11 сынып Жиынтық бағалау I тоқсан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

11 сынып Жиынтық бағалау I тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Сынып: 11

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті


Аты-жөні: _______________________________________________________


Оқылым. Мәтінді оқы.


Атом станциялары құрылысы жөнінен ең қымбат нысан болып есептеледі. Атом электр станцияларының қызмет ету мерзімі орташа есеппен қырық жылға тең. Оны салуға жұмсалатын қаржыдан бөлек, шикізат – байытылған уран мен мерзімі өткеннен кейін пайдаланудан шығаруға кететін қаржы да ұшан-теңіз.

АЭС жанында өмір сүретін адамдардың арасында лейкамия (ақ қан), ісік ауруы жиі кездеседі деген жалған түсінік бар. Бұл аурумен Жердің кез келген нүктелерінде адамдар шамамен бірдей деңгейде ауырады. Ол АЭС-тің жаны болсын, табиғаты сұлу аймақ болсын, статистика бойынша бәрі бірдей. Көпшілігіміз оқығандай не теледидардан көргендей, біз жел мен толқын энергиясын экологиялық жағынан ең тазалары деп білеміз, бірақ бұл да – даулы сұрақ. Өйткені көбіне жел станциялары су қоймалардың жанына салынғандықтан, ол аймақтың экологиялық балансын едәуір бұзады. Олардың саны көп болған сайын табиғатқа келетін шығын да арта түседі. Ал АЭС-тің бір өзі өндіретін энергия көлеміне тең энергияны өндіру үшін жүздеген жел станциялары қажет болады екен. Кейбіреулер АЭС-қа отын ретінде пайдаланылатын уран жақын болашақта сарқылады дегенді айтады. Бұл – түбегейлі қате пікір. Себебі уранның Жердегі мөлшері алтыннан 600 есе көп. Бұл – шамамен 500 жылдық қор деген сөз. Ол біткен күннің өзінде ғалымдар торий элементін химиялық өңдеуден өткізіп, одан оп-оңай уран ала алады. Ал торийдің қоры ураннан үш есеге дейін мол екенін айта кетейік. Атом энергиясының бағасы жөнінде көпшілік арасында әртүрлі ой бар. Бұл энергияның 10 пайызын ғана уранның бағасы құрайды. Оған әлемдік нарықтағы қойылған баға да мұнай мен газға қарағанда әлдеқайда тұрақты. (224 сөз)


1. Мәтін мазмұнына сай келетін ақпараттарды белгілеңіз.

Ақпараттар

Шын

Жалған

А. АЭС жарты ғасырға жуық жұмыс жасайды.



Ә. Жел станциялары экологиялық баланстың өзгеруіне әсер етеді .



Б. Жердегі уран қоры алтыннан аз.



В. Торийден уран алуға болады.



[3]


2. Мәтіндегі негізгі ойды (идеясын) анықтаңыз.


[1]


3. Мәтін жанры (мәтін түрі).


[1]

Жазылым.

Үш тақырыптың біреуін таңдап, сұхбат жазыңыз. (тақырып бойынша 10 сұрақ-жауап)

1. «Қазақтың күйі-қазақтың жаны»

2. «Шешендік сөз өнері»

3. «Қазақ тілі – кемел тіл» [10]




1


2


3



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
1892
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі