№15 «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

№15 «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Материал туралы қысқаша түсінік
№15 «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»
Материалдың қысқаша нұсқасы

55 жалпы орта білім беретін мектеп



Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

______Бекбосынов О.





«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

Тәрбие сағаты















Сынып: 7 “З”

Сынып жетекшісі: Куралбаева М.К











2024-2025 оқу жылы


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысқандар

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

«Жараланғанда, жарақаттанғанда және жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек» ЖЖЕ №4

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

7- сыныптар: «Жағдайларда ата- аналарға сену неге маңызды?»

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал

қызмет етуге тәрбиелеу.

Дәйек сөз

3-апта дәйексөзі: Бірлік болмай тірлік болмас

16-20.12.24ж.

Құндылық

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы



Қызығушылықты ояту.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар және оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын тақтадағы сөзжұмбақты шешіп алайық.

1) Елордамыз Астананың көрнекті орны, Астана нышаны.(Бәйтерек)

2) Жиындарда орындалатын салтанатты әуен. (әнұран)

3) Әр елдің мемлекеттік нышаны. (ту)

4) Көк байрағымыздың авторы. (Ш. Ниязбеков)

5) Қазақстанның бұрынғы астанасы. (Алматы)

6) Қазақстанның қазіргі елордасы (Астана)

7) Елтаңба авторы. (Ж. Мәлібеков)

8) Қазақстанның тұңғыш президенті. (Назарбаев)

9) Мұзайдыны (Медеу)

10) Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)

11) Кіші жүздің биін ата? (Әйтеке би)

- Қандай сөз шықты? (тәуелсіздік)

Ой қозғау.

- Тәуелсіздік деген қандай ұғым? Тәуелсіздік дегенде ойларына не оралады?

- Біз ертең қандай мейрам тойлағалы жатырмыз?

- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр? (26 жыл)

- Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)

- Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз тәуелсіздік мейрамына арналмақ. «Тәуелсіздік-тұғырым» атты тәрбие сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.

- Онда Желтоқсан желі 1986 Қайрат Рысқұлбеков көрейік








Сөзжұмбақты шешеді










Сұрақтарға жауап береді











Видеосюжет көреді







Сөзжұмбақ
















Слайд







Сабақтың ортасы


Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Бейтаныс адамға көмек көрсетуге болама?»

І. Ойлан тап

1. Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ба?( иә)

2. Елтаңбаның авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев па?(жоқ)

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбеков пе?(иә)

4. Тұңғыш Президент күні 4 желтоқсан ба? (жоқ)

5. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық Қаһарманы" атағы берілді ме? (иә)

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында қырын бүркіт, күн, ұлттық ою - өрнек бейнеленген бе? (жоқ)

7. "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты жолдауы 30 - шы қарашада жолданды ма? (иә)

8. Бәйтеректің биіктігі 97 метр ме? (иә)

9. Ұлтына қамқор Елбасы атты сынып сағаты өтті ме? (иә)

10. 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толды ма? (иә)

11. Қайрат Рысқұлбеков жазушы ма?( жоқ)

12. Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев желтоқсанның қарлығаштары ма?(иә)

ІІ. Білгенге маржан

1 - кітап Астана

Астанадағы қандай айшықты орындарды білесің?

2 - кітап Рәміздер

Қазақстан Респупликасының мемлекеттік рәміздерін ата.

4 - кітап. Батырлар

Желтоқсанның қарлығаштарын ата.

5 – кітап. Хандар

Қазақ хандығын ең алғаш құрған қай хандар?

Керей хан мен Жәнібек хандар

6 – кітап Тәуелсіздік

Тәуелсіздік күнін ата.

ІІІ. Көңілді ребус шешу

Екі топқа дайындап әкелген ребусты беру. Олар тез арада ребусты шешу керек. "Астана"

Асық,,,, кітап, нан,

IV.Сенквейн «Тәуелсіздік» Бес жолды өлең

1 минут үнсіздікпен еске алу


Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрседі


1 секунт ішінде қысқа – нұсқа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру









6 кітаптың біреуін таңдайды. Кітаптың артында сұрақтар жазылған.


Сол сұрақтарға жауап береді.






Слайд









видео

Сергіту сәті


Қазақстан картасы пазл құрастыру

Пазл құрастырады

Сурет қиындылары


Шынар

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі тұрады. Қазақстанда 14 облыс, 858 ірі қалалар бар. Ел ордасы – Астана.

Гүлім

Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет.Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, яғни сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесін.

Нурия

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көгілдір түсті. Онда алтын күн бейнесі шарықтай ұшқан дала қыраны және ұлттық ою-өрнек нақышталған тік жолақ бар.

Тудың көгілдір түсі – бұлтсыз ашық аспан, бейбітшілік белгісі. Күннің нұр шұғыласы – байлық пен берекенің, тыныштық пен жылылықтың белгісі.Қыран бүркіт – Тәуелсіздік белгісі. Өрнек – салт дәстүріміздің белгісі.Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.

Бейбарыс

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары: Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов,

Н.Назарбаев

М Айзере

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адмның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.

Махаббат

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн!

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн!

Ақерке

Жасай берсін Ұлы күн,

Үміті боп елінің.

Ақ күні боп баланың,

Шаттығы боп атаның

Назерке

Аласармас аспанымда,

Күнмен гүлдеп ел өседі.

Қазақстан аспанында.

Бостандықтың желі еседі.

Ақнұр

Әнді алысқа жеткіземіз,

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз,

Тәуелсіздік ұлы күнді.

Ерасыл

Маған қымбат ұлы елімнің .

Шешек атқан әр гүлі.

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.



Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін оқиды









Таратпа қағазы

Сабақтың соңы


Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Егемендік үшін қан төккен аға - апаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтайық.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
69
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі