Тақырып бойынша 31 материал табылды

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні «Ұлттық валюта-теңге» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) № 10-САБАҚ 6- сыныптар: «Жасанды интеллект, оған сөзсіз сену керек пе?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің тарихы, оның ел экономикасындағы рөлі мен маңызын түсіндіру. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетуге баулу.теңгенің маңызы мен рөлі:экономикадағы рөлі,қаржылық тәуелсіздік,мәдени және ұлттық символ ұлттық мақтаныштың белгісі. Оқушыларға теңгені құрметтеп, оны сақтаудың маңыздылығын түсіндіру,теңгенің қорғаныс белгілерін түсіндіріп өту . Оқушыларға осы белгілер туралы айтып, оларды қалай тануға болатынын түсіндіру.Сабақта оқушылар теңгенің Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде тәуелсіздіктің нышаны, елдің қаржылық тұрақтылығының негізі екенін түсінеді. Теңгеге деген құрмет – елге деген құрмет екені түсіндіріліп, оқушыларды осы құндылықтарға құрметпен қарауға баулу. Жасанды интеллект – бұл компьютерлік жүйелердің адам секілді ойлау, шешім қабылдау және түрлі тапсырмаларды орындау қабілеті. ЖИ машиналарға "ақыл" беруге тырысады, ол арқылы олар деректерді талдап, адам секілді әрекет етуге қабілетті болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

Педагогтің Т.А.Ә.



Күні:

11.11

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

«Ұлттық валюта-теңге»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

10-САБАҚ

6- сыныптар: «Жасанды интеллект, оған сөзсіз сену керек пе?»

Құндылық

Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.

Сабақ мақсаты

1.Ұлттық валюта - теңгенің тарихы мен маңыздылығын түсіндіру. 2. Оқушыларға теңгенің ел экономикасындағы рөлін таныстыру және оның тұрақтылығына мән берудің маңызын көрсету.3. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту. |

Қауіпсіздік мақсаттары

Оқушыларға жасанды интеллект (ЖИ) туралы түсінік беру, оның пайдасы мен қауіп-қатері туралы ой салу және ЖИ-ға толық сенудің қауіпті болуы мүмкін екендігін көрсету. Оқушыларды сыни ойлауға баулу.

Апта дәйексөзі:


Тура биде туған жоқ!



Сабақ барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру.амандасу,түгелдеу.

Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: 15 қараша - Ұлттық валюта күні .теңгенің Қазақстандағы рөлі туралы қысқаша мәлімет беремін. - 1-қадам: Теңгенің тарихы туралы түсіндіру, оның 1993 жылы айналымға енгізілгенін айту.
-
2-қадам: Теңгенің қалай жасалатыны, оның қорғаныс белгілері туралы айту.
-
3-қадам: Қазақстан экономикасындағы теңгенің маңызын талқылау.

1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.

Мұғалімді мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап беріп , өз ойларын ортаға салады.

Оқушылардың пікірі тыңдалады

Оқушылар сұраққа жауап береді


Қазақстандық теңге 18 қорғаныс дәрежесіне ие. Сондықтан да теңге әлемдегі ең «жабдықталған» валюталардың бірі болып саналады.Олар су белгілері, қауіпсіздік жіптері, ашық терезе, ультракүлгін сәулелерден қорғау, сериялық нөмірлер, сәйкес кескіндер

Презентация

Жазба дәптері

Қазақстан теңгесінің суреттері






Теңгенің қорғаныс белгілері туралы мәліметтер


Сабақтың ортасы

25 мин

«Тиыннан  теңге  құралады» , -  демекші ,  ақшаны үнемді  пайдалану  керек.Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның  арасында   қандай  айырмашылықтар бар?
(Оқушылардан   сұрап жауаптарын   толықтыру)
« Сиқырлы сандықша»  ойынын  ойнап  көрейік.
-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар  кімдер?
-Ақша  қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз   елдің ең бірінші  айрықша  белгісі  қандай?
-Ерте заманда   теңгелерді қайда жасаған ?
-Теңгенің  неше    құпия    қорғанысы бар?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда  жинауға  болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен   безендіріледі?
-Қазіргі  теңгеде қандай  суреттер салынған?
-Қазақ теңгесі  қайда басылды ?
-Сен ақшаны  орынды жұмсай аласың ба?
Мақал - мәтелдегі бос орынға төмендегі сөзді жазу.( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.

Оқушы жауабы

тыңдалады.






















теңге,дүние,теңге,есеп,

дария,шашу,құлып










Жазба дәптері





Стикерлер

Тақырыптық суреттер

10 мин

Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары: робототехника, сараптамалық жүйелер, есептерді әмбебап шешушіні жасау, бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау.

Оң әсері:

  • мәліметтерге негізделген тиімді шешімдер;

  • субъективтіліктің аздығы;

  • ескірген бюрократиялық құрылымды жаңаша ұйымдастыру;

  • жаңа және инновациялық жұмыс орындары;

  • энергия тасымалдаушыларға тәуелді болмау;

  • медицина ғылымында жетістікке жету, дерттерді түбегейлі жою.

Теріс ықпалы:-есеп беруге міндеттілік (жауап беруші, заң аспектілері, құқықтар);

  • жұмыс орындарын жоғалту;

  • хакерлік / киберқылмыс;

  • қалыптасқан түсініктің шектен шығуы.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Үлестірмелі материалдар

Жазба дәптерлері


https://youtu.be/cHlTBit1Pbo?si=87b0BDZRlgwdqNvm



Сабақтың соңы

5мин


Оқушылар кері байланыс береді.


Тиімді кері байланыс береді

Стикер, жапсырма қағаз































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2024
439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12