|
Жаңа
сабақ
/25мин/
|
Қайырлы күн құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің өткізетін
«Табиғатты аялайық» атты сынып сағатымызды бастайық. Біз бүгін,
сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы
түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға
сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен
сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан
мейірімділікті үйренеміз! Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік
атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі.
Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды
табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына
өлең жолдарын бірге айтайық!
Хормен
Қайырлы күн, күнім, далам,
орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым,
көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер,
жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік
иесі!
Өте
жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат
дегеніміз не ? Оларға нелер жатады? Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер,
хайуанаттар, құстар,балықтар.
І.Ендеше, саяхатымыздың
бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп
аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
Ендігі екінші
аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты
маңыздылығы бар екен ?
|
Оқушылар
Хормен бүгінгі сабақтың тақырыбын
ашады.
.

Оқушы: Табиғат байлықтарының ішіндегі
тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте
не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. Ал
адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа
қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да
ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем
алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген
сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап
бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың
үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод,
фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949
жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар
ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады.
Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден
өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық
дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай
демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады,
өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы, Ауадан асқан жан жоқ жалғанда
ұлы. Ойлашы кімге керек боламыз біз, Жұтудан таза ауаны қалған
күні.
Оқушы: Табиғаттың көркін ажарландырып
, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да
сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы
өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз
пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне
Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды.Кейінгі уақытта осы
өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның
салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған
су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал
аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспий теңізі мұнайдың
қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен
жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. Ойлау керек
Арал жайын , ел жайын,
Пәк
табиғат тозып жатыр жыл сайын. Өзімізді асыраушы табиғаттай-Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!
|

|
Қима қағаздар,
маркерлер
Қима қағаздар,
маркерлер
|
|
Қауіпсіздік сабағы (10
минут)
|
«Цифрлық диета» дегеніміз не
және ол не үшін қажет? Біздің қазіргі әлемде цифрлық технологиялар
өміріміздің жарқын бөлігіне айналды. Жаңа технологияларды ақылмен
пайдалану маңызды. «Цифрлық диета» – бұл цифрлық технологияларды
қолданудың саналы тәсілі.
Гаджеттерден уақытша бас
тартудың пайдалы жақтары:
✓ гаджеттерден уақытша бас тарту
белсенді өмір салтына ықпал етеді;
✓ психикалық денсаулық жақсарады
(стресс деңгейі төмендейді);
✓ ұйқы сапасы
жақсарады;
✓ тұлғааралық қарым-қатынас
орнатылды (достарыңызбен көбірек уақыт өткізуге
болады);
✓ өнімділік артып
келеді;
✓ шығармашылық дағдылар дамиды
(кітап оқу, сурет салу, балама ретінде
шығармашылық
әрекеттер).
|
Оқушылар өз пікірлерін ортада
қорғап, сұрақтарға жауап береді.

|
Бағалау. «Дауыс беру»
әдісі.

|
Стикерлер,
маркерлер
|
|
Сабақтың
соңы
/3мин/
Рефлексия
|
Қорытынды: Табиғат – бүкіл тіршілік
атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені.
Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның
қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі,
қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына
адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол
міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де,
табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады.
Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы
қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат адам
бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады.
Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие
көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен,
қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан
ұмытпайық.
|
Рефлексия жасайды.
Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын
айтып, алған әсерімен бөліседі
|

|
|