнама
2.Мәтінде автордың қандай көңіл күйі байқалады
A) Сүйіну
B) Таңдану
C) Қорқу
D) Алаңдау
E) Тамсану
2- мәтін
Жер бетіндегі барлық жан-жануар атаулы қасиетті мекен санайтын Шаңырақ биігі басында, Кіндік белгі қасында «Ұлы жиын» деген өтіп тұрады екен. Ол жиынға дүниедегі бар тіршілік иесі асығып жетіп, қуана бас қосатын болған. Өйткені, ол байтақ жер бетіндегі кең өрістей, шалқар теңіздей, арналы дариядай өмірдің ең маңызды мәселелерін келісіп, ақылдасып шешетін бейбіт, мәмілелі ұлы жиын еді.
Бірде сондай жиынға шақыру кезінде мынадай хабар айтылады: «Әр тіршілік иесі өзінің сүйікті асын алып келсін. Кімнің дәмі тәтті екен, қандай тағамның қасиеті артық екен – соны біліп, соны ғаламға паш етейік!» Бұл хабар төрткүл дүниеге түгел тарайды.
Ал межелі күн жеткенде, бәрі-бәрі құрметтейтін Шаңырақ биігі басына, Кіндік белгі қасына әлемнің төрт тарабынан асыққандар ағылып келе бастайды. О-о, бұл тірі ағында кімдер, нелер жоқ дейсің?! Аң патшасы арыстан, құс патшасы бүркіт, су алыбы кит, дала еркесі киік, маңғаз піл, жайбасар керік, құс сұлуы аққу, жезтаңдай бұлбұл, жасқаншақ жарқанат, тіпті ызыңдаған сонаға дейін бар мұнда. Жүгірген аң, ұшқан құс, жүзген балықтан қалмайын деп, дөңгеленген қаңбақ, жел айдаған үпелек, жан-жануарға ілескен дән-дәнек те осында жетіп жатты. Осынау жанды ағынды «тіршілік дариясы» деп айтуға болатын еді.
Бұл жиында тек Адам ғана көзге түспеді.
«Ау, Адам-дос қайда екен?!» – десті жиылған көп қауым.
«Ол жер жыртып, арна қазып, үй тұрғызып, еңбектеніп жатқанын көрдік. Сірә, сол жұмыс деген бейнеттен қолы босап келе алмаған болар?», – десті Адамды көрген тағы бір топ куәгер.
«Біздің азығымыз жолымызда жатады, аяқ астынан табылады. Ал Адамның ырыздығы тер төкпей өнбейтін қиын дәм деседі. Сірә, оның татымы да сондай ащы шығар?..» – деп шуласты тағы біразы.
Жиналғандардың бұлай айтатын себебі бар еді. Шаңырақ төбе басында, Кіндік белгі қасында жайылған, өрістей кең дастарханға өздерінің ең сүйікті, аса қадірлі дәмдерін алып келді олар.
Шалғынды даланың майса көдесін елік, шөлейт қырдың жұпар иісті жусанын ақбөкен, бөрте тау бөктерінің шырынды маралтамырын бұғы алып келсе, сусиыр тропик батпағының шекердей борығын, піл жунгли нуының пүліштей талшын бұтағын ала келген. Кең жазықтағы шетсіз-шексіз даладай дастарқан бетінде жылы елдерден әкелінген інжір, зәйтүн, ананас, банан, солтүстіктің тундрасында піскен қырау түкті жидектер, шырыны шыққан мүк-қына, орман мен даланың қияқты-масақты дестелері, жеміс-жидек, жаңғақ-дәнек, тамыр-түйнектер бау-бау, жал-жал боп үйіліп жатыр.Осындай жиын, осындай кең дастарқан еді бұл!
Жиналғандар әлгіндей деп шуылдасып жатқанда, кенет бәрінің тұмсықтарына әлдеқайдан бір хош иіс жетті. Бәрі тым-тырыс боп, иіс келген жаққа қарасты. Топқа Адам жақындап келе жатыр екен. Жаңағы керемет хош иіс сол Адаммен бірге келе жатқаны белгілі болды.
Адам өзін жұмыс деген бейнет кідіртіп қалғанын айтып, жиылғандардан кешірім сұрады. Біреулері оған күлді, енді біреулері түсіністікпен қарады. Ұлы дастарқан басындағылардың бірінің дәмі біріне ұнай қоймағанын несіне жасырамыз? Бұл өз-өзінен түсінікті нәрсе ғой. Мешін жұпары бұрқыраған жасыл пішенге мұрынын шүйірді; арыстан шырыны тамған жеміс-жидекке тосырқай қарады; киік майлы жілік, қоң еттен алысырақ барып тұрды. Сөйтіп, дастарқан басы топ-топқа бөлініп кетті. Сол сәтте Адам ошақтағы оттан жаңа ғана алып, жылы күйінде кеудесіне қысып әкелген ып-ыстық күлшесін шығарды. Жиылған қауым тағы да сілтідей тынды. Керемет хош иістің қайдан екенін енді бәрі көрді.
Адам әуелі ыстық күлшеден бір үзіп, өзі ауыз тиді. Сосын, бір үзіп, киікке ұсынды. Бір үзіп, керікке ұсынды. Бір үзімін мешінге ұсынды. Арыстанға ұсынды. Қолтырауынға берді. Судан көз салған балыққа үзіп тастады. Тіпті ызыңдап жеткен маса да бір сәт байыз тауып, ыстық күлшенің сөлін сорып көрді. Берекелі күлше жиылғандардың бәріне жетті. Бәрі тамсанып, таңдай қақты. Бәрі де менің құрметті де сүйікті тағамым осы болғандай екен деп арман етті. «Не деген керемет дәм?!» – десті бәрі.Күлшеден тамсана дәм татпаған бірде-бір тіршілік иесі қалған жоқ.Адамның дәмі бәріне ұнады.
7. – Бұл дәмнің аты – Нан! – деді Адам. – Нанның сондай тәтті болғаны – оған менің еңбегім сіңді, маңдай терім тамды…
Адам еңбекпен келген нан туралы айтқанда,
жиналғандар оны қызыға тыңдады. Адамның еңбегі сіңген, маңдай тері
тамған, жүрегінің ыстығы мен алақанының жылуы дарыған дәм сондай
тәтті болыпты. Еңбектен туған игіліктің бәрі сондай қасиетке ие
болмақ екен. Сондықтан да Адамның еңбекпен тапқан тағамы – жер
бетіндегі ең керемет, киелі дәм.
Сол күні Ұлы жиын «Жер
бетіндегі ең тәтті, ең қасиетті тағам – Нан» деп
тапты. Сонан
бері әлемдегі бар хайуанат өз жерлерінде, өз дәмдерін татып өмір
сүріп жатыр. Бірақ дүниедегі ең керемет дәм – Нанның қасиетін бәрі
мойындаған, бәрінің есінде, бәрі де оны қадір тұтады.
3.Жиынның «Ұлы жиын» деп аталуының мәнісі
A) Қасиетті мекенде болғандықтан
B) Барлық мәселелер шешілетіндіктен
C) Барлық тіршілік иесіне арналғандықтан
D)Үлкен мерекелі жиын болғандықтан
E) Бәрі бір-бірін құрметтейтіндіктен
4.Адам әкелген нанның «берекелі күлше» атануының себебі
A) Нанның жиылғандардың барлығына жеткендігінен
B) Нанның өте дәмді болғандығынан
C) Күлшеден барлығы тамсана дәм татқандықтан
D) Нан адамның зор еңбегімен келгендіктен
E) Ең дәмді нанның ошақта піскендігінен
5.Барлық тірлік иелерінің нанның қасиетін мойындағаны туралы айтылған бөлім
A) Бірінші
B) Төртінші
C) Бесінші
D) Жетінші
E) Үшінші
6.Мәтін мазмұнына алшақ сөйлем
A) Нанды бұрыннан барлығы қадір тұтатын еді.
B) Балыққы үзіп нан берді.
C) Адам ошақтағы оттан нан әкелді.
D) Аса қадірлі дәмдер алып келді.
E) Аң патшасы арыстан да келді.
7.Мәтін мазмұнын жеткізудегі тәсілдер
A) Әңгімелеу, сипаттау
B) Салыстыру, зерттеу
C) Суреттеу, ақпарат
D) Хабарлау, пайымдау
E) Баяндау, зерттеу
8. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Ең тәтті дәм
B) Ұлы жиын
C) Адам еңбегі
D) Ұлы дастарқан
E) Тіршілік иелері
9.Жиылған жұрттың тағы да сілтідей тынуының себебі
A)Керемет иістің кімнен шыққанын ұққандықтан
B) Күлшені жегісі келгендіктен
C) Адамды аса қадір тұтқандықтан
D) Дастарханды сыйлағандықтан
E) Кезекпен дәмдерін көрсетіп жатқандықтан
10. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын мақал-мәтел
A) Еңбекпен табылған дәм тәтті.
B) Еңбек етсең, емерсің.
C) Еңбек түбі – береке.
D) Кәсіп, кәсіп түбі– нәсіп.
E) Еңбегі аздың өнбегі аз.
Қазақ тілінен тест
11. Қазақ тіліндегі
сөздер буын үндестігіне сәйкес қалай
жіктеледі?
А) Түбір, қосымшалы,
қосымшасыз
В) Жуан, жіңішке, аралас
С) Дауысты, дауыссыз, үнді
Д) Түбір, жуан, ұяң
Е) Дауысты, қосымшалы,
үнді
12. «Өнердің ең асылы — сөз» Даналық сөздің
авторы кім?
А) Гераклит
В) Абай
С) Ы. Алтынсарин
Д) И. Сапарбаев
Е) Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы
13. Вербалды қатынас дегеніміз
не?
А) Тілдік
қатынас
В) Тілсіз қатынас
С) Жалпы қарым — қатынас
Д) Тыңдай
білу
Е) Тыңдаушының назарын өзіне
қарату.
14. Сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз
аралығындағы дыбыстардың бір — бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы
дегеніміз не?
А)
сөз сазы
В) реңк
С) мәнер
Д) үн
Е) тон
15.
Сөздердің біркелкі дауысты дыбыстан басталуы қалай
аталады?
А) Кейіптеу
В) Ирония
С) Сатира
Д) Ассонанс
Е)
Аллитерация
16. Тыңдау кезінде күнделікті кездесіп
қалатын қателіктерді
анықтаңыз.
А) Сөйлеушінің сөзін
білу.
В) Әңгіме барысында тыңдаушының асығыс қорытынды жасауы.
С) Сөйлеушінің айтқандарымен келіспеген жағдайда тыңдаушы өз қарсылығын білдіруде асығыстық жасау.
Д) Шынайы көмек бермейтін адамдардың қажетсіз кеңестерін қолдану.
Е) Жоғарыдағы жауаптардың
бәрі дұрыс.
17. Сөйлеушінің сөзін бөлмей мұқият тыңдау,
бұл…?
А) Әбестік
В) Әдептіліктің белгісі
С) Әдепсіздік
Д)
Қайырымдылық
Е)
Менсінбеушілік
18.
Дауыстылар
жақтың ашылу дәрежесіне қарай қалай
бөлінеді?
А) еріндік, езулік
В) дауыссыз дыбыстар
С) жартылай ашық
Д) ашық, қысаң, жартылай ашық.
Е) еріндік.
19.
Этнолингвистика дегеніміз не?
А) Сөздердің
қалыптасқан сөз орамдарының шығу тегін тарихын, оның мәні мен
мағынасын, қазіргі қолдану аясын зерттейтін тіл білімнің
саласы.
В) Сөздер мен олардың мағыналарын зерттейтін
сала.
С) Тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала.
Д) Сөз құрамы мен сөз таптарын зерттейтін сала.
Е) Қоғамдағы
тарихи
оқиғалаларға, қоғамдық өзгерістерге
байланысты тілімізге енген жаңа
сөздер.
20. Этнолингвистикалық құбылыс туралы еңбек
жазған, деректер жинаған қазақтың қоғам
қайраткері.
А)
Абай
В) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
С) Ы. Алтынсарин
Д) Қадыр Мырза Әли Е)
Ф.
Оңғарсынова
Жауабы:
1.в
2.в
3.с
4.а
5.д
6.а
7.а
8.а
9.а
10.а
11.в
12. е
13. а
14. а
15. д
16. е
17, в
18. д
19. а
20. в

2- нұсқа
1-мәтін
Бір ғұлама шәкіртінің әр нәрседен үнемі шағымданып жүретінін көріп қалады. Содан бір күні ол шәкіртті шақыртып алып, тұзға жібереді. Үнемі зарланып жүретін шәкірт тұз алып келген кезде қария оған бір уыс тұзды бір стакан суға ерітіп іш дейді. Шәкірт бұлжытпай айтқанын орындаса да, тұзды суды көп іше алмай түкіре бастайды.
“Дәмі қалай екен?” деп сұрайды қария. Шәкірті “Ащы” деп жауап береді ызаланып. Ғұлама шәкіртті қолынан ұстап, жақын жердегі бұлаққа алып барады. Бір уыс тұзды суға қосып, сол судан да ішіп көруін сұрайды. Бұлақтың мөлдір суын ішкен шәкірттен қайтадан судың дәмін сұрайды. “Tәтті” дейді шәкірт. “Тұздың дәмін сездің ба?” сұрағына да, “жоқ” деп жауап береді. Осы кезде ғұлама: “Өмірдегі қиындықтар осы тұз тәрізді, аз да емес, көп те емес – үнемі бірдей мөлшерде. Байқағаныңдай тұздың ненің ішіне қойылғандығы ғана маңызды. Сол сияқты, өмірдегі қиындықтардың да ащы болып, болмауы тек сенің сезімдеріне байланысты. Стакан емес, бұлақ болуға тырыс“, – деген екен.
1. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлем
A) Бұлақтың суы да ащы
болып шығады.
B) Шәкірт тұздың дәмін сезеді.
C) Шәкірт үнемі шағымданып жүреді.
D) Шәкірт бұлаққа бір уыс тұз тастайды.
E) Ғұлама шәкіртін тұзға жұмсайды.
2. Мәтін мазмұнын
қорытындылайтын нақыл сөз
A) Маңдайыңа жазылғанын көресің.
B) Өз өмірің өз қолыңда.
C) Өмірге өкпе артуға болмайды.
D) Астың дәмін тұз келтіреді.
E) Ащыны татқан білер.
2- мәтін
1.Әлемдегі ең бір кедей елдердің бірі – Бангладеш. Өте тығыз орналасқан Бенгалдықтардың 80% ауылдық жерлерде тұрады. Үйлерін бамбуктен, ағаштан немесе кірпіштен биік жерлерге салып, шатырын сабан, пальма жапырақтармен, бай, дәулетті дегендері қаңылтырмен жабады. Өзендер арнасынан асып, жайыла тасыған кезде жұрт бір-біріне көбінесе қайықпен қатынайды.Үйлердің айналасында аяқ басар бос жер болмайды. Әрбір сүйем жер дәнді дақыл егуге, шай және қант құрағын, сондай-ақ жеміс ағаштарын өсіруге пайдаланылады.
Салт-дәстүрді берік ұстанатын бенгалдықтар үйлерін міндетті түрде ұлттық нақышта безендіреді. Бұл елдің кедей тұрғындарының өзі үйлерін сән-салтанатпен өрнектейді. Бенгалдықтарды нағыз кітап құмар халық десек артық айтпаған болар едік. Оған себеп көшелерден жиі кезіктіруге болатын «кітапхана – автобусты» айтуға болады. Қызықты кітаптарға лық толы бұл автобустың жолаушылары барар жерлеріне дейін кітап оқып, жан дүниелерін мол мұрамен байыта отырып жетеді. Музыка – Бангладеш жұрты үшін өмірілерінің ажырамас бөлшегі. Бенгалдықтардың дәстүрлі әндері Баул депа талады. Баул – осыдан жүздеген жылдар бұрын Батыс Бенгалияны мекен еткен кезбе жыршылардың әні. Бұл сөздің мағынасы «Киелісотқар» дегенді білдіреді. Баул әнін орындаушылардың қандай жағдай болмасын жанынан тастамайтын мүліктері – киімі және музыкалық аспаптары. Одан өзгені жандарына серік етуден үзілді-кесілді бас тартады.
Бенгалдықтар Баул орындаушыларын қызғыштай қорып, олардың қауіпсіздігін қаматамасыз етіп отырады. Баулдан өзге дәстүрлі әндерінің қатарына Гомбхира, Бхатиали, Бхавайя жатады. Бұл фольклорлық әндерді көбіне бір ішекті эктара аспабының сүйемелдеуімен орындайды. Бангладеш асханасы Орта-Азия елдерінің асханаларының тағамдарынан еш айырмашылығы жоқ. Олардың өте көп пайдаланатын тағамдары – күріш пен кари. Олар сүттен неше түрлі тіл үйретін тәттілер жасап жегенді жандары сүйеді. Ұлттық тағамдарына расгулла, чамчам, каложам жатады.
Бенгалдықтар ырым мен тыйымға қатты сенетін халық. Бұл көріністі әсіресе ауылдық жерлерден анық көруге болады. Олар алдарынан бос тостағанды, құс өлексесін, тақсандарды, үзіліп қалған жіптерді көре қалса бітті жаман ырымға балап, сағы суға кетеді. Бангладеш ұлты дүниеге ұл бала келсе болды, «үйімізге береке келді», — деп қуанады. Ал қыз балалардың туылғанын аса қатты ұната бермейді. Олар қыз баланы өзге шаңырақтың киесі деп санайды. Қыз бала тұрмысқа шыққаннан кейін толықтай күйеуінің меншігіне өтеді.
Ал ұл бала олар үшін ұрпағының жалғасы, қартайғанда асырайтын өз үйінің иесі. Бұл елдің жастары үлкендерді қатты сыйлайды. Ата-аналары балаларын бұл қасиетке кішкене күнінен бастап үйретеді. Тіпті олар үлкендерге тіл тигізбек түгілі, қарсы шығып сөйлемейді. Жасы кішілері үлкендердің аяғына басын еңкейтіп, қолы мен аяғына тағзым етіп амандасады. Олар әке-шешелерінің таңдаған қыздарына үйленеді. Егер ата-анасының таңдаған қызы көңілінен шықпаса, неке заңды болып есептелмейді. Тойды міндетті түрде күйеу жігіттің ата-анасы жасайды. Той кезінде жас жұбайлар неше түрлі сән-салтанатқа толы гүлдермен көмкерілген орында отырады. Олардың ешбір тойлары дін қызметкерлерінсіз өтпейді. Той өткізілгеннен кейін олар көп емес, біраз уақытқа ата-аналарынан бөлек үйге шығып кетеді. 406 сөз
3.Бенгалдықтардың тығыз орналасуының себебі
A) Жеміс көп салғандықтан
B) Халық көп болғандықтан
C) Жер аз болғандықтан
D) Сулы жер көп болғандықтан
E) Шөл болғандықтан
4. Бенгалдықтар Баул орындаушыларын қызғыштай қорғауының себебі
A) Баул орындаушылар көп болғандықтан
B) Дәстүрлі әндерді орындағандықтан
C) Ырым мен тыйымға қатты сенетіндіктен
D) Кезбе жыршылар болғандықтан
E) Ұлттық аспаптарда мықты ойнағандықтан
5.Мәтіннің төртінші бөлімінің мазмұнына лайықты мақал-мәтел
A) Қызың жағадағы құндызың.
B) Әкесіне тартып ұл тумас.
C) Балалы үй базар.
D) Кісі болар баланы кісесінен таниды.
E) Ұл туғанда күн туар.
6. Бенгалдықтарда тойдың дін қызметкерлерінсіз өтпеуінің себебі
A) Діни неке ғана заңды деп саналғандықтан
B) Діни қызметкерлерін ерекше құрметтегеннен
C) Ата – бабаның ерекше салты болғандықтан
D) Діни бата бірінші орында тұрғандықтан
E) Тойға дін қызметкерінің қатысуы мәртебе саналғандықтан
7.Бенгал жастарының ерекшелігі
A) Үлкендерді қатты құрметтейді.
B) Ата-аналарынан бөлек тұрады.
C) Қызды әке-шешесі таңдайды.
D) Қыз баланы береке санайды.
E) Болашақтарын өздері шешеді.
8.Үйлерін ұлттық нақышта мықты безендірудің себебі
A) Өз ұлтының салтын берік ұстанғандықтан
B) Ұлттық қолөнерді мықты білгендіктен
C) Әсемдікті ерекше жақсы көргендіктен
D) Ел ішінде шеберлер көп болғандықтан
E) Басқа ұлттарға үлгі көрсету үшін
9.Мәтін мазмұнын жеткізудегі қолданылған тәсілдер
A) Ақпарат, әңгімелеу
B) Зерттеу, пайымдау
C) Суреттеу, пайымдау
D) Сипаттау, зерттеу
E) Салыстыру, пайымдау
10. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Бангладештің ерекше халқы
B) Өнерлі бенгалдықтар
C) Баул орындаушылары
D) Бенгалдықтардың салт-дәстүрі
E) Ырымға сенетін халық
Қазақ тілі тест
11. Мына сөздерден екпін түспейтін
буынды көрсетіңіз.
А) барасың ба?
В) арланба
С) қойма
Д) аула
Е)
жетекшілік
12. «Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!» (Абай) Көркемдегіш құралдың қайсысы
қолданылған?
А) Ассонанс
В) Аллитерация
С) Сатира
Д) Литота
Е)
Гипербола
13. Сөйлеуші сөзін толық түсіну үшін
қандай сұрақтар берген орынды?
А) Не үшін? Неліктен?
В) Қайсысы? Кім?
С) «Иә, иә»,
«Солай ма?», «Айта беріңіз»
Д) Не себепті? Қашан?
Е) Не
мақсатпен?
14. Ерін мен езудің қатысына қарай қалай
бөлінеді?
А) еріндік, езулік
В) еріндік, қысаң
С) езулік, қысаң
Д) жуан, жіңішке
Е) ашық, қысаң
15. Шаруашылық,
тұрмыстық, әдет — құрыпқа байланысты
этнографизмдер:
А) қырқынан шығару
В) тасаттық беру
С) дәметіп ауру
Д) есік көрсету
Е) саба пісу
16. Қайсысы
мәтел?
А) Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
В) Талапты ерге нұр жауар.
С) Ер айтпас, айтса қайтпас.
Д) Таз ашуын тырнадан алады.
Е) Нар тәуекел —
ер ісі.
17. Неологизмді
табыңыз.
А) делдал
В) көзі ашық
С) мереке
Д) кебеже
Е)
кәсе
18. Термин дегеніміз
не?
А) Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер.
В) Жергілікті тұрғындардың сөйлеу тіліндегі сөздер.
С) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
Д) Қарапайым сөздер.
Е) Белгілі бір шаруашылық саласына байланысты сөздер
тобы.
19. «Манифест» терминінің қазақша
баламасы.
А) келісім, шарт
В) көшірме
С) жарғы
Д) түсініктеме
Е)
сауалнама
20. «Әркім» тұлғасына қандай
сөз?
А) негізгі
В) туынды
С) қос сөз
Д) дара
Е) күрделі
Жауабы:
1.а
2.в
3.с
4.в
5.е
6.а
7.а
8.а
9.а
10.а
11.а
12. в
13. с
14. а
15. е
16. д
17. а
18. а
19. с
20. в
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
11- сынып. 1- жарты жылдықта оқу сауаттылығы мен қазақ тілінен тест.

шағым қалдыра аласыз