Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11-сынып әдебиет З.Қабдолов "Менің Әуезовім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп және коллджде қазақ әдебиетінен беретін мұғалімдерге қосымша көмек. 11-сынып жаңартылған білім мазмұнына көшпегендіктен, дәстүрлі сабақ пен жаңартылған білім мазмұнын ұштастырып жаңа технологияларды пайдаланып жасадым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: З.Қабдолов өмірі мен шығармашылығы. «Менің Әуезовім» романы-эссесі

Сабақтың білімділік мақсаты: жазушының өмірі мен шығармашылығынан жалпы мәлімет беру, қазақ әдебиетінде алатын орны туралы айту, роман-эссенің тақырыбы мен идеясын таныту,өзіндік тұжырым жасауға баулу;

Тәрбиелік мақсаты: жазушы өмірін үлгі ету, адамгершілікке, өз ұлтын сүюге, ұлттың рухани құндылығын сақтауға тәрбиелеу;

Дамытушылық мақсаты: білім алушылардың ізденуіне жол ашу,өз пікірлерін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдыландыру,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,көркем әдебиет оқу, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту;

Сабақ көрнекілігі: М.Әуезовті ,З.Қабдолов портреті; жазушы шығармашылығына арналған кітап көрмесі, сызба кестелер

Техникалық құрал: аудиожазбалар, слайдтар.

Сабақ әдісі: «Ашық микрофон», «Миға шабуыл», «Гүлмен тілек», «Дауыстап ойлау» әдісі, «Фишбоун» әдісі, Венн диаграммасы, «Кластер» әдісі , «Микс» жаттығуы

Сабақ түрі:жаңа тақырыпты меңгерту

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушыларды «Гүлмен тілек» әдісі бойынша шаттық шеңберін жасап, топқа бөлу.

Гүлдің макетін жасап (топқа жететіндей етіп) оған топтың атын жазамыз.

Топтың аты «Ұстаз», «Шәкірт» және «Жазушы». Оны гүлдің жапырағына не сабағына жазып қою керек. Үш топқа бөлінегеннен кейін топ басшыларын сайлап аламыз.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Ашық микрофон» әдісі арқылы үй тапсырмасы Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогі арқылы үй тапсырмасын сұрап, қорытындылау.

Білім алушылар бір біріне жауап берген соң мұғалімнің қорытынды сөзі

Жаңа сабақ бастамас бұрын мен сендерге «Миға шабуыл» әдісі бойынша жаңа сабаққа қатысты ой тастайын.

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз. 

Мұхтар Әуезов

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Мұхтар Әуезов

Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!

Мұхтар Әуезов

Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.

Зейнолла Қабдолов

Көп біліп, аз сөйлеген - шешен,
Аз біліп, көп сөйлеген – мылжың. З. Қабдолов



3. Жаңа сабақ: З.Қабдолов өмірі, шығармашылығы. «Менің Әуезовім» романы-эссесі

А) Зейнолла Қабдолов - 1927 жылы 12 желтоқсанда Атырау облысында туған. Орта мектептен кейін екі жыл (1943-1945) өндірісте жұмыс істейді. 1945 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітіреді де, осы білім ордасында бүгінге дейін елу жылдан астам үздіксіз білім және ғылым жүмыстарын қатар жүргізіп келеді. Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымының докторы, профессор. Ширек ғасыр бойы ҚазМҰУ-дың әдебиет кафедрасын басқарған, бірнеше жыл "Жұлдыз" журналы мен "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі мамандығымен қоса атқарған, "Ұшқын" (басында "Өмір ұшқыны") және "Жалын" (Бүкілодақтық жүлдеге ие болды, 1972) романдарының, "Адам" (1964), "Сыр" (1975) атты жинақтарына енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған "Сөнбейтін от" драмасының авторы. "Менің Әуезовім" романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы (1998) берілді. Қазақ және Қырғыз Республикалары ғылымдарының еңбек сіңірген қайраткері. ҚазМҰУ жанындағы филология ғылымының докторы дәрежесін беру жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы. 











Ә

академик

)

ғалым

Shape6

Қазақ және Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері

аудармашы

лық

драматург

халық жазушысы

ұстаз

оқулықтар авторы (осы жерде кітап көрмесін таныстырып кетесің)

Shape9 Shape8 Shape5 Shape7 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Зейнолла Қабдолов



Б) Бейнебаян көрсету:

2. «Менің Әуезовім» роман-эссе. 1) Әдебиет теориясы: роман-эссе-кейіпкер туралы толғаныс, ішкі мазмұны сырлы, сыртқы түрі нұрлы шығарма.

2)

Роман-эссенің жанрлық сипаты

Эпикалық суреттеу амалы

Лирикалық суреттеу амалы

Драмалық суреттеу амалы

Shape12 Shape10 Shape11

Автордың ойы мен сезімінен, санасынан тыс тұрған шындық құбылыстар, оқиғалар суреттеледі.

Шындық құбылыстардың, оқиғалардың автордың санасына, ойы мен сезіміне тигізген әсерінен туған күй суреттеледі.

Шындық құбылыстар адамдардың іс-әрекеті түрінде бейнеленеді.

Shape13 Shape14 Shape15

3) Автор а













3) Автор атынан: бірінші жақта баяндалған.

Кейіпкердің өмірлік мақсаты



Ұлттық әдебиет мамандарын даярлау

Ел мүддесін қорғау

Ұлттың рухани құндылықтарын сақтау, байыту

Shape16 Shape17 Shape18 4) Мұхтар Әуезов өмірі мен қызметі (роман-эссе бойынша)

Өмірі

Қызметі


1. Қилы кезеңді бастан өткерді

2. Қуғын көрді

3. Азап шекті

4. Мұратына жетті


1. Жазушы

2. Ұстаз

3. Ғалым

4. Қоғам қайраткері

4. Жаңа сабақты пысықтау. Кері байланыс

1. Оқулықпен жұмыс: «Дауыстап ойлау әдісі»

Осы жерде оқушылар кітаппен жұмыс жасайды.

Мұғалім: Сабағымыздың басында тобымызды үш топқа бөлдік. Топ атаулары не үшін «Ұстаз»,«Шәкірт» және «Жазушы» болды. (оқушылар жауап береді). Олай болса қазір кітаптан бүгінгі жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Менің Әуезовім» роман-эссесінен шәкірттің ұстазы туралы жазылған монологін тауып оқимыз.Қане қай топ жылдам табады екен.

Білім алушы монологты келістіріп оқиды .

Тыңдалым бойынша білім алушыларға «Ұстаз» тақырыбында ойтолғау жазу тапсырылады

Сергіту сәті: (Тропикалық жаңбыр)

2. Венн диаграммасы

Роман-диалог Роман-эссе

Shape21 Shape19 Shape20

3. Фишбоун әдісі (4 сұрақ-жауап)

Келесі топ астыңғы қанатқа жауап жазады (осы 4сұрақты бір топқа бер келесі топ жауабын іздей берсін)



Shape26 Shape25 Shape24 Shape23 Shape22

Shape27



Shape32 Shape31 Shape30 Shape29 Shape28











4) «Микс» жаттығуы:

«Микс» әдісі арқылы идеяларымызды жинақтап, шығармашылық көзқарасымызды білдірейік. Тақтаға түйінді тірек сөздер беріледі. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Тірек сөздер: ғалым, ұстаз, батыр, өмір, шәкірт, білім,ұлт, оқу,ой,ақыл,сөз

Бірінші топ өлең шығару

Екінші топ сурет салу

Үшінші топ ән орындау

5. Қорытынды.

Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесі – елдің өсер өркеніне халықтың асыл құндылықтарын, қоғамдық сананың тазалығын сақтау, қорғау, келер ұрпаққа кінәратсыз тапсыруды ұсынған интеллектуалдық роман үлгісі.

З.Қабдоловтың ұстазы М.Әуезовтің арманы ұлттық әдебиет мамандарын, ұлт мүддесін қорғау болса, қазіргі таңда Елбасымыздың Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы рухани жаңғырудың бір парасы деп атап кетті.

Дуалы ауыз сөз зергері, ел ағасы З.Қабдолов айтқан өнегелі уағыздар ұлтты елдік пен бірлікке үндейді. Қазақ қауымының рухани өміріне азаматтық пен кісіліктің, кішілік пен зиялылықтың орасан үлгісі бола білген осынау аяулы тұлғаның ардақты бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады

Бағалау.

Бағалау парағы бойынша топтарды бағалау

Үйге тапсырма: З.Қабдолов өмірі мен шығармашылығы бойынша деректер кестесі. «Ұстаз жолы – ұлы жол» атты эссе жазу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
2149
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12