"16 -желтоқсан тəуелсіздік тұғыры биік болсын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"16 -желтоқсан тəуелсіздік тұғыры биік болсын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсан оқиғасына байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!»
Мақсаты:
1) Еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру;
2) Желтоқсан құ
рбандарын еске алу, тіл байлықтарын, сана - сезімдерін дамыту;
3)
Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Инферактивті тақта слайд, плакатқа жазылған нақыл сөздер, қазақ елінің рәміздері.
Барысы.
Армысыздар,
ұстаздар және шәкірттерім! "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жок. Бұл күнге қаншама қандастарымыз өз өмірлерін қиды. Әсіресе Желтоқсан оқиғасының жаңғырығы жүздеген жылдарға кететініне енді ешқандай күмән жоқ. 1991 жылы иісі қазақ Тәуелсіздікке қолы жетіп шаттыққа бөленді.
Шексіз шексіз қиырсыз, ұлы дала,
Шуақ болып шомылмай жылына ма?
Сүй Отанды, шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал ойына, қырына да, - деп Мұқағали Мақатаев жырлаған.

Туымен тұғырлы, Елтанбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

1- Ұлар: Жыр ғұмыр, жан азығым, әнұраным,
Мен сені естімесем сағынамын.
Алтынға айырбастамас ата - анамдай.
Туғалы сенсің менің танығаным.
Шексіз көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын
Әнұран — Мемлекеттің халық әні.
Әнұран орындалады

2-Толғанай: Тәуелсіздік! Бұл неге соншама қастерлі сөз?! Неге соншама қастерлі ұғым?! Әдетте әр халық, дәлірек айтқанда әр ұлт өз елін өзгеге билетпеуге күш салады. Өзі мекендейтін жерді жаудан жанын сала қорғайды.
Бұл — атадан балаға мирас болып келе жатқан дәстүр.

3-Ақбота: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың ғасыр тірілдім мәңгі өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім.




4 – Азамат: Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген,
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен.
Бойтұмар ғып ар - ождан қазынасын,
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген.
Біз қазақпыз қастерлер баба салтын,
Аман бол, айналайын дана халқым.
Күн туса атқа қонам бір сен үшін.
Міне жаным, міне қаным, міне антым.

5- Нұрдана: Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас еркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

6 - Нұрайлым: Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың,
"Нашақор" деп, "Маскүнем" деп айыпталды ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша,
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым?!
Айналайын, айналайын, жас Қайратым, қыраным?!


Слайд. Тәуелсіздік шежіресі.

«Сандар сөйлейді» ойыны.
1) 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады.
2) 1991 жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
3) 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
4) 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
5) 1994жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6) 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7) 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8) 1997жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9) 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
10) 1997жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
11) 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті
12) 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
13) 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды.
14) 2001жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21 - ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
Ақпан айының алғашқы жетісінде Тәуелсіз Қазақстан мұғалімдерінің ІІсъезі өтті.
Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.
«Туған өлкем» өлеңін оқиды.
15) 2006
жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып өтті. 2006 - 2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.
16) 2007
жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді..
17) 2010
жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды
18. 2011
жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н. Ә. Назарбаев болды.

Көрініс: "Апасы мен немересі" (Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді)
Немересі: Әже, өткен өмір деген не?
Әжесі: Ә, балам, өткен өмір сонау ежелгі ата бабаларымыздың ерте кезден бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ал ол қандай болған?
Әжесі: Ендеше, тыңда, балам, әжең бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атым.
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатын, кейінгі ұрпақ ұмытпаса.
Айтылған аталардың аманатын.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуің керек. Балам, теледидарды қосшы, тарихты тыңдайық.
Диктор сөзі: 1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды, Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды, намыс құдіретін әлемге паш етті. Қазақстанда 1986 жылы желтоқсанның көтерілісіне қатысқаны үшін Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т. б. жауапқа тартылды.
Әжесі: Бұған да тәубе, Егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Әже, Егемендік деген не?
Әжесі: Егемендік "иесі мен" деген сөз, көптен бері естімеген сөз. "Егеменді" деген сөзден естілер Атажұрттың арғысы мен бергісі. Желбіреген көк байрағымыз, айтылды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарына тарих етіп баяндап әжелерің тұр. Ұмытпаңдар, айналайын, ұрпақтарым!
Мұғалім:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 –
желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!


Мұғалім: 16 желтоқсан. Бүл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлык күні, өктемдік үні еді.

7-Ұлдана: "Ләззат пен Сәбира"
Кетпес мәңгі көңілден Қырдың гүлі қырмызы.
Ағып түскен көгімнен Желтоқсанның жұлдызы - Ләззат пен Сәбира!
Атыңды айтар кәрі - жас
Арын Темірқазық қас, Зұлымдыққа жаны қас,
Адалдық пен нәзіктік.

8- Саят: Желтоқсанның ызғары - ай,
Кірпікке қатқан мұздар - ай!
Елім - ай деп егілген
Қаһарман ұлдар, қыздар - ай!

9- Балжан: Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктері жайылды кең ғаламға.
Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Ерлігіне тағзым етем қашанда,
Тәуелсіздік алып берген Алыптар!

Мұғалім: Бүгінгі біздің бақытты өміріміз қан төгіп құрбан болған боздақтарымыз мәңгі есімізде. Тәуелсіздік үшін жанын пида еткен әкелер мен ағалар, апаларға басымызды иеміз!
(Бір минут еске аламыз.)




10-Мирас:
Қош болыңдар, ағайын туыс, бәрің де
Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.
Қараңғылық баста тұрмас қашанда,
Бостандықта кездесеміз әлі де...


Слайд Астана
Мұғалім: Байтақ дала жерім менің, Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Мұғалім: Олар... қазақтың ес жиып, етек жауып, өз алдына ел, мемлекет болғанын, өзгемен терезесі тең болғанын көкседі, бірақ көрген жоқ. Бірақ олар осы күнді жақындатып кетті, осы күнді бізге сыйлап кетті.
Олар... қазақ үшін қан төкті, жанын берді. Қазақтың баласы ешкімнен көзтүрткі көрмеуін күндіз - түні тіледі.
Оларды... Отан үшін, Қазақстанымыз үшін апат болғандарды әрдайым естен шығармауымыз керек, халқым!
«Болашақ біздің көзімізбен» ой толғау, сурет салу.

Қорытынды:
Міне, оқушылар, бүгін сендер Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өз еліміздің тарихы жайлы, Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан құрбандары туралы көп нәрсені ортаға салдыңдар, үлкен сабақ алдыңдар деп ойлаймын.
Ендігі сендерге айтарым: осы Тәуелсіз еліміздің туын әр кез биік ұстауға тырысыңдар. Ел бейбітшілігін, ел тыныштығын сақтау жолында күресе біліңдер. Әрине, ол күрес бейбіт күрес болуға тиіс.
Еліміздің болашағы өздерің. Сондықтан да сендер осындай Қазақстан атты бейбіт, Тәуелсіз елдің азаматы екендеріңді әрқашан естен шығармай, іштей мақтан тұтып жүріңдер. Сендерге сәттілік, ақ жол тілеймін!
Мұғалім:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, тәрбие сабағымызды қорытындылаймын.







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
941
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі